kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ынтымақ, бақытты отбасы!» (1-мамыр бірлік күніне арналған ата-анамен бірлесіп өткізілген сайыс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:  «Ынтымақ, бақытты отбасы!»

(1-мамыр бірлік күніне арналған ата-анамен бірлесіп өткізілген сайыc!

Мақсаты:  Ата-аналармен сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы, білімдерін байқау. Отбасы – Отанынын бір бөлшегі екендігін ұғындырып. Балаларды ынтымақпен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  1-мамыр сөзі жазылған, түрлі-түсті шарлармен ленталар және ойыншықтар. мақтау қағазы.

(Балалар Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық киімін киіп келіп, жарты шеңберге тұрады.)

Жүргізуші:   -Жиналыппыз сәтті күні бәріміз.

Үлкен-кіші   жасымыз-кәрімізде,

Төрлетіңдер қадірлі қонақтарым.

Гүлгүл жайнап мына біздің төремізге.

Отбасы – бір түбірден таралған. Адамзат баласы шыр етіп, дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуыныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата-ана, тәрбиелеуші. Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ. Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірім мен құршын қандырып ана сүиінен нәр алып, әке ұлағатымен, ана тағылымын көріп өсетін ұрпақ, елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

-Енді кезекті ортаға сайыскер  отбасыларымызды шақырамыз.

Ортаға: Грузия ұлтты-

Өзбек ұлты-

Түрік ұлты-

Қазақ ұлты-

(музыка әуенімен отбасы реттік нөмерімен ортаға келіп тұрады)

Жүргізуші: - Бүгінгі сайысымыздың шымылдырығын «Болашақ» тобының балалары «Балабақша» әнімен қарсы алайық.

Ән: «Балабақша!»

(Ата –аналар өз орындарына жайғасады)

Жүргізуші: -Алдымен сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1. «Сұрасаң менім тегім»   (Таныстыру)

2. «Өнер сайысы» (отбасымен бірге)

3. «Мақал-мәтелдер сайысы» (мақал-мәтелді жалғасын табу)

4. «Ұлттық ойын» ( мәнін ашып, ойынды көрсету)

5. «Жағдаяттар» (сұрақ-жауап)

6. «Отбасылық жұмыс» (Қол өнер)

Жүргізуші: - Келді міне сынауға

Сыналып үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділ-қазы әділ баға,- деп әділ-қазыларды таныстырып өтейін.

Жүргізуші: -  Бәйге жарыс деген соң жарысайық,

Мәреде бәрімізде табысайық.

Бұл байқауды биссмиллә деп басау үшін,

Алдымен әулеттермен танысайық.

1 сайысты бастайық «Таныстыру!»

Жүргізуші: - Кедеймін деп қысылма,

Өнерін болса қолында

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында- демекші өнер сайысына кезек берейік.

2 сайысты бастайық «Өнер!»

Жүргізуші: - Шебер болсақ тіл байып

Шешендіктер бір ғайып,

Мақал-мәтел үйреніп

Тілімізді шындайық-деп кезекті мақал-мәтел сайысына берелік.

1. Дос туралы:

1. Дос жылатып айтады, (Дұшпан күлдіріп айтады)

2. Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды)                                                                3. Дос басқа қарайды, (Дұшпан аяққа қарайды.)

4. Ағаш тамырымен мықты, (Адам дос-жарымен мықты)

5.Досың дос болғанға шаттан, (Дұшпанмен дос болудан сақтан)

6.Күлме досыңа –(келер басыңа)

2. Бала туралы:

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер)

2. Бала жетіге жеткенше (жерден таяқ жейді.)

3. Бала, баланың (ісі шала.)

4. Бала — бауыр, (дос — тамыр.)

5. Балаң жаман болса да (аман болсын.)

6. Жаман бала өзінен кішкенені ұрып жылатады, 

Жақсы бала (жылағанды жұбатады.)

5.Отан туралы:

1.Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл)                                                                                                      

2. Отан елдің анасы, 

(Ел ердің анасы.)

3. Отансыз адам — (ормансыз бұлбұл.)

4. Отанын сүйген: отқа жанбайды,( суға батпайды.)

5. Отан (от басынан басталады.) 

6. Отан үшін еңбек етсең 

(халқыңның сүйген ұлы боласың.)

Жүргізуші: - Бүгінгі сайысымызға «Ән көңілдің- ажары « деп, әнге кезек берейік. Көңілдеріміз ажарлана түссін деп болашақ тобының бүлдіршіндері балабақша туралы ән шырқап береді.

Ән: «Верный друг!»

Жүргізуші: - Келесі кезекте ұлттық ойындар сайысына кезек берейік.

1. Асық ату.

2. Арқан тартыс

3. Сақина салу

4. Күш сынасу.

5. Тақия тастамақ.

6. Тенге алу.

7. Қыз қуу

8. Ақ сүйек.

Жүргізуші: - Тыңдаңыздар халайық.

Босқа қарап тұрмайық.

Кезегі енді сайыстың,

Сұрақ – жауап табайық.

Сайысымыздың бөлімі бойынша жағдаяттар сұраққа жауап беру. Жауабын білмеген жағдайда, 3жеңілдік алуға  болады.

Олар: А) досыңызға қоңырау шалу.

Б) залдан көмек сұрау

В)мимикамен көрсету

3 сайысты бастайық «Жағдаяттар сұраққа!»

Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды.

 Сіз не істейсіз? Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

2.  Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз мен сурет салып отырмын деп барудан бас тартты.

Не істер едіңіз?

3. Бала бақшадан келген балаңыз. Мен ертен балабақшаға бармаймын, апай ұрысты деді.

 Сіздің  әрекетіңіз қандай болмақ?

4. Сіз тәрбиешісіз сіздің топта біреудің жалғыз баласы бар, ол тамаша тынымсыз, тәрбие беруге көнбейді. Ұрыссаңыз ата-анасы ренжейді, ұрыспасаңыз бала өте тәртіпсіз.

Сіз қандай шара қолданасыз?

5. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

6. Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?

7. Балаңыз тәрбиешісін  ұнатпай, балабақшаға барғысы  келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?

8. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне  көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

Жүргізуші: -Отбасылық жұмыстарыңызды таныстырып, әділ-қазы алқасына тапсыруыңызды сұраймын.

Сайысымызды қортындылап болғанша, бөбекжайымыздың мұң бұралған бишілерін « Грузин!» биімен ортаға шақырамыз.

Би: «Грузин »

Жүргізуші: - Сайысымызды қортындылау үшін,  әділ-қазыларға  сөз береміз.

Жүргізуші: -Құрметті ата-аналар қонақтар, балалар бүгінгі «Ынтымақ отбасы, бақытты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және  бірлік тілейміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ынтымақ, бақытты отбасы!» (1-мамыр бірлік күніне арналған ата-анамен бірлесіп өткізілген сайыс)»



КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН:

«Жәңгір хан» жеке бөбекжайы «Жәңгір хан» жеке бөбекжайы

әдіскері: ___________ Ихсанова Д.К директоры: __________ Кадемова Ж.С













Тақырыбы:

«Ынтымақ, бақытты отбасы!»

(1-мамыр бірлік күніне арналған ата-анамен бірлесіп өткізілген сайыс)

















Дайындаған. Музыка жетекшісі: Саханова М.С

































Орал 2016ж


КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН:

«Жәңгір хан» жеке бөбекжайы «Жәңгір хан» жеке бөбекжайы

әдіскері: ________ Ихсанова Д.К директоры: __________ Кадемова Ж.С





1-мамыр бірлік күніне орай ата-анамен бірлесіп өткізілген іс-шарасының



Ережесі:



Мерзімі: 28.04.2016ж

Тақырыбы: «Ынтымақ, бақытты отбасы!» атты сайыс

Мақсаты: Ата-аналармен сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы, білімдерін байқау. Отбасы – Отанынын бір бөлшегі екендігін ұғындырып. Балаларды ынтымақпен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойындар ойнату арқылы отбасымен ынтымақтастықты нығайу, осындай шаралар арқылы ата-аналарды балабақша өміріне араластыру.

Өткізілетін орны: «Жәңгір хан» жеке бөбекжайы

Қатысушылар: «Болашақ» ортаңғы тобының ата-аналармен, балалары.

Көрнекілігі: 1-мамыр сөзі жазылған, түрлі-түсті шарлармен ленталар және ойыншықтар. мақтау қағазы.



Салтанатты ашылуы: Әнұран.

  1. Әділқазылар таныстыру.

  2. Өздерін таныстыру.

  3. Сайыстың 3-тік балдық жүйемен бағаланады. Ата-аналардың ұлтқа бөлінуі: Грузия ұлтты-

Өзбек ұлты- Түрік ұлты- Қазақ ұлты-

  1. Шараның түрі: Сайыс

  2. Сайыстың атау: І. «Сұрасаң менім тегім!» (Таныстыру)

ІІ. «Өнер сайысы!» (отбасымен бірге)

ІІІ. «Мақал-мәтелдер сайысы!» (мақал-мәтелді жалғасын табу)

ІҮ. «Ұлттық ойын!» ( мәнін ашып, ойынды көрсету)

Ү. «Жағдаяттар!» (сұрақ-жауап)

ҮІ. «Отбасылық жұмыс!» (Қол өнер)



  1. Сайыстың шарты: : І. «Сұрасаң менім тегім» (Таныстыру)

Шарты: Музыка арқылы өлең жолдарын оқып немесе музыка арқылы өз отбасын таныстыру.

ІІ. «Өнер сайысы» (отбасымен бірге)

Шарты: Өз ұлтына сайкес би элементтерін билеу немесе ән айту.

ІІІ. «Мақал-мәтелдер сайысы» (мақал-мәтелді жалғасын табу)

Шарты: Экранда достық, бірлік туралы мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Музыкалық үзіліс: Ән: «Верный друг!»



ІҮ. «Ұлттық ойын!» ( мәнін ашып, ойынды көрсету)

Шарты: Берілген ұлттық ойындарды ойнап көрсету.

Ү. «Жағдаяттар!» (сұрақ-жауап)

Шарты: Берілген логикалық сұрақтар арқылы, жауап беру.

ҮІ. «Отбасылық жұмыс!» (Қол өнер)

Шарты: Үй тапсырмасы: «Табиғат!» туралы тақырыбында өздерінің үйден жасап келген қол өнерлерін жасалу жолдарын айтып, түсіндіру.

Музыкалық үзіліс: «Грузин » биін орындалады.



Қортынды: Марапаттау.



























Тақырыбы: «Ынтымақ, бақытты отбасы!»

(1-мамыр бірлік күніне арналған ата-анамен бірлесіп өткізілген сайыс)



Мақсаты: Ата-аналармен сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы, білімдерін байқау. Отбасы – Отанынын бір бөлшегі екендігін ұғындырып. Балаларды ынтымақпен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: 1-мамыр сөзі жазылған, түрлі-түсті шарлармен ленталар және ойыншықтар. мақтау қағазы.



(Балалар Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық киімін киіп келіп, жарты шеңберге тұрады.)



Жүргізуші: -Жиналыппыз сәтті күні бәріміз.

Үлкен-кіші жасымыз-кәрімізде,

Төрлетіңдер қадірлі қонақтарым.

Гүлгүл жайнап мына біздің төремізге.

Отбасы – бір түбірден таралған. Адамзат баласы шыр етіп, дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуыныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата-ана, тәрбиелеуші. Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ. Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірім мен құршын қандырып ана сүиінен нәр алып, әке ұлағатымен, ана тағылымын көріп өсетін ұрпақ, елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

-Енді кезекті ортаға сайыскер отбасыларымызды шақырамыз.

Ортаға: Грузия ұлтты-

Өзбек ұлты-

Түрік ұлты-

Қазақ ұлты-

(музыка әуенімен отбасы реттік нөмерімен ортаға келіп тұрады)

Жүргізуші: - Бүгінгі сайысымыздың шымылдырығын «Болашақ» тобының балалары «Балабақша» әнімен қарсы алайық.

Ән: «Балабақша!»

(Ата –аналар өз орындарына жайғасады)

Жүргізуші: -Алдымен сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1. «Сұрасаң менім тегім» (Таныстыру)

2. «Өнер сайысы» (отбасымен бірге)

3. «Мақал-мәтелдер сайысы» (мақал-мәтелді жалғасын табу)

4. «Ұлттық ойын» ( мәнін ашып, ойынды көрсету)

5. «Жағдаяттар» (сұрақ-жауап)

6. «Отбасылық жұмыс» (Қол өнер)

Жүргізуші: - Келді міне сынауға

Сыналып үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділ-қазы әділ баға,- деп әділ-қазыларды таныстырып өтейін.

1

2

3

Жүргізуші: - Бәйге жарыс деген соң жарысайық,

Мәреде бәрімізде табысайық.

Бұл байқауды биссмиллә деп басау үшін,

Алдымен әулеттермен танысайық.

1 сайысты бастайық «Таныстыру!»



Жүргізуші: - Кедеймін деп қысылма,

Өнерін болса қолында

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында- демекші өнер сайысына кезек берейік.

2 сайысты бастайық «Өнер!»



Жүргізуші: - Шебер болсақ тіл байып

Шешендіктер бір ғайып,

Мақал-мәтел үйреніп

Тілімізді шындайық-деп кезекті мақал-мәтел сайысына берелік.

1. Дос туралы:

1. Дос жылатып айтады, (Дұшпан күлдіріп айтады)

2. Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды) 3. Дос басқа қарайды, (Дұшпан аяққа қарайды.)

4. Ағаш тамырымен мықты, (Адам дос-жарымен мықты)

5.Досың дос болғанға шаттан, (Дұшпанмен дос болудан сақтан)

6.Күлме досыңа –(келер басыңа)

2. Бала туралы:

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер)

2. Бала жетіге жеткенше (жерден таяқ жейді.)

3. Бала, баланың (ісі шала.)

4. Бала — бауыр, (дос — тамыр.)

5. Балаң жаман болса да (аман болсын.)

6. Жаман бала өзінен кішкенені ұрып жылатады, 
Жақсы бала (жылағанды жұбатады.)





5.Отан туралы:

1.Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл)

2. Отан елдің анасы, 
(Ел ердің анасы.)

3. Отансыз адам — (ормансыз бұлбұл.)

4. Отанын сүйген: отқа жанбайды,( суға батпайды.)

5. Отан (от басынан басталады.) 

6. Отан үшін еңбек етсең 
(халқыңның сүйген ұлы боласың.)

Жүргізуші: - Бүгінгі сайысымызға «Ән көңілдің- ажары « деп, әнге кезек берейік. Көңілдеріміз ажарлана түссін деп болашақ тобының бүлдіршіндері балабақша туралы ән шырқап береді.

Ән: «Верный друг!»

Жүргізуші: - Келесі кезекте ұлттық ойындар сайысына кезек берейік.

1. Асық ату.

2. Арқан тартыс

3. Сақина салу

4. Күш сынасу.

5. Тақия тастамақ.

6. Тенге алу.

7. Қыз қуу

8. Ақ сүйек.

Жүргізуші: - Тыңдаңыздар халайық.

Босқа қарап тұрмайық.

Кезегі енді сайыстың ,

Сұрақ – жауап табайық.

Сайысымыздың бөлімі бойынша жағдаяттар сұраққа жауап беру. Жауабын білмеген жағдайда, 3жеңілдік алуға болады.

Олар: А) досыңызға қоңырау шалу.

Б) залдан көмек сұрау

В)мимикамен көрсету

3 сайысты бастайық «Жағдаяттар сұраққа!»

Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды.

Сіз не істейсіз? Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз мен сурет салып отырмын деп барудан бас тартты.

Не істер едіңіз?

3. Бала бақшадан келген балаңыз. Мен ертен балабақшаға бармаймын, апай ұрысты деді.

Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

4. Сіз тәрбиешісіз сіздің топта біреудің жалғыз баласы бар, ол тамаша тынымсыз, тәрбие беруге көнбейді. Ұрыссаңыз ата-анасы ренжейді, ұрыспасаңыз бала өте тәртіпсіз.

Сіз қандай шара қолданасыз?

5. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?



6. Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?



7. Балаңыз тәрбиешісін ұнатпай, балабақшаға барғысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?



8. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне  көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

Жүргізуші: -Отбасылық жұмыстарыңызды таныстырып, әділ-қазы алқасына тапсыруыңызды сұраймын.

Сайысымызды қортындылап болғанша, бөбекжайымыздың мұң бұралған бишілерін « Грузин!» биімен ортаға шақырамыз.

Би: «Грузин »

Жүргізуші: - Сайысымызды қортындылау үшін, әділ-қазыларға сөз береміз.

Жүргізуші: -Құрметті ата-аналар қонақтар, балалар бүгінгі «Ынтымақ отбасы, бақытты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.



















































«Жәңгір хан» жеке бөбекжайында 1-мамыр бірлік күніне арналған

ата-анамен бірлесіп өткізілген іс-шараға

____ хаттама



Уақыты: 28.04.2016ж

Тобы: «Болашақ» ортаңғы

Музыка жетекшісі: М.С Саханова

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Тақырыбы: «Ынтымақ, бақытты отбасы!»

Қайда қарастырылды: Жас мамандармен отырыста



Күн тәртібі:

  1. «Болашақ» ортаңғы тобының музыка жетекшісі М.С Саханова «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша 1-мамыр бірлік күніне арналған ата-анамен бірлесіп өткізілген іс-шара



  1. Өту барысы:

Сайыстың шарты:

І. «Сұрасаң менім тегім!» (Таныстыру)

ІІ. «Өнер сайысы!» (отбасымен бірге)

ІІІ. «Мақал-мәтелдер сайысы!» (мақал-мәтелді жалғасын табу)

ІҮ. «Ұлттық ойын!» ( мәнін ашып, ойынды көрсету)

Ү. «Жағдаяттар!» (сұрақ-жауап)

ҮІ. «Отбасылық жұмыс!» (Қол өнер)



  1. Директор: Ж.С Кадемова

  • Сайыс тартымды да қызықты өтті. Балалармен ата-аналармен бірлесіп өткізілетін жұмыстарға қалыптастыруға ықпалын тигізеді деп ойлаймын. «Ынтымақ, бақытты отбасы!» атты сайысы жақсы деңгейде өтті. Музыка жетекші өзінің интерактивтік тақтаны қолданып, жаңа техналогияны жоғары деңгейде енгізді, өз мақсатына жетті.

  1. Әдіскер: Д.К Ихсанова

  • Ата-анамен ұйымдастырылған іс- шара жақсы деңгейде өтті. Сайыстың әр кезеңдері тартымды әрі қызықты болды. Балаларға отбасы – Отанынын бір бөлшегі екендігін ұғындыра білді. Балаларды ынтымақпен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиеле алды. Ойындар ойнату арқылы отбасымен ынтымақтастықты нығайтты, осындай шаралар арқылы ата-аналарды балабақша өміріне араластыруын қалыптастыра білді.



  1. Ата-ана: Д.А Галимова

  • Сайыстың әр кезеңіне балалармен тәрбиешілер ұйымшылдықпен қатысты. Сайыс нәтижесінде әр команда жетістіктері марапатталды. Балалардың шығармашылығын ынтасы жақсы дамыған. Әнге деген сезімдерімен жақсы айтып тұр. Ойынға қызушылығы бар. Музыка жетекшісіне Мергул Сапиоллақызына еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін.



Қаулы етілді:

Мергул Сапиоллақызының бөбекжайда топтар бойынша жоспарға сай «Ынтымақ, бақытты отбасы!» атты іс-шарасы өз мақсатына жетті.





Әдіскер ___________ Д.Қ Ихсанова

Хатшы: __________Ж.Қ Қамбағалиева








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Саханова Мергул Сапиоллақызы

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396051


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства