Та?ырыбы:Ж?рекке жол тап?ан – мейірімді Сара Алпыс?ызы!
Ма?саты: О?ушылар?а 12 а?пан Сара Алпыс?ызы Назарбаеваны? ту?ан к?ні екенін айтып,б?л к?нні? біз ?шін ?те ерекше екендігін айтып т?сіндіру. С.А.Назарбаеваны? ?міріне то?талып, жа?а м?ліметтер беру.
М??алім: Армысыздар ?ымбатты ?стаздар,о?ушылар! Б?гінгі «?зін- ?зі тану» п?ніні? негізгі авторы С.А.Назарбаеваны? ту?ан к?ніне арнал?ан «Ж?рекке жол тап?ан мейірімді Сара Алпыс?ызы!» атты т?рбие са?атына ?ош келді?іздер!
«Адам баласы ?зіні? жан д?ниесін ?айырымдылы?пен ?ай?ыны т?сіне білу ?асиеттерімен ны?айтып, шынайы ?мір с?ре білу керек», — деп Сара Алпыс?ызы айт?ан екен. Енді мектебімізді? т?рбие ісіні? ме?герушісі Молдаханова Б.С. с?з беріледі.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Ж?рекке жол тап?ан – мейірімді Сара Алпыс?ызы!»
ШҚО Үржар ауданы Жаңа тілек ауылы
«Әуезов атындағы орта мектебі»КММ
Алмабаева Айгерим Нурлановна – өзін-өзі тану мұғалімі
Тақырыбы:Жүрекке жол тапқан – мейірімді Сара Алпысқызы!
Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып,бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру.
Мұғалім: Армысыздар қымбатты ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Өзін- өзі тану» пәнінің негізгі авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне арналған «Жүрекке жол тапқан мейірімді Сара Алпысқызы!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», — деп Сара Алпысқызы айтқан екен. Енді мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Молдаханова Б.С. сөз беріледі.
5-6 сынып оқушылары Сара Алпысқызына арнап шығарған жүрек жарды өлеңдері мен тілектерін арнайды.
5 «а» сынып оқушысы
Өзің дара тұлғасың,
Мен үшін өзің данасың!
Мейірімді көзбен қарайсың,
Айналайын Сара ана!
Ұқсайды дархан көңілің,
Ұлан байтақ далаға.
Ұсындың бізге мейіріммен!
Өзін-өзі тану сабағы,
Берері мол бұл пәннің
Мың алғыс саған айтамын.
6 «б» сынып
Жанарыңыз мөлдір судай тұңғиық,
Тірі жанға жылы шырай нұр құйып.
Сіз шықсаңыз арқаланып қалушы ек,
Алдымыздан көрінгендей бір биік.
Таң атар деп әлі алдан арайлы,
Аманаттап қалдырады талайды.
Өзін- өзі тану сан ұрпақтың санасы,
Жаңғыртуға ғибратты жарайды.
6 «б» сынып
Сара апа қадір тұтар қасиетіңіз,
Бізге қымбат әр айтқан өсиетіңіз,
Сіздің әрбір ісіңізден өнеге алып,
Әрқашанда алдыңызда бас иеміз.
Әрбір айтқан ақылыңыз шуақ бізге
Бойыма күш бергендей қуат табам,
Шын көңілмен мен бүгін өзіңе арнап,
Жүрегімнің түбінен жыр ақтарам.
Қиындықты көрсем де жасымаған,
Қамқоршым да өзіңсің, Сара апам.
Қуанышқа кенеліп әр күн сайын,
Жүре бер деп тілеймін есен- аман
6 «б» сынып
Жанарынан жылылық сезіледі,
Жүрегінен мейірім төгіледі.
Сара апаны ойласам өмірімнің,
Төріндегі қиялы сөгіледі.
Сізді көрсем бақыт та көрінеді.
Сіз арқылы бақытым өріледі,
«Өзін- өзі тану» пәні арқылы,
Ажыраттым ақ- қараны өмірдегі.
5 «а» сынып
Аяулы да, алтын жүзді анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың,
Сен- асқарсың, сен- аспансың, биіксің!
Сен- дарқансың, сен- жомартсың, данасың!
Сізге деген менің көңілім ұшан теңіз.Сіз әрбір бүлдіршіннің шуақты шаңырақ астында, жайлыы сыйласуға, балаларды адамгершілікке баулу үлкен мән бердіңіз.Жаныңыздың жылуын балаларға бердіңіз.Аяулы ана! Көңіліңіз шат, жүзіңіз жарқын, деніңіз сау болсын деп әрқашан тілеймін.
Мектебіміздің психологы жалғастырсын
Рефлексия. «Тілек шоқтары».
Мақсаты: Жүректен шыққан жылы лебіздерін ашық айта білуге баулу.
Қорытынды.
Мұғалім:
Бүгін, менің туған күнім
Ой, пәлі-ай
Мына адамдар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай- ақ қойған-ай, — деп Мұқағали Мақатаев ағамыз
жырлағандай, бүгінгі С .А. Назарбаеваның туған күн мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға рахмет!