Просмотр содержимого документа
«Ата -анамен жұмыс. Сайыс»
"Қош келдің, әз Наурыз " әжелер сайысы.
Ата-аналармен жұмыс.
Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, әріптестер!. Құрметті қауым! «Асыл әжем, ақ әжем!» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Наурыз тойын аңсап дәйім Ата – бабам жырлап келген. Той – думандар жалғассын деп Той бастарды дәстүр еткен – дейді дана халқымыз.
1. «Ақбота» тобының қыздарын «Қаражорға» биімен қарсы алыңыздар.
Ендігі кезекте, сайысқа түсетін ақ жаулықты әжелерімізді ортаға шақырамыз.
Алдымен әжелеріміз балабақшадағы немерелерімен ортаға шығады. Ортадағы қоржыннан әжелеріміз реттік сандарын немерелерінің көмегі арқылы суырады 1.. 2. 3. 4.
«Ас адамның арқауы» —Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен
таныстыру.
(Үйден пісіріп әкеліп әділқазыларға көрсету).
«Өнерлі саусақтар» (Ою ойып жарысу)
5. «Сыр сандық» сұрақ жауап сайысы.
Әр әжеге 1 - билеттен беріледі, 1 - билетте 3 сұрақтан жазылған.
Жүргізуші: Әділқазылар әжелеріміздің бағаларын саралағанша «Ақбота» тобының кішкентай бүлдіршіндерінің орындауында «Наурыз келді» әнін бүгінгі мерекеге тарту етеміз. Қабыл алыңыздар!
(Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау)
Құлақтан кіріп бойды алар Әсем әнмен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй! - Сонымен, сайыстың 2-ші кезеңіне өтеміз. Қазір алдарыңызда әжелеріміз ұлттық салт дәстүрден,ұлттық ойыннан көрініс көрсетеді. (Әжелер көрініс көрсетеді).
- Әділқазылар әжелеріміздің ұпайларын анықтағанға дейін «Ақбота» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз. Тақпақтар: Гауһар,Еңлік,Жазира.
(Әділқазылар алқасы сайыскерлер ұпайымен таныстырады). - Сайыстың 3-ші кезеңі «Ас адамның арқауы» —Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен таныстыру.
- Әділқазылар шешімі дайын болғанша балалар арасында «Хан талапай» ойынын ойнаймыз. (Әділқазылардан бағасын сұрау). Шеберлерім өнер тамып қолынан Жаңылмаған ата-баба жолынан Шебер қолдар өз өнерін көрсетсің Біз айтайық төрелігін соңынан. - Сайыстың 4-ші кезеңі «Өнерлі саусақтар» (Ою ойып жарысу).
- Әділқазылар әжелеріміздің ұпайларын анықтағанға дейін «Ақбота» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамын.
Сайыстың 5-ші кезеңі: . «Сыр сандық» сұрақ жауап сайысы (Әділқазылар алқасы сайыскерлер ұпайымен таныстырады) «Батаменен ел көгерер, Жаңбырменен жер көгерер» «Жақсы сөз, жарым ырыс» (бата беру) Әжелеріміз бүлдіршіндерімізге өз баталарын берсін. (Әділқазылар алқасы сайыскерлер ұпайымен таныстырады)
Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Жеңімпаз әжелерімізді анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. «Парасатты әже» – Шукенова Ғалия «Өнерлі әже» - Төлегенова Салима
«Шебер әже» - Құттықожаева Миуа «Дана әже» - Жапарова Зайда Жүргізуші: Қайырымды қасиетті Ең ардақты ақ әжем Әрбір сөзі өсиетті Баға жетпес, бал әжем Аман – есен жүріңізші Бар тілегім сол әжем – дей отырып бүгінгі мерекелік сайысымызды аяқтаймыз.
Қорғалжын ауданы.
«Балауса» балабақшасы.
«Қош келдің, әз Наурыз!».
Тәрбиеші: Халым П.
Жумагулова А.
2014-2015 оқу жылы.
Қызғалдақ» балабақшасының мектепалды даярлық тобының ата-аналарымен бірлесіп өткізілген « Ал,кәне, Әжелер» сайысының бағдарламасы. Жүргізуші:Басталды, міне ,тойымыз, Ұнады ән мен ойымыз. Наурыз бақыт әкеліп, Тойға ұлассын тойымыз. Мерекелік ертеңгілігіміз «Ал,кәне әжелер» сайысын бастаймыз.Алдымен әжелеріміз балабақшадағы немерелерімен ортаға шығады. Ортадағы қоржыннан әжелеріміз реттік сандарын немерелерінің көмегі арқылы суырады.
Жүргізуші: Маған ақыл беретін, Әжем менің асыл . Сипап жақсы көретін, «Құлыным» деп басымнан. Ән: «Немерем»—орын: Ақбота. Жүргізуші әжелерге сайыс шарттарын таныстырды және әділ-қазы құрамын сайлады. Жүргізуші: Әділ-қазы береді, Өздеріңе билікті. Өнерде кім жеңеді, Алады сол сыйлықты. 1 «.Шаңырағым-шаттығым»—Өзін, өз отбасын таныстыру.
Ән: «Қоғалай—орындайтын.: Нұрхат,Назарбек,Нұрхан.
2. «Ойлы болсаң озып көр»—Ырым-тиым туралы сөздер айта отырып,мағынасын айту.
Ән: «Қуанышым қазынам»—орынд:Мағжан,Айхан, Фархат
3 . «Өнерлі өрге жүзер» —өз өнерлерін көрсету.
Би: «Айгөлек» —Орынд:Бишілер тобы.
4 . «Шебердің қолы ортақ»—Қолөнер бұйымдарымен таныстыру. (Өздерінің қолдан жасаған заттарын көрсету) Ән: «Қызылқұмда ауылым» —орынд: Айлана, Назерке.
5. «Ас адамның арқауы» —Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен таныстыру. (Үйден пісіріп әкеліп көрерменге көрсету) Ән: «Қазақтың дастарханы» —орынд:Ақтыныс. Ағылшынша ертегіден қойылым: «Мысық пен тышқан» —ролдегілер: Нұрхан, Алмаз,Аилана. 6. «Ескірмеген есті сөздер»—-Тиым сөздер мен мақал-мәтелдің жалғасын табу. Би: «Адай» —ер балалар тобы.
Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету. Сайыстың жүру тәртібі: 1. Ұйымдастыру. Тәрбиешінің кіріспе сөзі. 2. Әже мен немерені таныстыру 3. Әділ қазылар алқасын таныстыру 4. Сайыстың шарттарымен таныстыру 5. Сайысты қорытындылау. Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, әріптестер!. Құрметті қауым! «Асыл әжем, ақ әжем!» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Наурыз тойын аңсап дәйім Ата – бабам жырлап келген. Той – думандар жалғассын деп Той бастарды дәстүр еткен – дейді дана халқымыз.
«Асыл әжем, ақ әжем!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Әже деген көп шығар Әжемдей менің жоқ шығар Мейірімді ол кісі Қандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық! 1. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін Мадияр мен Еркеназдай ботақандарымыздың асыл әжесі көп балалы ардақты ана Мария әжейді қарсы алыңыздар! 2. Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді. Жаннұрдың әжесі сүйкімді, балабақша қызметкерлерінің бәрі біледі, деп Жаннұрдай немересімен Тұрсын әжейді қошеметпен қарсы алайық! 3. Әже біздің күніміз Әжемнің біз гүліміз Балаларды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып Еркеназдай ерке немересімен Алтынгүл әжейді ортаға шақырамыз. 4. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Гүлназдың күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі Рая әжейді ортаға шақырамыз! 5. Таусылмайды өлеңі Күнде айтып береді Барған сайын бір жаққа Кәмпит алып келеді - деп Дильназдың әжесі әжейді немересі мен ортаға шақырамыз! Кім жеңеді сайыста үміт алда, Қобалжу бар жүректе күдік барда Әділ - қазы алқасы атыңды ақта Жүректерге арман мен бақыт жолда.- деп әділ - қазы алқасымен таныстырамын. 1. Біздің «балапан» тобының Әйгерімнің атасы Сансызбай ата. 2. Балалар кітапханасының директоры Жалғасова Рая апай 3. Ағылман Айсәуленің әжесі Сақып әже. 4. Біздің балабақша меңгерушісі Достанова Әсел Жангелді қызы
Енді сайысымыздың шартымен танысайық 1. Өзін, өз отбасын таныстыру 2. Өнер сайысы қазақша ән немесе би 3. Салт - дәстүрден көрініс. Бесікке салу немесе тұсау кесу. 4. Қолөнер сайысы. «Мен әжемнің баласымын» 5. Ою оя білесіз бе? 6. Ұлттық тағам көрмесі 7. «Сыр сандық»сұрақ - жауап сайысы. Құрметті қонақтар келесі кезекті балаларымыздың аналарына арнаған құттықтау әндеріне берейік. Ән: Құттықтаймын мама туған күніңмен! 1 - Кезең Әжелеріміздің алғашқы кезеңі «Таныстыру» Әжем болса қасымда Көтеріңкі көңілім Алтын әжем тілекші Немерелер өмірін.- деп әжелеріне арнап балалар тақпақтарын айтады.
2 - Кезең «Өнер сайысы» Әжелеріміздің өнерін тамашалайық. Би билегім келеді, Бірақ қалай бастаймыз - деп «Балапан» биі орындайтын «Балапан» тобының қыздары.
3 - кезең Ұлттық салт - дәстүрден көрініс. Анам мені тербетіп, Өсіп кеттім ержетіп Сол бесігім үйімде Сақтаулы тұр төрімде.- деп бесікке салу немесе Жолың болсын деселік Жолыңа нұр төселік Жарылқасын алдыңнан Тұсауыңды кеселік.- деп тұсау кесу рәсімі жасалады.
Әлпештеген баласын, Ана - бақыт ана жыр, Әркім сүйіп өзінің Мақтан етер анасын.- деп аналарға арналған өлең – тақпақтарын айтады. 4 - кезең Қолөнер сайысы «Мен әжемнің баласымын» Би: Наздананың орындауында «Шығыс биі»
5 - кезең. «Ою оя білесіз бе?» Әжелерге қағаз қайшы беріледі. Ойған оюларын айтып түсіндіреді. Ұлдарымыз қыздарға арнап дайындаған сыйлықтарын ұсынады. 6 - кезең. «Сыр сандық» сұрақ жауап сайысы. Әр әжеге 1 - билеттен беріледі, 1 - билетте 3 сұрақтан жазылған. Сұрақтар; 1 - билет 1. «Тілашар» қай кезде жасалады. 2. Дастархан басында қандай ескертулер жасалады. 3. Ұйқасын тап: Өзінше ноян, қорқақ кім?.... 2 - Билет 1. Жеті ата қалай аталады? 2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе? 3. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар.... 3 - билет 1. Үш арсыз қалай аталады? 2. Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген? 3. Ұйқасын тап: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді.... 4 - Билет 1. Бес парыз қалай аталады? 2. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай? 3. Ұйқасын тап: Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен, Теріп - теріп алайық. Қалтамызға...... 5 - билет 1. Базарлық деген не? 2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата 3. Ұйқасын тап: Аю отыр партада Екі қолы қалтада Апай сабақ сұраса Ұйықтап қалды........ Енді ортаны ашайық Інжу маржан шашайық Ән мен биді шалқытып. Айнелдің биін тамашалайық! Жиналған халық таңғалсын Өнерден күмбез жасайық!- деп Айнелдің орындауында қазақ биі. 7 - кезең. Ұлттық тағам көрмесі. Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығарып таныстырайық. Қорытынды бөлім. Әділ қазылар алқасына сөз беріліп, Әжелерімізге сыйлар, номинациялары беріледі. 1. «Білгір әже» 2. «Мейірбан әже» 3. «Алтын оймақты шебер әже» 4. «Бұлбұл әнші әже» 5. «Балқаймақ әже»
4-ші бөлім «Көкпар» (сұрақ -жауап) 1.Наурыз сөзі қандай ұғымды білдіреді?(жаңа күн) 2. 21-наурыз түні қалай аталады? (қыдыр түні) 3. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам? (наурыз көже) 4. Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?(«Ақ мол болсын», «Төрт түлік ақты болсын», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын» т.б.) 5. Екі адамның сөз өнерімен айтысы.(айтыс) 6. Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле) 7. Үш дана кімдер?(Абай,Шоқан,Ыбырай) 8. Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері?(балаға ат қою,шілдехана,бесік тойы,сүндетке отырғызу тойы т.б.) 9. Үш биді ата (Төле би,Әйтеке би,Қазбек би) 10. Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай?(сақинаға тас қойылмайды) 5-бөлім «Ас адамның арқауы» (үй тапсырмасы,ұлттық тағам даярлау) Ұлыс күні тағам толса, Ол жылы ақ мол болар. Әжелер ұлттық тағам жасаса Қолдарынан бал тамар. Әжелер өздері дайындаған ұлттық тағамдармен таныстырады.