Ма?саты: Мектеп пен отбасы арасында?ы ?арым-?атынасты ны?айту жолдарын
к?рсету.
Міндеті: ?арым-?атынасты ны?айту ?діс-т?сілдерімен, тренингтік жатты?улармен ж?не мектеп пен отбасы ынтыма?тасты?ыны? тиімді жолдары ережесімен таныстыру;
Барысы:
Отбасы - адам ?шін е? жа?ын ?леуметтік орта. Отбасы белгілі д?ст?рлерді?, жа?ымды ?негелерді?, м?ралар мен салт-д?ст?рлерді? са?таулысы. Отбасында бала ал?аш рет ?мірмен, корша?ан ортамен танысып, мінез-??лы? нормаларын игереді. Отбасы баланы?, азамат болып ?суіні? негізі болып табылады.
Отбасыны? басты ?ызметі - бала т?рбиелеу. Отбасы т?рбиесі - б?л жалпы т?рбиені? е? басты бір б?лігі. Ата-ана ж?не отбасы м?шелері жас н?ресте д?ниеге келген к?ннен бастап, оны? ?міріне ?ам?орлы? жасап, болаша?ын жоспарлайды ж?не саналы азамат болып ?суі ?шін ?ажет жа?дай жасайды. Б??ан баланы? ?ажеттілігі толы? ?ана?аттандыру, оны дене ж?не ой-е?бегіне ?йрету, к?н т?ртібін д?рыс реттеуге, салауатты ?мір с?руге, адал болу?а т?рбиелеу, жа?сылы?ты ?йренуге, жаманды?тан жиренуге ?йрету, бойында жастайынан м?дени ??ндылы?тар мен адамгершілік ?асиеттерді ?алыптастыру жатады.
?азіргі отбасыны? басты ?ызметтері мен міндеттеріне то?талайы?.
Басты ?ызметтері:
т?рбиелік;
сауы?тыру;
рухани-адамгершілік;
танымды?-білімдік;
т?рмысты?;
е?бек;
м?дени-а?артушылы?;
демалыс-шы?армашылы?;
т?л?аны? ?зіндік т?жірибені ынталандырушы;
?ор?ау.
Басты міндеттері:
баланы ?йлесімді дамыту;
бала денсаулы?ына ?ам?орлы? жасау;
о?уына к?мек к?рсету;
е?бек т?рбиесін ж?зеге асыру ж?не маманды? та?дау?а к?мектесу;
Отбасы бала т?й-т?й басып ж?ре баста?ан кезден-а? оны жина?ылы??а, тілал?ьшты??а, е?бекке, м??ияттылы??а, жауапкершілікке, ?дептілікке ?йретеді. Отбасы баланы? к?н т?ртібін ??руда ?з отбасыны? ?й жа?дайын, баланы? денсаулы?ын, д?рігер, т?рбиеші не м??алімдер ке?есін, мектеп пен отбасы талаптарыны? бірлігін есепке ал?аны д?рыс.
Бала толы??анды отбасы м?шесі, сонды?тан оны? отбасында?ы ?зіні? міндеттері мен борышын адал ат?аруы о?ан да, отбасы м?шелеріне де ?уаньш сезімін сыйлайды. Ол ?шін отбасы м?шелері бала е?бегіне арты? салма? т?сірмей не же?іл-желпі ?арамай, парасатты ж?не ?ділетті бол?андары абзал. Я?ни, о?удан келген со? демалуын, о?уын пайдалы е?бекпен ?штастырып отыруын ба?ылап, д?рыс ба?ыт-ба?дар беріп отырулары керек. Отбасы м?шелері баланы т?рлі іс-?рекеттерге ж?не ?з бетімен е?бек етуге ?йретулері ?ажет.
п жетекшіні? отбасын аралауы б?гінгі к?нге дейін ата-аналармен жа?ымды формаларыны? бірі болып келсе, ?азіргі кезде кейбір педагог-?алымдарды? пікірінше б?л екі жа?ты талас м?селе. ?йткені, ж?мысты? б?л формасы туралы с?з бол?анда ол отбасыны? жеке басына ?ол с??у болмай ма деген пікірлер кездеседі. Сонды?тан ж?мысты? осы формасын сынып жетекшісі на?ты жа?дай?а, сол отбасыны? ерекшелігін жа?сылап біліп, ойланып барып жаса?аны ж?н:
a. отбасына ескертпей келмеу;
b. отбасында 5-10 минуттан арты? отырмау;
c. отбасына келгенде ??гімені табалдыры?та т?рып немесе сырт киіммен т?рып бастамау, егер ата-ана ?обалжып ?здері айтпаса, ?деппен ?ана ?зі?із ?сыны?ыз.
d. ??гімені ?кімшілік-?міршілдік сы?аймен ж?ргізуге болмайды;
e. ата-ананы ?йретпе?із, тек ке?ес бері?із;
f. негізінде ??гімені баланы? к?зінше о?ан да ата-ана?а да ?зі?ізге де ?олайсыз болмайтындай стильді та?дап алып ж?ргізгені?із д?рыс болма?.
g. сонымен ?атар ата-ана?а т?рбие м?селесін тал?ылау?а ша?ыр?ан ?а?азбен бірге сол м?селеге ?атысты жаднама жазып жіберу тиімді болма?.
Сынып жетекшісі отбасыны? салыстырмалы т?рде т?рбиені? т?йы? институты екенін, ал ата-аналарды? т?рбиелік к?ш-?уаты мен м?мкіндігіні? ?р т?рлі де?гейде болатынын ескеруі тиіс.
Сонды?тан ата-аналармен ж?мыста да т?рлі амалдар мен формаларды саралап ?олдану керек. Ата-аналармен ж?мыс т?рлері болады: д?ст?рлі ж?не д?ст?рлі емес.
Та?та?а:
д?ст?рлі д?ст?рлі емес
?андай ж?мыс т?рі тиімді? ?рине д?ст?рлі емес ж?мыс т?рі тиімді. Олар. Ба?ылау, лекторийлер, консилиумдар, сауалнамалар, тренингтер ж?не т.б.
Осындай бір тренинг ?ткізу ?шін с?з мектеп психологына беріледі (тренинг ?ткізеді).
Топ?а б?лу.
Семинарымызды? екінші б?ліміне кірісу ?шін 3 топ?а б?лінеміз. Бірінші топ – эксперттер тобы. Б?л топ?а т?жірибелі ?стаздар кіреді. ?ал?ан екі топ – ж?мыс тобы.
?ал?ан ?стаздарды 2 топ?а б?лу ?шін келесі ойын ?ткіземіз. (ту?ан к?ндері бойынша 2 топ?а б?леміз).
Эксперттер тобына тапсырма беру: Мектеп пен отбасы ынтыма?тасты?ыны? тиімді жолдары ережесі.
Жа?даяттар.
Бірінші жа?даят. Ата-ана р?ліндегі топ?а: Сынып жетекшісі сізді? бала?ыз?а ?те ренжулі, ашулы. Саба?та отырмайды немесе тентек болады, саба? о?ымай келген деген сия?ты с?здер айтты. Сізді? ата-ана ретінде ?рекеті?із.
Бірінші жа?даят. Сынып жетекші р?ліндегі топ?а. Ата-ана сізге келіп саба? беретін п?н иесіне ша?ымданды. Сізді? ?рекеті?із?
Екінші жа?даят. 1-топ - Сынып жетекші р?ліндегі топ?а.: Баласы саба?тан ?ашып ж?ретін ата-ана: “Мені? ?лым саба?тан неге ?ашады, п?н м??алімі кім, саба?та ?ызы?тыру ?шін неге ж?мыс істемейді, мектептен сапалы білім алу?а жібердім. Б?л ?алай?” Сіз осы м?селеге ?андай шешім табасыз?
Просмотр содержимого документа
«вне классный урок»
Тақырыбы: Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Мақсаты: Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын
көрсету.
Міндеті: Қарым-қатынасты нығайту әдіс-тәсілдерімен, тренингтік жаттығулармен және мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тиімді жолдары ережесімен таныстыру;
Барысы:
Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
• Отбасы - сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналарының білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасының әлеуметтік-экономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық параметрі өмір сүру жағдайымен, баспананың жабдықталуымен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады. Демографиялық параметрі отбасы құрылымымен анықталады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше.
Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық.
Басты қызметтері:
тәрбиелік;
сауықтыру;
рухани-адамгершілік;
танымдық-білімдік;
тұрмыстық;
еңбек;
мәдени-ағартушылық;
демалыс-шығармашылық;
тұлғаның өзіндік тәжірибені ынталандырушы;
қорғау.
Басты міндеттері:
баланы үйлесімді дамыту;
бала денсаулығына қамқорлық жасау;
оқуына көмек көрсету;
еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;
тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;
ізгі, эмоционалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;
жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;
қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;
өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау;
жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.
Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар. Олар:
отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қатынасы, жайлылығы);
отбасы өмірінің күн тәртібі;
әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың).
Отбасы бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезден-ақ оны жинақылыққа, тілалғьштыққа, еңбекке, мұқияттылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке үйретеді. Отбасы баланың күн тәртібін құруда өз отбасының үй жағдайын, баланың денсаулығын, дәрігер, тәрбиеші не мұғалімдер кеңесін, мектеп пен отбасы талаптарының бірлігін есепке алғаны дұрыс.
Бала толыққанды отбасы мүшесі, сондықтан оның отбасындағы өзінің міндеттері мен борышын адал атқаруы оған да, отбасы мүшелеріне де қуаньш сезімін сыйлайды. Ол үшін отбасы мүшелері бала еңбегіне артық салмақ түсірмей не жеңіл-желпі қарамай, парасатты және әділетті болғандары абзал. Яғни, оқудан келген соң демалуын, оқуын пайдалы еңбекпен ұштастырып отыруын бақылап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырулары керек. Отбасы мүшелері баланы түрлі іс-әрекеттерге және өз бетімен еңбек етуге үйретулері қажет.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог-ғалымдар С.Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, Е.Ұзақбаева, К.Қожахметова Р.М.Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жакты сөз болған. Ж.Б.Қоянбаев "Семья және балалар мен жеткіншіктер тәрбиесі" атты еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын қажеттік-шаруашылық функциясын, отбасьның тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандармен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді.
Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің бірқалыпты жағдайда іске асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуьның басты себебі - ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді.
1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы: бірбалалы, көпбалалы отбасы, бірұлттық, көпұлттық отбасы;
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы;
3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер.
4. Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттерінің көзқарасы;
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
6. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналарының және мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жүртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:
ақпараттық;
тәрбиелік-дамытушылық;
қалыптастырушылық;
қорғау-сауықтырушылық;
бақылаушылық;
тұрмыстық.
Аталған өзара әрекеттің міндеттері
ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары
отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу;
отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;
олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.
Отбасын зерттеу педагогқа не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педагогқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен оның күш куатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық- психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.
Сынып жетекшісі отбасын зерттеуде төмендегідей ережелерді сақтағаны дұрысс:
– Ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс.
– Зерттеу мақсатты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болуы қажет.
– Зерттеу әдістері тәрбие әдістерімен өзара байланысты болуы шарт.
– Психодогиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолдануы керек.
– Отбасын зерттеуде педагог төмендегі мәліметтерге басты көңіл аударулары тиіс:
1. Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік – материалдық, тұрмыстық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет.
2. Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі.
3. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері.
Педагогтың ата-анамен жұмысын төмендегі сызбадан көруге болады.
Мектеп практикасында ата-аналармен жұмыстың көпшілік, топтық және жеке формалары бар.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы оның ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші орта факторларының маңызды кешенін туғызады. Жалпы ата-аналарды 3 топқа бөлуге болады. (слайд)
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынп жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған. Олар:
1 қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-аналармен танысады және өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының юоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:
- балалар мен олардың ата-анасының шығармашылығының күні;
- мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдатыруға көмек көрсету;
- шефтік көмек;
- ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы.
2 қызметі. Ата –аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:
- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
- ата-аналар университеттері;
- қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері: дарынды балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады;
- сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.
- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;
- тренингтер,
- ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру және оқырмандар конференциясын өткізу.
3 қызметі. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту. Оның формалары:
a. сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер);
b. жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруғаата-аналарды қатыстыру (түлектер кегтері, туристердіің мектептік слеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу және т.б.)
c. республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;
d. оқырмандар конференциясы;
e. отбасылық ойын байқаулары.
4 қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық, педагогикалық көмектер мен кеңестер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжіңдер нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу керек.
5 қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамды ұйымдарымен өзара әрекет ету.
Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымдарына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты болатынын ұмытпау керек. Сынып жетекшінің отбасын аралауы бүгінгі күнге дейін ата-аналармен жағымды формаларының бірі болып келсе, қазіргі кезде кейбір педагог-ғалымдардың пікірінше бұл екі жақты талас мәселе. өйткені, жұмыстың бұл формасы туралы сөз болғанда ол отбасының жеке басына қол сұғу болмай ма деген пікірлер кездеседі. Сондықтан жұмыстың осы формасын сынып жетекшісі нақты жағдайға, сол отбасының ерекшелігін жақсылап біліп, ойланып барып жасағаны жөн:
a. отбасына ескертпей келмеу;
b. отбасында 5-10 минуттан артық отырмау;
c. отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен тұрып бастамау, егер ата-ана қобалжып өздері айтпаса, әдеппен ғана өзіңіз ұсыныңыз.
d. әңгімені әкімшілік-әміршілдік сыңаймен жүргізуге болмайды;
e. ата-ананы үйретпеңіз, тек кеңес беріңіз;
f. негізінде әңгімені баланың көзінше оған да ата-анаға да өзіңізге де қолайсыз болмайтындай стильді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс болмақ.
g. сонымен қатар ата-анаға тәрбие мәселесін талқылауға шақырған қағазбен бірге сол мәселеге қатысты жаднама жазып жіберу тиімді болмақ.
Сынып жетекшісі отбасының салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты екенін, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс.
Сондықтан ата-аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен формаларды саралап қолдану керек. Ата-аналармен жұмыс түрлері болады: дәстүрлі және дәстүрлі емес.
Тақтаға:
дәстүрлі дәстүрлі емес
Қандай жұмыс түрі тиімді? Әрине дәстүрлі емес жұмыс түрі тиімді. Олар. Бақылау, лекторийлер, консилиумдар, сауалнамалар, тренингтер және т.б.
Осындай бір тренинг өткізу үшін сөз мектеп психологына беріледі (тренинг өткізеді).
Топқа бөлу.
Семинарымыздың екінші бөліміне кірісу үшін 3 топқа бөлінеміз. Бірінші топ – эксперттер тобы. Бұл топқа тәжірибелі ұстаздар кіреді. Қалған екі топ – жұмыс тобы.
Қалған ұстаздарды 2 топқа бөлу үшін келесі ойын өткіземіз. (туған күндері бойынша 2 топқа бөлеміз).
Эксперттер тобына тапсырма беру: Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тиімді жолдары ережесі.
Жағдаяттар.
Бірінші жағдаят. Ата-ана рөліндегі топқа: Сынып жетекшісі сіздің балаңызға өте ренжулі, ашулы. Сабақта отырмайды немесе тентек болады, сабақ оқымай келген деген сияқты сөздер айтты. Сіздің ата-ана ретінде әрекетіңіз.
Бірінші жағдаят. Сынып жетекші рөліндегі топқа. Ата-ана сізге келіп сабақ беретін пән иесіне шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?
Екінші жағдаят. 1-топ - Сынып жетекші рөліндегі топқа.: Баласы сабақтан қашып жүретін ата-ана: “Менің ұлым сабақтан неге қашады, пән мұғалімі кім, сабақта қызықтыру үшін неге жұмыс істемейді, мектептен сапалы білім алуға жібердім. Бұл қалай?” Сіз осы мәселеге қандай шешім табасыз?
Екінші жағдаят. 2-топ - Ата-ана рөліндегі топқа: Сіз қонақ қарсылап отырсыз. Сіздің балаңыз қонақтың көзінше балағат сөз айтты. Сіз бұл жағдайда не істейсіз?
“Көпір” жаттығуы.
Проективті әдістеме «Адам» (салған адамның суреті арқылы мінездеме беру)
«Рефлексия».
Берілген жапырақтардан гүл жасау керек. Гүлдің жапырақтарын таңдау керек. (слайд).