kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тыныс алу м?шелеріні? аурулары: т?мау, ?кпе туберкулезі – ауа ар?ылы берілетін аурулар. Кох тая?шасы туберкулезді? ?оздырушысы ?кпе рагы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні: 9.02.2016ж.

Сынып: 8 «А»

Саба?ты? та?ырыбы: Тыныс алу м?шелеріні? аурулары: т?мау, ?кпе туберкулезі – ауа ар?ылы берілетін аурулар. Кох тая?шасы туберкулезді? ?оздырушысы ?кпе рагы.

Саба?ты? ма?саты:

1. О?ушылар?а тыныс алу м?шелеріні? ?ызметіні? б?зылуы, тыныс алу м?шелерін? ?рт?рлі аурулары, оларды? пайда болу себебі мен оларды емдеу шаралары туралы білім беру.                                                                                                                      

2. Тыныс м?шелеріні? гигиенасын са?тау, тазалы? ж?не жеке бас гигиенасын са?тау, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

3. О?ушыларды гигиеналы? да?ды?а, салауатты ?мір с?руге т?рбиелеу.

Саба?ты? типі: жа? саба?ты ме?герту

Саба?ты? т?рі: ашы? саба?

П?наралы? байланыс: медицина

Саба?ты? ?діс-т?сілдері: АКТ, т?сіндірмелі,  с?ра?-жауап,

Саба?ты? к?рнекілігі: ?кпе, тыныс алу м?шелеріні? суреттері

?ажетті ??рал-жабды?тар: интерактивті та?та, проектор, презентация

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і

а) с?лемдесу

?) о?ушыларды т?гендеу

б) саба??а назарларын аудару

 

Мені? к??іл к?йім жа?сы!

Мен ?з-?зіме сенімдімін!

Мені? тынысым мен ж?регімні? со?ысы ?алыпты!

Мен саба?ты бастау?а дайынмын!

 

Витамин бойыншы топ?а б?лу ( ?ызыл, сары, жасыл т?стер та?дайды)

3 топты? атауы:

  1. Туберкулез
  2. Т?мау
  3. ?кпе рагы

ІІ. ?й тапсырмасын с?рау

«Серпілген с?ра?тар»

  1. Ж?рек ?абыр?асы ?анша ?абаттан т?рады? (эпикард, миокард, эндокард)
  2. Ересек адамны? ж?регіні? салма?ы (250-300гр)
  3. ?ан ?ысымын ?лшейтін ??рал (тонометр)
  4. Ж?рек кемістігі неден болады? (ж?рек ?а?пашаларыны? за?ымдануынан болады)
  5. Тыныс алу дегеніміз не? (м?шелер мен ?орша?ан ортаны? арасында?ы газ алмасу)
  6. Тыныс алу м?шелеріне не жатады? ( м?рын ?уысы – ке?сірік, ж?т?ынша?, к?мекей, ке?ірдек, бронхылар ж?не екі ?кпе жатады)
  7. Ке?ірдек ?айда орналас?ан? (ол ??ешті? алды??ы жа?ында орналасады)
  8. А?заны? ішкі ортасына не жатады? ( ?ан ?лпасы, с?йы?та?ы лимфа)
  9. Ден температурасын т?ра?ты са?тайтын с?йы?ты? (?ан)
  10. ?ан ?йымайтын ауру (гемофилия)

«Биологиялы? диктант»

  1. .. кеуде  ?уысыны? ?абыр?асына жанаса орналас?ан серпінді, кеуекті м?ше.
  2. Тыныс алу ?оз?алыстары.. ж?не... ар?ылы ж?зеге асады.
  3. О? жа? ?кпені ж?лгелер .. б?лікке, сол жа? ?кпені.. б?лікке б?леді.
  4. ?р ?кпені? сыртын д?некер ?лпасынан т?зілген ?абы?ша..?аптайды.
  5. ?кпеде ?антамырлары.. бол?анды?тан, т?сі ?ыз?ылт.
  6. .. – к?мекейді? жал?асы, ішкі ?уыс т?тік пішінді шеміршекті м?ше.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тыныс алу м?шелеріні? аурулары: т?мау, ?кпе туберкулезі – ауа ар?ылы берілетін аурулар. Кох тая?шасы туберкулезді? ?оздырушысы ?кпе рагы.»

Күні: 9.02.2016ж.

Сынып: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аурулары: тұмау, өкпе туберкулезі – ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы туберкулездің қоздырушысы өкпе рагы.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуы, тыныс алу мүшелерінң әртүрлі аурулары, олардың пайда болу себебі мен оларды емдеу шаралары туралы білім беру.                                                                                                                      

2. Тыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау, тазалық және жеке бас гигиенасын сақтау, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3. Оқушыларды гигиеналық дағдыға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаң сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Пәнаралық байланыс: медицина

Сабақтың әдіс-тәсілдері: АКТ, түсіндірмелі, сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі: өкпе, тыныс алу мүшелерінің суреттері

Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, проектор, презентация

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

ә) оқушыларды түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару


Менің көңіл күйім жақсы!

