Тәрбиелік: Топпен бірігіп жұмыс жасауға, бір – біріне деген достық қарым – қатынасқа түсуге тәрбиелеу, адамгершілікке тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: Суреттер, кеңістіктің бағыттарын бағдарлап үйренуге арналған суреттер, түрлі – түсті пішіндер, түрлі – түсті қаламдар, дәптер, қаламсап.
І. Ұйымдастыру кезең.
Амандасу
Өткенді қайталау
Жаңа сабақ
- Саламатсыңдарма балалар! Мен сендерді тағыда өзімнің сабағыма келгендеріңе өте қуаныштымын.Балалар бүгінгі күн қандай тамаша, жердің беті аппақ қарға оранған, өзінің аппақ тонын киіп жатыр.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
- Қай ай?
- Ақпан
- Жарайсыңдар балалар! Осы желтоқсан айының соңында болатын мерекеміз қалай аталады?
- Жаңа жыл
- Иә балалар дұрыс айтасыңдар, Жаңа жыл болатын кезде біз қандай ағашты сәндейміз?
- Шыршаны
- Шыршаны біз сәндеп, әдемі ойыншықтармен безендіреміз. Ал енді осы біздің шыршаның түсі қандай?
- Жасыл
- Иә дұрыс айтасыңдар жасыл бүгінгі біздің өтетін сабақтың тақырыбы кеңістікті бағдарлау. Бұл сабақта біз түстер, пішіндер, көлемдерді, оңымызбен, солымызды, яғни кеңістікті бағдарлауға үйренеміз.
Сабақты бастамас бұрын көзге арналған жаттығу жасайық.
Көздің бұзылысын алдын алуға арналған жаттығу.
Балалар көзіміздің қарашығының көмегімен, ауада шыршаның суретін салайық.
Тыныс алу жаттығуы. «Қар»
Мақтаны алып, домалақтап қар жасап үрлейміз.
Терең тыныс аламыз, 1…2…3 (кідіріс), мақтаны үрлейміз, 2-3 рет.
«Түстерді ата»
Жеті түрлі суреттерге қарап білетін түстерді айту және білмейтін түстермен танысу. Суреттегі пілдің сөмкесіндегі түрлі -түсті қаламдарын түсін атау.
Жолбарыстың қолындағы шардың түсін атау
Шардың пішіні қандай?
- Домалақ
- Үлкен шар қанша? — екеу
- Кіші шар қанша? — бесеу
«Пішінді құр»
Ортаға шығып, қолымыздан бір-біріміздің ұстап геометриялық пішіндерді құрайық. Домалақ, ұш бұрыш, төртбұрыш.
Ал енді менің қолымдағы геометриялық пішіндердің түсін, пішінін айтайық.