kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шіңберлері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

оалоал лоало улкоулол лоулаоулоаулао уо луоалоулол  улоалуоалоулаолу уаоулаолуоалуолао луоалоулоалуо улаолуоалуолаула  уаоулоалоулаоло улоалоулао 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шіңберлері.»

Тақырыбы:36. Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шіңберлері. 37.Қанның артериялық қысымы.Қанның тамырлармен қозғалуы.

Сабақтың мақсаты:

а)Оқушыларға жүрек,қантамырлары жөнінде айта отырып,олар айырмашылықтарын,бөлімдерін,атқаратын қызметтерін меңгерту.

ә)Оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, тереңдетіп отыру, дағдыларын,ойлау қабілеттерін дамыту.

б)Оқушылардың пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын,адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:ойын «көңілді старт»

Сабақтың типі: жаңа ұғымдарды меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап,интерактивтік тақта,тонометр

Көрнекіліктер: интерактивтік тақта,кітап,

Пәнаралық байланыс:валеология,физика,дене шынықтыру

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу,оқушылардың бар-жоғын бақылай отырып,назарын сабаққа аудару,журнал толтыру.Білім алушылардың көңіл күйін сұрау.Сабақ жоспарымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

І.Сабақтың жоспары:

1. «Бөшкедегі басқатырғыштар»кезеңі

2. «Биологиялық диктант»кезеңі

3. «Ой-толғаныс» кезеңі

Сыныпты алдымен 3 топқа бөліп алдым.

І.топ. Кардиологтер. ІІІ. топ.Гематологтер.

ІІ.топ. Терапевтер.

І. «Бөшкедегі басқатырғыштар»кезеңі

Бұл кезеңде әр топ оқушыларға карточкалар таратамын,сұрақтарға жауап береді.

1.Жүрек автоматизмі дегеніміз не?

2.Жүрек жұмысының үш кезеңін ата?

3.Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең?

4.Жүректің салмағы қанша?

5.Жүрек неше қабаттан тұрады?

6.Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?

7.Жүректің қақпақшалары дегеніміз не?

8.Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?

9.Қылтамыр дегеніміз не?

10.Үлкен қанайналым шеңбері дегеніміз не?

ІІ. «Биологиялық диктант»кезеңі

Бұл кезеңде әр топқа диктант беріледі. Нүктенің орнына тиісті сөздерді жазуы керек.

«Кардиологтер»тобына

  1. ..... ..... деп, құлақша мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлімді айтады.

  2. Алкоголь қанға тез өтеді және бүкіл организмге ..... арқылы таралады.



«Терапевтер»тобына

1.Ең үлкен қызылтамыр қолқа деп аталады. Ол жүректің ... .... ....... басталады.

2.Ересек адамның жүрегі минутына 70-75рет ....., ...... .

«Гематологтер» тобына

1.Жүрек пен қан тамырларының қызметімен бүкіл .... қызметі байланыста болады.

2...... ...... мен есірткі заттары жүрек пен қан тамырларының жұмысын бұзады,созылмалы аурулардың пайда болуына себепші болады.

III. «Ой-толғаныс»кезеңі

Бұл кезеңде әр топқа сандар беріледі. Сол сандар қандай мағына беретінін айту керек.

120/80мм; 75-76рет; 4,5-5млн; 4-8мың; 4-топ; 100мың км; 50есе.




III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Эксперименттік жұмыс:

Бір оқушыны ортаға шығардым,тонометрмен қан қысымын өлшедім.Бұл оқушының қан қысымы қалыпты Нәтижесі 120/80 болды,бір қалыпты.

Жоспар:

1.Қанайналымның үлкен шеңбері

2.Қанайналымның кіші шеңбері

Эксперименттік жұмыс:

Екі оқушыны ортаға шығардым оларға импульстері бір минутта неше рет соғатының бақыладым.Бірінші оқушының соғысы 80,ал екінші оқушының нәтижесі 95.Бұл оқушылардың жағдайлары бір қалыпты оң нәтиже көрсетті.

3.Қанның артериялық қысымы.

4.Қанның тамырлармен қозғалуы.

1.Қанның сол жақ қарыншадан барлық мүшелер мен ұлпаларға, оң жақ жүрекшеге қозғалуы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады. Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.Қанның оң жақ қарыншадан өкпеге, одан сол жақ жүрекшеге қозғалуы өкпе немесе қанайналымның кіші шеңбері деп аталады. Кіші қанайналым шеңбері:Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады), өкпе, өкпе веналары (бұлармен артерия қаны ағады) арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқьш газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттекпен қанығып, артерия қанына айналады.Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында үздіксіз жүріп отырады. Адам мен жануарлар ұрығының эмбриондық дамуы кезеңінде іштегі нәресте мен жануарлар іштөлі организмдері қан тамырлар жүйесінде бірін-бірі ауыстырып отырып жетілетін екі: сарыуыздық және ұрықжолдастық (плаценталық) қанайналым шеңберлері болады.Нәтижесінде тамырлардың бойымен қозғалады.Қарыншалардың жиырылуы кезінде қан жоғары қысымға байланысты қолқа мен өкпе артерияларына түседі.Артериялық қысым-бұл жүректің жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсіретін қысымы.Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді.Дені сау адамның қан қысымы 120/80 мм сынақ бағытына тең келеді.(Ең жоғарғы қысым-120 мм сын.бағ., ал ең төмен қысымы 70-80 мм сын.бағ. құрайды.) Қан қысымының 150 мм сын.бағ. артуы гипертония деп аталады.Гипертонияның алдын алу үшін тамақтану және ұйықтау режімін қадағалап,жұмыс пен демалысты кезектестіріп,салауатты өмір салтын сақтау керек .Иық артериясында қысымның 70-80 мм сын.бағ. Дейін төмендеуі гипотония деп аталады.Бұл-адам өміріне қауіпті,организмнің әлсіреген іс-әрекетінің көрсеткіші болып табылады.

4.Тамырдың соғуы-жүрек жиырылған сайын пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі.Тамырдың соғуы бойынша жүректің 1 минуттағы жиырылу санын анықтауға болады. Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады.Қанның түрлі тамырлармен қозғалу жылдамдығы әртүрлі.Қан ағатын ең тар бөлік-қолқа,ал ең кеңі-капиллярлардың жиынтық арнасы. Қанның венамен қозғалуына қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы да,ішкі мүшелердің қысымы да әсер етеді.Бұлшық еттер жиырылғанда,венаны қысып,ондағы қанды тамырлармен жүрекке қарай айдайды.Қанның тамырлармен қозғалуы нейрогуморальды факторлар арқылы реттеледі.Артериялар қабырғасының бірыңғай салалы бұлшық етіне тамырды қозғалтатын жүйкенің екі түрі:тамырды кеңейтетін және тамырды тарылтатын жүйкелер келеді. Тамыр қабырғаларындағы жүйке ұштары қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруіне орай оларда қозу тудырады.

IV.Бекіту:

  1. Қан айналым мүшелерінің жүйесін ата?

  2. Адамның қан айналымы шеңбері қандай болады?

  3. Адамда неше қанайналым шеңбері бар?

  4. Артериялық қысым дегеніміз не?

  5. Артериялар қабырғасының бірыңғай салалы бұлшық етіне тамырды қозғалтатын жүйкенің екі түрін ата?

6)Адамның артериялық қысымын қандай аппарат крқылы өлшейді?

V.Үй тапсырмасы: 36,37 оқып,сұрақтарға жауап беру.

VI.Бағалау: Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шіңберлері.

Автор: Курмангалиева Гульнар Асанқызы

Дата: 13.01.2017

Номер свидетельства: 378919

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "К?рнекі саба? "?анайналымны? ?лкен ж?не кіші ше?бері""
    ["seo_title"] => string(52) "korniekisabakkanainalymnynulkienzhniekishishienbieri"
    ["file_id"] => string(6) "284664"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454004487"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "?лкен ж?не кіші ?анайналым ше?берлері ?анны? ?антамырлармен ?оз?алуы"
    ["seo_title"] => string(69) "ulkienzhniekishikanainalymshienbierlierikannynkantamyrlarmienkozgaluy"
    ["file_id"] => string(6) "288935"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454693204"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "?лкен ж?не кіші ?анайналым ше?берлері ?анны? ?антамырлармен ?оз?алуы"
    ["seo_title"] => string(70) "ulkienzhniekishikanainalymshienbierlierikannynkantamyrlarmienkozgaluy1"
    ["file_id"] => string(6) "288936"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454693211"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "?анайналымыны? ?лкен ж?не кіші ?анайналым ше?берлері. ?анны? тамырлар бойымен ?оз?алуы."
    ["seo_title"] => string(100) "k-anainalymynyn-ulkien-zh-nie-kishi-k-anainalym-shien-bierlieri-k-annyn-tamyrlar-boiymien-k-ozg-aluy"
    ["file_id"] => string(6) "252881"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447484180"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Конспект урока: ?анайналым м?шелері."
    ["seo_title"] => string(35) "konspiekturokakanainalymmushielieri"
    ["file_id"] => string(6) "305419"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457943032"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства