Просмотр содержимого документа
«"Анам үшін күнде мен."»
Тақырыбы: «Анам үшін кунде мен...» аналар арасындағы спорттық сайыс Мақсаты: балалар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Қыздар мен аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер:
Барысы: 1 - жүргізуші: Құрметті аналар және қыздар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Анам үшін кунде мен..» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықтыру бағдарлама. Сүйікті де сүйкімді аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасыдан анасы мен қызы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Жүргізуші: Тәлімді тәрбие ата-анасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.Спорт – денсаулық кепілі десек, ата-аналар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр ата-анаға рухани және мәдени мереке сыйлайды.Сондықтан,отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек! Жүргізуші : Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Күшімізді көрсетейік, сынайық! Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық, Қаймықпай, көңілді болып тарайық! Жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады. 1. Таныстыру. 2. Үй тапсырмасы. 3. Қаппен жүгіру 4. Шаш өру
5. Білімді кенгуру 6. Салат безендіру 7. Кім шапшаң
8. Сән үлгісі Жүргізуші: Сайысқа арнайы 4топ қатысады. Өнер қуып отбасы өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп. Таныстырып өздерін кетер дейміз. 1 тур отбасымен таныстыру Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық! (топтың атауы, эмблемасы, ұраны) - Топтың аты;, отбасымен таныстыру 3 - 5 минут, Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді. 1. «Жұлдыз» тобының ұраны Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз. 2. «Күнбағыс» тобының ұраны Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін! 3. «Балдаурен» тобының ұраны Еңбек бәрін жеңбек
4. «Еркетай» тобының ұраны Спорт- денсаулық кепілі ІІ тур: «Ас адамның арқауы»
Әрбір топ уйден дайындап келген тамақ мәзірін(жеңіл салат) әділқазыларға тапсырып көрсетеді. Салаттың атауы болу керек, қыздары салатты таныстырып, құрамын айтып өту керек. Осыған байланысты бағаланады
Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Қатардан артта қалып қоймайық, Белсенді болайық ортада, Уақытты тектен - тек жоймайық! Олай болса, келесі турымызға өтеміз.
ІII тур.Қаппен жүгіру.
Ойынның шарты: уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен - қыздарымыз, кейін анасы, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу. Сәт сапар, бастаймыз!
IVтур «Шаш өру» Ойынның шарты: жерге қойылған ақ парақ беттеріне қосаяқпен секіріп, барып, орындықта отырған кызының шашын өріп, дәл солай қайтып келу керек.
Vтур: ««Білімді кенгуру» (аналар мен қыздары кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығарады, қыздары аналарының суретін салады) /барарда және қайтарда осы іс - әрекет/ Жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы. Енді аналарымыз бен қыздарымыздың ой-қиялын байқайық.
VI. Салат безендіру Ойын шарты: анасы мен қызы белгілі уақыт ішінде салат турап, соны тарелкаға әдемілеп, безендіріп қою керек.
VII. Кім шапшаң?
Алдымен қыздар велосипед теуіп жарысады, содан кейін аналары белдеріне шеңбер айналдырады. Кім уақыттан бұрын түсіріп алады, соның ұпайы шегеріледі.
VIII. Сән үлгісі Сән үлгісі 3 кезеңнен тұрады. Сән көйлегі. Спорттық киім. Жыл мезгіліне байланысты.
Жүргізуші: Өмір, өзің қайдасың, Күн мен түнді жалғайсың. Жақсыларға жақынсың, Жамандарға шалғайсың. Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне, Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге. Денсаулықтың әліппесі әрқашан, Жыр шашады қуана мына еліне дей отыра, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік. Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектену, жалықпау. Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады. Бұл сайыстан ренжімей Тараса бізге жарады -демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)
Жүргізуші: Денсаулық - басты байлық өмірдегі, Нәр беретін асыл ғой көңілдегі. Салауатты өмір салтын насихаттап, Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Анам үшін кунде мен...» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!Бүгін алтын уақыттарын бөліп, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!