kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: Салт - д?ст?рім – таусылмайтын байлы?ым.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:        Салт - д?ст?рім – таусылмайтын байлы?ым.
Ма?саты: о?ушылар?а ?аза? хал?ыны? салт - д?ст?рлері мен ?дет-??рпыны? т?рбиелік м?нін ??ындыру, баланы? бойына адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру, халы? ?негесін ?йрету.
К?рнекілігі: интер активті та?та,  ?лтты? киімдер,  ?лтты? та?амдар, видеороликтер, т.б.

Барысы:

1 - ж?ргізуші:
     Армысыздар, ??рметті ?стаздар мен о?ушылар!  Б?гінгі ?ткізіліп отыр?ан  « Салт - д?ст?рім – таусылмайтын байлы?ым» атты іс-шарамыз?а ?ош келді?іздер!

2-ж?ргізуші ?аза? тілінде: Салт – к?сіпке, сенімге, тіршілікке байланысты ?дет-??рып, д?ст?р. Ол ?рпа?тан-?рпа??а ауысып отырады. Уа?ыт ?ткен сайын салт?а ?згеріс еніп, ?згеріп, ?о?ам?а байланысты бейімделіп келеді.

1-ж?ргізуші орыс тілінде: Традиции наших предков тесно связаны с жизнью народа! Со временем меняется жизнь и общество. Так же меняются и обновляются традиции!

2-ж?ргізуші ?аза? тілінде: Д?ст?р – ?рпа?тан-?рпа??а ауысатын, тарихи ?алыптас?ан нормалар мен ?рдістер. Ол – ?о?амды? ?йымдар мен халы?ты? мінез-??л?ыны?, іс-?рекетіні? рухани негізі. Д?ст?р м?дениетпен ты?ыз байланысты, сонды?тан м?дениеті дамы?ан ел д?ст?рге де бай. Ата-ананы ??рметтеу, ?лкенді сыйлау, адалды?, ?ділеттілік, мейірімділік сезімдері озы? д?ст?рлерге жатады.


2 - ж?ргізуші: Ал ??рметті а?айын б?гінгі кешімізде сіздерге ?аза? хал?ыны? тойында ?ткізілетін салттарды к?рсетумен д?ріптейміз.

1 - ж?ргізуші:

Біздер б?рын к?рмеген

Салт- д?ст?рі? ?лмеген.

?йренеміз д?ріптеп,

Заманымда ?рлеген.

 ?аза? хал?ыны? тарихынан жал?асын тауып келе жат?ан сы?су д?ст?рі. Сы?су - ?ыз ?зату д?ст?ріне байланысты ту?ан т?рмыс-салт жырларыны? бірі. Б?л - ?ызды? ?затылар алдында?ы ел-ж?ртымен, а?айын-туыс, ??рбы-??рдастарымен, туып- ?скен жерімен ?оштасуы ретінде айтылады. Сы?суды ?затылатын кыз тетелес сі?лілері немесе жас же?гелерімен ?й-?йді аралай ж?ріп белгілі ?уенмен айтатын бол?ан. Сы?су ?ле?дерін а?ындар немесе ?ыздарды? ?здері шы?арады. ?затылып бара жат?ан ?ыз сы?су ар?ылы ж?рт?а естірте ?зіні? м??ын, ?ай?ы-?асіретін ша?ады.

?аза? хал?ыны? тарихынан жал?асын тауып келе жат?ан сы?су атты к?рінісімізді к?рсетуге ?ры?сат еті?іздер.

К?рініс: Сы?су видеоролик (о?ушылар т?сірген)

2 - ж?ргізуші:

Ата салтым – асыл м?рам, арда?ым,
Бабаларды? жал?астырар арманын.
Сан ?асырда ?алпын б?збас ?адірім,
?ткенімді б?гінменен жал?адым.

?аза? ?те ?она?жай халы?. ?аза? ??даларын ??дайындай сыйла?ан. ??да мы?жылды?, к?йеу ж?з жылды? деген. ??да ша?ыру д?ст?рі ?рпа?тан-?рпа??а жал?асуда. Біз, сіздерге ??да к?ту р?сімін к?рсетеміз.

Слайд:  ??да к?ту р?сімі.

1-ж?ргізуші:
?аза?ымны? салт - д?ст?рі жа??ыр?ан,
Т?лімді ой сына?ы, т?рбие к?зі ?алдыр?ан.
Салт - д?ст?рді арда?тайы?, а?айын.
?аза? атты ?лкен, кіші, балдыр?ан.
Жиналыппыз с?тті к?ні б?ріміз де,
?лкен, кіші, жасымыз, к?ріміз де.
Т?рлеті?із, ?адірменді ??далар,
Г?л - г?л жайнап мына бізді? т?рімізге.

( Жанар шашу шашады, Г?лзат ?н жа?ады)

2-ж?ргізуші: ??далар?а арнал?ан ?н-шашуымызды тамашала?ыздар. ?н орындайтын: Жанар Оспанова

1-ж?ргізуші:
?лтты? ойын «Асы? ойнау».  Ойынын ?алай ойналатынды?ы жайлы бізге Бейбарыс к?рсетіп, т?сіндіреді.

2 - ж?ргізуші: Б?гінгі кешіміз ?ызы?ты ?туі ?шін келесі кезекті танымды? ойын?а берейік. Б?л ойын ?лтты? та?амдармен байланысты болма?. Мына ?оржында асы?тар салын?ан. Ол асы?тарды? бетінде сан жазыл?ан. ?оржыннан кез - келген бір асы?ты аласы?дар. Шы??ан сол сан?а байланысты с?ра? ?оямыз, кім к?п жауап береді екен.?

1саны.  ?аза?ты? ?лтты? та?амдарын ата? (Ш?жы?, бесбарма?, ?азы, ?арта )
2 саны. Ш?жы? нені? етінен жасалады? (?ой, сиыр, т?йе, жыл?ы етінен)
3саны. ?аза?ты? басты ?лтты? та?амы не?(ет)
4 саны. ?ымыз нені? с?ті?(биені? с?ті)
5 саны. ?азы, ?арта, жая нені? еті? (жыл?ы еті)
6 саны. ?айма?ы алын?ан немесе алынбай пісірілген с?тке азыра? су ?осып ?йытылады. Ол - же?іл ж?не сусынды? та?ам. /Айран./
7 саны. Кез келген малды? етінен жасала береді, ?кпе - бауыр ?осып жасайды. Т?рлері к?п: со?ым, ?кпе - бауыр, ?арын/ ?уырда?./
8 саны. Шай дастарханыны? басты асы. Е? жо?ары сапалы ?ннан май, ашыт?ы ?осып жасалады. ?р т?рлі пішінде, ?ш - т?рт б?рышты, сопа?ша, домала? болады. Т?рлері к?п. Мысалы: барма?, жол, а?, той т. б. /Бауырса?./
9 саны. С?ттен жасал?ан ?лтты? та?ам. Ма?ынасы да ??р?атыл?ан, кептірілген с?т деген ма?ынаны береді. Пісіліп майы алын?ан айранды ?айнатып кенеп дорбада с?зіп алып т?здап ?реде кептіріп са?тайтын та?ам т?рі. /??рт/
10 саны. Аса к?делі дастар?ан д?мі. Ол ?ыста ?атпайтын, жазда б?зылмайтын ?те д?мді та?ам. О?ан ??мшекер, ?нта?тал?ан ірімшік, м?йіз салып араластырады. /Жент/

1- ж?ргізуші:       Келе жат?ан ?зілмей бабасынан,

                              ?аза? ?шін ?ымбат жо? баласынан!

                              ?лі талай шы?ады на?ыз шара

                               Бал?ын биші ?ыздарды? арасынан-

деп, Санду?аш пен Зарина атты бишілерімізді кеш т?ріне ша?ырамыз, ?ол со?ып ??рметтейік а?айын.

2-ж?ргізуші: Хал?ымыз ?аншама ?ысылтая? кезде де ?она?жайлы? д?ст?рін б?зба?ан ел. ?адірлі ?она?ы келгенде астында?ы жал?ыз атын сойып тастап, но?та-ж?генін ?стап ?ала беретін м?рттік, жомартты? ?аза?та ?ана болса керек. Соны? бірі сыйлы ?она? келгенде ?ой сою мен таба? тарту д?ст?рі.

?лы ?аламгер М. ?уезовты? айтуына с?йенсек, сыйлы ?она??а ?ойды? басын тарту ?лемде екі-а? ?лтта бар екен. Бірі ?аза? та, екіншісі Африкада?ы ?лдебір тайпа.  Ал енді ??рметті а?айын біз сіздерге ендігі кезекте Таба? тарту д?ст?рін к?рсетеміз. Таба? тарту р?сімінде е? негізгі т?рт таба? бар. Таба? бас таба?, орта таба?, сый таба?, ая? таба? деп т?ртке б?лінеді. Осы таба?тарды бізге Марина, Жанар, Г?лзат, Ж?лдыз атты мы? б?рал?ан ?ыздарымыз к?рсетеді.

1- ж?ргізуші:  ??йры? бауыр Жегізген р?сім  (??далар?а ??йры? бауыр ?келіп жегізілед.) Б?л ??далы?  д?ст?р р?сімі бол?анмен ?лт салт-д?ст?рінде орны б?лек жай. Екі жа? ??да бол?ан жа?дайда олар?а «??йры?-бауыр» арнаулы сый ?келеді. ?келуші ?йел «бауырдай жа?ын, ??йры?тай т?тті болы?дар»деп тілек білдіреді. Одан барлы? ??далар ауыз тиеді. ??йры?- бауыр ?аза? д?ст?рінде ??да болуды? за?ды белгісі-??жат болып бекітілген.

?н ??йры?-бауыр: Жорабекова Р.Т. ж?не Алдабергенова З.А.

    ??да, ??да дейсі?-ау, ?й,
  ??йры?-бауыр жейсі?-ау, ?й.
  ??йры?-бауыр жемесе?,
  Несіне ??да дейсі?-ау, ?й.
  ?лкен ??да, бас ??да,
  Кіші ??да жас ??да.
  ??йры?-бауыр ?келдім,
  Ауызы?ды аш, ??да.
  
  ?лкен ??да арда?ты-ай,
  Кіші ??да салма?ты-ай.
  ??йры?-бауыр асатсам,
  Тістеп алма барма?ты-ай.
  ?лкен ??да ?некей-ау,
  Кіші ??да мінекей-ау.
  ??йры? бауыр асаттым,
  К?делері? к?некей-ау!

2-ж?ргізуші:  Би: ?аза? биі 8 «Б» сынып о?ушылары

2-ж?ргізуші: Киіт (д?стур). «??далы? белгісі-киіт, ?оныс белгісі- бейіт» (ма?ал). ??далы?ты? негізгі белгісі – киіт ж?не оларды? арасында ж?ретін, со?ан лайы?тал?ан сый – сияпат, мал, киім, м?лік. Ол ??далар д?режесіне, д?улетіне байланысты ?рт?рлі болып келеді. Мысалы, б?рын ??ндыз жа?алы тон, ?ас?ыр ішік, кілем та?ы бас?а ?ымбат б?йымдар, киімдер мен заттар, ж?здеген мал (жыл?ы, т?йе,?ой)берілген. Жо?арыда айтыл?ан Байса?ал ??даларына «?здері? ж?з болып келмей елу болып келген екенсі?дер» деп ?р?айсысынат?йеден 50, аттан 50, тай т?я? жамбыдан 50, сиырдан 50, ?ойдан 50, ешкіден 50, а? терілерінен 50 киіт берген (М.Ж.К?пеев).
     ?азіргі кезде «?алы? мал» т?ленбесе де, оны? киіт кигізу сия?ты д?ст?рлері, бас?а да жол-жорал?ылары жасалып ж?р. ( Осы кезде ??далар?а киіт кигізіледі)

1-ж?ргізуші: Ал ??рметті ??далар мен тойшы ?ауым сіздерден бата с?раймыз. (Бата беріледі)

2 - ж?ргізуші:
??рметті о?ушылар, б?гінгі бізді? саба?ымызды? ма?саты - заман ?згерсе де ?лтты? салт - д?ст?рімізді? к?нермейтіндігін еске салып, ?лтты? м?раны ?айта жа??ырту. Б?гінгі т?рбие са?атымызда ?здері?із ку? бол?ан д?ст?рлерді к?кейлері?ізге то?ып, саналары?ыз?а сі?іріп алса?ыздар арты? болмас.
«То?сан ауыз с?зді? тобы?тай т?йіні бар»демекші, салтын с?йген ?рбір жас ?рпа? болаша?та хал?ын с?йетін, еліне адал ?ызмет ететін, тіліні?, салт - д?ст?ріні? жанашыры болатынды?ына сенімдімін.
Елімізді? жар?ын болаша?ы сіздерді? ?олдары?ызда, ??рметті о?ушылар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: Салт - д?ст?рім – таусылмайтын байлы?ым. »

Тақырыбы: Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым.
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Көрнекілігі: интер активті тақта, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, видеороликтер, т.б.

Барысы:

1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткізіліп отырған « Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші қазақ тілінде: Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.

1-жүргізуші орыс тілінде: Традиции наших предков тесно связаны с жизнью народа! Со временем меняется жизнь и общество. Так же меняются и обновляются традиции!

2-жүргізуші қазақ тілінде: Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.


2 - жүргізуші: Ал құрметті ағайын бүгінгі кешімізде сіздерге қазақ халқының тойында өткізілетін салттарды көрсетумен дәріптейміз.

1 - жүргізуші:

Біздер бұрын көрмеген

Салт- дәстүрің өлмеген.

Үйренеміз дәріптеп,

Заманымда өрлеген.

Қазақ халқының тарихынан жалғасын тауып келе жатқан сыңсу дәстүрі. Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыз тетелес сіңлілері немесе жас жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсу өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады.

Қазақ халқының тарихынан жалғасын тауып келе жатқан сыңсу атты көрінісімізді көрсетуге ұрықсат етіңіздер.

Көрініс: Сыңсу видеоролик (оқушылар түсірген)

2 - жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Қазақ өте қонақжай халық. Қазақ құдаларын құдайындай сыйлаған. Құда мыңжылдық, күйеу жүз жылдық деген. Құда шақыру дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Біз, сіздерге құда күту рәсімін көрсетеміз.

Слайд: Құда күту рәсімі.

1-жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді құдалар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.

( Жанар шашу шашады, Гүлзат ұн жағады)

2-жүргізуші: Құдаларға арналған ән-шашуымызды тамашалаңыздар. Ән орындайтын: Жанар Оспанова

1-жүргізуші:
Ұлттық ойын «Асық ойнау». Ойынын қалай ойналатындығы жайлы бізге Бейбарыс көрсетіп, түсіндіреді.

2 - жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Бұл ойын ұлттық тағамдармен байланысты болмақ. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез - келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен.?

1саны. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта )
2 саны. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
3саны. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
4 саны. Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
5 саны. Қазы, қарта, жая ненің еті? (жылқы еті)
6 саны. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық тағам. /Айран./
7 саны. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын/ Қуырдақ./
8 саны. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./
9 саны. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/
10 саны. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/

1- жүргізуші: Келе жатқан үзілмей бабасынан,

Қазақ үшін қымбат жоқ баласынан!

Әлі талай шығады нағыз шара

Балғын биші Қыздардың арасынан-

деп, Сандуғаш пен Зарина атты бишілерімізді кеш төріне шақырамыз, қол соғып құрметтейік ағайын.

2-жүргізуші: Халқымыз қаншама қысылтаяң кезде де қонақжайлық дәстүрін бұзбаған ел. Қадірлі қонағы келгенде астындағы жалғыз атын сойып тастап, ноқта-жүгенін ұстап қала беретін мәрттік, жомарттық қазақта ғана болса керек. Соның бірі сыйлы қонақ келгенде қой сою мен табақ тарту дәстүрі.

Ұлы қаламгер М. Әуезовтың айтуына сүйенсек, сыйлы қонаққа қойдың басын тарту әлемде екі-ақ ұлтта бар екен. Бірі қазақ та, екіншісі Африкадағы әлдебір тайпа. Ал енді құрметті ағайын біз сіздерге ендігі кезекте Табақ тарту дәстүрін көрсетеміз. Табақ тарту рәсімінде ең негізгі төрт табақ бар. Табақ бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөлінеді. Осы табақтарды бізге Марина, Жанар, Гүлзат, Жұлдыз атты мың бұралған қыздарымыз көрсетеді.

1- жүргізуші: Құйрық бауыр Жегізген рәсім (құдаларға құйрық бауыр әкеліп жегізілед.) Бұл құдалық  дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт-дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ құда болған жағдайда оларға «құйрық-бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар»деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді . Құйрық- бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі-құжат болып бекітілген.

Ән құйрық-бауыр: Жорабекова Р.Т. және Алдабергенова З.А.

Құда, құда дейсің-ау, әй,
  Құйрық-бауыр жейсің-ау, әй.
  Құйрық-бауыр жемесең,
  Несіне құда дейсің-ау, әй.
  Үлкен құда, бас құда,
  Кіші құда жас құда.
  Құйрық-бауыр әкелдім,
  Ауызыңды аш, құда.
  
  Үлкен құда ардақты-ай,
  Кіші құда салмақты-ай.
  Құйрық-бауыр асатсам,
  Тістеп алма бармақты-ай.
  Үлкен құда әнекей-ау,
  Кіші құда мінекей-ау.
  Құйрық бауыр асаттым,
  Кәделерің кәнекей-ау!

2-жүргізуші: Би: қазақ биі 8 «Б» сынып оқушылары

2-жүргізуші: Киіт (дәстур). «Құдалық белгісі-киіт, қоныс белгісі- бейіт» (мақал). Құдалықтың негізгі белгісі – киіт және олардың арасында жүретін, соған лайықталған сый – сияпат, мал, киім, мүлік. Ол құдалар дәрежесіне, дәулетіне байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем тағы басқа қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе,қой)берілген. Жоғарыда айтылған Байсақал құдаларына «өздерің жүз болып келмей елу болып келген екенсіңдер» деп әрқайсысынатүйеден 50, аттан 50, тай тұяқ жамбыдан 50, сиырдан 50, қойдан 50, ешкіден 50, аң терілерінен 50 киіт берген (М.Ж .Көпеев).
     Қазіргі кезде «қалың мал» төленбесе де, оның киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жол-жоралғылары жасалып жүр. ( Осы кезде құдаларға киіт кигізіледі)

1-жүргізуші: Ал құрметті құдалар мен тойшы қауым сіздерден бата сұраймыз. (Бата беріледі)

2 - жүргізуші:
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
: Салт - д?ст?рім – таусылмайтын байлы?ым.

Автор: Жорабекова Раушан, Сыздыкова Алия, Байсунова Алия, Алдабергенова Зухра

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 193692


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства