kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

25жыл тәуелсіздікке ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

 про 25 летию независимости Казакстана  можно использовать  на уроках 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«25жыл тәуелсіздікке ашық сабақ»

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» 

Балалар залға қолдарына көк жалаушалар ұстап салтанатты түрде Қазақстан әнінің әуенімен кіреді.


Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман,жасыл жайлау , көлім менің !

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің !




Армысыздар, құрметті әріптестер , балалар , ата-аналар! Алдымызда ұлы да басты мереке - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы.Баршаңызды ата-бабаларымыз талай ғасыр аңсаған қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Ендеше тәуелсіздігіміздің 25 жылдық торқалы тойы құтты болсын!
ГИМН

Жүргізуші:
Қүрметті қонақтар , ертеңгілігімізді балалардың мерекеге дайындап келген өлең жолдарымен бастайық.

Тақпақтар

Жүргізуші. Балалар мерекемізді әнмен жалғастырайық.

ӘН.

Залға ұлттық киім киген бала жүгіріп кіреді. СҮЙІНШІ! Сүйінші! О,халайық, Тәуелсіздік мерекесіне Талай ғасырлар бұрын біздің жерімізде патшалық құрған сақ патшайымы –Тұмар патшайым келе жатыр!

-жүргізуші:
Ала ғой, сүйіншіңді, бақытты бол, балақай! Міне ғажап,Тұмар патшайымды өз көзімізбен көретін болдық!

Залға патриоттық әуенмен Тұмар патшайым кіреді.

Тұмар ханым: Армысыздар, халайық,армысыңдар балалар, мен сонау заманда осы қасиетті жерде патшалық құрған Тұмар патшайым боламын. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі құтты болсын! Қазақстан көркейіп гүлдене берсін! Балалар, мен бүгінгі мерекеге құр қол келген жоқпын. Мен сендерге ойын ала келдім.

Ойын « Рәміздерді құрастыр, не бейнеленген, нені білдіреді ,әңгімеле»

Тұмар: бәреклді, балалар, рәміздер туралы білімдерің жақсы екен.

Жүрг: Тұмар ханым, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Біздің балалар сізге бір тамаша би билеп берсін.

БИ.

Тақпақтар.

Ойын. Көтермек.

Жүрг: Балалар,бізге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты,бұл кім болды екен.

Залға патриоттық әуенмен Алтын адам кіреді.

Алтын адам: Армысың, қазақ елі! Мен бүгін сиқыры Уақыт Кемесіне мініп,сонау тарих қойнауынан Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына әдейі келдім. Баршаңызды қасиетті мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Жүрг: Рахмет, алтын адам, бірге болсын. Төрлетіңіз,құрметті қонағымыз болыңыз.Тәуелсіз Қазақстан балаларының өнерін тамашалаңыз.

ӘН.

Алтын Адам: Балалар сендер қазақтың ұлттық ойыны « Теңге алуды» білесіңдер ме.

Балалар: Білеміз.

А.А: Ендеше ойнайық. ОЙЫН.ТЕҢГЕ АЛУ.

Жүрг: Алтын адам, балалардың тәуелсіздікке арналған тақпақтарын тыңдаңыз.ТАҚПАҚТАР.

Алтын адам: Балалар, сендер өнерлі , білімді, тәрбиелі екенсіңдер,ризамын, рахмет сендерге. Мен енді Қазақстан 25жыл ішінде қандай табыстар мен жетістіктерге жеткенін білгім келеді.

Жүрг: Олай болса, құрметті Алтын АДАМ ,Ұлы Дала ұрпақтарының тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде қандай жетістіктерге жеткеніне куә бол!

Балалар плакаттармен кезек-кезек шығады.Ақырын патриоттық ән естіліп тұрад, жүргізуші дауыстап, салтанатты түрде айтып тұрады.

Жүрг: 1. 1991жыл 29тамыз – СЕМЕЙ полигоны жабылды.

2. 1991жыл 1желтоқсан – Қазақстанның алғашқы президенті сайланды.

3. 1991 жылы 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.

0

,,,,,,,,, 4. 1991 жыл. 2 қазан.Қазақ Халқының Тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

5.1992ж .4маусым. – ҚР рәміздері ТУЫ мен ЕЛТАҢБАСЫ қабылданды.

6.1993ж. 15 қараша .ҚР ҰТТЫҚ валютасы – ТЕҢГЕ айналымға енгізілді.

7.1995, 30 тамыз.- ҚР конституциясы қабылданды.

8.1998ж. 6мамыр Ел астанасы Ақмола қаласына АСТАНА аты берілді.

9. 2017 ж ылы АСТАНАДА ЕХРО -халықаралық көрмесі өтеді.

Алтын Адам: Қымбатты балалар,қонақтар ,еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін көріп, қуанып, ерекше толқып тұрмын. Ата-бабаларымыздың төгілген қаны мен тері текке кетпеген екен.

Жүрг: ИӘ , Алтын адам ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке біздің қолымыз жетті. Құрметті ата-аналар, балалар,тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын! ҚОШ,САУ болыңыздар.





«Балбырауын» күйі. Орындайтын: Ерболат Еркін және Хойшина Әсем
Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Алтынай биі» 

2-жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, қазақ, жігіттері»

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9-сынып оқушысы Тасболатов Бауыржан.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1-жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық 
Нұрлы достық
Күн достық 
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты 

«Шаттық» биі. Орындайтын 9-сынып оқушылары – Шамұратова Жадыра және Төлегенова Айза.
2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 6-сынып оқушысы Кабир Әсем. 
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
2-жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
20жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. 

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
25жыл тәуелсіздікке ашық сабақ

Автор: Кауменова Гульмира Байтуровна

Дата: 08.12.2016

Номер свидетельства: 367184

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Тәуелсіздікке 25 жыл"Тарих беттерін парақтасақ""
    ["seo_title"] => string(53) "t_uielsizdikkie_25_zhyl_tarikh_biettierin_parak_tasak"
    ["file_id"] => string(6) "417785"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495473895"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(196) "1.	Саба?ты? та?ырыбы: Республиканы? мемлекеттік т?уелсіздікке ие болуы, оны? ?аза?стан хал?ы ?шін тарихи ма?ызы. "
    ["seo_title"] => string(124) "1-sabak-tyn-tak-yryby-riespublikanyn-miemliekiettik-t-uielsizdikkie-iie-boluy-onyn-k-azak-stan-khalk-y-ushin-tarikhi-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "127027"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415261348"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Республиканы? мемлекеттік т?уелсіздікке ие болуы, оны? ?аза?стан хал?ы ?шін тарихи ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(102) "riespublikanyn-miemliekiettik-t-uielsizdikkie-iie-boluy-onyn-k-azak-stan-khalk-y-ushin-tarikhi-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "318716"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460643673"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы."
    ["seo_title"] => string(80) "riespublikanyn_miemliekiettik_t_uielsizdikkie_iie_boluy_onyn_k_azak_stan_khalk_y"
    ["file_id"] => string(6) "365643"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480860611"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Тапқырлар сайыс.(Тәуелсіздікке - 25 жыл)"
    ["seo_title"] => string(40) "tapk_yrlar_saiys_t_uielsizdikkie_25_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "365496"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480837383"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства