Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің
көп түрлілігімен таныстыру. Раушангүлділер тұқымдасына тән
белгілерін, табиғаттағы, адам өміріндегі рөлін көрсету
Білімділігі: Оқушыларды раушангүлділер тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру . Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға раушангүлділер тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі манызын мысалдармен түсіндіріп,табиғатты аялауға оған түсінікстікпен қарауға оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстауда, жақсы қоғамдық ортаны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі : Сұрақ – жауап, тірек-сызбалар, баяндау, түсіндіру, сәйкестік тест.
Құрал жабдықтармен көрнекілік: кеппешөп, сабаққа таратпа материал, компьютер, презентация,слайд
Сабақтың құрылымы:І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин
ІІ. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» 8 мин
«Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес»
Үй тапсырмасын сұрау: Білім минуты
Қосжарнақтылар класының ерекшеліктері?
Қосжарнақтылар класқа жататын тұқымдастарды ата
Даражарнақтылар класының ерекшеліктері?
Даражарнақтылар класқа жататын тұқымдастарды ата
Орамжапырақгүлділерге жататын өсімдіктерді ата
Жабықтұқымды өсімдіктер деп аталу себебі?
Ашықтұқымды өсімдіктер деп аталу себебі?
ТЕЛЕГРАММА Жіберілген бос сөздерді толықтырып жіберіңіз Шаршыгүлділер тұқымдасы
Шаршыгүлділер тұқымдасы- …, кейде … қосжарнақты өсімдіктер. Қосжынысты гүлі ...болып орналасқандықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер ... тұқымдастары деп аталған. Гүлі шашақ шоғырына жиналған. Тостағанша жапырақшасы ..., күлтесі -..., аталығы ..., оның ... ұзын, ...- қысқа, аналығы ... жеміс жапырақшасынан тұрады. Жемісі – ... немесе ....
ІІІ. «Білім кілті танымдылықта» Жаңа сабақ
Көктемде Ақ гүлге оранады,
Күзде Қолға доп боп оралады. /Алма/
Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл, Теріп алып үлгерсек. /Бүлдірген/
Тіл үйірген дәмі бар, Сары алтын түс — сәні бар. Шақсаң егер кептіріп, Сүйегінің дәні бар, Баққа тұрар сән беріп
Алқа етіп тізіп
ал. /Өрік
тапсырмалар
1 топ - раушангүлділердің сан алуандығы,түрлері, маңызы
2 топ – итмұрын гүлінің формуласы, раушангүлділердің жемістері
3 топ – раушангүлділердің тіршілік формалары, жапырақтары
4 топ - БАҒАЛАУШЫЛАР
Қосжарнақтылар класы Раушангүлділер тұқымдасы Раушангүлділер тұқымдасының төрт тұқымдас тармағы бар 3000/35 түр ҚР-да
Ағаш, бұта, шөптесін.
Гүлдері: қос гүлсерік, 5 тостағаншасы біріккен, 5 күлте жапырақша, аталығы шексіз,кейде 4-8-9, аналық саны 1, өте көп
Жемісі – көп сүйекті , жидек, сүйекті-шырынды, жаңғақты, көп жаңғақшалы құрғақ жеміс.
Гүл формуласы Т(5) К5 А ∞ Ж1
Итмұрын- Т (5) К5 А ∞ Ж1 Жабайы алхоры- Т(5) К5 А 20Ж1 Алма гүлі – Т (5) К5 А ∞ Ж (5) Білгенге маржан!
Алма. Бетке әжім түсіруді тежейді. Ұйқыға жатарда піскен алманың бір данасын жеп жатсаңыз, тістегі бактериялардың 96,7 % алма құрамындағы органикалық қышқылдардың әсерінен жойылып кетеді.
Өрік. Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамын-да органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар.
Алмұрт. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуық-қа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді
Көк раушан. Табиғатта раушанның көк түсіне жауап беретін ген, көк түсті пигмент дельфинидин болмаған.Бірақ көп жылдық австралиялық және жапондық компаниялардың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде 2004 жылы «көк» раушан гендік инженерия әдістері арқылы шығарылды.
ІҮ.Сәйкестендіру тесті:
Тест. Раушангүлділер мен шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдік белгілерін бөліп жаз: