kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қан, оның құрамы. Қан топтары. Қан құю

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: қан, оның құрамы, қызметі туралы түсінік беру

2. Дамытушылық: ағзаның ішкі ортасы, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер туралы түсінік беру

3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жеке басын гигиенасын сақтау

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, таразы, сынып тақтасы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (студенттермен амандасып, сабаққа қатысын тексеру)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қан, оның құрамы. Қан топтары. Қан құю»

Тобы: МБ -10 -1

Пәні: Анатомия, физиология және балалар гигиенасы

Сабақтың тақырыбы: Қан, оның құрамы. Қан топтары. Қан құю

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: қан, оның құрамы, қызметі туралы түсінік беру

2. Дамытушылық: ағзаның ішкі ортасы, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер туралы түсінік беру

3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жеке басын гигиенасын сақтау

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, таразы, сынып тақтасы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (студенттермен амандасып, сабаққа қатысын тексеру)



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Бұлшық ет туралы ғылым қалай аталады?

  2. Құрылысы мен физиологиялық ерекшелігіне қарай бұлшық еттер нешеге бөлінеді?

  3. Көлденең жолақты бұлшық еттерге қай еттер жатады?

  4. Бұлшық еттердің қасиеттері қандай?

  5. Бұлшық еттер орналасқан орнына қарай қалай бөлінеді?

  6. Бірыңғай салалы бұлшық еттерге қай еттер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ

Қан айналады жүректің әмірімен,

Қан тілдеседі жүрек дегентәңірімен

Ақ түсті мөлдір және қызылданып,

Адамға күш береді пәрменімен.



Организмнің ішкі ортасын қан, лимфа, және ұлпа сұйықтықтары құрайды. Қанның қызметтері тасымалдау, негізгі қызметі – әр түрлі қосылыстарды организм ішінде жеткілікті жылдамдықпен тасымалдау.

Тасымалдау қызметін жіктеп келесі бөліктерге бөлуге болады:

а) тыныстық: ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан бөлу;

ә) қоректік: қоректік заттарды тасу және кейбір алмасу қосылыстарын синтездеу немесе ыдырау

б) бөлу – организмнен бөліп шығару үшін зат алмасудың соңғы қосылыстарын немесе ыдырату

в) су – тұз алмасуын қамтамасыз етуін тасымалдау қызметі ретінде қарастыруға болады.

г) гуморальды реттеу қызметі – тасымалдау түрі. Мұнда белгілі синтезделген гормондар мен биологиялық әрекетті қосылыстар организмнің әр бір жасушасына жеткізіледі.

Қорғаныштық (иммундық қорғаныс): қызып кетуден, зиянды заттардан, иммунитет арқылы жұқпалы аурулардан қорғайды.

Жылуды реттеу (терморегуляция) жылу пайда болатын мүшелердегі жылынған қанды барлық организмге тасымалдап, дененің жылу тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қан плазмадан және қан жасушалары: эритроцит, лейкоцит, тромбоциттен тұратын сілтілі, әлсіз сұйықтық. Қанның сұйық бөлігі плазма -55-60%, оның ішінде қан жасушалары 40 -45%. Қан плазмасының құрамында 90-92% су, 0,9% тұздар, 6,6 -8%нәруыздар (альбумин, глобулин, фибриноген) 0,8% майлар, 0,12% көмірсулар, дәрумендер, ферменттер, минералды тұздар қорғаныш заттары – антиденелер болады. Адам ағзасында шамамен 4,5 - 5 л қан болады.

Эритроциттер – екі жағы ойыс, ядросы жоқ қызыл жасушалар. 1 мм3 қанда 5млн болады, тіршілігі – 130 тәулік. Эритроциттердің қызыл болу себебі гемоглобиннің болуына байланысты. Эритроциттер қызыл сүйек майы, көкбауырда түзіледі.

Эритроциттің негізгі қызметі – өзінің құрамындағы гемоглобин көмегімен оттегі мен көмір қышқыл газын тасымалдау. Қан аздық (анемия ) – қандағы гемоглобин мөлшерінің төмендеуімен байланысты ауру. Ол қан кету бұзылу, темір мен В12 витаминінің жетіспеуі. Оның белгілері: тез шаршау, ентігу, құлағында шуыл пайда болып, бас айналу. Қалыпты жағдайда қан құрамында 1литрде 120-140 гр гемоглобин болады.

Лейкоциттер–қанның түссіз ядросы мен цитоплазмасы бар жасушалары. 1мм3 қанда 6-8 мың болады. Лейкоциттер қорғаныш қызметін атқарады.Олардың ағзаға енген бөгде заттар мен микробтарды сіңіретін қабілеті бар.

Лейкоциттердің қызметі –микробтарға қарсы арнайы заттар жасап шығарып, оларды қоршап алады , ағзаға енген бөгде заттарды жойып жібереді. Лейкоциттер дененің қайта жаңғыруына (регенерация), жараның бітуіне қатысады. Пішіні домалақ емес. 2-4 тәулік өмір сүреді. Оларды қан, көк бауыр, жіліктің майы жасап шығарады.

Тромбоциттер–өте ұсақ, ядросыз элементтер. 1мм3 қанда 300-400 мың болады. қанның ұюында маңызды рөл атқарады да, қансыраудан сақтайды. Тіршілік ұзақтығы- 5-8 күн.

Тромбоциттің негізгі қызметі – тамырлар қабырғасын қоректендіреді, тамырлар зақымданғанда оларды тығындайды, тромбылар пайда болады, тамырлардың зақымданған жерін тарылтады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.

Адамға алғаш рет қан құю жұмысын 1667 жылы 15 маусымда Жан Батист Дени жүргізген. Ландштейнер мен Янскийдің 1900 жылғы зерттеулері адам қанының эритроцитінде агглютиногендер (желімделуші), ал плазмасында агглютининдер (желімдеуші) деп аталатын заттар болатынын көрсетті. Агглютиногендерді латынның А және В, агглютининді гректің α және β әріптерімен белгіленген. А мен α, В менβ жеткілікті концентрацияда кездессе эритроциттер желімделетін болған. Осының неізінде қанды 4 топқа бөлген.

Қан құю үшін қан тобының мәні өте зор. Қанды науқас адамға, жараланып, көп қан жоғалтқан жағдайда құяды.

Қан тобы

Эритроцитте агглютиноген

Плазмада агглютинин

Кездесу жиілігі

І (О)

-

Αβ

49%

ІІ (А)

А

В

30%

ІІІ (В)

В

Α

15%

ІV (АВ)

АВ

-

6%

Қан беруші – донор, қан алушы – реципиент деп аталады.

Қан тобы

Қан құюға болатын топтар

Қан беруге болатын топтар

О

О, А, В, АВ

О

А

А, АВ

О,А

В

В, АВ

О,В

АВ

АВ

О,А,В,АВ



І топ – бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі табанды, әзіл – сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді

ІІ топ – cезімтал сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгені мен жүйкесі жұқалау, өз – өзіне талап қойғыш, өз іс – әрекеттерін мұқият қарап отырады.

ІІІ топ – секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды.сары уайымға салынғыш, сабасына тез түсіп болған жәйтті тез ұмытады

ІV топ – мақсатына жетуге жан – тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, жағымды болу мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.

1940 жылы Ландштейнер мен Винер адам қанының эритроцитінен макака- резус маймылы эритроциттерінің агглютиногеніне туыстас агглютиноген нәруызын тапты. Бұл резус-фактор деп аталады. Жер шарындағы адамдардың 85% - нан осы нәруыз табылған, олар резус оң деп аталса (рһ+), ал 15% - ында ол нәруыз жоқ, ол резус теріс адамдар деп аталады. (рһ-).

ІV. Бекіту.

І- тапсырма. Биологиялық диктант

  1. Ағзаның ішкі ортасына .......,......,........ жатады.

  2. Қан құрамы - ..... 55- 60% және ....... 40-45% тұрады.

  3. Қан жасушалары......., ......, ......

  4. Ағзадағы қанның мөлшері .........

  5. Лейкоциттер - ........... қызметін атқарады.

ІІ – тапсырма. Қанның формалы элементтері (кесте)

Жасушаның аты

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тромбоциттер

1мм3 қандағы мөлшері

5 млн

6-8 мың

300-400мың

Пішіні

Екі бүктелген

Домалақ

Әр түрлі

Құрылысы

Ядросы жок, гемоглобин түзеді

Ядросы бар, түссіз жасуша

Өте ұссақ қанның ядросыз элементі

Түзілетін орны

Қызыл сүйек майы, көкбауыр

Көкбауыр, лимфа түйіндері

Қызыл сүйек майы,

Тіршілік ұзақтығы

120 күн

2-4 тәулік

5-8 күн

Қызметі

Оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды

қорғаныштық

Қаг ұйыту, тамырларды қалпына келтіру



ІІІ – тапсырма Өз қаныңның мөлшерін анықта (биологиялық есеп)

Адамдардың салмағына байланысты ағзасында неше литр қан болатынын анықтау. Қанның мөлшеріне дене салмағының 7% сай келеді және қанның меншікті салмағы 1,06г/см 3 –қа тең.



ІV – тапсырма. Проблемалық сұрақтар

  1. «Қан - дәнекер ұлпа», «Қан – өмір сыйлаушы дегенді қалай түсінесің?

  2. «Адам денсаулығы қанның құрамын зерттеу арқылы анықталады» дегенді қалай түсінесің?

  3. Қан арқылы берілетін ауруларды білесіз бе?

  4. Қазақ жеті атадан қыз алмаған оның сыры неде?

Жауаптар

1.Қан болмаса тіршілік болмайды. Ол денемізге қоректік затты, оттекті тасымалдайды, керексіз заттарды сыртқа шығарады

2.қанды тексергенде қан жасушалары анықталады, мөлшері жақсы келсе денсаулығы жақсы екені байқалады.

3. Қан арқылы таралатын аурулар: туберкулез, қант диабеті, психологиялық аурулар, гемофилия, ЖИТС

4.Қазақ халқында «жеті атадан» бері қыз алуға тыйым салынған, аталары туыс, қандары жақын адамдар үйленсе, олардан туған ұрпақ аурушаң, ақыл есі кем, кемтар болып келеді

V. Қорытынды

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма. Қан тобын анықтау



«Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» МКҚК

«Креативті ойлауды дамыту интеллектуальды шығармашылық» атты

әдістемелік семинар















Тақырыбы: «Қан, оның құрамы. Қан құю, Қан топтары»













Дайындаған: Дүйсенбаева Қ.













Бейнеу – 2015 ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Қан, оның құрамы. Қан топтары. Қан құю

Автор: Дуйсенбаева Камка Базарбаевна

Дата: 28.01.2017

Номер свидетельства: 384788

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор."
    ["seo_title"] => string(38) "k_an_toptary_k_an_k_u_iu_riezus_faktor"
    ["file_id"] => string(6) "375898"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483698196"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Технология / қыздар / пәнінен 6 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары"
    ["seo_title"] => string(70) "tiekhnologhiia_k_yzdar_p_ninien_6_synypk_a_arnalg_an_sabak_zhosparlary"
    ["file_id"] => string(6) "392503"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487240165"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "С?йекті? ??рылысы мен химиялы? ??рамы "
    ["seo_title"] => string(45) "suiiektin-k-u-rylysy-mien-khimiialyk-k-u-ramy"
    ["file_id"] => string(6) "213284"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1432026912"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "С?йек ??рылысы мен химиялы? ??рамы "
    ["seo_title"] => string(42) "suiiek-k-u-rylysy-mien-khimiialyk-k-u-ramy"
    ["file_id"] => string(6) "213286"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432027373"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Негіздер, оларды? ??рамы, жіктелуі, ?асиеттері. "
    ["seo_title"] => string(53) "nieghizdier-olardyn-k-u-ramy-zhiktielui-k-asiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "247191"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446512126"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства