kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

План урока по биологии

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока по биологии на тему "Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы" 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«План урока по биологии»

Тақырыбы: Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы және оның жетістіктері

Сабақ мақсаты: Білімділік – оқушы тақырып бойынша негізгі ұғымдарын меңгереді

Дамытушылық – оқушы бұрыннан алынған білімді қорытындылай және салыстыра пайдаланып, икемді дамытады

Тәрбиелік – оқушы өзінде топпен жұмыс істеген кезде байланыс дағдысын тәрбиелейді

Сабақ көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, селекционер Н. И. Вавиловтің портреті, карточкалар,

кітап, презентациялар

Сабақ түрі: Топпен жұмыс

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақ типі: Бекіту сабағы

Сабақ барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды журнал бойынша белгілеу. Сабаққа дайындалу.


II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар өткен тақырыпты қайталау бойынша сұрақтарға жауап береді, жауаптарға талдау жасайды (оқушылар ауызша жауап береді).

Генетика дегеніміз не? Тұқым қуалау және өзгергіштік дегеніміз не? Селекция дегеніміз не? Селекцияның міндеттері? Мысыл. Селекцияны зерттеген ғалым?

Генетика дегеніміз - бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы.

Тұқым қуалаушылық – ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туу.

Өзгергіштік – организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отыруы.

Селекция «сұрыптау» деген мағынаны білдіреді. Селекцияның міндеті – үй жануарларының, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жоғары өнімді жаңа түрлерін шығару және олардың эволюциясын зерттеу. Селекция генетикамен тығыз байланысты ғылым, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын білмей, селекциялық жұмыстарын жүргізу нәтижесіз болады.

Селекцияның генетикалық негіздерін орыс генетигі әрі селекционері Н. И. Вавилов айқындады, ол дүние жүзіне саяхат жасап, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтады, үй жануарлардың шыққан тектері мен таралған аймақтарын анықтады.

III. Жаңа сабақ өту

Оқушылар 3 топқа бөлінеді, топта 7-8 оқушыдан, әр топтың өзінің басқарушысы болады, үстел үстінде бағалау парағы болады.

I тапсырма.

Әр топқа тақырыпты қорғау тапсырмасы беріледі. Бұл тақырыптар оқушыларға алдын-ала берілген, қосымша мәліметтер пайдаланып дайындалады. Әр топ 4-5 минут көлемінде баяндама жасау керек (1 топ - өсімдіктер селекциясы, 2 топ – жануарлар селекциясы, 3 топ – микроорганизмдер селекциясы).

I топ - Өсімдіктер селекциясы.

Өсімдіктер селекциясында сұрыптаудың екі түрі – жаппай және жеке сұрыптау қолданылады. Өсімдіктер селекциясында қолданылатын будандастырудың жолдары – туыстық (инбридинг), туыстық емес (аутбридинг) және алыстан будандастыру. Селекцияда гетерозис құбылысының үлкен маңызы бар. Гетерозис дегеніміз – будан ұрпақтың белгі-қасиеттерінің ата-анасынан артық болуы. Өсімідіктер селекциясының ауыл шаруашылығында үлкен маңызы бар. Оған Қазақстандық селекционерлер де көп үлес қосты. Өсімідіктер селекциясында полиплоидия маңызды орын алады. Жасанды жолмен хромосома сандарын арттыру арқылы мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары мен будандары алынған.

Қырыққабат пен тұрып буданы


II топ - Жануарлар селекциясы.

Жануарлар селекциясының өзіндік ерекшіліктері бар. Олар тек жыныстық жолмен көбейеді, ұрпақ саны көп болмайды және әрбір жеке дараның өзінің селекциялық маңызы болады. Жануарлар селекциясында негізгі үш әдісі – туыстық (инбридинг), туыстық емес (аутбридинг) және алыстан будандастыру әдістері қолданылады. Қазақстанда жануарлар селекциясы жақсы жолға қойылған. Атақты селекционер-ғалымдардың басқаруымен қойдың, ірі қараның, жылқының және т.б. жануарлардың көптеген тұқымдары шығарылды. Академик Ф. М. Мұқамбетқалиевтің басшылығымен Қазақстанда алғаш рет трансплантациялық жолмен қозы алынды.

III топ - Микроорганизмдер селекциясы.

Микроорганизмдерді адамзат нан пісіру, сүт өнімдерін дайындау, қымыз бен шұбат ашыту және т.б. мақсатта ертеден бері пайдаланып келеді. Микроорганизмдерден адамның денсаулығы үшін қажетті дәрі-дәрмек алынады. Көптеген ауруларды емдеуде қолданылатын антибиотиктер – бактериялар мен саңырауқұлақтардың өнімі болып табылады. Микроорганизмдердің жаңа мол өнімді штамдарын шығару үшін түрлі селекциялық әдістер қолданылады. Соның ішінде жасанды мутагенез ерекше орын алады.


Әр топ тақырыпшалар бойынша бір-біріне сұрақ-жауап қояды.


II тапсырма.

Әр топқа 10 тест сұрақтары беріледі. Жылдам және дұрыс орындағанына байланысты бағаланады.

I топқа:

1. Селекцияның теориялық негізі қай ғылым?

а) ботаника; ә) цитология; б) генетика; в) гистология.

2. Трансплантация әдісімен Қазақтанда алғаш рет қозы алған ғалым?

а) Б. М. Мусин; ә) Ф. М. Мухамедқалиев; б) Н. З. Ғалиакберов; в) Ә. Есенжолов.

3. Жаппай сұрыптауды пайдаланып, ірі қараның қандай тұқымдары алынды?

а) қазақтың ақбас сиыры; ә) қырдың қызыл сиыры; б) дылының сүтті тұқымы; в) Алатау сүтті тұқымы.

4. Жұқпалы аурудың қоздырғышын тарататын бактериялар қалай аталады?

а) сапрафитті; ә) патогенді; б) ашытқыш; в) қастауыш.

5. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер қалай аталады?

а) патогенді бактериялар; ә) сапрофитті бактериялар; б) ашытқыш бактериялар; в) зең саңырауқұлақтар.

6. Қай ғалымның басқаруымен қазақтың биязы жүнді қойы алынды?

а) В. А. Бальмонт; ә) Ф. М. Мұхамедқалиев; б) Б. М. Мусин; в) А. Ы. Жандеркин.

7. Органикалық заттардың қалдықтарын шіріп, ыдырататын бактериялар қалай аталады?

а) ашытқыш бактериялар; ә) сапрофитті бактериялар; б) патогенді бактериялар; в) актиномицеттер.

8. Өсімдіктердің көбеюіндегі тозаңдану жолдарына қарай сұрыптау нешеге бөлінеді?

а) 1; ә) 2; б) 3; в) 4.

9. Белгілі бір факторлармен арнайы әсер ету арқылы болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік?

а) гендік инженерия; ә) жасанды мутагенез; б) патогенді мутагенез; в) арнайы ген.

10. Жануарлар селекциясында будандастырудың неше әдісі қолданылады?

а) 3; ә) 4; б) 5; в) 2.


II топқа:

1. Гетерозис туралы ұғымды алғаш рет ғылымға қай ғалым еңгізді?

а) Дж. Шелл; ә) П. П. Лукьяненко; б) Г. Д. Карпеченко; в) М. Ф. Иванов.

2. Жануарлардан асыл тұқымдар алу үшін сұрыптаудың қандай түрін пайдалану қажет?

а) жаппай сұрыптау; ә) жекелей сұрыптау; б) инбридинг; в) аутбридинг.

3. Қандай бактериялар организмді уландырады?

а) ашытқыш; ә) сапрофитті; б) патогенді; в) түйнек бактериялары.

4. Қай ғалымның басқаруымен Алатау сиыры шығарылды?

а) Д. Н. Пак; ә) Ф. М. Мұхамедқалиев; б) Б. М. Мусин; в) А. Ы. Жандеркин.

5. Алыстан будандастырудың нәтижесінде бие мен есектің арасынан қандай будан алынды?

а) орлов жылқысы; ә) көшім жылқысы; б) қашыр; в) қостанай жылқысы.

6. Сұрыптаудың қандай түрін пайдаланып, гомозиготалы гендері бар топтар бөліп алуға болады?

а) қолдан сұрыптау; ә) жеке сұрыптау; б) жаппай сұрыптау; в) қозғаушы сұрыптау.

7. Мүйізді ірі қараның етті тұқымы – қазақтың ақбас сиырын шығарған ғалымдар?

а) Б. М. Мусин, Н. Ғалиакберов; ә) В. А. Бальмонт, Б. М. Мусин; б) Ф. В. Мухамедқалиев, М. Ф. Иванов; в) А. Ы. Жандеркин, Ә. Есенжолов.

8. Туыс емес организмдердің будандастыруы қалай аталады?

а) аутбридинг; ә) инбридинг; б) кариотип; в) цитокинез.

9. Полиплоидия түрлері?

а) автоплоидия және гетероплоидия; ә) автоплоидия және аллоплоидия; б) аллоплоидия және полиплоидия; в) дұрыс жауап жоқ.

10. Биік таулы жерлерде өсетін үй жануары?

а) қодас; ә) албас; б) ақбас; в) қозы.


III топқа:

  1. Тұрып пен қырыққабаттың түраралық буданын алған ғалым?

а) М. Х. Мұратов; ә) Ы. Жақаев; б) І. Әбуғалиев; в) Г. Д. Карпеченко.

2. Түраралық будандастыруды пайдаланып, арқар-меринос тұқымын алған ғалым?

а) М. Х. Мұратов; ә) Ә. Есенжолов; б) І. Әбуғалиев; в) Г. Д. Карпеченко.

3. Сұрыптаудың қандай түрін пайдаланып, гетерозиготалы гендері бар топтар алуға болады?

а) қолдан сұрыптау; ә) жеке сұрыптау; б) жаппай сұрыптау; в) қозғаушы сұрыптау.

4. Қай ғалымның басқаруымен Алатау сиыры шығарылды?

а) Д. Н. Пак; ә) Ф. М. Мұхамедқалиев; б) Б. М. Мусин; в) А. Ы. Жандеркин.

5. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер қалай аталады?

а) патогенді бактериялар; ә) сапрофитті бактериялар; б) ашытқыш бактериялар; в) зең саңырауқұлақтар.

6. Адамға қажетті өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өндіру – ол...?

а) биотехнология; ә) генетика; б) селекция; в) гендік инженерия.

7. 1971 ж. генетикалық инженерия әдісін жібек құртын өсіруге пайдаланған ғалым?

а) Д. Н. Пак; ә) В. А. Струнников; б) Б. М. Мусин; в) Е. Сирс.

8. Түраралық буданды қандай ғалым, қай жылы алды?

а) 1914 ж. Дж. Шеел; ә) 1914 ж. М. Мусин; б) 1984 ж. Ы. Жандеркин; в) 1491 ж. Н. Пак.

9. Бидай мен қарабидайды будандастыру арқылы алынған мәдени өсімдіктің жаңа түрі?

а) тритикален; ә) тритикан; б) триген; в) тритикен.

10. Көптеген ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотиктер?

а) ашытқыш бактериялар; ә) микробтар мен бактериялар; б) патогенді бактериялар; в) бактериялар мен саңырауқұлақтар.


III тапсырма.

Карточкалармен жұмыс.

Топтарға кітаппен жұмыс тапсырмасы беріледі.

1 топқа – 238 б. 133-суреттегідей етіп дәптерлерге картаның набойын сызыңдар. Картаға орталықтардың аттарын жазыңдар. Төмендегідегі рет саны берілген іріктемелерді шыққан орталықтары бойынша орналастырыңдар.

2 топқа – 249 б. Өсімдіктер мен жануарлар селекциясы тақырыбынан алған білімдеріңді қорытындылау мақсатында берілген салыстырмалы кестені толтырыңдар.

3 топқа – 255 б. Берілген теориялық материалдардың негізінде кестені толтырыңдар.


IV тапсырма.

Берілген сөйлемдердің ішінен дұрыс сөйлемдерін таңдаңдар.

1. Өсімдіктер селекциясында сұрыптаудың екі түрі – жаппай және жеке сұрыптау қолданылады.

2. Гетерозис дегеніміз – биология ғылымының бір саласы.

3. Жануарлар селекциясында негізгі үш әдісі – туыстық (инбридинг), туыстық емес (аутбридинг) және алыстан будандастыру әдістері қолданылады.

4. Полиплоидия 6 түрге бөлінеді.

5. Микроорганизмдерді адамзат нан пісіру, сүт өнімдерін дайындау, қымыз бен шұбат ашыту және т.б. мақсатта ертеден бері пайдаланып келеді.

6. Ашытқы микроорганизмдер адам организмге зиян келтіреді.

7. Белгілі бір факторлармен арнайы әсер ету арқылы болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік - жасанды мутагенез.

8. Селекцияның теориялық негізі - генетика.

9. Туыс емес организмдердің будандастыруы инбридинг деп атайды.

10. Жануарлар мен өсімдіктер селекциясы Қазақстанда дамымаған.


Биотехнология дегеніміз — адамға қажетті өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өндіру. Бұл ретте микроорганизмдер мен өсімдіктер жөне жануарлар жасушалары, жасуша органоидтері немесе биологиялык белсенді молекулалар қолданылады.

Генетикалық немесе ген инженериясы—генетика мен молекулалык биологияның қол жеткен табыстарының негізінде қалыптаскан биология ғылымының жаңа бір саласы. Бұл ғылымның мақсаты — тәжірибе мен теория үшін қажетті, бұрын тірі табиғатта болмаған жаңа генетикалық бағдарламаларды жасау.



IV. Сабақты бекіту

Сабақты бекіту кезінде сұрақ-жауап жүргізіп, талдау жасау.




V. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру. Рефлексия жасау. Бұнда оқушылар тақтадағы салынған ағашқа оларға таратқан жапырақтарына сабақтата не білдім? не білмедім? не білгім келді? деген сұраққа жауап жазады.

VI. Бағалау

Топ басшыларынан бағалау парағын алып оқушыларды бағалау.


VII. Үйге тапсырма

180б. №1 тапсырмаларды орындау, тақырыптың мазмұнын пысықтау.


Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
План урока по биологии

Автор: Шижбанова Алия Махметовна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377302

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "План урока биологии, интегрированного с предметом «Самопознание»"
    ["seo_title"] => string(61) "plan_uroka_biologii_integrirovannogo_s_predmetom_samopoznanie"
    ["file_id"] => string(6) "514618"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1560420261"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "План урока биологии в 8 классе "Строение и функции органа слуха""
    ["seo_title"] => string(69) "plan-uroka-biologhii-v-8-klassie-stroieniie-i-funktsii-orghana-slukha"
    ["file_id"] => string(6) "250920"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447162122"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "План урока биологии по теме: "ОРГАНИЗМ И СРЕДА. ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ФАКТОРЫ""
    ["seo_title"] => string(73) "plan-uroka-biologhii-po-tiemie-organizm-i-srieda-ekologichieskiie-faktory"
    ["file_id"] => string(6) "256915"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448219913"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "План урока биологии, интегрированного с предметом "Самопознание""
    ["seo_title"] => string(68) "plan_uroka_biologhii_intieghrirovannogho_s_priedmietom_samopoznaniie"
    ["file_id"] => string(6) "385163"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485694378"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "План урока биологии в 8 классе по теме «Происхождение человека»"
    ["seo_title"] => string(72) "plan_uroka_biologhii_v_8_klassie_po_tiemie_proiskhozhdieniie_chielovieka"
    ["file_id"] => string(6) "386575"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485963080"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства