kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Асыл анам, жан анам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Асыл анам, жан анам!

Мақсаты:

Білімділік: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні және алғашқы көктемнің кұнініңде қандай өзгерістер болатынын түсіндіру.

Дамытушылық: Аналарға арналған әнді жаттап, мәнерлеп айтуға, биді ырғаққа сай билетуге және берілген рөлдерін дұрыс орындауларын дамыту.

Тәрбиелік: Әжелер мен 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Асыл анам, жан анам»

Тақырыбы: Асыл анам, жан анам!

Мақсаты:

Білімділік: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні және алғашқы көктемнің кұнініңде қандай өзгерістер болатынын түсіндіру.

Дамытушылық: Аналарға арналған әнді жаттап, мәнерлеп айтуға, биді ырғаққа сай билетуге және берілген рөлдерін дұрыс орындауларын дамыту.

Тәрбиелік: Әжелер мен аналарға құрметпен қарауға, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Ақ жаулықты аналар! Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар көзі – аяулы тәрбиешілер! Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар, қызғалдақтай жайнаған құрбы – қыздар, қарындастар сіздерді көктемнің мейірімді де әсем салтанатты да сезімге толы 8 – наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,

Әйелдер күні бүгін халықаралық!

Жарыққа бізді әкелген аналарды,

Бүгінгі мерекемен құттықтайық!

2. Тәрбиеші: Қымбатты сұлу қыздар және құрметті қонақтарымыз! Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі - көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Би: Вальс

Тәрбиеші: Құрметті аналар біздің тобымыздың балаларының сіздерге арнаған әнің қабыл алыңыздар.

Ән: "Аяулы анашым"

Тәрбиеші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.

2 Тәрбиеші: Жасыл көктем, сен көктем

Гүлді гүлмен өрнекпен,

Ел бақытты, мейірлі,

Балаларды әндеткен

Төрлет көктем жоғары

(Әуенмен Көктем мен бәйшешек гүлдер билеп келіп балаларды құттықтайды).

Көктем: Армысыздар табиғат қорғаушысы - Адамдар!

Бармысыздар балғын балалар!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Аяулы асыл жан-Аналар!

Құрметті қонақтар! Көгілдір көктем мезгіліндегі мерекелі күндеріңіз мерекеге ұласып, жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Әрқашан аман-сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Көктем аруы қош келдің біздің мерекеге! Сен келіп біздің мерекеміздің сәні кіргендей.. Біздің бүлдіршіндеріміздің бүгінгі мерекеге және аналарына арнаған өнерлерін көр! Төрлет ортаға!

Ән: Көктем

Тәрбиеші: Біздің балалардың сізге арнаған тақпақтары бар екен соны қабыл алыңыз

Нариман: Жасандырып жас талды,

Көктем айы басталды.

Білеміз бе біз бәрін

Қызыл гүлдей қыздардың

Қуанышы баланың.

Ақ көйлекті апайдың,

Кимешекті әженің,

Қарындас пен әпкенің,

Мейрам күні екенін.

Сабина: Пускай сугробы во дворе
И снег почти не тает,
Сегодня март в календаре
 
Весна в права вступает!
Готовы прыгать к небу мы
И щебетать, как птички,
 
Последний день прошёл зимы,
Оторваны странички!
Теплее стало на душе,
Веселью нет преграды,
Улыбки наши до ушей
 
Весне мы очень рады!

Тәрбиеші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде

Би: Гүлдер

Көктем: Балалар сендер біздің көңілімізді көтердіңдер, енді біздің сендерге арнаған ойынымыз бар.

Ойын: "Гүлді кім тез береді"

Шарты: Екі ұл, екі қыз билеп жүреді, музыка тоқтаған кезде кім жылдам гүлді қызына береді екен.

Тәрбиеші:

Бала, бала, балақан,

Түнде шошынып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Аялы қолы талпынтқан,

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар аңқытқан

Балалар, бұл кім екен?

Балалар: Ана

Тәрбиеші: Аялы да, алтын нұрлы анашым

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың – деп аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

2 тәрбиеші: Біздің балаларымыздың сүйікті аналарына арнаған тақпақтары бар екен, олай болса кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Нияз: Дүниедегі ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

Амина: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімін күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Алихан: Аяулысын, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін ән мен мереке шашулары.

Әмір: Анам менің сүйіктім

Тек өзіне табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасам сағынам.

Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек?

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет,

Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін.

Мәпелейді, әлдилейді, бағады,

Құлыным деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?

София: Капли солнечного света

Мы несем сегодня в дом

Дарим бабушкам и мамам

Поздравляем с Женским днем!

Пусть вам солнце светит ярко-ярко

Пусть щебечут птицы за окном!

Чтоб не только день Восьмое марта -

Каждый день считался вашим днем!

Сантино: Сегодня на целом свете

Праздник большой и светлый

Слушайте, мамы, слушайте -

Вас поздравляет дети!

Дорогие наши мамы,

Заявляем без прикрас,

Что наш праздник самый, самый

Самый радостный для вас!

Анна: Мамин день! Мамин день!

Платье лучшее надень

Утром встань пораньше

В доме прибери

Что-нибудь хорошее

Маме подари.

Знаем все, что мы бываем

Не всегда послушными.

Но зато для милой мамы

Не бываем скучными.

Сол кезде қақарланып Қар ханшайымы келеді.

Қар ханшайымы: Мына жерде не болып жатыр, менің тыныштығымды бұздыңдар ғой. Мынау кім өзі? Бұл жерде менен асқан сұлу болуы мүмкін емес.

Балалар: Бұл көктем ханшайымы ғой, ол келіп дүние жаңарды, тіршілік оянды.

Қар ханшайымы: Ха-ха- ха. Ханшайым дейді ғой, бұл әлемде тек мен ғана ханшайыммын. Табиғат тірілді дейді ғой. Мен ол тірілткен табиғатты және озін қазір қатырып тастаймын. Көрерміз сосын мерекені қалай тойлайтындарынды.

(Көктем ханшайымын қатырып тастайды).

Балалар: Ой енді не істейміз? Енді қалай көктемнің қызықтарын көреміз?

Тәрбиеші: Қар ханшайымы мұнын не? Біздің балалар қыстың суық күндерінен кейін бойларына жылу беретін көктемді тосып еді. Енді балалар аналарына арнаған өнерлерін қалай көрсетеді? Мүмкін бұл жаман ойыннан қайтасын, балалардың көңілін түсірме.

2 Тәрбиеші: Мүмкін біздің балалар сенің көңілінді көтеріп сен ханшайымды жібітерсін. Одан да балалардың өнерін тамашала.

Қар ханшайымы: Көрейін онда қандай өнерлері бар екенін.

Би: Ұлдар мен қыздар

Қар ханшайымы: Жоқ, жоқ, жоқ. Сендер менің көңілімді көтере алмайсындар билеріңмен.

Балалар: Балалар енді кімнен көмек сұраймыз? Мынадай мұздап қалған жүректі жібіту үшін бізге не көмектеседі?

Балалар: Күннің көзі

Тәрбиеші: Олай болса күннен көмек сұрайық.

Әсем әуенмен Күн кіреді. Күн өзінің шуақтарымен Қар ханшайымын айналып билегенде, Қар ханшайымы еріп қашып кетеді. Келген қонақтарды мерекесімен құттықтайды. Сол кезде Көктем еріп Күнге рахметін айтады.

Күн: Көктем ханшайымы, сүйкімді балапандар сендер енді көңілдеріңді түсірмендер, мен сендердің көңілдеріңді көтергім келіп тұр, сендер жайдарлы көктем мезгілінде күліп жүрулерің керек қой. Олай болса мен сендермен ойын ойнайын.

Ойын: "Күннің көзі"

Тәрбиеші: Рахмет саған Күн, сен біздің көңілімізді көтеріп қойдын. Олай болса Аналарымызға, әжелерімізге арнаған ертеңгілігімізді ары қарай жалғастырайық.

2 Тәрбиеші: Ертегі оқып беретін, айтқанымызға көнетін, бауырсақты тәтті ғып пісіретін ол кім?

Балалар: Әже

Тәрбиеші: Әже деген көп шығар

Әжемдей адам жоқ шығар.

Жақсы адам жоқ шығар

Қандай ғажап күлкісі – дей келе әжелерге арнап әнімізді орындайық.

Ән: Асыл әже

Тақпақтар:

Ұлас: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне.

Арнұр Е:Бесік жырың ғұмырымды күй қылған

Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған

Асыл әже, құтты болсын мерекең

Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

Тәрбиеші: Біздің ұлдарымыз да аналары мен әжелеріңін көмекшілері, олай болса ұлдарымыздың биін қабыл алыңыздар.

Би: Кір жуу

Көктем: Рахмет сендерге балалар, мен қайтайын, мені басқа да балалар күтіп қалған болар, сау болыңдар.

Тәрбиеші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.

Тәрбиеші: Құрметті аналар сіздердерге көктемдей көңіл, отбасыларынызға қуаныш тілейміз. Біздің балаларымыздың арнаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.










Қарағанды қаласының білім бөлімі

134 "Гауһар" балабақшасы


Бекітемін:________________________

134 "Гауһар" балабақшасының директоры Д.К. Инкабекова

«__ »_____________2017 жылы









Асыл анам, жан анам!

(№1 "Қуаныш" ортаңғы тобы)

03.03.2017ж







Тәрбиешілер: Магрупова Қ.Ж

Әлдебек А.Қ

Муз.жетекші: Бухтоярова Р.М









Қарағанды 2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Асыл анам, жан анам

Автор: Берлібекова Айзат Берлібекқызы

Дата: 20.05.2017

Номер свидетельства: 417201

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(158) "Жырымен күллі әлемді құшаққа алған. (Қ.Сарин шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)"
    ["seo_title"] => string(80) "zhyrymien_kulli_liemdi_k_u_shak_k_a_alg_an_k_sarin_shyg_armashylyg_yna_arnalg_an"
    ["file_id"] => string(6) "403886"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490632665"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "?оз?алыс?а берілген ?рт?рлі есептер шы?ару "
    ["seo_title"] => string(52) "k-ozg-alysk-a-bierilghien-rturli-iesieptier-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "174804"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424181691"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(175) "ТЕРЕКТІ АУДАНДЫ? БАЛАЛАР САЗ МЕКТЕБІНІ? АШЫЛУЫНА   АРНАЛ?АН КОНЦЕРТТІК БА?ДАРЛАМАНЫ?  СЦЕНАРИЙІ. "
    ["seo_title"] => string(103) "tieriekti-audandyk-balalar-saz-miektiebinin-ashyluyna-arnalg-an-kontsierttik-bag-darlamanyn-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "204480"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429680022"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(259) "Ма?жан Ж?мабаевты? 120 жылды?ына байланысты « Мен жастар?а сенемін» атты айдарымен ?тетін 10-11 сынып о?ушыларыны? дайында?ан ?деби кешіні? жоспары. "
    ["seo_title"] => string(164) "mag-zhan-zhu-mabaievtyn-120-zhyldyg-yna-bailanysty-mien-zhastarg-a-sieniemin-atty-aidarymien-otietin-10-11-synyp-ok-ushylarynyn-daiyndag-an-diebi-kieshinin-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "154525"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421164950"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?.АМАНЖОЛОВ ?ЛЕ?ДЕРІНДЕГІ ТУ?АН ЖЕР ТА?ЫРЫБЫ. "
    ["seo_title"] => string(53) "k-amanzholov-olien-dierindiegi-tug-an-zhier-tak-yryby"
    ["file_id"] => string(6) "150334"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420466627"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства