Балаларды күз мезгілініңерекшелігімен таныстыру, күздің жомарттылығын көрсете отырып, байлығын бағалай білуге баулу.
Көрнекілігі. күз мезгілі суреттері, жемістер мен көкеністер макеттері, шарлар және дәннің макеттері. Ата - аналардың әзірлеген " Күз береке, күз - мереке" атты дәмдері, көкеністерден әзірлеген көрмелері.
Ертеңгіліктің барысы.
Балалар музыка әуенімен кіреді.
Армысыздар ұстаздар, ата- аналар, Армысыңдар, кішкене еліміздің болашақтары, бүгінгі біздің " Алтын күз" атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.
Әрбір бала бақытты болуға лайық және әрбір ата - ана өз баласының бақытты балалық шағын тоймай тамашалауға лайықты. Әрине осы балаларды дарынды етіп, шығару осы үстаздардың міндеті. Баршаңызға бүгінгі мерекемізде көтеріңкі көңіл күй тілеймінз. Денсаулық мол бақыт отбастарыңызға тыныштық тілейміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алтын күз (дайындық сыныбы)»
Мұнайлы ауданы
№3 мектеп
Алтын Күз
0 "в" сыныбы
Емутбаева Оразгул
Алтынкүз
Ертеңгіліктің мақсаты
Балаларды күз мезгілініңерекшелігімен таныстыру, күздің жомарттылығын көрсете отырып, байлығын бағалай білуге баулу.
Көрнекілігі. күз мезгілі суреттері, жемістер мен көкеністер макеттері, шарлар және дәннің макеттері. Ата - аналардың әзірлеген " Күз береке, күз - мереке" атты дәмдері, көкеністерден әзірлеген көрмелері.
Ертеңгіліктің барысы.
Балалар музыка әуенімен кіреді.
Армысыздар ұстаздар, ата- аналар, Армысыңдар, кішкене еліміздің болашақтары, бүгінгі біздің " Алтын күз" атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.
Әрбір бала бақытты болуға лайық және әрбір ата - ана өз баласының бақытты балалық шағын тоймай тамашалауға лайықты. Әрине осы балаларды дарынды етіп, шығару осы үстаздардың міндеті. Баршаңызға бүгінгі мерекемізде көтеріңкі көңіл күй тілеймінз. Денсаулық мол бақыт отбастарыңызға тыныштық тілейміз.
" Алтын күз" атты мерекелік шарамыз ашық деп жариялаймыз.
Ортаға мерекеміздің сәні Алтын күзді шақырамыз.
1 - бала. Көбейді қүт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
2 - бала Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
3- бала Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі,
Сарғайып жапырақ
Саудырап түседі.
4- бала Мерекесі халықтың
Алтын күзді бвстайық
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық
Хор.
Үлкенгеде сіз, кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге бас, иеміз біз.
5- бала Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті Алтын күз.
Кемелденсін халқымыз.
-Сонымен қатар күз мезгілінде қамбамыз неге толады.
-Дәнге немесе бидайға толады.
1- бала Жарып шыққан қауызын
Дән өмірлік азығың
Жегеніңде ақ нанды
Нәрге толар ауызың
2- бала
Ерте тұрып ақ таңнан
Қара жерге нәр құйған
Айналайын диқаннан
Егін егіп, дән жиған
Көрініс: "Қайдан келдің бауырсақ?". Үстел үстінде Қуыршақ және бауырсақтар.
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап
Қайдан келдің, бауырсақ? - деп сұрады қуыршақ.
Дүкеннен келім нан сатқан
Дүкенге келдің қай жақтан?
Наубайдан келдім нан жапқан
Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдім ұн тартқан
Диірменге келдің қай жақтан?
Даладан келдім кең жатқан
Жер анам менің көсілген
Диқандар мені өсірген.
Мақал - мәтелдер
- Арпа бидай ас екен
Алтын күміс тас екен
- Нан бар жерде ән бар
Тыйым сөздер.
- Нанды баспа, бір қолмен үзуге болмайды.
- Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
Барлығы: Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып, қастерлеп
Торғайларға тастаңдар!
Ата- аналарға арналған жүмбақтар.
Аспай піскен, қайнамай түскен. ( жеміс)
Көкпеңбек еді көктемде
Қызарды күзге жеткенде ( алма )
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады ( пияз )
Жер бетінде шашы бар
Жер астында басы бар. ( сәбіз )
Күз мезгілі туралы тақпақтарын тамашалау.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Күзджің қазан айында,
Алма, алмүрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-- сыбдыр етеді
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды
Құс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Біздің дала - бай дала
Алтын астық айнала.
Астық дала сәулеті,
Астық - Отан дәулеті.
Күз арқылы білеміз,
Жомарттықтың салтын біз.
Біз өзіңді сүйеміз.
Рахмет саған, Алтын күз!
Астық, жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз, мың алңыс
Алдық өнім сыйыңды!
Дала сары киінді
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді
Алтын астық, алтын тау
Түсті алтын жапырақ
Ағаштан үзіліп
Ұшты ұзақ сапарға
Тырналар тізіліп.
Ән. Балдырған.
Би.Үнді биі.
Көкеністер дауы. Ортаға көкеністерді шақырамыз
Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса.
Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып қызыл қызанақ
Көкеністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Барлығы:
Жиналып қап бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Көп тиеді пайдамыз.
Бүрыш; Кішкенемін түймедеймін
Ұнаймын мен бәріне.
Тағамдардың дәміне
Сый жасаймын бәріне
Қияр; Дәмім тілді үйірген,
Мен түздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Қызанақ. Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Барлық адам тамсанып,
Қызығып оған сүйсінген.
Қарбыз: Теңбіл- теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды Сүйек болмаса еті
Неткен тәтті деді.
Жеміс бағбаны суреттер, ағаштар макеттері.
Алма: Мен алмамын алмамын
Таңдай жүлар бар дәмім.
Таң қалдырар баршаны
Аузындамын бар жүрттың
Өрік: Көктем келер бүрленіп
Ең алдымен гүлдеймін
Шілде болмай пісемін
Дастарханға түсемін
Шие: Мен шиемін шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын бар менде,
Төмен басты иемін.
Жеміс біткен бау бақша
Желін жайды жан жаққа
Бақта қүста сайрайды
Жемістер өнім силайды
Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім
Адам көзі қызығар
Мен сондай жүзім
Көрініс: Алма.
Қоян: Ей, қарға! Маған алманы үзіп берші!
Тоқта, тоқта! Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған - мен!
Кірпі: Бүл- менің алмам! Ол төбеден қүлады, ал мен оны ұстап алдым.
Қарға: Босқа таласпаңдар, алма меніңкі! Мен оны өзім үшін үзіп
алғанмын!
Орман іші айғай шу болып кетеді. Сол кезде қорбаңдаған аю келіп қалады. Аю бізге алманың кімдікі кенін айтып берші!
Аю. Алманы кім тапты?
Қоян-Мен!
Аю. Ал алманы кім үзіп алды?
Қарға- Мен!
Аю. Жақсы. оны кім ұстап алды!
Кірпі- Мен!
Аю.Онда алманы үшеуің тең бөліп алыңдар.
Кірпі.-Жоқ, алманы төртке бөлеміз. Бір бөлігі аюға. Өйткені ол бізге ақыл айтып, татуластырды.