Алматы облысы,Панфилов ауданы,Қожбанбет би атындағы орта мектеп биология пәнінің мұғалімі Қожабекова Айтжамал Беккалиевна
Сабақтың тақырыбы: Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор.
Сабақтың мақсаты: тромбоциттердің құрылысы және олардың қан құюдағы рөлі туралы негізгі түсінік беру.
Міндеттері:
1.Білімділік: тромбоциттердің құрылысы мен қызметтері туралы біліктілігін арттыру.
2.Тәрбиелік: оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Денені жетілдіру қажеттілігін сезінуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: тұрақты түрде зейінін дамыту. Есте сақтауды және жүйке жүйесінің ширақтылығын дамыту.
Сабақ түрі: жаңа білімді хабарлау және қалыптастыру (әңгіме-сұхбат, зертханалық жұмыс).
Көрнекіліктер: «Адам қанының жасушалары» кестесі, оқулықтағы суреттер, адам қанының микропрепараттары, микроскоп.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша білімді өзектеу.
1. Ағзаның ішкі ортасы қандай құрам бөліктерден тұрады?
2. Денедегі жасушалар оттекті және қоректік заттарды қайдан алады?
3. Қанның құрамы қандай?
4. Қан плазмасы неден тұрды? Қан жасушалары үшін плазманың қандай маңызы бар?
5. Қан жасушаларының қызметі қандай?
6. Қорытынды: Қанның ұлпа ретіндегі құрылымдық ерекшеліктері.
ІІІ. Жаңа материалды оқыту. Оқулықпен жұмыс.
Ағзадан қанның көп кетуі өте қауіпті. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы бұзылады, қын қысымы төмендеп, қанда гемоглобиннің мөлшері азаяды Қан кеткен адамның өмірін сақтап қалу үшін оған басқа сау адамның қанын құяды. Бұл кезде кез келген адамның қанын құюға болмайды. Бір адамның қаны екінші адамның қанымен сәйкес келе бермейтіні тек 1900 жылы анықталған. Қан құюдың сәтсіз болуы әр адамның қанында болатын өзіне тән химиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қан беретін адам – донор мен қанды қабылдайтын адам – реципиенттің қан топтары сәйкес келуі керек.
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV. Қан беретін адамды – донор (латынша «donore» - сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент ( латынша «recipiens» - қабылдаушы) дейді.
* Адам қанының үйлесімділігі *
Қан тобы Мынадай топқа қан беруге болады Мынадай топтағы қанды құюға болады
І
ІІ
ІІІ
ІV I, II, III, IV
II, IV
III, IV
IV I
I, II
I, III
I, II, III, IV
Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады. Эритроциттердің бірігіп қалуын агглютинация деп атайды. Агглютинациядан қан ұйып, ұсақ тамырлар бітеліп қалады да, адам өліп кетуі мүмкін.
І топты қанды қаны кез келген топтағы адамға құюға болады. Сондықтан қан тобы І адамды әмбебап донор деп атайды. Қаны IV топ адамға барлық төрт топтағы қанды құюға болады, оларды әмбебап реципиент деп атайды Қан тобы – тұқым қуалайтын белгі және адамның бүкіл өмірінде өзгермейді.
Резус-фактор (Rh - фактор) – адам мен макака-резус маймылының қанында (эритроциттерінде) болатын ерекше нәруыз. Оны ең алғаш 1940 жылы К.Ландштейнер макака-резус (macacus rhesus) маймылының (атау осыдан алынған) қанынан анықтаған. Адамдардың 85%-ының қанында резус-фактор бар, оларды оң-резус (Rh+) деп атайды. Ал адамдардың 15%-ында резус-фактор жоқ, оларды теріс-резус (Rh-) дейді.
ІV.Жаңа тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.
1. Қан топтары қандай белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді?
2. Бұл қанның өз қызметін атқаруына әсер ете ме?
3. Бұрынғы уақытта қан құю жағдайлары неліктен әрқашан сәтті өтпеген?
4. Жануарлардан адамға қан құюға бола ма?
5. Егер қан топтары сәйкес келмесе, реципиент және донор қанындағы эритроциттер неге ұшырайды?
6. Анасы мен баласының қан топтары әр уақытта сәйкес келе ме? Неліктен?
V.Үй тапсырмасы. Оқулықтағы тақырыпты оқу, сұрақтарына жауап беру,
дәптерге тапсырманы орындау.