2. Білімді тексеру және өзектеу: сұрақ- жауап әдісі
- Экология ғылымы нені зерттейді?
- Қандай салалары бар,атауларын атаңдар
- Мысалдар келтіріңдер.
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.
Экологияның негізгі бөлімдері:
а) Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
ә) Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.
б) Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.
Экология туралы түсініктерді егжей-тегжейлі биология ғылымдарының докторы профессор Ж.Жатканбаевтың " Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі" деген енбегінде жазылған.Ол түсіндірме сөздікті окып шыкқан адам қаншама ғылыми білім алады десеңізші!
Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі "Организмдердің жалпы морфологиясы" деген енбегінде (1866) алғаш рет "Экология" терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді. Орыс ғалымы К.Ф. Рулье осыған байланысты "Экология терминін" биология ғылымына еңгізген Э.Геккель екеніне өзінше сенімсіздік білдірді.
Экологиялық зерттеулер орта ғасырда (XVII) ағылшынның ұлы ғалым-биологы Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы" атты еңбегінде биология ғылымдарында күтпеген жаңалық аша отырып, экология ғылымының дербестігіне жол береді.
Оқытылған тақырып бойынша білімді қорыту және жүйелеу.
Сынып оқушыларын топқа бөліп, топ жетекшілерін тағайындау.
Үш топқа бөлінеді I II III
Әр топқа тапсырма беріледі
1.Ассосация құрастыру,әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды
2.Мәселенің шешу жолдары
3.Қорғау
Үй тапсырмасы слайд жасауға беріледі, үш топ өздерінің тапсырмаларын орындап,сұрақтарға жауап береді.
Экология
Адам Қоршаған орта
Адам өмірі
Отаншылдық ар тазалығы
қайырымдылық Жеке тұлға адамгершілік
жан тазалығы мәдениеттілік
Экология
Әлеуметтік Популяциялық экология
экология Биоэкология
Аутэкология
Синэкология Геоэкология
Адам экологиясы Биосфера
Оқушылар әрбір бөлімге сипаттама беріп,мысалдар келтіреді.
Қазіргі біздің экологиямыз күн өткен сайын нашарлап барады.Балқаш,Қопа көлдерінің суларын дұрыс пайдаланбағандықтан тартылуда.Тартылған жерде кеңістік пайда болып,сол жерлерден миллиондаған тонна тұз жан-жаққа ұшып,ауаның тазалығын бүлдіріп,адамдардың денсаулығына зиян келтіруде.Соңғы жылдары жер бетінде апаттар көбейіп кетті:су тасқыны, құрғақшылық,жер сілкінісі,қар көшкіні және т.б. Жануарлар мен құстарда азайып бара жатыр.
Тапсырма «Білесің бе ? » Уақыт бойынша тапсырмалар орындалады.
1.Табиғат апаты
Марал,емен,күн тұтылуы,құлан,жұт,сексеуіл,елік,су тасқыны,қарағай,сел,құйын,ақ бөкен, өрт,от,барыс,үкі,бүркіт,шырша, жер сілкінісі,құрғақшылық,сұңқар,көктерек,аққу,қар көшкіні,ай тұтылуы,қайың, қарағаш.
2.Қызыл кітапқа енгізілген,сирек кездесетін жануарлар
3. Сирек кездесетін құстар
4. Сирек кездесетін өсімдіктер
Жауабы: күн тұтылуы, жұт, су тасқыны, сел, өрт,от, жер сілкінісі,