kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "?аза?станда?ы негізгі экологиялы? проблемалар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «§50.?аза?станда?ы  негізгі экологиялы? проблемалары».

Саба?ты? ма?саты: ?аза?станны? экологиялы? проблемалары туралы білім беру

Міндеттері:

Білімділік: ?орша?ан орта, климатты? ?згеруі, ?аламды? к?кейтесті м?селелер, ?аза?станны? ?зекті экологиялы? проблемалары туралы білім беру. Оларды картадан к?рсету.

Дамытушылы?: Ізденімпазды??а, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын ояту, ал?ан білімдерін ?з бетінше пайдалана білуге да?дыландыру.

Т?рбиелік: Таби?атты ?ор?ау жастарды? е? ма?ызды ?рі ?ажетті міндеттеріні? бірі. О?ушылар?а таби?атты аялау?а, таби?ат байлы?тарын тиімді пайдалану?а, отанс?йгіштікке, ту?ан ?лкесіні? таби?атын ба?алай білуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?.
Саба?та ?олданылатын ?дістер: Ауызша баяндау,с?ра?-жауап,постер ?ор?ау,картамен ж?мыс.

К?рнекіліктер: О?улы?, презентация, суреттер, интербелсенді та?та,?аза?станны? физикалы? картасы,плакаттар,бейнеролик т.б.

Тапсырмалар: «Ортада ?аламсап», «?зара о?ыту» стратегиясы.
К?тілетін н?тиже:
- О?ушылар ?з бетімен ж?мыс істей алу да?дыларын ?алыптастырады;
- ?аза?станны? экологиялы? проблемаларын бір-бірімен салыстырып, сипаттай алады;
- Экология туралы ал?ан білімдерін ж?йелей алады;
- ?аза?станны? экологиясы туралы ойын, пікірін ашы? айта алады;
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "?аза?станда?ы негізгі экологиялы? проблемалар"»


Бекітемін: Уразалиева Н.И.

Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы.

Күні: 11.05.2016 жыл.

Сабақтың тақырыбы: « §50.Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалары».

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экологиялық проблемалары туралы білім беру

Міндеттері:

Білімділік: Қоршаған орта, климаттың өзгеруі, ғаламдық көкейтесті мәселелер, Қазақстанның өзекті экологиялық проблемалары туралы білім беру. Оларды картадан көрсету.

Дамытушылық: Ізденімпаздыққа, пәнге деген қызығушылығын ояту, алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғау жастардың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Оқушыларға табиғатты аялауға, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, отансүйгіштікке, туған өлкесінің табиғатын бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ауызша баяндау,сұрақ-жауап,постер қорғау,картамен жұмыс.

Көрнекіліктер: Оқулық, презентация, суреттер, интербелсенді тақта,Қазақстанның физикалық картасы,плакаттар,бейнеролик т.б.



Тапсырмалар: «Ортада қаламсап», «өзара оқыту» стратегиясы.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады;
- Қазақстанның экологиялық проблемаларын бір-бірімен салыстырып, сипаттай алады;
- Экология туралы алған білімдерін жүйелей алады;
- Қазақстанның экологиясы туралы ойын, пікірін ашық айта алады;


Сабақтың барысы

Ι. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

в) Оқушылар назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғайлап қою.

г )Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

ΙΙ Үй тапсырмасын тексеру:

§49.Қазақстанның табиғат ресурстары.

«Ортада қаламсап» стратегиясы

Мұғалім әр топ мүшелеріне қаламдарын ортаға қоюын сұрайды. Мұғалім таңдаған қалам иесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектеседі

  • Табиғи қорлар дегеніміз не?

  • Табиғат ресурстарына нелер жатады?

  • Табиғат ресурстары нещеге бөлінеді?

  • Өз өлкеңде қандай табиғат қорлары бар және олар қалай пайдаланылады?

  • Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға қандай үлес қоса алар едің?

  • Отын –энергетикалық қорларға нелер жатады?



§50.Табиғатты тиімді пайдалану. Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар





ΙΙΙ .Жаңа сабақ.

«Түсіну» дағдысы.

«Өзара оқыту» стратегиясы.

Мұғалім үш топқа мәтінді бөліп береді. Мазмұнын түсінген соң өзара бір-біріне айтып талқыға салады.

Оқушылар берілген мәтінді оқып шығып, топ ішінде талқыға салады. Өзара біріне-бірі түсіндіреді.

« Постер қорғау»

Берілген мәтін бойынша постер салып, қорғауды тапсырады

 

Оқушылар мәтін бойынша өз ойларын постерге түсіріп, қорғайды.


«Қолдану» дағдысы.

Кескін картамен жұмыс.

Ең ауыр жағдайда тұрған қалаларды кескін картаға түсіреді.

Кескін картаға: Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен, Хромтау, Екібастұз, Қарағанды қалаларын түсіреді

«Талдау» дағдысы.

Бейнеролик

«Қазақстанның тұрмыстық қалдықтармен ластануы»

Мұғалім оқушыларға осы бейнероликті талқылауды ұсынады.

IV.Бекіту.

1.Климаттың өзгеруі, озон қабаттарының бұзылуы, шөлейттену, жердің тозуы,топырақтың құнарсыздануы қандай экологиялық проблемаға жатады? Ғаламдық.

2.Қазақстандағы ірі ядролық полигон қай қалада орналасқан? Семей.

3.. Экологиялық апатты аймақтар,тарихи ластану,трансшекаралық мәселелер,әскери-ғарыштық және тәжірибелік кешендердің полигондарының әсері қандай экологиялық проблемаға жатады ? Ұлттық.

4.Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бір түрі? Мелиорация.

5.Ауа бассейнінің ластануы,радиоактивті тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары,табиғи және техногендік төтенше жағдайларды қандай экологиялық проблемаға жатады? Жергілікті.

6..Топырақтың құнарсыздануы не деп аталады? Эрозия.

7. Бұл проблеманың тууына себепші болған-адам әрекеті. Бұл қандай теңіз? Арал теңізі.

8..Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл? Каспий теңізі.

9.Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұандай жұмыстар атқарылуда? Жер қойнауын тиімді пайдалау ( минералды шикізаттарды кешенді пайдалану,игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).

V.Рефлексия.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Мұғалім оқушыларға стикерлер арқылы 2 ұсыныс, бір тілек жазуын сұрайды.

VI. Қорытынды.

Бүгінгі сабағымызда Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар туралы мағлұмат алдық. Бұл проблемалардың түп негізінде тарихи факторлардың бар екендігін анықтадық. Бірақ бұл проблемалар тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Жер шарын, яғни Адамзатты толғандырып отырған өзекті мәселе екендігін түсіндік.

Олай болса ортақ үйіміз – Жер шарын қорғау бәріміздің борышымыз!

VII. Бағалау.
Бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушыларды журналға және күнделіктеріне бағалау.


VIII. Үй тапсырмасы:
1.§51.Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар (оқу);

2. Өз елді мекеніңнің негізгі экологиялық проблемалары туралы эссе жазу

Сабақ аяқталды.

Сау болыңызлар!

Назар аударғандарыңызға рахмет!










Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі













АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалар»







География пәні мұғалімі: Ізмағанбетова Ә.Ш.















2016 жыл,мамыр

Бағалау парақшасы

Топ мүшелері

«Ортада қаламсап»

Мәтінді меңгеру

Постер салу, қорғау

Кескін картамен жұмыс

Видеоролик талдау

Сәйкестендіру кестесі

қорытынды

1









2









3









4









5









6









7









Толық жауап 5 ұпай







































Адам әр

























екеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады.

Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар: Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады.

Жергілікті экологиялық проблемаларға: ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады.

Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

  • осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

  • аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы

Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы – сол апаттардцың аяғы анықталмай, себебі сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы азды-көпті айыппұл төлесе, бұл осымен іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын” игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұның арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп. Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге тболады: 1. Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет. 2. БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. 3. Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған. Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап етеді.

Аралдың экологиялық проблемасы

Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді.

Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.

Балқаш проблемасы

Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).



Семей ядролық полигоны

Семей полигоны Қазақстан картасында

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады.Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.



IV Жаңа сабақты бекіту: Сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1.Каспий теңізіне солтүстігінен құятын өзен?

2.Климаттың өзгеруі, озон қабаттарының бұзылуы, шөлейттену, жердің тозуы,топырақтың құнарсыздануы қандай экологиялық проблемаға жатады?

3.Қазақстандағы ірі ядролық полигон қай қалада орналасқан?

4. Экологиялық апатты аймақтар,тарихи ластану,трансшекаралық мәселелер,әскери-ғарыштық және тәжірибелік кешендердің полигондарының әсері қандай экологиялық проблемаға жатады ?

5. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бір түрі?

6. Ауа бассейнінің ластануы,радиоактивті тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары,табиғи және техногендік төтенше жағдайларды қандай экологиялық проблемаға жатады?

7.Топырақтың құнарсыздануы не деп аталады ?

8. Бұл проблеманың тууына себепші болған-адам әрекеті. Бұл қандай теңіз?

9. Каспий теңізіне солтүстік шығысынан құятын өзен?

10.Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл?



V Жаңа сабақты қортындылау: «Табиғат адамзаттың қолында!»

VI Бағалау.

VII Үйге тапсырма: §51 Қазақстанның экологиялық проблемалары.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары.
Білімділік мақсаты: Қоршаған орта, климаттың өзгеруі, ғаламдық көкейтесті мәселелер, Қазақстанның өзекті экологиялық проблемалары туралы білім беру.
Дамытушылық міндеті: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыстана отырып проблемаларды бірлесе шешуге, жаңа экологиялық ойлауға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: Экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны қорғауға аз да болса өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі және ТОҚ: Жер шарының физикалық картасы, экологиялық слайдтар, фотосуреттер, видеороликтер, ватман, маркерлер, т. б.
Сабақтың түрі: жобалау технологиясы
Сабақтың әдісі: жобалау - бағыт, талдау - жинақтау
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) Сарапшыларды тағайындау
ІІ. Ой қозғау
1. Адам іс - әрекетінің биосфераға әсері қандай?
2.”Көктемелік әсер “ қалай пайда болады?
3. Озон қабаты неліктен бұзылуда?
4. Қышқылдық жауындар қалай пайда болады?
5.“Рим клубы” ұйымы қашан және қандай мақсатта құрылды?
6. Киото хаттамасы қандай құжат?
7. Биологиялық алуан түрлілік туралы Конвенцияның мақсаты?
ІІІ. Шығармашылық жоба қорғау
І топ тақырыбы: Климаттың ғаламдық өзгеруі мен ауа - райының жылынуы мәселесі
Мақсаты:
- Климаттың ғаламдық өзгеру проблемасының себептері және болуы
мүмкін салдарымен танысу;
- Бізді қоршаған табиғи ортаға барлық адамзаттың және әр адамның
Қарым - қатынасын өзгерту.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Температура жоғарылауының негізгі себептері
2. Әлемдік деңгейдегі жылынудың адамдарға әсері
3. Мәселенің жаңа шешімдері
ІІІ. Қорытынды
Температура жоғарылауының негізгі себептері (коллаж құрастыру)
Электр станцияларынан зиянды газдардың шығарылуы;
Көліктерден шығатын улы газдар;
Азық - түлік тағамдарын өндіргенде пайда болатын көмірқышқылының әсері;
Көмірқышқылын жұтатын ормандарды шабу;
Табиғи апаттар:
Салдары:
Құрғақ аймақтар көбейеді;
Кей жерлер суыта бастайды;
Мұздар қалыңдайды;
Табиғи апаттар жиілейді;
Мұхит ағысы өзгереді;
Теңіз деңгейі көтеріледі;
өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлері жойылады;
экожүйе өзгереді:
Қазіргі кездегі климаттық өзгерулер
Мәселенің жаңа шешімдері (коллажды жинау)
Жел энергиясын пайдалану
Күн энергиясын пайдалану
Судың көтерілуі мен төмендеуінің энергиясын пайдалану;
Эко үйлер:
Ұсыныс
Жаңашыл, “таза” технологияларды тауып қолдану
Күкіртті, көміртегі аз отындарды қолдану
“Лас” өндірістерді ұтымды орналастыру
Аса биік түтін мұржаларын салу
Қоқыс қалдықтарын тиімді пайдалану мәселесін дамыту
Түйін
Бүгінде климаттың өзгеруіне әсер ететін екі күрделі мәселе бар. Олар:
1. Қоршаған ортаға әсер ететін зиянды газдарды атмосфераға шығаратын өндіріспен байланысты антропогендік жағдайлардың өсіп бара жатқандығы
2. Өмір сүруге маңызды компоненттер: орман, тау, теңіз, өзен, көлдер және сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктердің жойылып, биологиялық түрліліктің азаюынан табиғи экожүйе байланысының бұзылуы.
Мұның бәрі экожүйе өзгерісін болжау мүмкін еместігіне әкеліп соғады. Қазір шара қолданбасақ бізді болашақта қандай өзгерістер күтіп тұрғаны белгісіз.
ІІ топ тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары
Мақсаты:
Қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемалар және Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары туралы мағлұмат.
Жоспары:
І. Кіріспе.
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендерінің өзгеруі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Невада - Семей экологиялық қозғалысы.
2. Арал - Балқаш.
3. Каспий теңізінің экологиялық проблемасы.
4. Ауыз сумен қамтамасыз ету.
ІІІ. Қорытынды.
Семей ядролық полигонының жабылғанына 21 жыл (видеофильм)
Азғыр - Семей полигондарының жағдайы
Арал - Балқаш проблемалары
Арал апатына себеп болған факторлар
- Жергілікті жердің тарихи - табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау
- Суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау, суды үнемді пайдаланбау;
- Судың қорын есепке алмау;
- Табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі:
Ұсыныстар
Суды аз қажет ететін дақылдарды өсіру;
Егістерді суландыруға жұмсалатын суды үнемдеу;
Жергілікті жерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету:
Тұздың ұшуын азайтатын, топырақты бекітетін өсімдіктер егу
Сырдария мен Амудария өзендерінің бойында су тұтынушыларға суды су режимін дұрыс пайдалану заңы енгізілсе:
Балқашты экологиялық апаттан алып шығу жолдары:
- Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.
- Қапшағай су қоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
- Ақдала және Шар массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.
- Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.
- Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Экологиялық мәселелерді шешу жолдары:
- Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану;
- Экологиялық таза өнім алу;
- Жерді қайта түлету, көгерту;
- Қоршаған ортаға жағымсыз әсерді бағалау;
- Экологиялық техниканы пайдалану;
- Экологиялық білім беру:
Сарапшылар пікірлері
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Қазақстан Республикасының Конституциясы
ІІ бөлім: «Адам және азамат» 38 бап (оқушыларды таныстыру)
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті
Ү. Үйге тапсырма:
1. І топ: Ғаламдық жылыну және климат өзгеруі жайында бүктеме дайындау
ІІ топ: Қазақстанның экологиялық жағдайлары туралы кітапша, альбом дайындау; 2.§ 57, 31, 32 Қайталау.
ҮІ. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экологиялық проблемаларымен таныса отырып оның шығу жолын анықтау.
Міндеті:
1.Экологиялық проблемалар жайлы алған білімдерін бір жүйеге келтіру.
2. Экологиялық проблемалардың шығу және туындау жолдарын анықтау.
3. Қоршаған ортаны қорғап , сақтауға, табиғатты ластамауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақта қолданылатын әдістер: Аралас/тоқта қозғалма, ББҮ кестесі, РАФТ кестесі, сезімнен туған өлеңдер.
Сабаққа қажетті материалдар: Оқулық, презентация, суреттер, кесте, интерактивті тақта т.б.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады;
- Қазақстанның экологиялық проблемаларын бір-бірімен салыстырып, сипаттай алады;
- Экология туралы алған білімдерін жүйелей алады;
- Қазақстанның экологиясы туралы ойын, пікірін ашық айта алады;
- Сабаққа

Сабақ тақырыбы:

Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары

Сілтеме

Білім стандарты, география пәнінің Бағдарламасы, орта мерзімді жоспар

Сабақтың мақсаты:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін пайдалана отырып, Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары туралы білім алады

Күтілетін нәтиже

  • Топпен бірігіп жұмыс жасайды;

  • Мәтін мазмұнын өздері меңгереді;

  • Кескін картамен жұмыс жасайды;

  • Өз ойларын еркін жеткізеді;

  • АКТ-ны тиімді пайдаланады

Тапсырмалар

«Ортада қаламсап», «өзара оқыту» стратегиясы , сәйкестендіру кестесі

Келесі тапсырма

§51 (оқу), өз елді мекеніңнің негізгі экологиялық проблемалары туралы эссе жазу

Дереккөздер

Қазақстанның физикалық географиясы 8-сынып, атлас, электорнды оқулық Мазбаев О.Қ. https://www.youtube.com/watch?v=m8U8d3bJIFU

Бағалау

Критериалды бағалау

 

Дағдылар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

Білу

2 минут

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

7 минут

Ұйымдастыру

«Шаттық шеңбері»

 

 

 

Топқа бөлу

4 суреттің қиындылары беріледі. Суретті біріктіру арқылы топқа бөлінуді және араларынан топ басшысын сайлауды ұсынады.

 

Өткенді еске түсіру

«Ортада қаламсап» стратегиясы

Мұғалім әр топ мүшелеріне қаламдарын ортаға қоюын сұрайды. Мұғалім таңдаған қалам иесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектеседі

  1. Табиғат ресурстарына нелер жатады?

  2. Табиғат ресурстары нещеге бөлінеді?

  3. Өз өлкеңде қандай табиғат қорлары бар және олар қалай пайдаланылады?

  4. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға қандай үлес қоса алар едің?

 

Жаңа тақырыпқа шығу

«Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары»

Оқушылар шеңбер жасап, өздерінің есімдерінің бас әрпінен басталатын сын есіммен тіркестіріп айтады

 

 

Оқушылар сурет қиындыларын біріктіріп, топқа бөлінеді . Топ басшысын сайлайды

Оқушылар қаламдарын ортаға қояды. Мұғалім қай оқушының қаламын таңдаса, сол сұраққа жауап береді.

Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Түсіну

2 минут

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

10 минут

Электронды оқулық

 

 

 

«Өзара оқыту» стратегиясы

Мұғалім төрт топқа мәтінді бөліп береді. Мазмұнын түсінген соң өзара бір-біріне айтып талқыға салады

 

Постер қорғау

Берілген мәтін бойынша постер салып, қорғауды тапсырады

Оқушылар электорнды оқулыққа назар салады, тыңдайды

 

Оқушылар берілген мәтінді оқып шығып, топ ішінде талқыға салады. Өзара біріне-бірі түсіндіреді

 

 

Оқушылар мәтін бойынша өз ойларын постерге түсіріп, қорғайды.

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

 

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Қолдану

3 минут

Кескін картамен жұмыс

Ең ауыр жағдайда тұрған қалаларды кескін картаға түсіреді.

Кескін картаға Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен, Хромтау, Екібастұз, Қарағанды қалаларын түсіреді

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

 

Талдау

6 минут

Бейнеролик

«Қазақстанның тұрмыстық қалдықтармен ластануы»

Мұғалім оқушыларға осы бейнероликті талқылауды ұсынады

Оқушылар бейнероликке назар аударып, талқылайды

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

 

Жинақтау

2 минут

Электронды оқулықпен жұмыс

Оқушылар су,ауа, топырақ, ядролық жарылыс әсерінің адам ағзасына тигізетін әсері сәйкестік кестесін толтырады.

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

 

Рефлексия

3 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Мұғалім оқушыларға стикерлер арқылы 2 үсыныс, бір тілек жазуын сұрайды

Оқушылар стикерлер көмегімен ұсыныс, тілектерін жазады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

 

Бағалау

3 минут

Мұғалім топ басшысына тақтада көрсетілген бағалау шкаласы арқылы қорытынды жасауды ұсынады

Топ басшысы топ мүшелерін критерийлерге сүйене отырып бағалайды

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Үйге тапсырма

2 минут

Мұғалім сабақты қорытындылап,  үйге тапсырма береді

§51 (оқу), өз елді мекеніңнің негізгі экологиялық проблемалары туралы эссе жазу

Оқушылар күнделіктеріне баға қойдырып, үй тапсырмасын жазып алады

 

Ұстаздар сайты

деген қызығушылығы артады.Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық мәселелер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Айналадағы ортаның ластану жолдары, ондағы қоғамның рөлін қарастыру, қазіргі кездегі Қазақстандағы экологиялық мәселелер туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта басқа пән материалдарын пайдалану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, мәдени құндылықтар мен табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі: Биология пәнімен кіріктірілген сабақ

Оқыту әдістері: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының стратегиялары.

Оқыту тәсілдері: Ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық тәсілдер, тест, жобалау тәсілдері.

Көрнекіліктер: Слайдтар, қосымша деректер, бейнежазбалар

Дидактикалық материалдар: Тесттер, кестелер.




















Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту (Жаңа сабаққа дайындық).
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін бейнежазба көрсету:
Nature of Kazakhstan. Mp4 (3 мин.9 сек.)
Балалар бұл бейнежазбадан не байқадыңдар? Дұрыс, табиғат, тіршілік, айналадағы бізді қоршаған орта. Тірі организмдер бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыста өмір сүреді. Оны зерттейтін ғылым саласын – ЭКОЛОГИЯ деп атайды. Бүгінгі сабағымыз – «Қазақстандағы экологиялық проблемалар» деп аталады.

ІІІ. Мағынаны тану (Жаңа материалды меңгерту).
Сабақтың жоспары:
1. Экология ғылымы.
2. Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
2.1. Семей полигоны.
2.2. Арал теңізі.
2.3. Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар.
Осы жоспарға қарап сабақтың мақсатын айқындау.

Қазақстандағы экологиялық проблемалар туралы оқымас бұрын экология ғылымы туралы мағлұмат алайық. Ол ғылым туралы мағлұматты бізге алдын-ала берілген тапсырма бойынша __________________________________ таныстырып өтеді.

1. Экология ғылымымен таныстыру.

І топ ІІ топ
1. «Экология» терминін ғылымға алғаш рет кім және қашан енгізді?
2. Экология нені зерттейді?
3. Экология ғылымының мақсаты. 1. Экологиялық факторлар деген не?
2. Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді?
3. Экология ғылымының негізгі міндеттері.


Тақырыптың мазмұнын ары қарай ашу мақсатында өзіміздің Қазақстан тарихы оқулығын пайдаланып жұмыс жасаймыз. Ол үшін үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Алдын ала берілген тапсырмаға байланысты кезек өздеріңізге беріледі.

І топ ІІ топ Ортақ
Семей полигоны Арал теңізі Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар
1949 жылы 29 тамызда тұңғыш атом бамбасы сынақтан өтті.
1949-1963 ж.ж. ауада 113 ашық жарылыс болды.
1964-1989 ж.ж. 343 жерастылық жарылыс жасалды.
Одақта болған сынақтың 70%-ға жуығы Семей полигонында өтті. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапшылдыққа жол берілді. Арал теңізінің суы тартылды.
Теңіз суы 3 есе азайды.
Су жағадан 80 км. дейін ығысып, деңгейі 49 м. белгіге төмендеді.
Теңіздің құрғап қалған табаны 30 мың шаршы шақырымға жетті. Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл, Өскемен, Теміртау т.б.

Бейнежазба көрсету:
Семей полигоны.mp4
Cемей полигоны.mp41.mp4
4 мин. 33 сек Бейнежазба көрсету:
Аралдың ажары кіре ме.mp4

3 мин Бейнежазба көрсету:
В Усть-Каменогорске стало нечем дышать ...
3 мин

І топ
«Сандық көрсеткіштерге сипаттама бер»
№ Көрсеткіштер Сипаттамасы
1 1949 ж. 29 тамыз
2 1949-1963 ж.ж.
3 1964-1989 ж.ж.
4 70%
5 3 есе азайды
6 80 км. ығысып, 49 м. төмендеді

ІІ топ
«Сөздік көрсеткіштерге сипаттама бер»
№ Көрсеткіштер Сипаттамасы
1 Капустин Яр
2 Бір реттік жарылыстар
3 Сырдария мен Әмудария
4 Арал теңізі
5 Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия
6 Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар






Топтастыру стратегиясы:


Семей полигоны Арал теңізі Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар
Әкімшіл-әміршіл басқару. Өндірушілік-шикізаттық бағыттың жалғасуы.
«Қырғи қабақ» соғыс. Жаппай қарулану.
Отаршылдық саясаты. Қазақ халқының болашағын бұлыңғырлату.






IV-кезең Ой-толғаныс.
Жабық тест орындау
Тест сұрақтары:
1.Қазақстан қай жылдары нағыз экологиялық апат аймағына айналды?
А) 1940 жылдардан бастап
В) 1945 жылдардан бастап
С) 1950 жылдардан бастап
D) 1955 жылдардан бастап
E) 1960 жылдардан бастап

2. 1949 – 1963 жылдар аралығында ауада жасалған жарылыс саны?
А) 113
В) 213
С) 131
D) 231
E) 311

3. Полигон зардабын тартқан Семей өңірімен іргелес жатқан өңірлер?
А) Атырау, Қарағанды, Өскемен
В) Қарағанды, Павлодар, Өскемен
С) Павлодар, Шымкент, Қарағанды
D) Өскемен, Алматы, Атырау
E) Қарағанды, Павлодар, Талдықорған

4. Капустин Яр атом полигоны қай өңірде орналасты?
А) Шығыс Қазақстан
В) Оңтүстік Қазақстан
С) солтүстік Қазақстан
D) Батыс Қазақстан
E) Орталық Қазақстан

5. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапшылдыққа жол берілуінің зардабы қай теңізге әсер етті?
А) Жерорта
В) Балқаш
С) Қара теңіз
D) Каспий
E) Арал
6. Арал теңізінің суы азайды:
А) 3 есе
В) 2 есе
С) 4 есе
D) 7 есе
E) 10 есе

7. Арал өңірінде экологияның күрт шиеленісуіне үлкен әсер етті:
А) «Капустин Яр» полигоны
В) «Байқоңыр» ғарыш айлағы
С) Семей полигоны
D) Қытайдағы Лобнор полигоны
E) Өскемендегі ірі кәсіпорындар

8. «Байқоңыр» космодромы қай жылдан бастап жұмыс істей бастады?
А) 1953 жылдан бастап
В) 1955 жылдан бастап
С) 1957 жылдан бастап
D) 1959 жылдан бастап
E) 1951 жылдан бастап

9. Ірі қалалардағы экологиялық жағдайдың шиеленісуіне әсер етті:
А) Тұрғындардың көп болуы
В) Көпірлердің аз болуы
С) Саябақтар
D) Ірі кәсіпорындар
E) Трамвай мен троллейбус

10. Өскемен қаласында орналасқан ірі кәсіпорын:
А) Мақта-мата комбинаты
В) Пресс автоматтары зауыты
С) Ауыр машина жасау зауыты
D) Кен-химия комбинаты
E) Қазмырыш комбинаты


Тест жауаптары:

1.С
2. А
3. В
4.D
5. Е
6. А
7. B
8. С
9. D
10.E






Сұрақтар І қатар
Биология ІІ қатар
Қазақстан тарихы
НЕ? Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым (Экология) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған ғарыш кемелерінен ауаға таралған улы қосылыс қалай аталады? (Гептил)
ҚАЙДА? «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген биолог Э. Геккель қайда дүниеге келді?
(Германияда) Капустин Яр атом полигоны Қазақстанның қай өңірінде орналасты? (Батыс Қазақстан)
ҚАШАН? Атақты биолог Э.Геккель «Экология» терминін алғаш рет ғылымға қай жылы енгізді?
(1866 жылы) Семей атом полигоны Қашан жабылды?
(1991 жылы 29 тамызда)




V. Қорытынды.

Бүгінгі сабағымызда биология пәні көмегіне сүйене отырып экология ғылымымен таныстық. Сонымен қатар тарих пәні арқылы Қазақстандағы экологиялық проблемалар туралы мағлұмат алдық. Бұл проблемалардың түп негізінде тарихи факторлардың бар екендігін анықтадық. Бірақ бұл проблемалар тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Жер шарын, яғни Адамзатты толғандырып отырған өзекті мәселе екендігін түсіндік.

Бейнежазба көрсету: Табиғатты аялайық.mp4

Олай болса ортақ үйіміз – Жер шарын қорғау бәріміздің борышымыз!

VI. Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы:
 § 40 (175-177 беттер)
 Тақырып бойынша 10 сұрақ құрастыру;
 О.Сүлейменовтың өмірі мен қызметі туралы қосымша дерек.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ашы? саба? "?аза?станда?ы негізгі экологиялы? проблемалар"

Автор: Ізма?анбетова ?лия Шектібай?ызы

Дата: 19.05.2016

Номер свидетельства: 328471


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства