kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тыныс алу аурулары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Балаларда?ы тыныс алу ж?йесіні? АФЕ-рі. Тыныс алу ж?йесіні? аурулары.

  • Балаларды? тыныс алу ж?йесіні? АФЕ-рі

  • Ринит аны?тамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі

  • Баспа аны?тамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

  • Созылмалы тонзиллит аны?тамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

  • Жал?ан круп аны?тамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, к?рсетілетін жедел ж?рдем.

Тыныс алу ж?йесіне жо?ар?ы тыныс алу жолдары, т?менгі тыныс алу жолдары ж?не газ алмасу аппараты жатады.          Жо?ар?ы тыныс алу -м?рын, ж?т?ынша?, ке?ірдек.

Т?менгі тыныс алу жолдары-трахея, бронхтар.

Газ алмасу аппараты-?кпе.

Тыныс алу ж?йесіні? аурулары балаларда к?п кездеседі, ол анатомиялы?-физиологиялы? ерекшеліктеріне байланысты:

М?рын. М?рын ке?істігі балаларда жетілмеген ж?не тар. Шырышты ?абаты ?абын?ан кезде ол ісініп, тыныс жолдары тарылып, демалысы нашарлайды, тыныс алуы нашарлап, ему ?абілеті де нашарлайды.

К?з-м?рын каналы ке?, сонды?тан м?рын инфекциясы коньюктива ?апшы?ына жиі ауысып, коньюктивит дамиды.

Ж?т?ынша?-жі?ішке ж?не ?ыс?а.

Евстахиев каналы-?ыс?а ж?не ке?, н?рестелерде ересек балалар?а ?ара?анда горизонтальды орналас?ан ж?не оны? тесігі хоандар?а жа?ын орналас?анды?тан инфекция жиі барабан ке?істігіне ауысады.

К?мекей жо?ары орналас?ан сонды?тан н?рестелер жатып с?йы? тама?ты ж?та береді. Тар бол?анды?тан ?абын?ан кезде стеноз?а (тарылу?а) ?келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тыныс алу аурулары »

Тақырыбы: Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі. Тыныс алу жүйесінің аурулары.

  • Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі

  • Ринит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі

  • Баспа анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

  • Созылмалы тонзиллит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

  • Жалған круп анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, көрсетілетін жедел жәрдем.

Тыныс алу жүйесіне жоғарғы тыныс алу жолдары, төменгі тыныс алу жолдары және газ алмасу аппараты жатады.          Жоғарғы тыныс алу -мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек.

Төменгі тыныс алу жолдары-трахея, бронхтар.

Газ алмасу аппараты-өкпе.

Тыныс алу жүйесінің аурулары балаларда көп кездеседі, ол анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты:

Мұрын. Мұрын кеңістігі балаларда жетілмеген және тар. Шырышты қабаты қабынған кезде ол ісініп, тыныс жолдары тарылып, демалысы нашарлайды, тыныс алуы нашарлап, ему қабілеті де нашарлайды.

Көз-мұрын каналы кең, сондықтан мұрын инфекциясы коньюктива қапшығына жиі ауысып, коньюктивит дамиды.

Жұтқыншақ-жіңішке және қысқа.

Евстахиев каналы-қысқа және кең , нәрестелерде ересек балаларға қарағанда горизонтальды орналасқан және оның тесігі хоандарға жақын орналасқандықтан инфекция жиі барабан кеңістігіне ауысады.

Көмекей жоғары орналасқан сондықтан нәрестелер жатып сұйық тамақты жұта береді. Тар болғандықтан қабынған кезде стенозға (тарылуға) әкеледі.

Кеңірдек үлкендермен салыстырғанда кеңірек келеді. Шеміршектері әлсіз, тыныс алу бұлшықеттерімен жалғасқан. Сондықтан да осы бұлшықеттердің қатты қозғалысының әсерінен сырыл пайда болады, тыныс алуы қиындайды. Көбінесе экспираторлы ентігу дамиды.

Бронхтар-жіңішке және иілгіш. Ерте жастағы балаларда кеңірдектің бронхтарға бөлінетін жерінің бұрышы бірдей, сондықтан бөгде заттар екі жаққа бірдей түседі. Сонымен қатар ерте жастағы балаларда бронхиальды ағаштың тазартылу қызметі толық орындалмайды.

Өкпе-нәрестелерде толығымен жетілмеген. Өкпенің ұлпасы борпылдақ және эластикалық талшықтарға кедей, тамырларға бай. Осыған байланысты ерте жастағы балаларда өкпесі қанға бай және ауалы. Сурфактант жетіспеушілігіне байланысты ателектазға бейім. Сурфактант альвеолалардың ішкі қабатын астарлап жатады және олардың жабыспауын қадағалайды.

Плевра-қан және лимфа тамырларына бай, кең және оңай созылады. Диафрагмасы жоғары орналасқан, сондықтан демалысы беткей болады.

Тыныс алу жиілігі жасына байланысты:

ЖТБ-да минутына 40-60 рет.

1 жасында               35 рет

5 жасында               25 рет

10 жасында             20 рет

15 жасында             16-18 рет

 

Жедел ринит

Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы. Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, механикалық, химиялық, гипертермиялық тітіркендіргіштер. Осы этиологиялық факторлардың әсерінен мұрынның шырышты қабатының ісінуі және гиперсекрециясы дамиды.

Клиникалық көрінісінің 3 кезеңі бар:

1.      Құрғақ ринит, ұзақтығы 1 тәулік.

2.      Серозды бөліністер кезеңі- 2-3 тәулік.

3.       Іріңді бөліністер кезеңі- 3-4 тәулік, кейде бірнеше аптаға созылады.

Үлкен жастағы балаларда мұрнында және  жұтқыншағында құрғақтық сезімі пайда болады. Тыныс алу қиындайды, жас ағу, бас ауыру байқалады, иіс сезуі төмендейді. Жалпы жағдайы нашарлайды.  Тыныс алудың нашарлауы емудің нашарлауына әкеледі. Дұрыс тамақтанбауы ұйқынуының бұзылуына, мазасыздыққа әкеледі. Дене салмағы төмендейді. Дене қызуының көтерілуі бірнеше тәулікке созылады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен шырыштың ағуы  әсіресе түнде жөтелге әкеледі.

Аллергиялық ринитте дене қызуының көтерілуі болмайды. Мұрын бөліндісі іріңді болмайды. Бала түшкіреді, көзінің және мұрнының қышуы болдады.

Емі:

1.                                   Жергілікті ем-вирусқа қарсы майлар (оксалин майы, интерферон, бонафтон).

2.                                   Қан тамырларын тарылтатын препараттар-нафтизин, галазолин.

3.                                   Антисептиктер.

4.                                   Иммуностимуляторлар-тимоген.

5.                                   Күрделі тамшылар-пиносол. 6.Қыша қағазын қолдану.

 

Баспа

Бадамша бездердің қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру. 1 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың бадамша бездері әлі дамып жетілмеген.

Этиологиясы- әр түрлі микробтар.

Клиникалық айқындалуы: Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы 38-390 С-қа көтеріледі, басы ауырады, буындары қақсайды, жұтынғанда тамағы ауырады, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, денесі тітіркенеді, жақасты бездері ісініп, ауырады.

Бадамша бездеріндегі жергілікті өзгерістерге байланысты 3 түрі бар:

1.      Катаральды баспа-бадамша бездерін, таңдайды қан кернеп ісініп кетеді.

2.      Лакунарлы баспа-қан  кернеп ісінген бадамша бездерінің лакуналарында іріңді қабыршықтар пайда болады.

3.      Фолликулярлы баспа-инфекция бадамша безінің тканіне өтіп, оның ішіндегі фолликулаларды іріңдетеді. Іріңдеген фолликулалар сары іріңді нүкте сияқты болып көрініп тұрады. Бұл баспаның ең ауыр түрі.

Емі және күтімі:

1.      Төсек режимі тағайындалады.

2.      Көп мөлшерде сұйықтықтар-компот, малина салынған шай, сүт т.б.

3.      Сағат сайын баланың тамағын ас содасымен, фурациллин ерітіндісімен, түймедағы, эвкалипт, календула қайнатпаларымен  шайдырып тұру керек.

4.      Тамақты булау.

5.      Каметон, ингалипт аэрозольдарын қолдану.

6.      Баланың жасына қарай антибиотиктер, сульфаниламидтер тағайындау.

7.      Дене қызуын басатын дәрілер-амидопирин, парацетамол, аспирин.

Созылмалы тонзиллит

            Бадамша безінің созылмалы қабынуы. Дамуына жиі баспамен ауыру және созылмалы инфекциялық ошақтардың (кариесті тістер, риниттер, синусит, аденоидит) болуы әсер етеді. Микроорганизмдердің токсикалық әсер етуі лимфоидты ұлпаның өсіп дәнекер ұлпаға алмасуына әсер етеді. Нәтижесінде жергілікті иммунитет төмендейді. Ауру бадамша безінің қабынуымен, гипертрофиясымен, кейде атрофиясымен және организмнің улануымен айқындалады. Тонзилогенді улануда бала ашуланшақ, тез шаршағыш, өкпелегіш, жылауық болады. Ұйқысы бұзылады. Сабаққа үлгерімі нашарлайды, тәбеті төмендейді, көзінің асты көгеріңкі болады. Созылмалы тонзилиттің қабынуында баспаны емдейді. Жергілікті және жалпы УФО, УВЧ, электрофорез, аэрозоль колданылады. Бадамша безді Люголь ерітіндісімен, колларголмен өңдеу қажет. Элеутерококк тұнбасы, алоэ экстракты, Фибс, поливитаминдер, темір препараттары тағайындалады. Тонзилэктомия жасалады.

Стеноздаушы ларингит (жалған круп)

Көмейдің шырышты қабатының қабынуы, көбінесе риниттен кейін дамиды. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дауысы ққарлығып шығады, құрғақ «ит үрген жөтел» пайда болады, дене қызуы көтеріледі. 4-5 күннен кейін бала жазылып кетеді. Аллергиялық диатезбен ауыратын балалардың дыбыс желбезектері астының клетчаткасы ісініп, тыныс саңлауы тарылып бітеді. Стеноз көбінесе түнде кенеттен дамиды. Баланың тыныс алуы қиындап, сырылды демалыс пайда болады, еріндері, мұрын-ауыз үшбұрышы көгілдір тартады (цианоз дамиды).

Стеноздың және тыныс алу жетіспеушілігінің айқындалуына байланысты 4 дәрежесі бар:

1-ші дәрежесінде- «ит үрген жөтел», дауыстың қарлығуы, алыстан естілетін тыныс алу бала жылағанда немесе мазасызданғанда пайда болады.

2-ші дәрежесінде- бала мазасызданады, жөтелі жиілейді, ентігу, терлегіштік және мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы айқын.

3-ші дәрежесінде-бала тынымсыз, қорқақ, төсекте мазасыз, терісі бозғылт, ылғалды, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, акроцианоз. Тыныс алуы-шулы. Тыныс алуда қабырғааралық бұлшықеттері қатысады. Пульсының ритмі бұзылған,  жүрек соғысы нашар естіледі.

4-ші дәрежесінде- бала әбден шаршаған,  әлсіз, басын артқа тастап, аузымен ауа қармайды, мойнының бұлшық еттері тартылған. Цианоз кенет дамиды, тырысу пайда болуы мүмкін. Пульстің ритмі ретсіз, жүрек тоны нашар естіледі, тыныс алу тоқтап, жүрек соғысы тоқтайды.

 

Нағыз круп пен жалған круптың (стенозды ларингиттің) ажырату диагностикасы

Белгісі

Нағыз круп

Жалған круп

дауысы

Қарлығып, толық жоғалады

Қарлығуы тұрақсыз

Жөтелі

Құрғақ, «ит ургенге ұқсас», дыбыссыз

Құрғақ, «ит ургенге ұқсас», дыбысы сақтаулы

Бадамша безінде

Сұрғылт, қиын алынатын, алғанда орны қанталайтын қабыршық

Беткей, оңай алынатын іріңді шырыш

Мойын лимфа түйіндері

Екі жақта үлкейген, ауырсынуы әлсіз, теріасты қабатының ісінуі

Үлкейген, қатты ауырсынады, ісіну жоқ, жеке лимфа түйіндері пальпацияланады.

Стеноздың дамуы

Баяу дамиды, тыныс алуы шулы, ентігуге ауысады, өз бетімен басылмайды

Кенет түнде дамиды, өз бетімен басылады.

«Жалған круптағы»/стенозды ларингиттегі/ көрсетілетін жедел жәрдем

1.      Баланыңбасынжоғарысалуыңыз

2.      Қысатынкиімдерденбосатыңыз

3.      Таза ауаменқамтамасуетіңіз

4.      Қышақағазынбалтырғажапсырыңыз,ыстықаяқваннасынжасаңыз/экссудаттыңтөменкетуінебайланыстыісінуіқайтады/

5.      Ингаляция жүргізіңіз/эуфиллин,ассодасы,қақырықтүсіретіндәрілер/ дауысқуысыныңісінуінтөмендетеді.

6.      Бұлшықеткенемесекөктамырға лазикс 1-2мг/кг/1мл-10мг/ енгізіңіз

7.      Эфедрин 0,1мл/жастеріастынанемесебұлшықеткеенгізіңіз. Ауыржағдайдапреднизалонбұлшықеткенемесекөктамырғаенгізіңіз 3-5мг/кг /1мл -30мг/















































өкпе

Өкпе-нәрестелерде толығымен жетілмеген. Өкпенің ұлпасы борпылдақ және эластикалық талшықтарға кедей, тамырларға бай. Осыған байланысты ерте жастағы балаларда өкпесі қанға бай және ауалы. Сурфактант жетіспеушілігіне байланысты ателектазға бейім. Сурфактант альвеолалардың ішкі қабатын астарлап жатады және олардың жабыспауын қадағалайды

Тұмау немесе гипп (лат. grіppusфр. grіpperағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалывирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: АВС бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратынвирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.[1]

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлорқышқылдарспирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Тұмау вирустары[өңдеу]

Грипп вирустары — екі туыстасқа бөлінетін (А және В вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлігемагглютининдері және 10 түрлі нейраминидазалары бар вируcтар кіреді. В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды.[2] Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткей жасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққатамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Тұмаудан жазылғаннан кейін ағзада иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

Алдын алу шаралары[өңдеу]

Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі[өңдеу]

Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолинамантадинремантадининтерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі























Кеңірдек үлкендермен салыстырғанда кеңірек келеді. Шеміршектері әлсіз, тыныс алу бұлшықеттерімен жалғасқан. Сондықтан да осы бұлшықеттердің қатты қозғалысының әсерінен сырыл пайда болады, тыныс алуы қиындайды. Көбінесе экспираторлы ентігу дамиды.

Кеңірдектің қабынуы немесе трахеит (tracheіtіs; грек. tracheіa – кеңірдек және іtіs – қабыну)— кеңірдектің шырышты қабығының қабынуы.

Трахеиттің дамуына жұқпалы аурулар (тұмау, жедел респираторлы аурулар, қызылша, көкжөтел, т.б.), организмнің салқындауы (ауаның құрғақ және салқын болуы), ауада шаң-тозаңның, улы газдардың жиналып қалуы, сондай-ақ жүрек және өкпе аурулары, ал балаларда рахит, экссудативтік-катаралдық диатез әсер етеді. Трахеит көбінесе көктем мен күзде байқалады. Трахеиттің жедел және созылмалы түрлері болады. Жедел түрінде дем алғанда, күлгенде, жылағанда, науқас адамды қатты жөтел қысады (түнде, әсіресе, таңертеңгілікте). Жөтелге байланысты жұтқыншақ пен көкірек (әсіресе арқа тұсынан) ауырып, тыныс алу қиындайды, даусы қарлығып, көмекейдің қабынуы байқалады. Аурудың 3 – 4-күндері әуелі құрғақ, кейін шырышты-іріңді қақырық түсе бастайды. Науқастың жалпы жағдайында көп өзгеріс болмағанымен, кейде басының ауруы, әлсіздік білініп, дене қызуының көтерілуі мүмкін. Жедел Трахеиттің қауіптілігі – қабыну процесінің кеңірдек тарамдарына (бронхқа), кейін өкпеге өтіп кету ықтималдылығы. Созылмалы Трахеит тыныс алу органдарында қанның ұйып қалуы әсерінен туындайтын аурулардың салдарынан болады. Созылмалы Трахеитте кеңірдектің шырышты қабатында атроф. (жұқару) немесе гипертрофтық (қалыңдау) өзгерістер дамиды. Дерттің негізгі белгісі – ұстамалы жөтелдің болуы. Науқас оқтын-оқтын көкірегінің ішкі жағын тырналағандай қиналып жөтеледі. Алдыңғы түрімен салыстырғанда, қақырық аз түседі. Емі: мойынды жылы ұстап, компресс қою;ингаляция жасау; қақырық тастау қиын болған жағдайда, оны жұмсартатын дәрілер беріледі; антибиотиктер сирек қолданылады. Созылмалы түріне климотерапия пайдалы.[2]











Грипп (Тұмау) — вирустар қоздыратын жұқпалы ауру. Оған шалдыққан адамның жоғарғы тыныс жолдары зақымданып, организмі уланады. Грипп ауру адамнан сау адамға тез тарап, жылдың кез-келген маусымында ересектерге де, балаға да жұғады. Аурудың жасырын кезеңі өте қысқа — 1—2 күндей. Гриптің адамдарға тез жұғып, жаппай тар алуы оның бірден өршитіндігіне байланысты. Грипп эпидемиясы оқтын-оқтын (3—4 жылда) қауырт өршіл, белгілі бір аймаққа, тіпті дүние жүзіне жайылады (мұны панделия деп атайды).

Гриптің қоздырғышы — вирустар; оның бір- неше түрі бар. Қоздырғыштары сырқат адамның мұрын, ауыз, жұтқыншақ кілегей қабықтарында болады да, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлескенде түкірігі не мұрын суы арқылы ауаға тарайды, кейде тұтынған затынан жұғады.

Ауырған адамның бірден тұла бойы қалтырап, дене қызуы 38—39°С, кейде 40°С температураға дейін жетеді. Басы шаншыл ауырып, денесі әсіресе белі мен аяқ буындары сырқырайды, ауру адам бейжай болып, маужы- рай береді, кейде, керісінше, тітіркенеді. Беті мен көзі қызарып, терісі қызады, бусанады. Дене қызуы басталысымен немесе одан біраз уақыт өткеннен кейін түшкірік пайда болып, аузы кеберсиді, кеудесі ауырып, құрғақтай жөтеледі. 3—5 күннен кейін қызуы басылады, бірақ бірнеше күндей әлсіреп, шаршайды, басы айнал ады.

Грипп асқынған жағдайда ауру адамның өкпесі, кеңсірігі, құлағы қабынып, плевритке т. б. сырқатқа шалдығады. Кейде гриптің салдарынан жүрек, буын,бүйрек, ми және ми қабықтары зақымданады. Гриптен кейін дәрігердің рұқсатынсыз жұмысқа шығуға болмайды, мұны әсіресе қарт адамдардың мұқият ескергені жөн.

Грипті таратпаудың бірден-бір амалы — сырқатты оңаша ұстау. Оны бөлек бөлмеге жайғастырады, болмаса төсек орнын перделен қояды. Ауру адам жатқан бөлмені дымқылданған шүберекпен сүртіп, жиі-жиі желдетіп тұрады. Еденді жуу үшін хлораминнің немесе хлорлы әктің 0,2 проценттік ерітіндісін (бір шелек суға 1 ас қасығын) пайдаланады. Аурудың ыдыс-аяғы мен сүлгісі бөлек болуы тиіс. Пайдаланылған қол орамалын хлорлы әктің жоғарыда айтылған қоспасына батырып алған дұрыс. Ауруды күтетін адам үтіктелген дәкені 3—4 қабаттал, аузы-мұрнына байлап алады. Әсіресе емшекте баласы бар аналар мұндай шараларды бұлжытпай орындауға тиіс.

Гриппен ауырған адам міндетті түрде дәрігердің бақылауында болып, көбінесе төсекте жатып емделуі, та ма ғы дәмді, жеңіл сіңетін, витаминдері жеткілікті болуы тиіс, ащы тағамдардан бас тартқаны жөн. Сұйық тағамдарды (ыстық шай, құрғақ таңқурай тұнбасы, «Боржоми» қосылған жылы сүт т. б.) көбірек ішкені жөн. Дәрігер келгенше ешқандай дәрі-дәрмекті әсіресе антибиотиктерді пайдалануға болмайды.

Клиникалық белгісі грипп тәрізді көптеген аурулар бар. Бұған мәселен, тыныс алу жолдарының вирусты инфекциялары жатады. Бұрын бұл аурулар әр түрлі аталатын: безгекті қатар, маусымдық катар, жоғарғы тыныс жолдарының қатты катары. Тыныс жолдарындағы вирусты аурулардың ішінде ең көбірек тарағаны — аденовирусты, парагриппозды және риновирусты инфекциялар. Аденовирусты инфекция жоғарғы тыныс жолдарының қатты қатарына ұқсас өтіп, ондайда мұрыннан су ағып, күшті жөтел пайда болады, сырқаттың даусы қарлығады, кейде демігеді, кеме кейі қабынады, коньюнктивитке ұшырап, көздері қызарып, қабығы ісінеді, тамағы бітеді, іші ауырып өтеді, кейде құс ады. Басқа да ауру белгілері байқалуы мүмкін.

























































Бронхтар-жіңішке және иілгіш. Ерте жастағы балаларда кеңірдектің бронхтарға бөлінетін жерінің бұрышы бірдей, сондықтан бөгде заттар екі жаққа бірдей түседі



Созылмалы бронхит – бастапқыда шырышты қабат, кейіннен үдеріс үдеген сайын бронхтардың тереңірек қабаттары мен перибронхиалды дәнекер тінін зақымдайтын, бронхиалды жолдардың созылмалы қабынуы. Онымен көбіне кәрі жастағы ер кісілер ауырады. Созылмалы бронхитпен аурушаңдық адам өмірінің алтыншы және жетінші онжылдығында артады, ал бұл аурудан өлімге алып келуі сегізінші онжылдықта байқалады.

Клиникасы.[өңдеу]

Созылмалы бронхиттің негізгі белгілерінің қатарына: жөтел, қақырық тастау, ентігу, ал аускультацияда – қатты тыныс пен сырылдардың естілуіжатады. Созылмалы бронхит біртіндеп дамиды және кеш анықталады, себебі ұзақ уақыт бойы науқасты аз мазалауы мүмкін. Клиникалық көрінісі бронхиалды ағаштардың (жолдардың) зақымдау деңгейімен байланысты көрінеді.

  • Қабыну үдерісі ірі және орта бронхтарды қамтитын проксималды бронхитте, аз мөлшерлі қақырықты жөтел байқалады, ентігу болмайды, қатаң тыныспен бірге төмен тембрлі құрғақ сырылдар естіледі. Бронхиалды өткізгіштік бұзылмаған. Бұл созылмалы обструктивті емес бронхит немесе «ентігусіз бронхит» болып табылады.

  • Обструктивті бронхитте тек қана жөтел ғана емес (қақырықты немесе қақырықсыз), сонымен бірге, бірінші кезекте, ентігу («ентігулі бронхит») байқалады. Қабыну үдерісі ұсақ бронхтарда («дисталды бронхит») орналасады. Қатаң тыныс пен бірге ысқырықты сырылдар естіледі. Сыртқы тыныс қызметін тексергенде бронх өткізгіштігінің бұзылуы анықталады.

  • Бронхиттің өршуі көбіне қалыпты температурамен өтеді, дененің жоғарғы бөлігінің (бас, мойын) терлегіштігі байқалады, жөтел күшейеді, қақырық көлемі артады.

  • Аздап өршу кезінде қақырық шырышты – іріңді, дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді, шеткері қан көрсеткіштері аз өзгерген. Айқын өршу кезінде қақырық шырышты – іріңді, құрамындағы лейкоциттер жоғары мөлшерде болады. Обструктивті өзгерістер үдеген кезде ентігу күшейеді созылмалы обструктивті бронхиттің үдеуі тыныс және жүрек жеткіліксіздігіне алып келеді.

Емі мен күтімі.[өңдеу]

Созылмалы бронхит өршіген кездегі ем келесі сызбадағыдай жүргізіледі:

  1. бронх өткізгіштігін қалпына келтіру (бронхоспазмолитиктер көмегімен дренаждау, постуральды дренаж, іріңді бронхитте – бронхоскопия кезіндегі дренаждау);

  2. микрофлора сезімталдығы мен дәрінің улылығын ескере отырып антибактериалды ем;

  3. антиаллергиялық және дезинтоксикациялық заттар;

  4. емдік дене тәрбиесі (тыныстық, дренаждық жаттығулар);

  5. жалпы қуаттандырушы ем (физиотерапия, дәрумендер, уқалау).


Қатты жөтел кезінде жөтелге қарсы дәрілер қолданады. Егер қақырықты жөтел болса, онда жөтелді төмендететін, бірақ қақырықтың бөлінуін төмендетпейтін, екі фазалы жөтелге қарсы заттар (интуссин, балтикс және т.б.) қолданылады.
Обструктивті бронхитте бронхоспазмды тыю үшін бронходилататорлар: спазмолитиктер (изадрин, сальбутамол, тербутамин); фосфодиэстераза тежегіштері (теофиллин туындылары) қолданылады. Спастикалық синдромды дереу тыю үшін: беротек, венталин, атровент, беродуал дәрілерін тағайындайды.
Бронхтардың дренаждық қызметін жақсарту үшін қақырық түсіретін, қақырықты жібітетін заттар беріледі. Егер бұл дәрілерді қақырықтың тұтқырлығы мен эластикалық қасиеттерін ескере отырып қолданса, тиімділігі жоғары болады. Тұтқырлығы жоғары болса, тиол туындыларын – ацетил – цистеин (мукосальвин) немесе протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин) қолданылады. Адгезивті көрсеткіштері жоғары болса, онда сурфактанттың түзілуін жақсартатын дәрілер (бромгексин) бөлінді (секрет) регидратанттар, минералды тұздар, эфир майларын қолданады. Егер қақырықтың реологиялық қасиеттері өзгермесе, бірақ мукоцилиарлы тасымалдау жылдамдығы төмендесе, теофиллин туындылары мен β – 2 симпатомиметиктер – теолонг, теопек және т.б. тағайындалады.

Созылмалы бронхиті бар науқастар басқа ауруларының әсерінен ұзақ уақыт төсек тартып жатса, бронхтардың дренаждық қызметі бұзылуы нәтижесінде өкпенің жеке бөліктерінде коллапс туындайды. Сондықтан ондай науқастарды төсекте қимылын ауыстырып отыру, оларға жартылай отыру қалпын қамтамасыз ету, тыныс жаттығуларын жүргізу, мөлшерлі физикалық жаттығулар жасату қажет.
Гипоксиямен күрес үшін міндетті түрде оттегі қоспасын, оттегілік бөлме тағайындау керек. Оксигенотерапия үзілісті болуы керек және оттегінің мөлшерін біртіндеп жоғарылатады (бас айналу, құсу, тұншығу, тыныс алу орталығының тежелуінің алдын алу үшін). Оны бронхолитикалық заттарды қолданумен қатар жүргізген жөн.
Жүрек гликозидтері қанайналым жеткіліксіздігі белгілері кезінде көрсетілген. Көп мөлшерлі қақырықты созылмалы бронхит кезінде жазы





















































































































   1.4 Аурудан сақтану және одан арылу шаралары

 

     Тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш кезеңін анықтауға болады. Жасырын кезеңі - жеткіліксіздіктің белгілері ауру малды қатты қинағанда ғана білінеді. Жеңіл кезеңі - белгілері жеңіл жұмыста біліне бастайды. Ауыр өтетін кезеңі - белгілері тыныштықта тұрған малдабілініп тұрады. Тыныс алу жүйесінің ауруларын үш топқа бөлуге болады. Тыныс алу жолдарының аурулары. Өкпелердің аурулары. Өкпе қабының ауруы. Тыныс алу жолдарының ауруларына жататындар,танау қуысыныц қабынуы – риниттер, көмекейдін, қабынуы–ларингиттер, қосалқы қуыстардың,   қабынулары     (гайморнт,фронтит және жылқылардың, ауа қапшықтарының қабынуы), кеңірдектің қабынуы – трахеит, бронхылардың қабынулары - бронхиттер. Өкпелердід ауруларына жататындар, өкпелердің қан кернеп ісінуі.

     Өкпе қабынулары өкпе гангренасы, бронхылар мен  өкпелердің қабаттаса қабынуы,бронхопневмония,аурудың себептер кілегей қабықты тітіркендіру арқылы қабыну процесін тудырады. Кілегей қабықтары ісінеді, онда эксудат жинақталады да ауаның өтуін қиындатады. Ары қарай тыныс алудың жеткіліксіздігі дамиды. Зат алмасу, бірінші кезекте газ алмасу, процесі бұзылады. ІІотогенді микроорганизмдердің өсуі жылдамдайды. Осының салдарынан түзілген улы заттар қанға етіп, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынғанда көршілес танау қуыстарына, жұтқыншақ. Аурудың жіті түрінде ауру мал аздап жабырқаған, дене қызуы көтеріңкі. Мал пысқырып, түішкіріп, кейде танауларын бөгде заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырынып шығады. Дем алу мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтары қызарып, домбығып-ісінеді. Алгашқыда ұйымалы, артынан ұйымалы-сарысулы ақпа ағып, кейде мұрын жолдары қатып қалған жалқаяқтармен бітеліп қалады. Ауру қолайлы жағдайда өтсе,ауру мал 5-10 күннің ішінде толық айығып кетуі мүмкін. Созылмалы түрінде ауру мал арықтайды, жұмысқа қабілеттілгі нашарлайды, ауық-ауық асқынып тұрады. Танаудың кілегей қабықтары бозарып семеді, жалақтанады, кей жерлері жараланып, тыртықтанады. Ауру крупозды және фолликулярлы түрде жүргенде мал қатты жабығады, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріледі, ентікпе пайда болады. Жақ асты лимфа бездері ісініп ауырсынады.Крупозды   түрінде   қан   кернеледі,   кілегей   қабықтары сұрғылт   сары,   немесе   қызғылт   сары   түсті   фибринді   затта жиналады, ісінеді. Олар сыдырылған кезде орнына қанталаған жалақ пайда болады. Фолликулярлы түрінде, әсіресе жылқыларда, танаудың кілегей қабықтарында ашық-қызыл, не бозғылт-сары түсті, бір-біріне жақын орналасқан көптеген дөңгелек түйіншіктер пайда болады. Кейіннен ол түйіншектер сарғыштанып, бір-бірімен қосылып, тұтасып кетеді. Ол қабат сыдырылғанда орнында жалақ-жара анықталады. Аурудың себептерін жойып, уақытында дұрыс ем қолданғанда ауру малдар 2-3 аптаның ішінде жазылып кетеді. Ауруды анықтауда ауру туралы жиналған мәліметтерге және клиникалық белгілеріне сүйенеді. Ауруларды саралауда кейбір індетті және құрт аурулары танау кілегей қабығының зақымдануымен сипатталатынын еске алған жөн. Дезинсексия, дезинфексия, жасау арқылы алдын - алу шараларын шүргіземіз [8].

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тыныс алу аурулары

Автор: Андетай Камшат

Дата: 18.02.2015

Номер свидетельства: 175253

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Тыныс алу ж?не тыныс алуды? ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(37) "tynys-alu-zh-nie-tynys-aludyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "203558"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429515895"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(192) "Тыныс алу м?шелеріні? аурулары: т?мау, ?кпе туберкулезі- ауа ар?ылы берілетін аурулар. Жасанды тыныс алдыру"
    ["seo_title"] => string(99) "tynysalumushielierininaurularytumauokpietubierkulieziauaarkylybierilietinaurularzhasandytynysaldyru"
    ["file_id"] => string(6) "306106"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458053640"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Тыныс алу ж?йесіні? аурулары ж?не оларды? алдын алу. "
    ["seo_title"] => string(55) "tynys-alu-zhuiiesinin-aurulary-zh-nie-olardyn-aldyn-alu"
    ["file_id"] => string(6) "174280"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424104708"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Тыныс алу м?шелеріні? аурулары "
    ["seo_title"] => string(33) "tynys-alu-mushielierinin-aurulary"
    ["file_id"] => string(6) "195794"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427966571"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(245) "Тыныс алу м?шелеріні? аурулары: т?мау, ?кпе туберкулезі – ауа ар?ылы берілетін аурулар. Кох тая?шасы туберкулезді? ?оздырушысы ?кпе рагы."
    ["seo_title"] => string(151) "tynys-alu-mushielierinin-aurulary-tu-mau-okpie-tubierkuliezi-aua-ark-yly-bierilietin-aurular-kokh-taiak-shasy-tubierkuliezdin-k-ozdyrushysy-okpie-raghy"
    ["file_id"] => string(6) "318926"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460700977"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства