kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?сімдіктерді? г?лдеуі ж?не тоза?дануы. Тоза?дану т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

?сімдіктерді? жынысты к?беюі. Тоза?дану. ?ры?тану. Тоза?дану т?рлері. Жынысты м?шелері. ?осарлы ?ры?тану. Навашин. АКТ ?олдана отырып ашы? саба?ты ж?ргізу. ?дісі: с?ра?-жауап, с?хбат-баяндама, кубизм, с?йкесін тап, кесте, те?ізден жеделхат, орнына апар, г?лді? ??рылысы, тоза?дану т?рлері мысал, 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?сімдіктерді? г?лдеуі ж?не тоза?дануы. Тоза?дану т?рлері»

Сынып:6А

Күні: 2.12.2015

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңдану түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Өсімдіктердің жынысты көбеюі,тозаңдану оның түрлерімен таныстыру, ұрықтану туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға,қоршаған ортаны аялауға, әсемдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланысы: экология, әдебиет
Құрал – жабдықтар: Гүлдің моделі, слайд, үлестірлері қағаздар, бейнеролик
Сабақ түрі: аралас.
Әдісі: сұрақ – жауап, дәріс - сұхбат, баяндама, кубизм, жеделхат, сәйкесін тап, кесте толтыру

Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру (рефлексия) 
2. Үй тапсырмасын текеру (сәйкесін тап, гүлдің фомуласы) 
3. Жаңа сабақ түсіндіру (слайд) 
4. Бекіту жұмыстары 
5. Қорытынды 
6. Үйге тапсырма 
1-кезең. Рефлексия

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)

Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?

Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.

2-кезең. Үй тапсырмасын тексеруге арналған 1.«Сәйкесін тап»

Шоғырбас

Сырға

Собық

Себет

Жай шатыр



Жай масақ

Күрделі масақ

Шашақ

Күрделі шашақ

Күрделі шатыр

Жүгері

Күнбағыс


Жолжелкен

Беде

Пияз

Қайың

Сәбіз


Бидай

Орамжапырақ

Күріш


2. Теңізден жеделхат
1. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын)................................... деп атайды.
2. Бір гүл шоғырда гүлдердің саны............................. жетеді.
3. Жанама сабақшалары бұтақтанбай, ұшы гүлмен бітсе, ондай гүлшоғырды............................
4. Жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтанудан пайда болатын гүлшоғыр...................................

3. Гүл формуласын құрастыр: Дұрыс гүл, қос жынысты, тостағаншасы бесеу біріккен, күлтесі бесеу бірікпеген, аталығы жиырма, аналығы бір жеміс жапырақшасынан тұрады. (Жабайы алхоры)

4. «Орнына апар» -өсімдікті тиісті гүлшоғырдың қасына апару.

3 – кезең. Видеобейне көрсету арқылы проблемалық сұрақтар қойып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Гүлдің құрылысын сурет арқылы қайталау.

Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану.
Жынысты көбею

● Аталық
● Аналық жыныс жасушаларының қосылуы
Тозаңдану деп – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуін айтады.
Тозаңдану түрлері

● Өздігінен
● Айқас → Жел, бунақденелер, жануарлар
Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері

Аталық
Аналық
Гүлді өсімдіктің ұрықтануы
1. Тозаңдану
2. Жатынға түсуі
3. Ұрықтану
4. Жеміс және тұқым
Жынысты көбею дегеніміз -  аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.Тозаңдану – аталық тозаңның аналық аузына түсуі. Өздігінен тозаңдану дегеніміз- бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің өз аналығының аузына түсуі.Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жармай тұрып және гүл   жарған кезде тозаңданады.Мыс; жер жаңғағы, шегіргүл, саумалдық,бетеге, тары.

Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.Бунақденелер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді,хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл көп болады. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерге қант қызылшасы,құлмақ, қарасора, жүгері,қарабидай,қайың,емен.

  Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының  қосылуы. Жатында жұмыртқа жасушасы және тұқымбүршігінің ең ірі жасушасы болады.Тозаң түтікшесінің ұшында 2 жасуша болады.Оның біреуі жұмыртқа жасушамен екіншісі ең ірі жасушамен қосылады.Мұны қосарлы ұрыұтану дейді.Бұл құбылысты ашқан ғалым С.Г. Навашин.Ұрықтанғаннан кейін тұқымбүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.                     

4-кезең. Жаңа сабақты бекіту

  1. Кітаппен жұмыс

Өздігінен т.ө.

Жел арқылы т.ө.

Бунақдене, жануарлар арқылы т.ө.

Жер жаңғағы, шегіргүл тары, саумалдық бетеге

Қайың емен, қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай

Шие, алхоры, алма, лимон, шай, асқабақ


2. Кесте толтыр (ауызша)
Белгілері -------------------------------------------------------------------- Тозаңдану әдісі
Тозаңдары майда, жеңіл, құрғақ.--------------------------------------- Жел арқылы
Гүлі ашық реңді. ---------------------------------------------------------- Бунақденелер
Тозаңдары өте ірі, жабысқақ. ------------------------------------------ Бунақденелер
Гүлдің аталық жіпшелері өте ұзын, тербеліп тұрады. ------------ Өздігінен
Гүлдері реңсіз, ұсақ. ----------------------------------------------------- Жел арқылы
Гүлдері хош иісті, өсімдік топтасып өседі. -------------------------- Бунақденелер, құстар
Гүлдердің шірнеліктері болмайды. ------------------------------------ Жел және өздігінен

3. Кубизм әдісі бойынша кубик лақтырып, шаршының әр қабырғасында жазылған сұрақтарға жауап беру:

1.Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатысады?

2.Ұрықтану қай кезде жүреді?

3.Қосарлы ұрықтану дегеніміз не?

4.Ұрықтануға қанша аталық жасуша қатысады?

5.Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым?

6.Тозаңданудың қанша түрі бар?

5-кезең. Қорытынды

«Оқығаныңды айтпа – тоқығаныңды айт»
Тозаңдану – ұрықтану – жеміс – тұқым.
6-кезең. Үйге:

§25 оқу. 48 суретті салу. №2 тапсырма. 84 бет (ауызша)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?сімдіктерді? г?лдеуі ж?не тоза?дануы. Тоза?дану т?рлері

Автор: Кунанбаева Гаухар Жанатовна

Дата: 01.12.2015

Номер свидетельства: 260407


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства