Сабақтың ортасы: 10мин 6мин 5мин 10мин | Тапсырма №1 (топтық жұмыс) Оқулықпен жұмыс істей отырып, мазмұнды тапсырмамен жұмыс істейді. Әдіс: «Жаңа білім бастамасы» Мақсаты: Оқушылар айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін білу 1. Топ- «Өздігінен тозаңдану 2. Топ-«Айқас тозаңдану» 3. Топ- «Жасанды тозаңдану» Дескриптор: білім алушы Бағалау түрі: «Жарайсың!»әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалау. Тапсырма №2 (жұптық жұмыс) Өсімдіктерді тозаңдану жолдарына байланысты өсімдіктерді топтастырып, кесте толтыру. Әдіс: «Бүгін үйренген нәрсе» Мақсаты: Суретте берілген кестені сәйкестендіріп толтыру керек. 1. Жер жаңғағы 2. Қарабидай 3. Жүгері 4. Шие 5. Саумалдық 6. Қызғалдақ 7. Бетеге 8. Тары 9. лимон 10. қант қызылшасы 11.құлмақ 12.асқабақ 13.қайың Өздігіне тозаңданатын өсімдіктер | Айқас тозаңданатын өсімдіктер | 1,5,7,8 | 2,3,4,6,9,10,11,12,13 | Дескриптор: білім алушы Бағалау түрі: Смайлингтер арқылы топтар бір-бірін бағалау. Тапсырма №3 (жеке және топпен жұмыс) Оқулық мәтінімен жұмыс істей отырып, төменде берілген кестеге өздігінен және айқас тозаңдану түрлерін сәйкестендіріп толтыру керек Әдіс: «Маған көрсет» Мақсаты: Өздігінен және айқас тозаңдану түрлерін ажырата білу. Белгілері | Тозаңдану әдісі | Тозаңдары майда, жеңіл, құрғақ. | Жел арқылы | Гүлі ашық реңді. | Бунақденелілер арқылы | Тозаңдары өте ірі, жабысқақ. | Бунақденелілер арқылы | Гүлдің аталық жіпшелері өте ұзын, тербеліп тұрады. | өздігінен | Гүлдері реңсіз, ұсақ. | Жел арқылы | Гүлдері хош иісті, өсімдік топтасып өседі. | Бунақденелілер, құстар арқылы | Гүлдердің шірнеліктері болмайды. | Жел және өздігінен | Дескриптор: білім алушы Бағалау түрі: «Қолпаштау»әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалау. Тапсырма №3 (жеке және топтық жұмыс) Оқушыға 3 тілде атаулар жазылған үлестірме беріледі оны жаттау уақыты-5 минут , жаттау уақыты аяқталған мезетте, топ айналмалы түрде бір бірінен сұрайды. Әдіс: «Түйінді сөз» Мақсаты : Термин сөздерді үш тілде айту. Оқушыларға тақырып мазмұнына сәйкес ағылшын тілін меңгерту гүл- flower- цветок күлте- petal- лепесток тостағанша- sepal- чашелистник тозаң- stamen- тычинка тозаңқап- anther- пыльник гүл табан- receptacle- цветоложе гүл сағақ- pedicel- цветоножка Дескриптор: білім алушы Термин сөздерді үш тілде атай алады. Бағалау түрі: арқылы топтар бір-бірін бағалау. Бағалау критерийі | Дескриптор | | 1.Гүлдің құрылысы, тозаңдану, өздігінен тозаңдану, айқас тозаңдану туралы алған білімдерін қолданады. | 1.Тозаңдану үдерісін біледі. 2. Гүлдің негізгі бөліктерін дұрыс анықтайды. 3. Бунақденелілер арқылы тозаңданатын өсімдіктерге тән белгілерді дұрыс анықтайды | | 2. Өздігінен тозаңдану мен айқас тозаңдануды сипаттайды. | 1.Өздігінен, бунақдене арқылы, жел арқылы тозаңданудың белгілерін жазады 2.Дұрыс мысалдар келтіре алады. | | 3. Өздігінен тозаңдану мен айқас тозаңданудың кемінде үш артықшылығын талдайды және анықтайды. | 1. Айқас тозаңдану мен өздіген тозаңданудың үш артықшылығын анықтайды 2. Айқас тозаңдану мен өздіген тозаңданудың үш кемшілігін анықтайды | | | Оқулық, ақ қағаз, маркер кесте кесте үлестірме қағаз |
Сабақтың соңы: 6ин | Қорытынды:Мұғалім балаларға бүгінгі сабақтың қорытындысы, жеткен жетістіктері, сабақтың барысы мен орындалуы туралы рефлексия береді. Бүгінгі сабақты «Маған ұқсайды» кері байланысы арқылы қорытындылайды. Көмек керек Бәрін түсіндім Жетістігім бар Тағы ізденем Меңгердім Сұрағым көп Көп білдім Қателестім,түзеттім | |