| Бөлім: 4. Шағын кеңістікте бағдарлау | |
| Педагогтың аты-жөні | Акжигитова Карлыгаш Нургазиновна |
| Күні: | 29.10.2020 |
| Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы | 4.1 Мектеп ғимаратында жінішке таяқтың көмегімен бағдарлау |
| Бағдарламаға сай сабақтың мақсаттары | 10.4.4.1 мектеп ғимаратында қозғалмалы маршрут бойынша сақталған анализатор мен жінішке таяқ арқылы өздігімен жүру |
| Сабақтың мақсаттары | Көру және есту қабылдауын түзету. Қалдық көру қабілетін сақтау |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері/ Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың баста луы | Қайырлы күн, құрметті оқушылар ! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Мектеп ғимаратында жінішке таяқтың көмегімен бағдарлау»
| Сұрақтарға жауап беру | ||
| Сабақ тың ортасы | Балалар, жалпы айтатын болсақ ғимараттың құрылымындағы бөлмелер 2 негізгі топқа бөлінеді: оқу және жалпы мектептік. Оқу тобына – сынып бөлмелері, оқу кабинеттері, зертханалар, шеберханалар(еңбек бөлмесі), спорт залдары жатады. Жалпы мектептік бөлмелердің құрамында акт залы, гардеробы бар вестибюль, кітапхана, әкімшілік-шаруашылық бөлмелері, медициналық пункт, асхана, душ қабылдау орны, санитарлық жүйе және т.б. кіреді. Физика, химия, биология пәндерінің оқу кабинеттері, сонымен қатар профильдік оқуға арналған мамандырылған блоктардың құрамында зертхана. Информатика яғни компьютерлік сынып кабинеттерін 10-12 орынға есептейді. Бір орынға белгілінген ауданы информатика кабинетінде шамамен 4м2. Медициналық пункті 1 қабатта орналасқан, оның құрамына дәрігер-педиатрдың егу және ем-шаралар жүргізілетін бөлмелер кіреді, жеке окулист кабинеті және де педагог-психологтың кабинеттері орналасқан. Мектеп асханасын ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, оның сыртқа шығатын есігі бар, жеке бөлігінде орналастырылған. Асхана бөлмелерінің құрамы жалпы шикізатпен немесе жартылай дайындалған өніммен жұмыс істейді. Баспалдақтар көпқабаттық ғимараттың жауапты бөлігі болып табылады, себебі олар тек қабатаралық байланыс үшін емес, өрт немесе басқа апатты жағдайда эвакуация үшін де қажетті.Бір баспалдақ маршында 16-дан аспайтын және 3-тен кем болматын баспалдақтар болады. Баспалдақпен жоғары көтерілгенде қабырғаның оң жағында орналасқан тұткалар көмегімен көтерілген жөн. 2.Қауіпсіз қозғалу тәсілдері. Балалар, кедергілердің түрлерін анықтау барысында қауіпсіз қозғалыс әдістерін білу маңызды: яғни, оң қолымызда таяқ ұстаған кезде ережелерді сақтау керек - сол қолыңызбен бетіңізді заттармен және адамдармен күтпеген соқтығысудан қорғау керек. Ол үшін сол қолды шынтаққа бүгіп, жоғары көтеріп,иығымізбен бір деңгейде ұстағанымыз жөн.Бетімізбен және сол қолымыздың алақанның арасы яғни арақашықтығы 10 см болуы тиіс. Саусақтарды бүгіп, алға қаратуға болмайды. Қандайда бір затты зерттеу немесе іздеу барысында, егер олар кеуде деңгейінен төмен орналасқан болса, онда дененің (бас, мойын және т.б.) өткір бұрыштар мен жақын тұрған заттардан қорғау әдістерін орындау қажет. а) арқасын және басын тік ұстай отырып, тізе бүгіп отыру; б) еңкейген кезде бетті сол қолдың алақанның теріс жағымен қорғау керек.
| Көзге арналған жат тығу | Слайд тар | |
| Сабақ тың соңы | Рефлексия. |
Баспалдақтар көпқабаттық ғимараттың жауапты бөлігі болып табылады, себебі олар тек қабатаралық байланыс үшін емес, өрт немесе басқа апатты жағдайда эвакуация үшін де қажетті.Бір баспалдақ маршында 16-дан аспайтын және 3-тен кем болматын баспалдақтар болады. Баспалдақпен жоғары көтерілгенде қабырғаның оң жағында орналасқан тұткалар көмегімен көтерілген жөн.
3.Балалар,мысалы ретінде, біздің мектептің негізгі бөлмелерінің бірі ол біздің мектеп кітапханасы. Мектеп кітапханасында екі бөлім бар: абонемент және оқу залы, олар жарық кең бөлмеде орналасқан. Абонемент-үйге кітап беруді жүзеге асыратын кітапхана бөлімшесі. Жалпы, француз тілінен аударғанда "жазылым" деп білдіреді, бұл белгілі бір мерзімге бір нәрсені пайдалану құқығын білдіреді. Сіздер бірнеше жылдан бері мектеп кітапханасын пайдаланып келесіздер және оның жұмыс кестесін, кітапхананы пайдалану ережелерін жақсы білесіздер. Бұл ақпарат әрдайым назарда. Абонент-бұл сіз. Біз әрқайсымыз – мектеп кітапханасына жазылғанбыз. Абонент кітапханадан кез келген көркем әдебиет кітапты алуға құқылы. Біздің кітапхананың оқу залында жаңа жылжымалы стеллаждар қойылды, сондай-ақ 10 адам сыятын сабаққа ыңғайлы үстел бар (оқырман үстелінің жарықтандыру деңгейі кемінде 1000 лк). Кітапхананың оқу залы-бұл оның негізгі бөлмесі болып табылады. Мұнда қызықты сабақтар мен викториналар, сабақтан тыс іс-шаралар, қызықты адамдармен кездесулер, сондай-ақ Брайль оқыту жүйесі (жазу және оқу) бойынша курстар өтеді . Кітапхана пайдаланушылары үшін бос кеңістікті қамтамасыз ету үшін бөлменің жалпы ауданының 15-20% болуы керек.
