kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қоршаған орта қызықтары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың қоршаған орта туралы түсінігін дамыту мақсатындағы "қоршаған орта қызықтары" тақырыбындағы сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қоршаған орта қызықтары"»

Өткізу мерзімі: Ақпан 1 апта, 2021 ж

Лексикалық тақырып: «Мені қоршаған орта»

Тақырыбы: «Көше тазалығы»

Мақсаттары

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға

Дамытушылық: Қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру

Оқыту: Балаларға көше тазалығы жайында айту.Көшеде өзін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, сұрақ жауап, көркем сөз

Ресурстармен қамтамасыз ету: ағаштардың суреті, жыл мезгілдері, адамдар суреттері Ұйымдастырушылық кезең:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінен кейін қандай мезгід?

Ұйымдастырушылық кезеңі

Ғажайып сәт.

-Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік мезгілдері(бөліктері) туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.

Жұмбақ

Тиіскенді түйреген,

Киім бар инеден.

(Кірпі)

-Балалар, жұмбақ не туралы?

Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады.

Кірпі балаларға бір тәулікте төрт мезгіл болатынын, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталатынын айтады.

-Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме?

-Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды.


ІІ кезең:.

Қызықтырыу сәті:Ой,балалар бізге хат келіпті.Қәне,хатты ашып көреиік.

Сәлем, балалар! Менің атым Нұргүл.Балалар сендер көшеде тазалықты сақтайсыңдар?

Ендеше мен сендерге көшеде жүру ережесін жіберіп отырмын. Соны естеріне дұрыс ұстандар!

Балалар көшеде, серуенде ,өзен,көл жағасында жүргенде әдепті,тәртіпті болуымыз керек.Көшеде келе жатып қолымыздығы қоқысты лақтыра салуға болмайды.Ол әдептілікке жатпайды.

Мысалы:сен көшеде келе жатып шемішкенің қабығын, кәмпит қабығын,бананның сыртын жол жөнекей лақтыра салма. Арнайы қоқыс салатын жәшікке салып өт!

Жаз мезгілінде суға түсуге барғанда жаға жайғайдың басына немесе отырыған жеріне ішкен сусындардың бос бөтелкесін,тамақ қалдықтарын тастап кетпе.Қоқысты тастайтын арнайы орындар бар.Сол қоқыс жәшігіне апарып салу қажет.Күз мезгілінде ағаш жапырақтары түсе бастайды.Сол кезде ауланы жапырақтан және қоқыстан тазалау керек.Өйткені аула мен жолдар қоқысқа толып қалады.Қыс мезгілінде де қар жауап,боран соғатындықтан көшелер жабылып қалады. Сондықтан қарды арнай көліктермен тазартады.

Ал жер үйде тұратын адамдар өз күштерімен ауланы және жүретін жолдарын қардан тазартады.

Енді балалар мына өлен жолдарын қайталап жіберейік:

Бұзба көше тәртібін

Ұрынасын апатқа

Қызықты өтсін әр күнің

Жақын болма шатаққа

Балаларға суреттер арқылы қоршаған орта (жыл мезгілдері, адамдар және олардың дұрыс әрекеттері туралы әңгімелеу)

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.

Қорытынды :Балаларды мадақтау

Көшеде қандай ережені сақтау керек?

Көл жағасында табиғат қорғау ережелерін қалай сақтайсың?

Балалардың білімдерін бекіту.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалап, мадақтау









































Өткізу мерзімі: Ақпан ІІ апта, 2021 ж

Лексикалық тақырып: «Мені қоршаған орта»

Тақырыбы: «Үй жануарлары қалай дыбыстайды?»

Мақсаты:Үй жануарларымен таныстыру.Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбыстайды?»сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

Көрнекіліктер:Үй жануарлары бейнеленген сурет,ойыншықтар (сиыр,ат,қой,ботақан),үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:Әңгімелесу.

Сөздік жұмыс:Мөңірейді,маңырайды, мияулайды, үреді.

Мотивациялық-қозғаушылық


Сәлемдесу.

Білер қазақ баласы

Сәлем-сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

(Е.Өтетілеуұлы)

Балалардың көңілін суретке аудару.

-Мынау-сиыр,мынау-ат,мынау-қой.Бұлар үй жануарлары,себебі оларды адамдар бағады,күтеді.Олардың сүті,еті-тамақ,жүні,терісі-киім.

Суреттен көрсетіп,аттың,сиырдың,қойдың түстерін сұрайды.

Үй жануарларын қайдан көргендері туралы сұрайды.

-Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен?(Көрсетеді,олары сипаттауды сұрайды).


Сәлемдеседі.

Балалар шеңбер құрып дөңгелене тұрады.

Балалар суретке көңіл аударады.

Түсінуге тырысады.

Сұрақтарға жауап беруге талпынады.


Ойыншықтарды әкеледі.Сипаттауға ұмтылады.

-Мынау-сиыр,түсі қара,үлкен.т.б.


Ұйымдастырушы ізденушілік


Әкелген ат,ботақан,қой,сиыр ойыншықтарын алып осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.

-Қой «мә-мә» деп маңырайды;

-Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді;

-Ботақан «бө-бө» деп боздайды;

-Ат «иһо-иһо» деп кісінейді.

Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.


Сергіту сәті.

Оңға,оңға түзу тұр,

Солға,солға түзу тұр.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

1.Д/О: «Даусынан таны?»

Үнтаспадағы жануарлардың даусынан не екенін табады.

2.«Төлдерін тап!» Суреттен үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді.


Ойыншықтарға қуанады.

Бірге қайталайды.

Дауыстарын салады.

Қимыл-қозғалыстар жасайды.

Жануарлардың аттарын айтады.

Төлдерін табады.


Рефлексиялық қортындылаушы


Маңырайды,мөңірейді сөздерін айтқызып үйрету.

Балалар түрлі дауыстар салып,жаттығып үйренеді.

Сөздерді айтып үйренеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарларының аттарын;

Игереді:Сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;

Меңгереді: Үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.





































Өткізу мерзімі: Ақпан ІІІ апта, 2021 ж

Лексикалық тақырып: «Мені қоршаған орта»

Тақырыбы: «Сиқырлы ойыншықтар»

Мақсаты:

Білімділігі Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру. 
Дамытушылығы: Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік  қорларын  дамыту, ұсақ және жалпы моторикасын дамыту.
Тәрбиелілігі: Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекегі

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біз ұқыпты баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.


Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірлерінің қолдарын ұстап жылы сөздерін ай­тады.


Іздестіру-

ұйымдастыру

Табиғат біздің анамыз!

Табиғатқа баламыз!

Иіліп сәлем береміз!

Біз әдепті баламыз!

«Көбелек гүлге қонады» ойыны
Ойынның шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.
Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
1 Қазір жылдың қай мезгілі?
2 Қыс мезгілінде неше ай бар?
3 Ауа - райы қандай болады?

4.Жерде не болады?

5 Немен ойнайсындар?

Балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы әңгімелесеміз.

Тәрбиеші: Балалар енді «Бұл не?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты бойынша алдарыңда тұрған өздеріңе ұнаған ойыншықты таңдап алыңдар, және оның не екенін,қандай екенін сипаттап беріңдер.

- Бұл қандай пішін?

- Пішінің түсі қандай?
- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?


(Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина, пирамида т. б)

- Жарайсыңдар, дұрыс

Тәрбиеші;Қыз балалар қандай ойыншықпен ойнауды ұнатады?
-Дұрыс айтасыңдар .Қуыршақпен. Балалар қуыршақтың әдемі шашы,әдемі көйлегі бар екен.Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ?

Құыршақ туралы кім тақпақ айтып береді?

Амина

Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.

-Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Балалар ; машинамен ойнайды .
Ал, машинаның түсі қандай?
-Кім машина туралы тақпақ біледі?

Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)
Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін

1.Матадан жасалған .

2. Пластмассадан .

3. Резинадан.

4. ағаштан

5. темірден жасалған  ойыншықтар.

Сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білесіндер.

Ойын ; « Сиқырлы қапшық ».  ( ішінде ойыншықтар)           
Ойын  шарты ;  көздеріңді   жұмып  қоржыннан  кез  -келген  ойыншықты  аласыңдар .  Алған  ойыншықтар неден жасалыңғаның айтасындар.

Д/о « Не артық?».  Ойын  шарты ;  Суреттеге не артық салыңғанын тауып, атын атап айту керек.

Сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білесіндер.

Балалар енді сендер өздерінің сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақтарды айтып беріндерші
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.

Дидактикалық ойын: « Ғажайып  қорапша ».

Балалар мен енді жұмбақ жасырамын егер жауабын дұрыс тапсаңдар сандық ішінен сол ойыншық шығады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(түйе)

Төрт аяқты, екі көзді.

Өзі жансыз жүреді.

От пен майдан жемі бар,

Құрыш болат жүрегі. (Автомобиль)

Суға салсаң батпайды ,
Түскен жерге жатпайды . ( доп )

Тиіп кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған.(домбыра)

Қане балалар сендерге ойыншықтар туралы тақпақ айтып берейін.
«Қуыршақ» 
1. Әй, қуыршақ, қуыршақ,
Жуынбайды жуынсақ.
Беті қолдың батпағын
Елең қылмай жатқаның
- Қашан адам боласың?

- Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?

- Өзіміздің сүйкті ойыншықтармыз туралы айттық

-Сүйкті ойыншықтарымызға арнап ән айтып берейк

- Бұл - текше.







Ойын шартынмұкият тындап сұрақтарға жауап береді

Жыл мезгілі қыс

Қыста 3 ай бар

Күн салқын

Жерде аппақ қар болады

Біз ойнаймыз

Ойыншықтармен ойнаймыз











- Ойыншықтардың

Дөнгелек, үшбұрыш, шаршы, сопақша.

Қызыл, сары, көк, жасыл

Қуыршақ,доп, машина,пирамида







Қыздар; қуыршақпен .













Балалар; машинамен ойнайды .











Ұқыпты,сыңдырмаймыз,жұлмаймыз, лақтырмаймыз, таза ұстаймыз



























































Балалар сергіту жаттығуын орындайды.

Рефлексті-

дәлелдеу

Қорытынды: Ән "Ойыншықтар"

- Осымен, балалар біздің сабағымыз аяқталды.

- Қонақтармен қоштсайық

- Қош сау болыныз!!!
Балаларды мақтап, мадақтау

Балалар ән айтады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ойыншықтарды сипаттауды

Қандай түсініктерді игерді: ұқыптылықты игереді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойыншықтарды орынына жинақтауы













Өткізу мерзімі: Ақпан ІV апта, 2021 ж

Лексикалық тақырып: «Мені қоршаған орта»

Тақырыбы: «Менің бөлмем. Қағаз бетінде кеңістікті бағдарлаймын»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлау дағдысын қалыптастыру. Бөлмесі туралы түсінік қалыптастыру.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында,(арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын сипаттайды.

Көптеген тəрбиеленушілер: орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады.

Кейбір тəрбиеленушілер:өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалыс бағдарларын түсіндіреді жəне педагогтің тапсырмасы бойынша оларды өзгертеді жəне сипаттайды.

Басталуы 0–5 минут

Педагог бағыттар мен көрсеткіштердің түстерін атауды сұрайды. Балалардан бұл білімнің өмірде қалай пайдаға асуы мүмкін екенін сұрайды.

«Кім зейінді?» ойыны

Педагог зейінге арналған ойынды ұсынады.Тапсырманы түсіндіреді:

- Қазір мен құрсауды жерге қоямын. Оған Амина тұрады, оның оң жағына Саид, сол жағына ...,алдына ... тұрады.

- Ал қазір балалардың əрқайсысы оң жақта (сол жақта, артта жəне т.с.с.) кім тұрғанын айтады.

- Одан кейін педагог топтағы балалардан бір-біріне жəне сөйлеушіге қатысты кімнің қайда тұрғанын айтуды сұрайды.

Ұйымдастыру- іздену.

Туындаған проблемалық жағдайды шешу үшін қағаз

парағымен таныстыруды жүргізуге болады. Ол əдетте кəдімгі ақ парақпен таныстырудан басталады. Педагог балалардан сұрайды:

– Бұл не?

– Оның пішіні қандай?

– Бұл қандай жағы?

Балалар жауап беруге қиналған жағдайда, педагог

жалғастырады:

– Бұл жағы қайда орналасқан?

Сұрақтарды ретімен қоя отырып, балалар жоғарыда тұрған жағы – жоғарғы, төменде орналасқан жағы – төменгі, оң жақта орналасқан жағы – оң, сол жақта орналасқан жағы– сол жақ, жоғарыда сол жақта орналасқан бұрыш – сол жақ жоғарғы бұрыш, жоғарыда оң жақта орналасқан бұрыш – оң жақ жоғарғы бұрыш жəне т.б деп аталады деген қорытындыға келеді.

Парақ бойынша саяхат – «Сиқырлы парақ».

Бір парақ пен бес қарындаш өмір сүріпті. Бір күні олар бірге ойнамақшы болыпты жəне қарындаштар парақ бойынша саяхатқа шығыпты. Бірінші болып сары қарындаш жөнеліпті, ол жоғарғы жағына барып, сары сызық сызыпты. Екінші болып қызыл қарындаш кетіпті, ол төменгі жағын тауып, қызыл сызық сызыпты. Оң жағын жасыл қарындаш, ал сол жағын көк қарындаш сызыпты. Парақтың ортасында қара қарындаш қалыпты, ол сол жерге үй салған екен. Бұрыштарды тең бөлуге шешім қабылдап, екі түспен сызыпты. Барлық қарындаштар үйге жиналып, тағы да қалай ойнасақ болады деп ойланыпты. Ойланып-толғанып, қуаласпақ ойнамақшы болып шешіпті. Жоғарғы жағында сары сызық сызылған жəне жоғары қарай сары қарындаш жүгіре жөнеліпті, төменге қарай қызыл қарындаш, оң жаққа жасыл қарындаш, ал сол жаққа көк қарындаш жүгіре жөнеліпті. Содан кейін іштері пыспауы үшін қарындаштар екі-екіден жүгіріпті: оң жақ жоғарғы бұрышқа сары жəне жасыл қарындаштар жүгірді; сол жақ жоғарғы бұрышқа – сары жəне көк; оң жақ төменгі бұрышқа – жасыл жəне қызыл; ал сол жақ төменгі бұрышқа – сары жəне қызыл қарындаштар жүгіріпті. Ал қара қарындаш оларды ұстай алмай қойыпты. Ойын барысында балалар парақта бағдарлар бар екенін түсінеді: жоғары, төмен, оң жағы, сол жағы, парақтың ортасы.


Сергіту сәті.

«Ұшақ» балалар аяқтарын алшақ қойып, қолдарын екі жаққа созып, оңға-солға бұрылады.

Рефлекстік – түзету

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қоршаған орта қызықтары"

Автор: Сембаева Үмитжан Бексұлтанқызы

Дата: 11.02.2021

Номер свидетельства: 572869

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?орша?ан ортаны? ластануы "
    ["seo_title"] => string(28) "k-orshag-an-ortanyn-lastanuy"
    ["file_id"] => string(6) "182540"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425549524"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Эмбрионды? ж?не постэмбрионды? ?ры?ты? дамуына ?орша?ан ортаны? ж?не токсиндік заттарды? ?сері"
    ["seo_title"] => string(103) "embriondyk-zh-nie-postembriondyk-u-ryk-tyn-damuyna-k-orshag-an-ortanyn-zh-nie-toksindik-zattardyn-sieri"
    ["file_id"] => string(6) "297698"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456228653"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Организмні? эмбрионды? ж?не постэмбрионды? дамуында?ы ?орша?ан орта факторларыны? р?лі."
    ["seo_title"] => string(93) "orghanizmnin-embriondyk-zh-nie-postembriondyk-damuyndag-y-k-orshag-an-orta-faktorlarynyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "297718"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456229706"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "?орша?ан орта "
    ["seo_title"] => string(16) "k-orshag-an-orta"
    ["file_id"] => string(6) "145823"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418999935"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?орша?ан орта.Та?ырыбы:?ыс к?рінісі."
    ["seo_title"] => string(40) "k-orshag-an-orta-tak-yryby-k-ys-korinisi"
    ["file_id"] => string(6) "317354"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460349915"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства