1. Білімділік: Оқушыларға жаз мезгілі мен жәндіктер туралы түсінік бере отырып, жәндіктердің атауларын атау. 1-5 көлеміндегі сандарды қайталау, реттік орындарын ұғыну,көршілес сандарын атау, мазмұнды есептер шығаруға үйрету. Дидактикалық тапсырмалардың шарттарын дұрыс және өз бетімен орындауға баулу.
2. Дамытушылық: Оқушының ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Танымдық процестерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық түсінігін қалыптастыру. Өздігінен жұмыстануға баулу, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты қорғауға үйрету, улы жәндіктерден сақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Көрнекілігі: суреттер, ойыншық жәндіктер, дала көрінісі, тапсырмалар, жаңбыр мен найзағайдың дауысы
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушымен амандасу
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, Улболсын Ерболатқызы!
Бүгін бізге сабаққа,
Қонақтарымыз кеп отыр,
Бұрылып біз оларға,
Не деу керек? Канекей?
«Сәлеметсіз»- деу керек.
ІІ Үй тапсырмасын қайталау
1-5 дейін тура сана
5-1 дейін кері сана
Санның көршісін ата
ІІІ Танымдық процестерін қалыптастыру
-Ендеше, балалар орнымызға жайғасып сабағымызды бастайық.
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қазір жаз мезгілі.
- Қазір күн жылы ма?
-Ия, жылы.
- Сендер қандай киім киіп жүрсіңдер?
- Біздер жұқа киім киіп жүрміз.
-Жазда қандай өзгерістер болады?
- Ағашта жапырақтар шығады, күннің көзі ыссы болады, айнала жап-жасыл болады?