Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Жиһаздар" атты сабағы»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жиһаздар. 2 деңгей
Мақсаты: Т-б.м.: жаз мезгілінің ерекшеліктерін қайталау, жиһаздар туралы білімдерің кеңейту, «жұмсақ-қатты» ұғымдарын ажырату;
Т-д.м.: Балалардың көріп қабылдау қабілетін, есте сақтау, ойлау, тіл қабілеттерін дамыту. Сөз түсінуін дамыту. Тактилды қимылы мен ұсақ моторикасын дамыту.
Құрал-жабдықтар: тақырып бойынша суреттер, карточкалар, қуыршақ, ойыншық жиһаздар, доптар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері:
Педагог балаларды шаттық шеңберге тұрғызады. Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымызды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Дұрыс, қазір жылдың жаз мезгілі.
-Жазғы табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Дұрыс, жазғы ауа райы ыстық болады, балалар демалады, суға шомылады, күнге күйеді. Жазғы бау- бақшада түрлі жемістер, көкөністер өседі. Айнала гүлденіп, жап-жасыл болады. Балалар саябаққа, орманға саяхат жасайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады.
Ғажайып сәт:
Сабаққа Айжан қуыршағы келеді. Балалармен амандасады.
-Саламатсың ба, Айжан!
-Балалар, ол өзінің қуанышты хабарымен келіпті. Айжан жаңа үйге көшіпті. Бірақ, оның бір мәселесі бар секілді. Жаңа үйде жиһаз жоқ. Айжанға көмек берейік. Жұмбақ шешіп, жиһаздарды таңдауға көмектесейік. Дайынсыңдар ма?
-Онда бастайық.
Жұмбақ жасыру: Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жауқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден. (Үстел)
Мен жайлімін, жұмсақпын,
Қиын емес мені табуға,
Әжелер мен сәбилер,
Ұнатады жатуға. (Диван)
Кеш батты,
Шаршадың сен,
Ұйқын келді.
Ұйықтайтын бөлмеде,
Сол жиһаз күтіп тұр сені. (Кереует)
Сұрақ-жауап.
-Балалар, сендер қандай жиһаздарды білесіңдер? (ойыншық жиһаздарды қарастыру)
-Жиһаз адамға не үшін керек?
-Жиһазды қандай материалдан жасалады?
-Балалар, жиһаздарды қалай ұстау керек?
-Балалар, Айжан қуыршағы сендерге үлкен рақмет айтып жатыр. Енді оның үйінде жаңа ыңғайлы жиһаз пайда болады.
"Жартысын тап" дидактикалық ойыны.
Педагог балаларға әр жиһаздың жартысын табуды ұсынады.
-Осы орындықтың түсі қандай?
-Ал мынау жиһаз қалай аталады?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Жиһаздарды санайық.
Мынау – менің төсегім,
Жақсы ұйықтап өсемін.
Мынау – жұмсақ орындық,
Үйде оған орын көп.
Сөрелері тап-таза.
Шкаф тұр менің бөлмемде.
"Көлеңкесін тап" дидактикалық ойыны.
Педагог балаларға әр жиһаздың көлеңкесін табуды ұсынады.
"Жұмсақ-қатты" дидактикалық ойыны.
-Балалар, айтыңдаршы жиһаз не үшін керек?
*Шкаф не үшін керек? – Шкаф киімдерді, түрлі заттарды сақтау үшін керек.
*Кереует не үшін керек? – Кереует ұйықтау, демалу үшін керек.
*Үстел не үшін керек? – Үстел тамақ ішу, тамақ дайындау үшін, кітап оқу үшін, жазу үшін, қол өнер жасау үшін керек.
*Орындық не үшін керек? – Орындық отыру, демалу үшін керек.
*Қысқа бағана не үшін керек? – Дұрыс, ұсақ-түйек заттарды сақтау үшін керек.
-Балалар, осы суреттерге қарап, тек жұмсақ жиһаздарды атаңдаршы.
-Дұрыс, диван, кресло, кереует.
-Енді тек беттері қатты жиһаздарды атаңдар.
-Дұрыс, орындық, үстер, парта, шкаф, қысқа бағана, сөре.
Боямақпен жұмыс.
Қортындылау.
-Балалар, сабағымызда не істедік? Не туралы сөйледік? Айжан қуыршағы сендерге үлкен рақмет айтып жатыр. Сау болыңдар!