Мен өз-өзіме сенімдімін!

Менің тынысым мен жүрегімнің соғысы қалыпты!

Мен сабақты бастауға дайынмын!


Витамин бойыншы топқа бөлу ( қызыл, сары, жасыл түстер таңдайды)

3 топтың атауы:

  1. Туберкулез

  2. Тұмау

  3. Өкпе рагы


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Серпілген сұрақтар»

  1. Жүрек қабырғасы қанша қабаттан тұрады? (эпикард, миокард, эндокард)

  2. Ересек адамның жүрегінің салмағы (250-300гр)

  3. Қан қысымын өлшейтін құрал (тонометр)

  4. Жүрек кемістігі неден болады? (жүрек қақпашаларының зақымдануынан болады)

  5. Тыныс алу дегеніміз не? (мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасу)

  6. Тыныс алу мүшелеріне не жатады? ( мұрын қуысы – кеңсірік, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, бронхылар және екі өкпе жатады)

  7. Кеңірдек қайда орналасқан? (ол өңештің алдыңғы жағында орналасады)

  8. Ағзаның ішкі ортасына не жатады? ( қан ұлпасы, сұйықтағы лимфа)

  9. Ден температурасын тұрақты сақтайтын сұйықтық (қан)

  10. Қан ұйымайтын ауру (гемофилия)


«Биологиялық диктант»

  1. ............ кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, кеуекті мүше.

  2. Тыныс алу қозғалыстары .......... және ........... арқылы жүзеге асады.

  3. Оң жақ өкпені жүлгелер ............ бөлікке, сол жақ өкпені.......... бөлікке бөледі.

  4. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша ........қаптайды.

  5. Өкпеде қантамырлары ........ болғандықтан, түсі қызғылт.

  6. ....... – көмекейдің жалғасы, ішкі қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше.


«Сандар сөйлейді»


  1. 250-300 - ересек адамдарда жүректің салмағы

  2. 1300-1400 - мидың салмағы

  3. 460 – лимфа түйіндер саны

  4. 33-34 – омыртқа саны

  5. 4 – адамның жүрегінің бөлігі

  6. 12 – арқа омыртқа саны

  7. 44 – ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы

  8. 36 – әйелдердің көмекейі

  9. 16-18 – ересек адамдардағы тыныс алу қозғалыстары

  10. 60 – жаңа туған нәрестенің тыныс алу қозғалыстары



ІІІ. Жаңа сабақ

Ой қозғау

  1. Тыныс алу мүшелері ауруларының қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Тұмау неліктен қауіпті ауру дейді?

  3. Туберкулез қандай ауру?


Видео көрсету


Атмосфералық және өндірістік шаң-тозаң болады. Атмосфера шаң-тозаңы кен орындарынан көтеріледі, одан шыққан газ, түтін, шөп, тоғай өртенгенде пайда болған түтін, күл; құмды жерде желмен көтерілетін және қала көшелерінен, жерден көтерілген шаңдар; өндірісте болатын шаң-тозаңдар әртүрлі завод-фабрикалардан, шахталардың қалдықтарынан көтеріліп шығады. Шаң тынысалу жолдарын жыбырлатып, тітіркендіріп, жөтелтіп, түшкіртеді. Шаңда ауру тудыратын әртүрлі микробтар болуы мүмкін. Егер жұмыс орнында шаң-тозаң болса, мұрын бітіп, даусы қарлығады, кейде өкпе ауруымен ауруы да мүмкін. Шаң-тозаң болған жерде түрлі ауру тарататын микробтар болады, мысалы, туберкулез, тұмау және т.б.

Өкпені жарақаттайтын ауру – туберкулез. Туберкулез (латынша «tuberculum» - төмпешік) – микроскоппен ғана көрінетін туберкулез таяқшасы микробы қоздыратын жұқпалы ауру. Туберкулез таяқшасы адам ағзасында өте тез көбейеді. Ағзадан тыс жерде көбеймейді, бірақ қараңғы, ылғалды, жылы жерде ұзақ сақталады. Даладағы шаңның ішінде 3-14 күнге дейін тіршілік етеді. Туберкулез ауруы ұлпаларды жансыздандырады. Өкпе қатайып беріштенеді. Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы 37-37,7 градусқа дейін көтеріңкі болады. Тамаққа тәбеті тартпайды, жөтеледі, ұйықтағанда терлей береді, қаны азайып, жүдейді, қан түкіреді.

·Күтіну шаралары: витаминді, қуатты тамақ ішу; бойды таза ұстау; таза ауада көп серуендеу; дәрігер белгілеген дәрілерді уақытында ішу.

Мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының қабынуын тұмау деп атайды. Тұмау – бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең тараған қауіпті жұқпалы ауру. Асқынғанда басқа аурулардың тууына себепші болады. Аурудың дене қызуы көтеріледі, түшкіреді, жөтеледі, тамақтың иісін, дәмін сезбейді. Иіс, дәм сезу мүшелеріне қатты әсер етеді. Мұрын қуысындағы капилляр қантамырларының қабырғалары кеңейіп, кілегейлі қабықшадан сұйық заттар көп бөлінеді. Тұмаумен ауырғанда гигиенаны сақтау керек: а) ыдыс-аяқ, төсек-орынды бөлектеу; ә) бөлмені ауық-ауық тазалау; б) желдеткішті ашып, таза ауа кіргізу; в) жатып демалу және т.б.; г) терең тыныс алу; д) спорт, дене шынықтыру, дене еңбегімен шұғылдану.

Ұзаққа созылатын тұмау сырқатты әртүрлі әсерден де (мысалы, даладағы шаң, түтін, улы заттар, бұлт және ауарайының түрлі құбылыстары) болады. Сонымен қатар, тұмауға зат алмасудың дұрыс болмауы мен дәрумендердің жетіспеуі де себеп болады.

Тынысалу мүшелерінің ауруларына туберкулез бен тұмаудан басқа ауа тамырларының, өкпенің қабынып, тыныс демікпесі, мұрын қойнаулары, жұтқыншақ, көмекей аурулары (синусит, тонзиллит, фарингит) жатады. Бұл аурулармен ауырған адамдар тез арада дәрігерге көрініп, тек дәрігер емдеуі тиіс.

Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше. Оның себебі мұрын қуысындағы толып жатқан иірімдер болады. Олар ауаны жылытады және ауадағы микробтарды ұстап қалады. Суық күндері суық тиіп аурудан сақтайды. Ауызбен тыныс алғанда суық ауадан тістің кіреукесі бұзылады. Сондықтан мұрынмен тынысалу тісті бұзылудан, түрлі тынысалу мүшелерінің ауруларынан қорғайды.

Өкпе қатерлі ісігі, өкпе рагы – адам өкпесіне түскен қатерлі ісік; созылмалы ауру. Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуына сыртқы және ішкі себептер әсер етеді. Сыртқы себептерге: тыныс алу жолдары мен өкпеге физикалық, химиялық, канцерогендік заттармен ластанған ауаның, зиянды заттардың (шаң-тозаң, асбесвт, хром, т.б.) енуі, темекіні жиі тарту; ал ішкі себептерге: өкпедегі әр түрлі созылмалы қабынулар, иммундық жүйке қызметінің төмендеуі жатады. Өкпе қатерлі ісігіне әйелдерге қарағанда 45 – 60 жас аралығындағы ер адамдар жиі шалдығады. Бұл дерт анатоммя тұрғыдан төрт топқа (жалпақ клеткалы, бездік, бронхоальвеолярлық, пісіп жетілмеген) жіктеледі. Ісік клеткаларының пісіп-жетілуі неғұрлым төмен болса, соғұрлым оны болжау қиынға түседі, ісік тез өсіп, ауру асқынады, яғни бөгелме ісіктер пайда болады. Өкпе қатерлі ісігінің клиникалық белгілері оның орналасқан жеріне, кеңірдек қуысының ісікпен бітелу дәрежесіне, бөгелме ісіктердің болу, болмауына тікелей байланысты. Дерт алғашқыда кеуденің шаншып ауруымен (әсіресе дем алған кезде) басталады. Бұл кезде науқас құрғақ жөтеледі, сонан соң жабысқақ қақырық пайда болып, оған қан араласады. Адам ентігіп, демігеді, дене қызуы көтеріліп, қатты жүдейді. Ауру асқынғанда қатерлі ісік клеткалары қан мен лимфаға араласып, бүкіл организмге таралуы мүмкін. Мұндай жағдайда ешқандай ем қолдануға мүмкіндік болмайды.

Ауруды анықтау үшін: жалпы клиника (анамнез, сипау, кеудені тыңдау, т.б.); параклиника (рентген, компьютерлік томография, ультрадыбыс арқылы, т.б.); бронхоскопия, бронхография, т.б. әдістер қолданылады. Диагноз қою қиындағанда диагностик. және емдік торакотомия (кеуде қуысын ашу) жасалынады.

Емі: ісікке қарсы дәріні кешенді және араластыра беру, хирургиялық операция жасау, сәулемен емдеу, химиялық терапия әдістерін қолдану.


ІҮ. Сергіту сәті:


Ү. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:


  1. Тынысалу мүшелері ауруларының пайда болу себептері қандай?

  2. Туберкулезден сақтану жолдарын атаңдар.








ҮІ. Қорытындылау:



«Сандық» - мен бүгін сабақты толық түсіндім!

«Себет» - тақырыпты әлі де меңгере алмадым!

(оқушылар өз ойларын стикерге жазып іледі)


ҮІІ. Бағалау. Топтың жинаған дәрі сандарымен оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің аурулары: тұмау, өкпе туберкулезі – ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы туберкулездің қоздырушысы өкпе рагы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Калкабаева Шарипа

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 318926


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства