1 - топ: К?к аспан (Ту неліктен к?к деп ойлайсы?? С?ра??а жауап бер)
2 - топ: Алтын к?н (Елта?баны? ортасында неліктен ша?ыра? бейнеленген, екі жа?ында?ы пыра?тар нені? белгісі?)
1 топ :Туды? авторы Ш?кен Ниязбеков.Ту неліктен к?к т?сті ? Оны? себебі, б?кіл д?ниеге к?к ж?зі, аспан ?лемі орта?. Жер шары ?лттар?а, мемлекеттерге б?лінгенмен, аспан еш?ашан б?лінбейді.К?н де б?рімізге орта?. К?н с?улесі б?ріне н?рын шашады, с?улесін т?геді. Ал ?ыран болса, киелі, ?асиетті ??с деп есептелген. Егемендік ал?ан ?аза?стан ?ыран сия?ты биікте болсын дегенді білдіреді. Туда?ы ою-?рнек ?аза? еліні? танымын, ?зіндік ерекшелігін к?рсетеді.
2-топ: Елта?бадан сол елді? тарихы, д?ст?рі толы? танылуы керек. Сонды?тан да Елта?баны? ортасынды ша?ыра? т?р. Елта?баны? екі жа?ында ?анатты пыра?тар бейнеленген. Жыл?ы, ж?йрік ат ?аза??а ерекше ба?алан?ан. Пыра? – мал шаруашылы?ыны? басым бол?анын бейнелейтін жиынты? бейне. Ша?ыра? бізді? Отанымызды? бірт?тасты?ын білдіреді. Жо?ар?ы жа?ында бес б?рышты ж?лдыз бейнеленген. Ал т?менгі жа?ында «?аза?стан» деген жазу бар. Елта?баны? авторлары: Жандарбек М?лібеков, Шотаман У?лиханов.
Бекіту:
Білемін Білгім келеді ?йрендім
Ту?ан елім туралы білемін
?аза?стан хал?ыны? елі, жері, хал?ы, ?лкен ?алалары туралы білгім келеді
Просмотр содержимого документа
«« ?аза?стан Республикасыны? р?міздері» 4 г сыныбы»
«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы:
« Қазақстан Республикасының рәміздері»
4 г сыныбы
Қазақ тілі пәні мұғалімі Мыңбаева Н.Н.
24.02.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан Республикасының рәміздері
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Ой - өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау - жинақтау
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері, видео.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану
Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шырылдайды қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Табыс тілеп, көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз!
Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.
Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі. Әнұранымен айбатты.
Әнұран орындалады.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, оқушыларды 2 топқа бөлу.Бағалау жетондарын беру.
1 - топ: Көк аспан
2 - топ: Алтын күн
Үй тапсырмасы:
Тыңдаңдар ұлдар!
Тыңдаңдар қыздар!
Қолдарыңды созыңдар!
Алақанды ашыңдар,
Біз «бес» алудан қашпаймыз.
Ендеше, үй тапсырмасын
Оқығандардан бастаймыз!
Тіл дамыту сұрақтарына жауап бер:
1. ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстан халқының саны қанша?
4.ҚР Тұңғыш Президенті кім?
5.Қазақстанның астанасы?
6.Бүгінгі күні Қазақстан қандай ел?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ақпанның жиырма төрті
Сынып жұмысы
Крассворд «Қазақстан»
1
Қ
2
А
З
4
А
5
Қ
6
С
7
Т
8
А
Н
ЖАУАБЫ:
1
Қ
А
З
А
Қ
2
Е
Л
Т
А
Ң
Б
А
Н
А
У
Р
Ы
З
4
А
Б
А
Й
5
Б
А
Й
Қ
О
Ң
Ы
Р
6
А
С
Т
А
Н
А
7
Т
У
8
К
А
С
П
И
Й
Ә
Н
Ұ
Р
А
Н
1. Ұлт.
2. ҚР мемлекеттік рәмізі
3. Көктем мерекесі
4. Ұлы ақын
5. Ғарыш айлағы
6. Қазақстанның астанасы
7. ҚР мемлекеттік рәмізі
8. Қазақстанның теңізі
9. ҚР мемлекеттік рәмізі
1. «Менің Қазақстаным» видео сабақ
Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Отан туралы қай топ көп мақал-мәтелдер біледі?
1 - топ: Көк аспан,
2 - топ: Алтын күн
Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.
Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)
Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
Отанды сүю- (отбасынан басталады)
Отан оттан да (ыстық)
Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)
2-тапсырма. Сызба бойынша сөйле
Ту
мемлекет
Елтаңба
әнұран
Президент
астана
1. Сен қай республикада тұрасың?
2.Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстанның Президенті кім?
4. Рәміздерін ата.
3-тапсырма. Жуан айтылатын сөздерді бір бөлек, жіңішке айтылатын сөздерді бір бөлек жаз.
Отан, жер, қазақ, ел, ата-ана, достар, тау, табиғат, көше, мектеп,
4-тапсырма. Сөйлемдерді сәйкестендір.
Отанды сүю орман, тау, дала қажет.
Жануарға Отан керек.
Адамға Отанды қорғау
Табиғатты қорғау дегеніміз Отбасынан басталады.
Адамның кіші Отаны ауласы, көшесі, мектебі, достары.
1 - топ: Көк аспан (Ту неліктен көк деп ойлайсың? Сұраққа жауап бер)
2 - топ: Алтын күн (Елтаңбаның ортасында неліктен шаңырақ бейнеленген, екі жағындағы пырақтар ненің белгісі?)
1 топ :
Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.Ту неліктен көк түсті ? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
2-топ:
Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасынды шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазаққа ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.
Бекіту:
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Туған елім туралы білемін
Қазақстан халқының елі, жері, халқы, үлкен қалалары туралы білгім келеді
Қазақстан Республикасының рәміздерін, әнұранды үйрендім.
Сендер бүгінгі сабақтан ҚР рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын. Келешекте ҚР –ның патриоты болып, Қазақстанда тұратынымызды , ҚР рәміздерін мақтан ететіндеріңе сенімдімін. Елімізде мәңгі бейбітшілік болсын!-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Ендеше сабағымызды қорытындылай келе, ант қабылдаймыз.
«Біз Қазақстан Республикасының азаматы болуы үшін сапалы білім аламыз. Туған халқымыздың ата-дәтүрін жалғастырамыз. Мемлекетіміздің Президентін құрметтейміз. Конституциясы мен Заңдарын бұлжытпай орындаймыз, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлейміз.»