kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армысың әз, Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

 «Армысың, әз Наурыз!» сценариі

Утренник для детей старшей группы

Цель: приобщение детей к национальной культуре и традициям казахского народа. Формировать праздничную культуру, вызывать у детей эмоциально-положительное отношение к праздникам. Познакомить с казахскими народными играми, элементами казахских народных танцев.

Вбегают в зал два мальчика в национальных костюмах.  

1-ребенок: Тыңданыздар! Тыңданыздар!

                    Наурыз тойы басталды!

                      Көргендер де  арманда,

                     Көрмегендер де арманда,

                    Қызықтан тыс қалмаңыздар!

2-ребенок: Слушайте все! Слушайте все!

                    Наурыз пришел во всей красе!

                    Всюду песни, всюду смех!

                    Наурыз зовет нас всех!

                     Новый год! Приход весны!

                     Приглашаем на праздник: Наурыз!

Вход под песню Наурыз (дети садятся).

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,  құрметті қонақтар!

Қайырлы таң, балалар!

Ведущий: Здравствуйте, уважаемые гости!

Доброе утро, дети!

Жүргізуші: Наурыз мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!

Ведущий: Поздравляем вас с праздником Наурыз!

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, еліміз гүлдене берсін!

Ведущий: Желаем всем крепкого здоровья, счастья, а нашей стране – процветания!

Жүргізуші: Көктем жеті шуақ шашып,

Су ағылды сай – саладан.

Қуаныш пен күйге бөлеп,

Наурыз келді шат – шадыман.

Свои праздничные поздравления для нас приготовили наши ребята.

Вероника: Көктем келді, Наурыз келді,             Ұлы күні кәрі-жас,

  Жер көгерді, ел көгерді.                         Құшақтасып көріскен.

  Дастарханын жайып дархан,                  Жаңа ағытқан қозыдай,

  Жақсылық пен бақыт шашқан.               Жамырасқан өрістен.

Егор:   Көктем, көктем, көктемде,            Айгерім: Иә, ағайын, халайық

    Құстар келіп жеткенде.                         Мұнда назар салайық!

              Біз қуанып қаламыз,                               Мерекесі халықтың

    Әнмен қарсы аламыз.                            Наурыз тойын бастайық!   

 Жүргізуші: Рахмет балалар! Расындада, тойдын кезегі келді!

Ведущий: Спасибо, ребята! А наш праздник продолжается! И конечно же звучит песня о приходе а) весны, б) наурыз, нового года.

Песня: Көктем келді

Ведущий: Наурыз на востоке – это праздник обновления жизни и природы.

Наурыз – это день весеннего равноденствия, с него начинается новый год.

Этот день наши предки начинали с приветствия и рукопожатия непременно обеими руками – это был знак добрых намеорений и примерения. С таким рукопожатием произносились пожелания добра, достатка, благополучия в новом году.

Уважаемые гости, дорогие ребята, давайте и мы сегодня, следуя этой прекрасной традиции обменяемся рукопожатиями и добрыми пожеланиями в честь Наурыза: Наурыз құтты болсын!

Пусть наурыз принесет достаток и благополучие (дети и взрослые совершают рукопожатие: Наурыз құтты болсын).

Как и наши предки, мы, уважаемые соотечественники также ценим миролюбие, доброжелательность и дружбу.

Қазақта айтады – у казахов говорят:

Сыйласу екі кісіге бірдей.

Дружба крепка взаимностью.

Құс қанатымен, ер жолдасымен.

Птица сильна крыльями, человек друзьями. 

Байлық – байлық емес, бірлік – байлық.

Истинное богатство не в достатке, а в единстве.

Мы ценим дружбу, единство  и согласие. Именно об этом поется в нашей песне „Достық” – дружба.

Песня: Достық

(Под музыку входит Әже)

Әже: Әндерің қандай тамаша! Какую хорошую песню я услышала и мне захотелось присоединиться к вашему празднику, ребята.

Жүргізуші: Қош  келдініз әже! Төрлетіңіз!

                            Добро пожаловать аже! Проходите!

Мерекеміз жаңа ғана басталып жатыр. Біз сізден Наурыз мерекесі батасын сұраймыз!

Ведущий: Наш праздник только начался. А, чтобы он был удачным, а новый год плодоносным, мы просим вашего праздничного благословения – бата.

(Әже произносит бата)

Әже: Наурыз құтты болсын. Жаңа жыл құт әкелсін. Әр бастау сәтті болсын!

Әумин.

Жүргізуші мен балалар: Көп рахмет, әже.

Жүргізуші: Көп, көп рахмет әже. Айтқаныңыз келсін!

Ведущий:Спасибо большое, әже, пусть сбудутся ваши слова!

Жүргізуші: Ал, балаларымыз сізді сыйлап сізге шай дайындап қойыпты. Балдай тәтті әже туралы әндері бар.

Ведучий: А ребята хотят пригласить вас за праздничный дастархан и дарят вам песню о любимой бабушке.

(Песня о Әже)

Әже: Тамаша әндеріңе көп рахмет балалар!

Спасибо вам за прекрасную песню, ребята!

Менікей балалар. Наурыз басталды және жыл басталды. Наурыз айында мал көбейеді, төл туады.

Ребята, уже пришел Наурыз, началась весна. У животных появляются детеныши: боталар – верблюжата, қошақандар – ягнята, құлындар – жеребята, которые вам очень нравятся.

Осы қазақтын төрт түлігі туралы тақпақтар білесіндер ме?

А знаете ли вы стихи об этих животных?

(Дети исполяют стихи о этих животных)

Әже: Көп рахмет балалар! Тақпактар тамаша екен!

Большое спасибо! Мне понравились ваши стихи.

Әже: Жақсы балалар, жарайсындар.

Жүргізуші: Ұлттық ойын: «Ханталапай». Ойын шарты: Сандық ішінде бес асық болады.Ойынға 6 бала шығады, үнтаспадан ән орындалып тұрады. Балалар сандықты айналып би леп жүреді, ән тоқтаған кезде, әркім өзінің асығын алады, асық жетпеген ойыншы ойыннан шығады.

 Әже: Салт-дәстүр: «Тұсау кесер». Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата – анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар.

«Тұсаукесер» жыры:

Жүргізуші: Балалар, қараңдар! Бізге тағы бір қонақ келе жатыр!

Ведущий: Ребята, смотрите, к нам торопится еще один гость! Сказочный персонаж, который прославился своей жадностью!  И которого обманул Алдар-Көсе. Ребята, вы узнали его? Как его зовут?

Балалар: Шығайбай! Жадный бай!     

 Жүргізуші: Дұрыс, балалар! Бұл Шығайбай екен!

Ведущий:Правильно, ребята, это действительно Шығайбай! Интересно, почему он пожаловал к нам?

Жүргізуші:- Сәлеметсіз бе, Шығайбай! Қош келдіңіз!

Ведущий:Здравствуйте Шығайбай! Добро пожаловать на наш праздник!

Шығайбай: Ассалауммағалейкум, қонақтар мен балалар! Мир вашему дому! Наурыз құтты болсын! С праздником Наурыз! Наурыз құт әкелсін! Пусть Наурыз принесет достаток и изобилие!  Вот и я пришел, чтобы получить подарок в честь наурыза! (звучит музыка бай танцует, появляется Алдар көсе)

Алдар көсе:Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Амансың ба, Шығайбай!

Наурыз құтты болсын! Сенде тойға келдің бе? Здравствуйте, ребята и  гости! Здравствуй Шығайбай! Ты тоже пришел?

Шығайбай: Иә, Алдар көсе. Сендерде сиқырлы асық бар екен, деп естідім. Я слышал, что у вас есть волшебный асық!  Он может подарить все, что ни пожелаешь! Я жду своего подарка от волшебного асықа! 

Алдар көсе: Жарайды, асықты сандыққа салып көр. Біліп қой, асық жақсы  адамда ғана сиқырлы болады. Хорошо, положи в сундук асық. Знай, что у хороших людей бывает волшебство.

Жүргізуші: Жақсы Шығайбай, қонақтың тілегін біз әрқашанда орындаймыз!

Ведущий: Хорошо, Шығайбай, мы всегда исполняем желание гостя!

Жүргізуші: Міне саған сиқырлы асық, міне сандық.

Ведущий: Вот тебе волшебный асық, вот сундук. Клади асық в сундук. Ты получишь все, что пожелаешь!

 Шығайбай: Жақсы! Маған бір сандық алтын керек! Мне нужен целый сундук золота!

(Шығайбай кладет асық в сундук. В сундуке ничего не появляется.)

Алдар көсе: Кешір, Шығайбай! Сандықта ештеңе жоқ!

Алдар көсе: Извини Шығайбай, но в сундуке ничего нет.

 Шығайбай: Өтірік, өтірік, мені алдау! Обман, обман! Асық сиқырлы емес! Асық не волшебный!

Жүргізуші: Жақсы, Шығайбай! Асықты басқа адаммен тексерейік! Балалар, асықты әжеге берейік!

Ведущий: Хорошо Шығайбай! Давай проверим волшебство асыка на другом человеке!  Давайте предложим асык нашей әже!

(Ведущий отдает асык әже. Әже кладет его в сундук. В сундуке появляются табақ с шашу.)

Әже: Ғажайып! Чудесно! Сандықта шашу бар екен! Мен шашуды қаладым!

В сундуке оказывается шашу! Именно его я и загадала для вас, ребята и уважаемые гости!

 Жүргізуші: Тамаша! Бәрігелді! Рахмет сізге әже!

Ведущий:  Спасибо вам, әже! Волшебный асык исполнил волю доброго человека!

Рассыпается шашу) 

Жүргізуші: Енді  мерекені «Қаражорға» биімен аяқтайық! Наурыз құтты болсын!

Бақытты болындар! Сау болыңыздар!

Ведущий: Заканчивает наше праздник танцем «Қаражорға»

                    Всех с праздником Наурыз! Будьте счастливый!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армысың әз, Наурыз!»

Сценарий тақырыбы: Жыл басы - Наурыз!

Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сценарий көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар. Сценарий барысы: І Кіріспе Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер: «Наурыз құтты болсын!» «Жыл басы - наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» Залда әсем әуен ойнап тұрады. Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды! (Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады) Наурыз қыз: Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы-жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз. 1 бала: Қош келіпсің Наурыз! Арман тойы халықтың. Қуанышы халықтың, Құтты болсын қадамың! 2 бала: Би биледік бәріміз! Егін өңін толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан. Бас иеміз- Наурыз! 3 бала : Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Сәлем бердік, біз сізге! ІІ. Негізгі бөлім: Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Көрініс. (Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді) Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды. Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе? Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын. Мыстан: Сен маған не бересің? Шал: Бір отар қой беремін. Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін. Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал. Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің? Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал. - Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады. ( Бала сақасын іздеп шығады) Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші? Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады. Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады. Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар. Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз. Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер. (Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады) Мыстан: Жарайсыңдар! Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе? Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер ( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады) Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой. Қыздар: Енді, жібересіз бе? Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма? ( Айтыс өнерін көрсетеді) Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой. Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе? Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді) Ұлттық ойындар ойналады. Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты. (Қыздар жиналып ақылдасады) Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің. Мыстан: Қане, әенл бері көрейін. Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді. Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар.. - Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан батыр кім болда екен? ( Тақтақтатып Махамбет келеді) Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?Ел басына тағы қандай күн туды деп ат басын бұрып едім. Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр. Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз. - Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі. ІІІ. Қорытынды: Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қызыр ата батасын береді. Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенші күн жарық болсын! Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/scenarii/2842-meyram-mereke-22-nauryz-balabaksha.html#at_pco=smlwn-1.0&at_si=56dc4990799b2131&at_ab=per-2&at_pos=0&at_tot=1
© www.ZHARAR.com




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Армысың әз, Наурыз!

Автор: Мейрамова Айгуль Баглановна

Дата: 09.11.2016

Номер свидетельства: 357157

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Армысы?, Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(13) "armysynnauryz"
    ["file_id"] => string(6) "310921"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134584"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жыл басы Наурыз "
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl-basy-nauryz-1"
    ["file_id"] => string(6) "194663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427801252"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз- начало года"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryznachaloghoda"
    ["file_id"] => string(6) "310927"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134776"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз, начало года"
    ["seo_title"] => string(19) "nauryznachaloghoda1"
    ["file_id"] => string(6) "311237"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459174514"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства