Просмотр содержимого документа
«"Ана- мейірімді жан"»
«ЖШС» «Бэйби-Бум»
«Мансур» балабақшасы
Тақырыбы: «Ана-мейірімді жан»
«Балапан» тобы
Тәрбиеші:Исхакова Г.А
«Красный яр» 2019
Тақырыбы: «Ана – мейірімді жан»
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күй сыйлау; -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым»
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, сыйлықтар, әсем әндер.
Ертеңгіліктің барысы: Тәрбиеші: Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанды
Мейрімділік ананың
Болмас еш бір адамда.
- Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің «Ана – мейірімді жан!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Балалар залға қол ұстасып, Кәмпит ханшайымымен бірге әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. ( «Тәттім-ау» әуенімен) Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады. -Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді.
Сәлеметсіз бе Кәмпит ханшайымы қош келдіңіз біздің бүгінгі мерекемізге.
Кәмпит ханшайымы:
Мен тәттімін, тіттімін. Балалардың сүйікті дәмімін, Мерекенің сәнімін, Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын» Тәрбиеші: - Балалар сендермен бірге бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті шығар.
«Кәмпит Ханшайымы»: Балалар сендер маған өз өнерлеріңді, көрсетіңдер. Менің мына ыдысымда тәтті кәмпиттерім бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін.
Ән: «Анашым» Тәрбиеші: Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән маржанын шашайық. 2- Кәмпиттегі тапсырма : Тақпақтар: Тәрбиеші: Аналарымызға арнап тақпақтарымызды айтайық Арсен:Наурыздың сегізі
Сулулықтың негізі
Іңкәрім: Ақ анашым,аппағым,Өзің жайлы тақпағым. Арслан: Анам,анам,ақ анам
Мен өзіңдей,ақ балаң
Маржан: Ана пана, ана дана,
Өмірге әкелетін Ана ғана
3- кәмпиттегі тапсырма: Би: «Радуга»
Тәрбиеші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, Жылытар жүрегіңді көз көп дейін Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге Қол соғып қарсы алайық «Радуга биін»
Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар.Сендерге ризамын, көп-көп рахмет айтамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр.
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын, Қабыл алшы анашым Ұзақ өмір жүз жасап Ауырмашы анашым! -деп. Олай болса, әр баланың өз аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңа Осымен кешімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – мейірімді жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!