kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салт - дәстүрім, таусылмайтын байлығым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Амал мерекесі, көрісу туралы түсінік беру арқылы Қазақ   халқының  салт- дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге  тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салт - дәстүрім, таусылмайтын байлығым»

Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешені





Салт - дәстүрім, таусылмайтын

байлығым



Өткізген: Кадырбаева А.К.



2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: «Салт – дәстүрім, таусылмайтын байлығым»

Мақсаты: Амал мерекесі, көрісу туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқы-

ның салт- дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы: Кіріспе

Мұғалім:

Амал күні қазағым көріседі

Көрісу, бұл көненің желісі еді

Жасың құтты болсын деп жамырасып,

Ақ ниетпен адал бол деліседі.

Көріседі көңілдер жібісін деп

Көріседі оң болсын ырысың деп.

Ауыл –үйді аралап

Жүздерінде нұр ойнап.

Қыстан есен шықтық деп,

Бір жасымен құттықтап.

Бір жасымен құттықтап.

Каспий, Жайық жайлайтын

Басқа өңірде болмайтын.

Құтты болсын Көрісу айт-

Тек Батысым тойлайтын.

Құтты болсын бір жасың!

Қабыл болсын көрісу айт!

Бір жастарың құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!

-Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бір жасыңыз құтты болсын!

Бәріміз асыға күткен Амал мерекеміз де келіп жетті. Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының дайындаған «Салт-дәстүрім, таусылмайтын байлығым!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

14 наурыз көрісу мейрамы, амал мерекесі.Көрісу мерекесінде адамдар қыстан аман есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып , кешіріледі. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесн асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дасарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды.Отбасының үлкендері кішілерге қос қолын беріп,көрісіп шығады. Бір-біріне « бір жасыңмен» дейді.Ол « Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін отбасы көршілермен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.

Жиналған жұрт: Анау жерде жүрген кім? Бұл Қожанасыр емес пе? Ау Қожеке мында келіңіз, мында келіңіз

Ортаға Қожанасыр келіп:

-Жамағат мен сөйлейін деп тұрған не нәрсенің жайы, білесіңдер ме?

-Жооқ, білмейміз (Қожанасыр қолын сілтеп кетіп қалады)

- Балалар, Қожекең не айтты? Сендер қалай деп жауап бердіңіздер?

- Енді келсе, білеміз деп жауап берейік.

- Жамағат, мен не жайында сөйлемекпін білесіңдер ме?

- Білеміз, білеміз –деп шулайды.

- Өздерің біліп тұрсаңдар мен несіне айтайын –деп тағы кетіп қалады.

- Балалар, Қожекең не айтты? Сіздер қалай жауап бердіңіздер?

-Енді Қожеке сұрай қалса, білетініміз де бар, білмейтініміз де бар деп айтыңдар.

-Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын білесіңдер ме?

-Білетініміз де бар, білмейтініміз де бар- деп шулайды.

-Олай болса, білетіндерің білмейтіндерге үйретсін, білмейтіндерің білетіндерден үйренсін –кетіп қалады.

-Қожекең не деп кетті? Нені білуіміз керек? Нені білмейміз?

-Ау, ағайын, бүгін амал мерекесі емес пе? Бүгін көрісу ғой.Ендеше ауыл үлкендеріне көрісейік.

«Абай» ауылы көрісуге келеді 1 «Г», 2 «Г» сынып оқушылары.

-« Абай» ауылының қонақкәделері бар екен ( Жарапазан айту)

-Балалар, биші қыздарымыздың « Бипыл» биін тамашалайық.

«Сәкен» ауылы 3 «Г» сынып оқушылары көріседі.

-Балалар, жыл қайыру дегеніміз не? Жыл қайыру жайылы не білеміз?Ол жаылы үлкендерден сұрайық.

(Әжелер келіп жыл қайыру жайылы қысқаша мағлұмат береді)

Шәкәрім ауылы 1 «Д», 4 «Г» сыныптары көріседі. Кішкентайлар көрісіп болған соң, 4 «Г» сынып оқушылары ер азаматтардың бір-бірімен төс қағыстырып көрісуін көрсетеді. Ер азаматтардың бір-бірімен төс қағыстырып, құшақ айқастырып көріскен, өкпе реніштерін ұмытып , жыл жасымен құттықтап жақсылық тілегені.

Ал қыздарымыз сәлем салып бата қылған,ер азаматтарға қол беріп көріспеген.

4 «Г» сынып оқушыларының көрісу күніне дайындаған тақпақтары бар екен.

Амал күні кәрі –жас,

Құшақтасып, көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.



Амал күні қазағым көріседі

Көрісу бұл көненің желісі еді

Жасың құтты болсын деп жамырасып,

Ақ ниетпен адал бол деліседі.

Гүлге орап, жасандырып жусан белін,

Ақтарған арындатып думан селін.

Сіңірген халық салтын қанымызға,

Мейрамың құтты болсын ,туған елім!



Көріседі көңілдер жібісін деп

Көріседі тасысын ырысың деп

Көріседі көк мұзда жібісін деп

Көріседі оң болсын, ырысың деп!

Бір жастарың құтты болсын! Жыл жастарың құтты болсын!

1 «Д» сыныбы «Қара жорға» биімен аяқтайды.

Жыл айналып он екі жылда бір келетін, барлық өкпе реніштерді ұмыттырып, жақсылыққа жол ашатын Көрісу айтымыз қабыл болсын. Жыл жастарыңыз құтты болсын! Бүгінгі бастауыш сынып оқушылары дайындаған «Салт- дәстүрім, таусылмайтын байлығым!»атты мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті.Жыл жасыңыз құтты болсын!Жыл он екі ай айналып келесі жыл кездескенше, еліміз тыныш, отбасымыз аман, балаларымыз бақытты болғай!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Салт - дәстүрім, таусылмайтын байлығым

Автор: Кадырбаева Айгул Калешовна

Дата: 31.10.2019

Номер свидетельства: 525053

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) ":        Салт - д?ст?рім – таусылмайтын байлы?ым. "
    ["seo_title"] => string(36) "salt-d-sturim-tausylmaityn-bailyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "193692"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427685319"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Ашы? т?рбие са?аты "Салт-д?ст?рім -таусылмайтын байлы?ым""
    ["seo_title"] => string(58) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-salt-d-sturim-tausylmaityn-bailyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "318713"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460642776"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Т?рбие са?аты " Салт-д?ст?рім таусылмайтын байлы?ым""
    ["seo_title"] => string(43) "trbiiesagatysaltdsturimtausylmaitynbailygym"
    ["file_id"] => string(6) "316082"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460019803"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым!"
    ["seo_title"] => string(36) "salt_d_sturim_tausylmaityn_bailyg_ym"
    ["file_id"] => string(6) "405499"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490974952"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Та?ырыбы: «Кітапханашы маманды?ым-шежіре? бар таусылмайтын сан ?ырлы»"
    ["seo_title"] => string(65) "takyrybykitapkhanashymamandygymshiezhirienbartausylmaitynsankyrly"
    ["file_id"] => string(6) "274059"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452329281"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства