kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жапырақ" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

6 сынып биологиясында "Жапырақ" тақырыбында ашық сабақ үлгісі ұсынылуда. Сабақ барыснда көрнекіліктер қолданылып, әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылады. 

Тақырыптың көлемді болуына орай  нақышына келтіріп жоспар құрылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жапырақ" ашық сабақ»

Сабақ№____ күні_________ пән_________________ сынып_____

Сабақтың тақырыбы: §16. Жапырақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жапырақ құрылысы, түрлері, жүйкеленуі туралы жалпы түсінік беру

Дамытушылық: Жапырақтардың жай және күрделі түрлерін таныстыра отырып білімдерін кеңейту

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: баяндау, иллюстрация, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: ботаника, агрономия, өсімдік физиологиясы

Сабақтың көрнекілігі: кітап, бор, кітап суреттері, қосымша көрнекіліктер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 51 беттегі «Біліміңді тексерді» дәптерден оқып тексеру.

Біліміңді тексер. Мына өсімдіктерде жер асты өркендердің қайсысы бар екендігін анықтап тұсына әр өркеннің бас әрпін қойыңдар:

«ТС»-тамырсабақ; «Т»-түйнек; «П»-пиязшық

  1. Картоп – Т

  2. Қызғалдақ – П

  3. Шыршай –

  4. Сарымсақ – П

  5. Жералмұрт – Т

  6. Құртқашаш – ТС

  7. Қазжуа – П

  8. Лалагүл – П

  9. Бидайық – ТС

  10. Қамыс


Фронталды түрде сұрақ қою арқылы білімдерін тексеру:

  1. Өсімдіктер неліктен түрін өзгертеді?

  2. Түрі өзгерген жер үсті сабақтардың түрлері?

  3. Түрі өзгерген жер үсті сабақтарға жататын өсімдіктерді атаңыз?

  4. Сояу неліктен түрін өзгертті?

  5. Шырынды жер үсті сабақтарға қандай өсімдіктер жатады?

  6. Түрін өзгерткен жер асты өркендердің түрлерін атаңдар?

  7. Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығын 3 кесте бойынша айтыңыздар? Басты айырмашылығы не?

  8. Тамырсабақ аталуы неден?

  9. Тамырсабақтың түрлері?

  10. Түйнекті жер асты өркендерге жататын өсімдіктерді атаңыз?

  11. Түйнектің құрылысы қандай?

  12. Түйнек пен тамырдың айырмашылығын 4 кесте бойынша айтыңыздар? Басты айырмашылығы неде?

  13. Пиязшықты өркенге жататын өсімдіктерді атаңдар?

  14. Пиязшықтың құрылысы?

  15. Пиязшықты өркенге жатқызатын себептер?






Жаңа сабақ:


Жапырақ – өсімдіктің өсу мүшесі. Қызметі:

  1. Ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзу (фотосинтез)

  2. Жасушадағы артық суды буландыру

  3. Газ алмастыру

  4. Органикалық заттарды қорға жинау

  5. Көбеюге қатысу

Өркен мен жапырақ бірге дамиды.

Жапырақтың сыртқы құрылысы.

Жапырақ тақтадан (алақаны) және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген(жалпақ) бөлімі – тақтасы, сабаққа бектінетін жіңішке бөлігі: сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ дейді/23сурет, қосымша сурет/. Жапырақ тақтасында:

  • Фотосинтез

  • Газ алмасу

  • Су булану

  • Органткалық заттарды қорға жинау процестері жүреді.

Жапырақ сағағының түбінде орналасқан әр түрлі пішінді майда жапырақшаларды бөбешік жапырақша дейді. Жапырақ тақтасының негізі ұзарып, өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Оны қынап дейді.

Қынапты жапырақтар:

  • Бидайда

  • Жүгеріде

  • Қамыста

  • Балдырғанда

  • Күріште.

Жапырақ тақтасының құрылысы.

Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пәшәндері әр түрлі:

А) қарағай, шырша – ине тәрізді

Б) бидай, қарабидай, жүгері, арпа – таспа тәрізді

В) жөке, гүлшетен – жүрек пішінді

Г) құсықшөп – бүйрек тәрізді

Д)шырмауық жебе тәрізді/24, қосымша суреттер/

Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы. Жапырақ ағаштың бір жылдық өркенінде түзіледі. Өсуі 30-40 күнге созылады. Жапырақтың тіршілік ету мерзімі бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады.

А) қарағай қалқаны 2-4 жыл

Б) кавказ самырсыны – 9-13 жыл

В)тиса қылқаны – 6-10 жыл

Г) шыршада – 5-12жыл

Д) тозды емен – 1-2жыл

Е) қара жидек – 1-4жыл


Жай және күрделі жапырақтар. Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді (Мысылы, терек, қарағаш, қайың, жөке ағашы). Бір сағақта 2, одан да көп майда жапырақтар болса күрделі жапырақ дейді. Жапырақтарының орналасуына қарай:

- үш құлақты күрделі сағаында 3 жапырақша болады. Мысалы, беде, соя

- саусақ салалы күрделі сағақта 5-7 жапырақтар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады. Мысалы, атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора

- қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар сағақты бойлай орналасып құстың қауырсыны тәрізді орналасады:

А) тақ қауырсынды итмұрын, шетен./25с, қосымша суреттер/

Б) жұп қауырсынды асбұршақ, сары қараған.

Жапырақтың жүйкеленуі. Жүйкелену – деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады. Жүйкелену:

  • қауырсын тәрізді торлы жүйкелену

  • саусақ салалы жүйкелену

  • параллель (қатрлас) жүйкелену

  • доғалы жүйкелену/26сурет/

Жапырақтардың сабаққа орналасуы. Бекінудің 3 түрі бар:

  • кезектесе

  • қарама-қарсы – үйеңкі, гүлшетен

  • таптана орналасқан – сарыағаш, қарғакөз./27, қосымша суреттер/

Бекіту сұрақтары:

  1. Жапырақ қандай мүше?

  2. Жапырақтың негізгі қызметтері қандай?

  3. Жүйкелену дегеніміз не?

  4. Жапырақтың сабақта бекіну ерекшелігі?

Үйге тапсырам: 1. §16. Оқу, конспектілеу

2. 24,26,27 суреттерді салу


Бағалау.




























  1. Құртқашаш – ТС

  2. Қазжуа – П

  3. Лалагүл – П

  4. Бидайық – ТС

  5. Қамыс

  1. -


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Жапырақ" ашық сабақ

Автор: Кадирова Анар Нурмухамбетовна

Дата: 04.12.2016

Номер свидетельства: 365471

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ашы? саба? "1-ден 20-?а дейін санау" "
    ["seo_title"] => string(38) "ashyk-sabak-1-dien-20-g-a-dieiin-sanau"
    ["file_id"] => string(6) "205462"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429893244"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ашы? саба? "Квилинг ?нері" "
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk-sabak-kvilingh-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "194205"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427735733"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашық сабақ "Бөлме өсімдіктері""
    ["seo_title"] => string(31) "ashyk_sabak_bolmie_osimdiktieri"
    ["file_id"] => string(6) "411227"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493027894"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашық сабақ "Жж дыбысы мен әрпі""
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk_sabak_zhzh_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "385938"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485850833"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашық сабақ.1 - 20 дейінгі сандар."
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk_sabak_1_20_dieiinghi_sandar"
    ["file_id"] => string(6) "403004"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490366042"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства