kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған түзеу-дамыту сабақтары. Балалардың танымдық әрекетін кезең бойынша дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру.»

Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру.



Батырова Акманар Орынбаевна

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Ақжайық ауданының

«Психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті» КММ –нің педагог-психологы

БҚО, Ақжайық ауданы,Чапаев ауылы, Қонаев көшесі №53,

[email protected]


Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады да баланың қабілеті, белсенділігі артады.

Балалардың ойлауын, қиялын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ойналатын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Ойында балалардың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады.

Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдет білімді толық игеруге көмектеседі.

Психологиялық қызмет жұмыстарын қарапайым жолмен баланың қалауына орай жеке басының, танымдық үрдістерінің жетіле беруіне, көңіл-күйінің толғаныстарына сүйеніп жүргізгенде ғана іс жүзеге аспақ. Әрбір ойын, жаттығуларды жүргізе білу, балалардың түйсігіне жеткізе, түсіндіре білу педагогтың шығармашылығына байланысты.

Балалық шақтың ең әуес нәрсесі – ойын. С.Торайғыров: «Ойын балалар үшін тамақтан да қымбат»- дегеніндей балалардың қызығушылығын, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру үшін танымдық ойындар, дамыту жаттығуларын жүргізудің маңызы зор. Сондай-ақ, баланың психикалық дамуына, яғни не нәрсені болмасын зейін қойып, жақсы түсініп, есте сақтай алуына, тілінің дамуына жағдай туғызады.

Ойын – жаттығулар арқылы баланың білім-білік дағдыларын күнделікті оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетерінде қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылып, ойнай отырып ойлануға бағыт беріледі.

Ойында бір затты басқа бір затпен алмастыратын қабілеті пайда болады, заттармен ойнауда бала өзінің шартты кеңістікте ойлаған ойына сүйенуге үйренеді. Жаңа нұсқалы бейне жасап және олармен іштей әрекет ету және қиялдау мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуындағы жаңа бір басты құрылымыБалалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болмақ.


Зейінді тұрақтандырға арналған ойындар


1. Мен жеңімпазбын

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені басталғанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болу керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне жығып, мен женіпазбын деп айту керек.

2. Құлақ – мұрын

Балалар шеңбермен тұрады.

Жургізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын – деп құлақты ұстайды. Ал балалар құлақ –дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрынды көрсету керек.

Жургізуші: балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.

3. «Өз орынды тап»

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жургізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орнын шатастырып алмауы қадағаланады.

4. «Дайын бол!»

Балалар щеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс – қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, ат – шабады, құс – ұшады, ляйлек – бір аяғымен тұрады.

5. «Зейінді бол»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сіздерге әр – түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиістісіңдер. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты, мысалы: «қосаяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.

6. «Төрт құбылыс» ойыны

Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді.

Балаға ойын ережесі түсіндіріледі.

Егер «су» сөзі айтылса қолдарын алға созу.

Егер де «ауа» дегенде қолдарын жоғары көтеру.

Егер де «от» дегенде екі қолын айналдыру.

Егер «жер» дегенде қолдарын төмен түсіру.

7. «Көңілді шеңбер».

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды Психолог белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде психолог отырған балаларға әртүрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.б). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды.

8. «Орныңды тап»

Баллалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Психологтың бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді. Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орнында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, өқайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған бала ойыннан шығады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

1. «Шапалақ»

Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ қағуға тиісті.

2. «Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай?»

Сендер көңіл – күйіміз жақсы – дедіңдер, енді осы жақсы күйлеріңді көрсетіңіздерші.

1. Көңілді болғанда не істейміз?

2. Ренжігенде – бұртияды, қабақ түседі.

3. Қорыққанда – көздері жұмылады.

4. Қуанғанда, көңілденгенде- күледі!

5. Таң қалғанда – көздері шарасынан шығады.

3. «Шапалақты тында!»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар ләйлек (аист) сияқты бір аяғын көтеріп қолдарын екі жаққа созып тұрады, екі рет соққанда бақа сияқты отырып секіреді, үш рет шапалақтағанда жүру жалғастырады.

4. «Айна»

Балалар екі – екіден бөлінеді: біреуі – жүргізуші, екіншісі – бала. Жургізуші белгілі бір қимыл қозғалыстарды көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын тура көргендей қайталап беруге тиісті. Содан соң екеуі орындармен ауысады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

5. «Зейінді бол»

Балалар шеңберде тұрады. Психолог әртүрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталар тұрады. Психолог ескерткен кезде қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.

6. «Дайын бол!» ойыны

Балаға ойын ойнау ұсынылады. Балаға сөздер айтылып ол оны

іс-қимылмен көрсету керектігі түсіндіріледі.

Мысалы: Аю дегенде – қорбаңдап жүреді

Қоян дегенде – секіреді

Тырналар дегенде – бір аяқпен тұрады.

Қоян дегенде - секіреді

Ат дегенде - шабады

Құс дегенде - ұшады.

7. Жеуге болады – болмайды» ойыны

Мына сөздер аталады (мысалы алма,апельсин, сыр, нан, доп, терезе, қуыршақ, бор, пияз, кітап).

Егерде аталған сөз жеуге болатын болса, допты ұстап алу керек.

Егерде аталған сөз жеуге болмайтын зат болса, допты ұстамай кері қағып жіберу керек.

8. «Қанша дыбыс естідіндер?»

Жургізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.

Қиялдауға дамытуға арналған жаттығулар

1. «Менің көңіл – күйім»

Суреттегі әр түрлі көңіл – күйдегі баланың бет бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.

2. «Сиқырлы түс»

Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен демалады. Осылай демалып жатып, түс көреді. Кім түс көреді сол тұрған соң, баяндап айтып береді (әңгіме жануарлар туралы болады).

3 «Не істер еді?»

Жүргізуші балалармен ердегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әнгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудын жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің Алдар Қөсе байды алдар алмаса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің? т.б.

4. «Мен және менің болашағым»

Жүргізуші балаларға өздерінің болашағы жайында, өскенде кім болатынын көз алдарына елестету үшін көздерін жамып, ойлануды ұсынады. Өзі баяу үнмен әр түрлі мамандықтардың болатындарын қысқаша баяндайды. Сондай – ақ ата – аналармен қарым – қатынасы туралы әңгімелеуге болады. Сен анаңмен хайуанаттар саябағына бардың. Әкенмен көлге шомылуға бардың. Машинамен қыдырдың.

Қысқаша әңгіме аяқталған соң, балалар көздерің ашады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, суретін салып беру талап етеді. Балалардың ой қиялының дамуын суреттерден байқауға болады.


Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

1. «Гүл»

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан жаққа шайқалады (қолдарын жан – жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауға бастайды, гүлдер тонып, бүрсіп жабылады. (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрсіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің қөзі күлімдеп шыға бастайды, сол уақытта гүлдерде құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

2. «Заттарды қабылдау»

Биік – аласа мұнарлар, жуан – жіңішке қарындаштар, оң қолын және сол қолын көтеріп тұрған баланың суреттері, табиғат көрінісі (ағаштар алыстан кішкене, жақыннан үлкен болып көрінеді) т.б. суреттер бар. Тәрбиеші баларға сұрақ қояды.

1. Мұнарлар қандай? (биік аласа)

2. Қарындаштар қандай? (жуан жінішке)

3. Суретте бала қай қолын көтеріп тұр? (оң сол)

4. Мына суретте ағаш қалай орналасқан? (кішкене ағаш алыстан көрінеді, үлкені жақыннан т.б.)

5. Сен менің қай жағымда тұрсың? (алдымда).

3. «Ұқсас суретті тап»

Қос – қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша, екі қайық, екі телевизор, екі тоңазытқыш, екі жапырақ, екі гүл, екі сағат т.б. Осы суреттерді бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді кораптан тандап алып салыстырып әнгімелеп береді.

4. «Әр түсті заттар»

Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті айтады. Балалар сол түске сәйкес заттардың атын айтып беру керек. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан.

Ойын: «Жыл мезгілдері»

Күзден кейін қыс.

Қыстан кейін_

Көктемнен кейін _ Жаздан кейін_

Ойлауды дамытуға арналған ойындар

Ойын: «Аяқталмаған суреттер».

Мақсаты: мектепалды баланың тұтастылық қабылдауын дамыту.

Жүру барысы: Әр қатардағы үш суреттердегі суреттелген заттарды атау керек.

Ойын: «Бірге есте сақтайық».

Мақсаты: мектепалды баланың естіп есте сақтауын дамыту.

Жүру барысы: Бірінші бала белгілі бір затты атайды. Келесі бала бірінші сөзді қайталап, өзінің сөзін қосады. Үшінші бала алғашқы екі сөзін қайталап, кейін өзінің үшінші сөзін айтады. Төртінші бала енді алғашқы үш сөзді қайталап, өзінің сөзін қосалды..

Бұл жаттығу бірнеше өткізілді. Қайталап өткізілген ретінде ес мөлшерін ұлғайту үшін сөздер саны көбейді және балалар орны ауысып отырды.

Ойын: «Қандай ойыншық жетіспейді?»

Мақсаты: көріп есте сақтауын дамыту.

Жүру барысы: Балалардың алдына 8-10 ойыншық қойып, оларды артқа бұрылуы сұралады. Жетекші бір ойыншық алып, балалардан қандай ойыншық жетіспейтінін сұрау керек.

Ойынды күрделендіруге болады: ойыншықтар санын көбейтіп, ойыншықтарды алмай, тек қана орындарын ауыстыруға болады.

Мектепалды баланың әрекеттің негізгі түрі ойын болып табылады. Бала ойыны заттық-манипуляциялықтан бастап (пирамида құру, кубиктерден үй құрастыру т. б.) сюжеттік-рөлдік ойындарға дейін (мысалы, дүкен, аурухана) өтеді. Танымдық ойындарда ең бастысы - үлкен адамдардың қарым-қатынасын еліктеу. Ойын арқылы ғана балада ақыл-ой операциялары дамып жетіледі.

Ойын: «Ойлан, тап».

Мақсаты: ойлауы, қасиеттерді сипаттау арқылы затты атау қабілетін және тілін дамыту.

Жүру барысы: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ қандай затты сипаттайтыны туралы келіседі, Екінші топ бірінші топ «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беретін сұрақтар қояды. Ойластырылған затты тапқаннан кейін топтардың орындары ауысады.

Психологиялық ойын «Тыңда және орында»

Балаға бірнеше әрекеттер аталады, бірақ көрсетілмейді.екі рет қайталанады. Бала соны ретімен қайталап орындау қажет.

Басыңды оңға бұр

Оң қолыңды жоғары көтер

сол қолыңды жоғары көтер

екі қолыңды жоғары көтер.

Сол жағыңа бұрыл, отыр, тұр.

Сол аяғыңды көтер

Сол аяғыңмен тұр

Психологиялық ойын «Сиқырлы саусақтар»

1.таң қалу /екі қолдың бас бармағын көтеру/

2. өзіңді көрсет /бір саусақпен/

3.сәлемдесу /қолды жоғары көтеру/

4. қорқыту /сұқ саусақпен/

5. тоқта /бас бармақты төмен көрсету

6. аймалу /екі қолды бір-біріне сипалау/

7. жеңіс! /екі қолды жоғары көтеру

Психологиялық ойын «Гүл»

Гүл енді өсіп келеді (қолдарын созады)

Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан жаққа шайқалады (қолдарын жан – жаққа шайқайды).

Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауға бастайды, гүлдер тонып, бүрсіп жабылады. (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрсіп отырады)

Бір уақытта қайтадан күннің қөзі күлімдеп шыға бастайды, сол уақытта гүлдерде құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (бала гүл шоғына жиналады

Суреттерді дұрыс құрастыр» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: құстардың қиылған суреті

Балалардың алдына үй құстарының қиылған суреттері беріледі. Ол суретте құстың басы, денесі, қанаты және аяқтары бөлек-бөлек қиылған болады. Балаларға берілетін тапсырма суреттерді дұрыс жинастыру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру.

Автор: Батырова Ақманар Орынбаевна

Дата: 25.03.2017

Номер свидетельства: 403122

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(191) "А?паратты? коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика п?ніне о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру "
    ["seo_title"] => string(115) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiiany-paidalanyp-informatika-p-ninie-ok-ushylardyn-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "174666"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424166520"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) ""Дамуы тежелген балаларды арнал?ан ойын элементтері" ма?ала"
    ["seo_title"] => string(59) "damuytiezhielghienbalalardyarnalganoiyneliemienttierimakala"
    ["file_id"] => string(6) "304182"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457679536"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "О?ушыларды? дене шыны?тыру саба?ына ?ызы?ушылы?тарын арттыру "
    ["seo_title"] => string(71) "ok-ushylardyn-dienie-shynyk-tyru-sabag-yna-k-yzyg-ushylyk-taryn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "196850"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428131839"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАР АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ?АБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ."
    ["seo_title"] => string(82) "innovatsiialyktiekhnologiialararkylyokushylardynshygarmashylykkabiliettierindamytu"
    ["file_id"] => string(6) "268528"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450634780"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "О?УШЫЛАРДЫ? ЛОГИКАЛЫ? ОЙЛАУЫН ЛОГИКАЛЫ? ЕСЕПТЕР АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ"
    ["seo_title"] => string(67) "ok-ushylardyn-logikalyk-oilauyn-logikalyk-iesieptier-ark-yly-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "308244"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458550868"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства