kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» т?рбие са?аты.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!»

Ма?саты: 1. Білімні? сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта ал?ан білімні? негіз болып ?алатына к?з жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, ал?аш ?олына ?алам ?стат?ан ал?аш?ы ?стазымен ?оштаса отырып, орта буында д?ріс беретін ?стаздармен таныстыру, ?р баланы? ерекшелігін таныта отырып, с?т – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы – мектебі, ?стаздарын ??рметтеп, білімге деген ??штарлы?ын арттыру. ?з Отаныны? адал ?лы мен ?ызы болу?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: ?анатты с?здер мен та?ырып, шарлармен безендіру.

Б а р ы с ы:

Дильназ:

Армысыздар, м??алімдер, ?зжандар,

Білім іздеп инемен ??ды? ?аз?андар.

Сан ?рпа?ты т?рбиелеп о?ыт?ан,

«?мір» деген ?за? жолда тарландар!

Маржан:

Б?гін, міне, ?оштасады бастауышпен балб?ла?,

?ні менен жырларына тарландарым, сал ??ла?,

Кеше с?би, б?гін міне, жас ?лан,

Лаулап жансын болаша?ы?, шамшыра?.

-Кеше ?ана тарыдай болып кіріп, а?ыл ойлары толысып, о? мен солын танып, жа?сы мен жаманды айыра білуді ?йренген ш?кірттерімізді? ?йымдастыруымен киелі ша?ыра?ымызда бол?алы отыр?ан «Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» атты мерекелік кешімізді БАСТАЙМЫЗ!

би: «Вальс»

Дильназ:

-??рметті ата - аналар, ?стаздар, о?ушылар! Б?гінгі к?н – ерекше к?н. Оны? ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл б?рын мектеп табалдыры?ын ж?рексіне атта?ан біздер білімні? негізі болатын бастауышта о?ып, білім алып, ?анаттарын ?атайтып бастауыш сыныппен ?оштас?алы отырмыз.

Маржан:

-Біз б?гін бойымыз?а білімні? жары? с?улесін сыйла?ан, к?п н?рсені ?йреткен ?стазымызбен ?оштас?алы отырмыз.

Дильназ:

Олай болса, тойымызды ж?ргізуге к?мектесетін  сыныбымызды? старостасын Бай?о?ыр Жал?асты ша?ыраймыз!

?арсы алы?ыздар!

Жал?ас:

Тол?имыз, тол?ып т?рсыз барша?ыз да

М?ндай к?й бол?ан сір? ?анша?ызда.

?ол со?ып, ?ошеметтеп ?арсы алайы?,

4 сынып о?ушыларын ортамыз?а!

-Олай болса,  бастауыш сыныпты бітіруші т?лектерімізді орта?а ша?ырайы?!

Музыка ?уенімен бастауыш сынып т?лектері орта?а келеді.

Дильназ:

-Д?рыс айтасы?, Жал?ас, Мектептен ?аншама адам т?лім ал?ан десе?ші. Мені? атам да, ?жем де, ?кем де, анам да, енді мен де мектептен т?лім алудамын.

Маржан:

-И?, мектебімізге ?андай жыр арнаса? да жарасады. Ендеше, сыныптастарымызды? мектепке арна?ан жырларын ты?дайы?.

Б. Мадияр:

Мектебім – білім берер алтын ?ям,

Ер жетіп сенде ?зім артты санам.

Баулы?ан 4 - жыл бойы ата анамдай,

?р?ашан ?асиетті аты? ма?ан.

Ас?ар:

Арада ?тсе да?ы д?ркіреп жыл,

?р к?ні балалы?тай бір ж?рек б?л.

?зі?е борыштармын ?мір бойы,

Есейген ш?кірті?ні? серті деп біл.

Дильназ:

Б?л о?у тама? болар ?арны аш?анда,

Жол табар ?ара??ыда адас?анда.

Мал озбас біле білсе? білім озар,

А?ыры керек болар бір сас?анда – деп Міржа?ып а?ын айтпа?шы біз мектепке келіп білім н?рімен сусындап ?лкен ?мірге ?адам басамыз. Б?л мектептен ?аншама адам т?лім ал?ан десе?ші.

Бек:

 Б?рі есімде мектепке ал?аш бар?ан к?н,

К?лімдеп бір, н?р ж?зіміз жан?ан к?н.

Сы??ыр ?а?ып ?уанышпен ?о?ырау,

Ша?ыр?аны ал?а бізді арман мы?.

Жанг?л:

 Кіріп келді, сынып?а ?стаз к?нді іліп,

Б?лме іші кетті лезде шын жылып

С?лем берді бізге ?стаз жымиып,

Бар шуылын балаларды? тындырып.

Сырым:

Анамдай асыл мектебім,

??ша?ы н?рлы к?ктемім.

?мірді? аттап ?ткелін

?ойны?да ?сіп к?ктермін

Маржан:

 ?аза?ты? талантты жас ?ландары

Білімге ??штар бол?ан ?ырандары

Талмасын ?анаттары? талпындыр?ан

Болаша?ты? жеткіншек ?ландары

-дей келе назарлары?ыз?а «Бітірушілерді? жа?а телеарнасын» ?сынамыз!

Жа?алы?тар топтамасы:

Армысыздар ??рметті тойшыл ?ауым.

Телеарнада жа?алы?тар топтамасы (Жа?алы?тар музыкасы)

Сіздермен бірге студияда – ?ойшыбай Батырхан

 Б?гінгі к?нні? басты жа?алы?ы – Абай атында?ы №4 лицей- мектебінде 4 «Г»сынып о?ушыларыны? «Бастауышпен ?оштасу»мерекесі болып жатыр. Бауыржан атамыз «Болаша?ты? басшысын да, данасын да, ?алымын да, е?бек?ор егіншісін де, кеншісін де ?стаз ?сіреді»деген екен. Олай болса осы киелі ша?ыра?ты? басшысыны? орынбасары ?апышова ?ымбат ?апышовна?а ??тты?тау с?з кезегін береміз.

 Бізді? меншікті корреспондентіміз  Омарова Аружан  бітірушілермен с?хбаттасты

Аружан:  -?айырлы к?н ??рметті к?рермендер! Б?гінгі 4 «Г»сыныбыны? бастауышпен ?оштасу мерекесіне к?птеген ?она?тар жинал?ан екен. Мен осы бітірушілерді? бірнешеуімен с?хбаттаспа?шымын.

1) Сіз ?ай жылы мектеп табалдыры?ын атта?ан еді?із? Сізді мектепке е? ал?аш ?келген кім еді?

2) Ал?аш мектеп табалдыры?ын атта?ан кезде сізді е? бірінші ?арсы ал?ан кім?

3) Осы 4 жыл сізге не берді деп ойлайсыз?

4) бастауышты т?мамдап отыр?ан достары?ыз?а тілегі?із.

Аружан:- Міне, 4 «Г» сынып ш?кірттеріні? ж?здерінде к?лкі, ?те ?уанышты к?рінеді.

-Сіздермен бірге бол?ан Омарова Аружан.

Маржан:

- Дильназ, осы ал?аш 1 – сынып  табалдыры?ын атта?ан кездеріміз  ?андай еді?

Дильназ: -И?, неб?рі 4 айды? ішінде сауатымызды ашып, о?ып, жазып есептеп ?йреніп, с?йікті ?ліппемізбен ?оштас?ан едік. Со?ынан ал?аш?ы жа?а жыл мейрамын тойлап, ?нерлерімізді к?рсетіп едік.

Маржан: -Міне, содан бері 4 жыл уа?ытты? ?алай ?те шы??анын да сезбей ?алды?. Осы 4 жыл ішінде к?п н?рсені ?йреніп, білім н?рімен сусындап, адамгершілік ?асиеттерді бойымыз?а сі?іре білдік.  Олай болса экран?а назар салайы?!

Видео

Жал?ас:

Айдында а??удай сыла?да?ан

Біреулер к?й, біреулер жыр арна?ан

Шы?сын енді орта?а бишілері?,

«Попурриін» билеумен тамсандыр?ан.

Флешмоб

Дильназ:-Маржан, сен білесі? бе? Осы 4 жыл ішінде 12760 саба? ?тілді, 102 класс са?аты, 2433 ?о?ырау со?ылды, 31326 о?улы? беті пара?талды. Мектеп пен ?йді? арасында 61573 км жол ж?рілді, 850 ?алам мен ?арындаш, 200 ?шіргіш жо?алтты?. Онымен ?оса 4 тонна б?ліш желінді.

Маржан: -Ия, бізді д?л б?гінгі д?режеге жеткізген, ?рине, бізді? с?йікті ?стаздарымыз еді. Келесі жыр - ?німіз, сый - сияпатымыз ?здері?ізге арналады. ?абыл алы?ыздар!

?сет:

 ?стазым! ?стазым ?зі? еді? ас?а? ?нім,,

Бастал?ан а? бата?нан жас талабым.

??ындым ?лылы?ты?, даналы?ты?,

?стазды? ?ла?атынан басталарын.

?мірдегі жолымды бір ?зі?нен бастадым,

«А»?рпін ал?аш сенен бастадым.

Т?рбиешім естен кетпес м??гілікке,

Мейіріммен жауырынымнан ?а??аны?

Дильназ:-Осыдан 4 жыл б?рын, біз 6 жаста?ы с?би - балалар с?мкемізді зор?а к?теріп, мектеп табалдыры?ын атта?ан едік.

Маржан: Ия, міне са?ымдай ?те шы??ан 4 жыл ішінде бізді? анамыз сауатты, т?рбиелі, ?негелі азамат етіп шы?арды.

Жал?ас:

 ?стаз деген ?асиетті адам бар,

Біле білсе? сені? екі ана? бар.

Бірі сені? ту?ан ана? болса егер,

Екінші ана? ?стаз деген дана? бар

-деп орта?а бастауыш сыныпты бітіруші т?лектерімізді орта?а ша?ырайы?.

Б. Ерн?р:

 ?стаздар ?ой бізді талай шы?да?ан,

Ш?кірттері сыйлап оны ты?да?ан.

?олы?ызбен м?пелеп ап, биікке,

?шырды?ыз ?ырандарды мы?да?ан.

?лжан:

 Біз б?ріміз арт?а тастап 4 жылды,

?мытпаймыз ?стазымызды жаны ізгі

Пана бол?ан, дана бол?ан біз ?шін,

Жанымыздан арты? к?реміз біз сізді.

Жал?ас:

 К?рмеген арты? с?йлеп, арты? к?ліп,

Ш?кірттерін баулыды т?ртіпті ?ып.

?оштасамыз біз б?гін ?стазбенен

?стаз ?нін жа??ыртып айтып т?рып.

?н: «?стазым»

Маржан: -Бізді? о?ушылар бастауышта сонымен ?атар, орыс, а?ылшын тілдерін де ме?герді. Музыкалы? сауаттарын ашып, т?рлі жа?а ?ндер ?йреніп, бой сергітіп, т?рлі спорт ойындарына да ?атысты. ?стаздарымыз?а. к?п ра?мет айтамыз!

Дильназ:

?рбір п?нні? ?зіндік ?р сыры бар,

?рбір п?нні? ?зіне айтар жыры бар,

Сол п?нні? ??пиясын жеткізетін,

?р ?стазды? жанымызда ?ні бар.

-деп орта?а бастауыш т?лектерін ша?ырамыз!

Батырхан:

 Боташ апайдан,

Жалы?пай білім мол алды?.

Ертегі ты?дап одан,

Орысша о?ып, жаза алды?.

Ас?ар:

 Музыка атты п?німіз,

Айтылар онда ?німіз.

Мар??лан а?ай ?йретсе,

Шыр?атамыз б?ріміз.

Б. Мадияр:

Зыр ж?гіріп футбол ?уып ж?ргенде

Секір, ж?гір шымыр болар дене? деп,

Ж?реді Динара Темірбек?ызы ?ашанда,

Салаутты ?мір салтын уа?ыздап.

Ба?тияр:

 ?сын?аны адалды?,

?йреткені адамды?

Бар ?стаз?а тілейміз,

Ба?ыт, табыс, адамды?!

Жал?ас:

?стаздар ?ой бізді талай шы?да?ан,

Ш?кірттері сыйлап оны ты?да?ан.

?олы?ызбен м?пелеп ап, биікке,

?шырды?ыз ?ырандарды мы?да?ан.

-дей келе п?н м??алімдерді? тілектерін ты?дайы?! (видео)

Батырхан: Келесі кезекті «Сынып жетістіктері» айдарына берейік. «Сынып жетістіктері» айдарын таныстыру ?шін меншікті тілшіміз Аружан?а с?з береміз

Маржан:-ия, д?рыс айтасы?. Онда келесі кезекті биге берейік.

Би: «?нді биі »

Дильназ:-?рпа?тар?а ба?ыт жолын а?са?ан,

Тілейт??ын сыртта ж?ріп ба? са?ан.

Тіршілікті? тынысы мен ажары,

?кем - шешем те?десі жо? жа?сы адам! – деп келесі ?нерлеріміз сіздерге арналады ?ымбатты ата - аналар!

Маржан:-Бізді? жаманды?ымызды жасырып, жа?сылы?ымызды асырып ж?рген бізді? ата - анамыз. ?атарымызды? те?і болып, тама?ымыз то?, к?йлегімізді? к?к болып ж?руі де сол кісілерді? ар?асы. Алдары?ызда ата-аналар?а арнал?ан лебіздерін бастауыш т?лектері білдірмекші.

Томирис:

 ?ош келді?іздер а? жаулы?ты аналар,

Ж?здері?нен мейірім мен н?р тамар.

Алдары?да жау?азындай ??лпыр?ан,

Біз ала?сыз бал?ын ша?ты балдыр?ан.

Маржан:- ??рметті ата-аналар, сіздер ?азір ?йде ?й ж?мысын орындап отыр?ан ана мен баланы?  арасында?ы диологты ??расыздар. Алдары?ызда алфавит т?р, ?рбір ?ріпті к?рсеткен кезде сол ?ріптен басталатын с?йлемдерді байланыстырып ??гімелесесіздер.

Онда бастайы?!

Дильназ:-керемет! Ата-аналарымыз?а ?ошемет к?рсетейік.

Жал?ас:

Б?йгені? аттарындай шабыстары,

Білімні? ?ш?ыр болсын табыстары.

?ол со?ып ?ошаметпен ?арсы алайы?,

?ыздарымызды? ?нерлерін тамашалайы?

Би «попурри»(флешмоб ?ыздар)

Дильназ:-келесі ойынымыз?а анасы мен баласын орта?а ша?ырамыз!

Маржан:-ойынны? аты

Ойынны? шарты: баласын дауысын шы?армай тек ерінмен ?оз?алтып с?здерді айтады, анасы оны табады.

-егер тапсырма т?сінікті болса, онда ойынды бастайы?!

Маржан: Жа?сы ш?кірт азамат атанады,

Хал?ынан, ата - анадан бата алады.

?рпа?ына айтсын деп а? тілегін,

Орта?а ша?ырайы? ата - ананы. Ата - аналар атынан с?з кезегі беріледі.

Жал?ас:

Жетекші боп ж?рді?із т?легі?е

Біздерді ойлап к??ілі?із ж?деді де,

Ш?кірттер ты?да?ыздар ?стаз тілегін

Ш?кірттеріме тілерім: Егеменді елімізді? к?к байра?ын биіктен желбіретер а?ылды, білімді, ел билейтін ?ландар, к?ркейтетін ?ыздар болы?дар дегім келеді.

Грамота беру:-о?ушылар?а

Ата-аналар?а

Дильназ: Достар, біз бастауышпен ?оштасып т?рмыз. Ал?аш?ы ?стаздарымызбен ?оштасты?.

Маржан: И?, бізді болаша?та не к?тіп т?р екен? ?андай асулар бар алда?

Дильназ: О?у білім, ізденіс жолдары. Жа?а ?стаздар к?тіп т?р.

Дильназ: Бастауышым – бал б?ла?ым,

Алдым сенен балды? д?мін.

?ріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Маржан: ?тті сенде ?ызы? ша?ым

Бастауышым балб?ла?ым

?оштасар к?н жетті міне,

?имасты?пен ?ол б?л?аймын

(тортта?ы шамды ?шіреді.)

Дильназ: О?ушыларымыз?а а? жол тілей отырып, орта буын?а шы?арып саламыз.

хормен ?ош бол, бал?ын балалы?

?ош бол, с?йікті бастауышым! (салют атылады)

Маржан: Осымен «Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» атты ерте?гілігіміз ая?талды. К?ріп тамашала?андары?ыз?а к?п - к?п рахмет. ?ош, сау болы?ыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» т?рбие са?аты. »

«Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!»

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып, шарлармен безендіру.


Б а р ы с ы:

Дильназ:

Армысыздар, мұғалімдер, әзжандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!


Маржан:

Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...


-Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!» атты мерекелік кешімізді БАСТАЙМЫЗ!


би: «Вальс»


Дильназ:

-Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған біздер білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.


Маржан:

-Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған , көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.


Дильназ:

Олай болса, тойымызды жүргізуге көмектесетін сыныбымыздың старостасын Байқоңыр Жалғасты шақыраймыз!

Қарсы алыңыздар!


Жалғас:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,

4 сынып оқушыларын ортамызға!

-Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!


Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.


Жалғас:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл жырым.


Дильназ:

-Дұрыс айтасың, Жалғас, Мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Маржан:

-Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.


Б. Мадияр:

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде өзім артты санам.

Баулыған 4 - жыл бойы ата анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.


Асқар:

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.


К. Мадияр:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


Бақтияр:

Мектеп деген білім кені жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.


Жалғас:

Ән: «Мектебім»


Дильназ:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы біз мектепке келіп білім нәрімен сусындап үлкен өмірге қадам басамыз. Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.


Бек:

Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн,

Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн.

Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

Шақырғаны алға бізді арман мың.


Аружан:

Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,

Айқара ашып есікті тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.


О. Ернұр:

Әсем бөлме, терезелер жап - жарық

Қойған дерсің шырағданнан шам жағып

Қара тақта, аппақ парта қаз қатар

Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.


Жангүл:

Кіріп келді, сыныпқа ұстаз күнді іліп,

Бөлме іші кетті лезде шын жылып

Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,

Бар шуылын балалардың тындырып.


Сырым:

Анамдай асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім.

Өмірдің аттап өткелін

Қойныңда өсіп көктермін


Томирис:

Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз.


Мирина:

Енді міне сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір - бір мықты.


Маржан:

Қазақтың талантты жас ұландары

Білімге құштар болған қырандары

Талмасын қанаттарың талпындырған

Болашақтың жеткіншек ұландары

-дей келе назарларыңызға «Бітірушілердің жаңа телеарнасын» ұсынамыз!


Жаңалықтар топтамасы:

Армысыздар құрметті тойшыл қауым.

Телеарнада жаңалықтар топтамасы (Жаңалықтар музыкасы)

Сіздермен бірге студияда – Қойшыбай Батырхан


Бүгінгі күннің басты жаңалығы – Абай атындағы №4 лицей- мектебінде 4 «Г»сынып оқушыларының «Бастауышпен қоштасу»мерекесі болып жатыр. Бауыржан атамыз «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса осы киелі шаңырақтың басшысының орынбасары Қапышова Қымбат Қапышовнаға құттықтау сөз кезегін береміз.

Біздің меншікті корреспондентіміз Омарова Аружан бітірушілермен сұхбаттасты


Аружан: -Қайырлы күн құрметті көрермендер! Бүгінгі 4 «Г»сыныбының бастауышпен қоштасу мерекесіне көптеген қонақтар жиналған екен. Мен осы бітірушілердің бірнешеуімен сұхбаттаспақшымын.


1) Сіз қай жылы мектеп табалдырығын аттаған едіңіз? Сізді мектепке ең алғаш әкелген кім еді?

2) Алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде сізді ең бірінші қарсы алған кім?

3) Осы 4 жыл сізге не берді деп ойлайсыз?

4) бастауышты тәмамдап отырған достарыңызға тілегіңіз.


Аружан:- Міне, 4 «Г» сынып шәкірттерінің жүздерінде күлкі, өте қуанышты көрінеді.

-Сіздермен бірге болған Омарова Аружан.


Маржан:

- Дильназ, осы алғаш 1 – сынып табалдырығын аттаған кездеріміз қандай еді?


Дильназ: -Иә, небәрі 4 айдың ішінде сауатымызды ашып, оқып, жазып есептеп үйреніп, сүйікті әліппемізбен қоштасқан едік. Соңынан алғашқы жаңа жыл мейрамын тойлап, өнерлерімізді көрсетіп едік.


Маржан: -Міне, содан бері 4 жыл уақыттың қалай өте шыққанын да сезбей қалдық. Осы 4 жыл ішінде көп нәрсені үйреніп, білім нәрімен сусындап, адамгершілік қасиеттерді бойымызға сіңіре білдік. Олай болса экранға назар салайық!


Видео


Жалғас:

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға бишілерің,

«Попурриін» билеумен тамсандырған.


Флешмоб


Дильназ:-Маржан, сен білесің бе? Осы 4 жыл ішінде 12760 сабақ өтілді, 102 класс сағаты, 2433 қоңырау соғылды, 31326 оқулық беті парақталды. Мектеп пен үйдің арасында 61573 км жол жүрілді, 850 қалам мен қарындаш, 200 өшіргіш жоғалттық. Онымен қоса 4 тонна бәліш желінді.


Маржан: -Ия, бізді дәл бүгінгі дәрежеге жеткізген, әрине, біздің сүйікті ұстаздарымыз еді. Келесі жыр - әніміз, сый - сияпатымыз өздеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар!


Әсет:

Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А»әрпін алғаш сенен бастадым.

Тәрбиешім естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның


Дильназ:-Осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын аттаған едік.

Маржан: Ия, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.


Жалғас:

Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең сенің екі анаң бар.

Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар

-деп ортаға бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.


Б. Ернұр:

Ұстаздар ғой бізді талай шыңдаған,

Шәкірттері сыйлап оны тыңдаған.

Қолыңызбен мәпелеп ап, биікке,

Ұшырдыңыз қырандарды мыңдаған.


Аяулым:

Мұғалім ұстазысың балалардың

Болашақ ғалымдардың даналардың

Өмірде сенің алар орныңа

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.


Аслан-:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сеннен бастадым.

Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,

Мейірім мен жауырымнан қаққаның.


Азамат:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылынбізгежиып, мол береді.

Қанатымен су себелепасылжан,

Әршәкіртінбаласынан кем көрмейді.


Ұлжан:

Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі

Пана болған, дана болған біз үшін,

Жанымыздан артық көреміз біз сізді.


Жалғас:

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.


Ән: «Ұстазым»


Маржан: -Біздің оқушылар бастауышта сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерін де меңгерді. Музыкалық сауаттарын ашып, түрлі жаңа әндер үйреніп, бой сергітіп, түрлі спорт ойындарына да қатысты. Ұстаздарымызға...... көп рақмет айтамыз!


Дильназ:

Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,

Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар,

Сол пәннің құпиясын жеткізетін,

Әр ұстаздың жанымызда үні бар.

-деп ортаға бастауыш түлектерін шақырамыз!


Сунгат:

Қаншама жыл бұл мектепті басқарады

Түлеп ұшқан жас түлек сан - салалы

Үлесі бар мектепті көркейтуге

Гүлмира Алпысбайқызы сізге алғыс жолданады.


Батырхан:

Боташ апайдан,

Жалықпай білім мол алдық.

Ертегі тыңдап одан,

Орысша оқып, жаза алдық.


Асқар:

Музыка атты пәніміз,

Айтылар онда әніміз.

Марғұлан ағай үйретсе,

Шырқатамыз бәріміз.


Б. Мадияр:

Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде

Секір, жүгір шымыр болар денең деп,

Жүреді Динара Темірбекқызы қашанда,

Салаутты өмір салтын уағыздап.


Бақтияр:

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз,

Бақыт, табыс, адамдық!


Жалғас:

Ұстаздар ғой бізді талай шыңдаған,

Шәкірттері сыйлап оны тыңдаған.

Қолыңызбен мәпелеп ап, биікке,

Ұшырдыңыз қырандарды мыңдаған.

-дей келе пән мұғалімдердің тілектерін тыңдайық! (видео)


- Дильназ: -Маржан, келесі кезекті жаңалықтарға берсек қайтеді.

Маржан: -ия, мүмкін жаңалықтардан бітіруші түлектердің жетістіктерін айтар.

Дильназ:-Онда көрейік!


Батырхан: Келесі кезекті «Сынып жетістіктері» айдарына берейік. «Сынып жетістіктері» айдарын таныстыру үшін меншікті тілшіміз Аружанға сөз береміз


Аружан: Рахмет, Батырхан. Бүгінгі күннің «Сынып жетістіктері» айдарында 4 «Г» сынып оқушыларының жетістіктеріне тоқталмақшымыз.

  • Облыстық Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясының 42 ғылыми-практикалық конференциясынан куәлікпен марапатталған Аукенов Аслан, Мұхамбетрахым Мирина;

  • Мектепішілік «Желтоқсан алауы-Тәуелсіздк бастауы» мәнерлеп оқу сайысынан Бәкіров Азамат ІІ орын иемденсе, Омарова Аружан сайысына қатысып мадақтамамен марапатталды.

  • Мектепішілік «Алтын күз» байқауынан «Парасатты ханшайым» номинациясымен марапатталды.

  • «Балбөбек» атты мектепішілік көркемөнерпаз байқауынан сынып ІІ орын иемденді.

  • Мектепішілік 3-4 сыныптар арасында «Жеңіс жырлары» мәнерлеп оқу сайысынан Еділбай Бақтияр бас жүлде алса, қалалық мәнерлеп оқу сайысынан -ІІ орын иемденді.

  • Мектепішілік математика, қазақ тілі пәндер олимпиадасынан Оспанова Дильназ - ІІІорын, Мектепішілік математика пәні олимпиадан Қойшыбай Батырхан - І орын, ІІ орынды Сүлейменов Сырым марапатталды.

  • Қалалық математика пәні олимпиадасынан Қойшыбай Батырхан - ІІ орын алды.

Облыстық «Бастау» олимпиадасынан Еділбай Бақтияр, Қойшыбай Батырхан, Дауленбаев Сунгат, Құлтасов Асқар, Байқоныр Жалғас,Оспанова Дильназ, Бектемір Мадияр, Сүлейменов Сырым сертификатпен марапатталды

  • Республикалық «Алтын жабағы» олимпиадасынан Қойшыбай Батырхан, Құлтасов Асқар, Байқоныр Жалғас сертификатпен марапатталды

  • Халықаралық «ПОНИ» олимпиадасынан Омарова Аружан, Оралбай Ернұр сертификатпен марапатталды

  • Халықаралық «ЭМУ» олимпиадасынан Дауленбаев Сунгат І-орын, Қойшыбай Батырхан ІІ орын алды.

  • «Новый урок» Халықаралық олимпиадасынан (математика пәні) ІІІ орын алған Оралбай Ернұр

  • «Новый урок» Халықаралық олимпиадасынан (дүниетану пәні) Аукенов Аслан І орын, Омарова Аружан ІІІ орын иемденді.

-Келешекте бұдан да жоғары орындарға ие болуларына тілектеспіз!


Батырхан: - Осымен «Бітірушілердің жаңа телеарнасы»өз жұмысын аяқтады Назар қойып, тамашалағандарыңызға көп рахмет айтамыз


Маржан:-Ой, бәрекелді! Өркендерін өсе берсін, биік шыңдардан көріне беріңдер!


Дильназ:-келесі тыңдайтындарыңыз ән «16 қыз» Қабыл алыңыздар!


Маржан:-Дильназ, сен білесің бе, адамның асыл мұраты бай болу емес, білімді болу екенін осыдан артық кім айта алады?


Дильназ:-ендеше, жүр өз білімдерін ортаға салып, дауласып жатқан «Пәндер патшалығына» барып келейік. Жүр!


Жалғас: «Пәндер айтысы» атты көрініс.


Ұлжан математика: Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.
Бек Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Ұлжан математика: Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Бек Ғылым: Ендеше баяндаңдар.
Ұлжан математика: - Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы т. б. ғылымдар есебін қалай есептейді?
Азамат Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесі мәнін білмес еді.
Жангүл Қазақ тілі: Қазақ тілі болмас дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Аслан Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үш тұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
О. Ернұр Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салты құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.
Б. Мадияр дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр болу керек.
Бек Ғылым: Өзін - өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?
Асқар Өзін - өзі тану: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.
Бек Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір - біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!


Дильназ:

-қарлығаштай қанат қағып самғандар,

Есейіңдер өмір жолын таңдандар.

Бастауыштан алған нұрлы білімді,

Әрі қарай, ізденіңдер, жалғандар,-дегендей бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер. Бұл пәндердің барлығы да өмірде адам баласына қажет екенін жаңа ғана Ғылым айтып өтті.


Маржан:-ия, дұрыс айтасың. Онда келесі кезекті биге берейік.


Би: «Үнді биі »


Дильназ:-Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сыртта жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары,

Әкем - шешем теңдесі жоқ жақсы адам! – деп келесі өнерлеріміз сіздерге арналады қымбатты ата - аналар!


Маржан:--Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Алдарыңызда ата-аналарға арналған лебіздерін бастауыш түлектері білдірмекші.


Томирис:

Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.


Аяулым:

«Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты,

Үлпілдетіп балапандай самғатты.

Мейірімімен мәпелеген біздерді,

Ата - аналар аманбысыз ардақты.


Жангүл:

Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген


Аружан:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойына нәр бердің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.


Мирина:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!


Дильназ:-:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!


Маржан: Иә, дұрыс айтасың, Дильназ. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?


- Дильназ:- олай болса, ата-аналармен ойын ойнайық.

Маржан:- ойнайық! Ендеше ортаға екі ата-ана келсін.

Маржан:- құрметті ата-аналар, сіздер қазір үйде үй жұмысын орындап отырған ана мен баланың арасындағы диологты құрасыздар. Алдарыңызда алфавит тұр, әрбір әріпті көрсеткен кезде сол әріптен басталатын сөйлемдерді байланыстырып әңгімелесесіздер.

Онда бастайық!


Дильназ:-керемет! Ата-аналарымызға қошемет көрсетейік.


Жалғас:

Бәйгенің аттарындай шабыстары,

Білімнің ұшқыр болсын табыстары.

Қол соғып қошаметпен қарсы алайық,

Қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық


Би «попурри»(флешмоб қыздар)


Дильназ:-келесі ойынымызға анасы мен баласын ортаға шақырамыз!


Маржан:-ойынның аты

Ойынның шарты: баласын дауысын шығармай тек ерінмен қозғалтып сөздерді айтады, анасы оны табады.

-егер тапсырма түсінікті болса, онда ойынды бастайық!



Ән : « Попурри »


Дильназ: Құрметті , қош келдіңіз,

Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Балаларға арналсын тілегіңіз. Мектеп директорының құттықтау сөзі


Маржан: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата - анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата - ананы. Ата - аналар атынан сөз кезегі беріледі.



Жалғас:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз тілегін


Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін


Шәкірттеріме тілерім: Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды, білімді, ел билейтін ұландар, көркейтетін қыздар болыңдар дегім келеді.

Грамота беру:-оқушыларға

Ата-аналарға



Дильназ: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.


Маржан: Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?


Дильназ: Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.


Дильназ: Бастауышым – бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.


Маржан: Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

(торттағы шамды өшіреді.)


Дильназ: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.

хормен Қош бол, балғын балалық

Қош бол, сүйікті бастауышым! (салют атылады)


Маржан: Осымен «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» т?рбие са?аты.

Автор: Маденова Эльмира Кайратовна

Дата: 17.09.2015

Номер свидетельства: 231472


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства