Ұйымдастыру кезеңі Ата- аналар 3- топқа бөлінеді . (Мұғалім, Ата-ана, Оқушы ).
І.Психологиялық дайындық
Сәлемдесу жоралғысы. «Тілек»
Сәлемдесу мақсаты: Топта қалыпты жағдай қалыптастыру үшін жағымды климат тудыру. Қатысушылар бір-біріне тілек айтуды ұсынады. Ол бір қатысушыға допты лақтырады да бір нәрсе тілейді.
Мысалы: «Жанар саған көтерінкі көңіл-күй тілеймін!»Алған адам өзінің тілегін кімге айтқысы келсе, соған допты лақтырады тілек әрбір қатысушыға айтылады. Осындай жаттығулар қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп,
бір-бірін сергітіп тастайды.
Кіріспе бөлім:
Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан – өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы - ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші. Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Негізгі бөлім:
Отбасындағы,мектептегі бала тәрбиесі қандай?
Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде салиқалы пікір алысайық.
І.Ой қозғау.
Ата-аналарға сұрақ:
Ұстаздарға сұрақ:
Оқушыларға сұрақ:
1. Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?
Осы сұрақтарға жауап алынып, қорытынды жасалады.
ІІ. Кездейсоқ жағдайдан шығу.
Ата-аналарға:
Ұстаздарға:
Оқушыға:
Ү. Рефлексия / шығу парағын толдыру/ «Ой түйін» (бағалау).
Енді ең соңғы бөлім ой түйін деп аталады. Бұл жерде алдарыңызға берілген шығу параққа ой – пікірлеріңізді және бүгінгі өткен психолог сағаты жайында өзіңізге қажетті не білдіңіз соны жазып шығасыздар.
Әр топтағы мұғалімдер шығу парағын толтырып, әркім өз ойын білдіріп , айтады өткен тақырыпты бағалайды.
Қорытынды.
Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.