Бүршіктердің сыртын қоңырқай түсті қатты қабыршақтар қаптайды.
Бүршіктің ішкі, нәзік бөліктерін сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
Түрі өзгерген жер асты өркендер бойынша қорытындылау.
III.Жаңа материалмен таныстыру.
А)Жаңа материалды үйренуге дайындық.
Ой қозғау. Жапыраққа зор мән беріп қаралық,
Жапырақ тұр күн нұрынан нәр алып,
Жапырақтан бөлінетін оттегі,
Тазартады ауамызға таралып.
Балалар, бұл өлең шумағынан жапырақтың маңызды қасиеті туралы айтылып отырғанын біліп тұрмыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбыда жапырақтың құрылысы, түрлері, пішіндері және олардың тіршілік үшін маңызы туралы айтамыз. Жапырақтардың құрылысы жиегіндегі иректері әртүрлі болатынын байқаған боласыңдар. Жапырақ алақандарының пішіндеріде түрліше болып келеді. Өсімдік түрлеріне қарай жүрек, бүйрек, ромб, жебе, қылқан жапырақты болып бөлінеді.
Ә)Зертханалық жұмыс. Жапырақтың ішкі және сыртқы құрылысы.
Бөлме өсімдігін жапырағынан препарат жасап, микроскоппен қарау.
Кеппешөптерді зерттеп білу.
Жабын ұлпаны, ондағы мөлдір және хлоропластары бар жасушаларды табу. Олардың маңызын білу.
Жапырақ алақандарының пішіндерін қарау.
Жапырақтың сабақта орналасуы.
Жапырақ алақаны пішіні
Жүйкеленуі
Жапырақтың сабақта орналасуы
Жебе тәрізді
Бүйрек тәрізді
Қылқан жапырақ
Ромб тәрізді
Тор жүйкелі
Қатар жүйкелі
Доға жүйкелі
Сағақты
Сағақсыз
Жапырақ өңіндегі жасушалар қоршауындағы лепестік суретін салу.
Б) Топтық тапсырмаларды ұйымдастыру. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
1топқа- «Сұрақ-жауап» тапсырмасы.
Жапырақтың құрылысы қандай?
Жапырақтың қандай түрлері бар?
Жапырақта қандай ұлпалар болады?
Жүйкелердің қандай маңызы бар?
Фотосинтез деген не?
Фотосинтездің негізін салған қай ғалым?
2-топқа биологиялық диктант.
Егер жапырақтың бір ғана алақаны болса, ........... , сағақта бірнеше жапырақ болса, .......... деп аталады. Өсімдіктер жапырақтарының пішініне қарай ......., ......., ........, .........., .........., болып бөлінеді. Өң қабаты жапырақты ............. сақтайды. Фотосинтез процесі кезінде ..... түзіледі.
3-топқа- баламалы сұрақтары бар тест.
Жапырақтардың түтікше өткізгіш шоғын қалай атайды?
А) Сүрек. В) Тін. С) Жүйке. Д) Талшықтар.
2.Жапырақтың түсуінің себебі неде?
А) Температураның төмендеуі және күннің қысқаруы.
В) Топырақ құрамының өзгеруі.
С) Температураның төмендеуі және күннің ұзаруы.
Д) Температураның жоғарлауы.
3. Күзгі жапырақтардың қызаруы және сарғайуы қандай пластидтердің болуына байланысты?