Просмотр содержимого документа
«Балықтардың кәсіптік маңызы.»
«Озерный негізгі мектебі» ММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:Балықтардың кәсіптік маңызы.Кәсіптік балықтардың негізгі топтары.Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту.
7 «А» сынып
Өткізген :Кенжебаева Н.Б.
2016-2017 оқу жыл
Сынып:7 «А» Күні: Пән: Биология
Тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар) т.б. Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту.
Мақсаты:
Білімділік: Балықтардың кәсіптік маңызы туралы майшабақ, треска, камбала, тұқы балықтарын мысалға ала отырып, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Балықтардың адам өмірінде алатын маңызы зор екендігін тереңдете түсіндіру.
Тәрбиелік: Балықтарды қорғауға, көбейтуге, ысырапсыз пайдалана білуге тәрбиелеу.
1.Шаттық шеңбер. Алдымен сабағымызды шаттық шеңбер жасап, бір бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі сабағымыз
Сәттілікке толсын.
2. «Алтын балық» терминдер кабинеті. Біромыртқалы жануардың сұлбасы берілген, егер сұрақтарға дұрыс жауап беріп, орналастырсақ ол не екенін табамыз. Термин сөздерге дұрыс жауап беріп, орналастырады. Бір омыртқалы жануар шығады. Осы арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылады.
1.Ихтиология деген не?
2.Бүйір сызық деген не?
3.Плакоидты қабыршақ деген не?
4.Клоака деген не?
5.Салқынқандылар деген не?
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
Жаңа сабақ тақырыбы алтын балық арқылы ашылады.
3.Жаңа сабақ. Оқушылардың алдын ала жаңа тақырыптың бөлімдерін бөліп берген бойынша үйден дайындап әкелген жұмыстарын көрсете отырып, жаңа сабақты өздері ашады.
1.Көзауықтар отряды туралы.
2.Тұқытектестер отяды. туралы
3.Сетінектер отряды.туралы
4.Балықтардың кәсіптік маңызы туралы
5.Майшабақ тәрізділер туралы.
6.Балықтарды қорғау және көбейту. туралы(Оқушылар дайындаған видеоны көрсету).
4.Сергіту кезеңі. « Шеміршекті және сүйекті балықтар» деп аталады. Балықтарға сипаттама оқылады. Шеміршекті балықтар класына тән болса қол шапалақтайсыңдар, сүйекті балықтар класына тән болса аяқтарыңды жерге ұрасыңдар.
1.Қортпа,пілмай,шоқыр, латимерия,бахтах.
2.Скат, тұтасбас,акула.
3.Тоқ ішегі жуан әрі оның ішінде оралмалы қатпарлары бар.
4. Терісі ірі жалпақ қабыршақтармен қапталған.
5. Терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған.
6. Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар.
7.Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады.
8.Тоқ ішегімен аш ішегінің шекарасында көптеген ұсақ тұйық өсінділері бар.
9.Тұмсығы алғасозылыңқы.
10. Торсылдағы болады.
11. Торсылдағы болмайды.
12.Клоакасы бар.
13.Аналь тесігі бар.
14.Іштей ұрықтанады.
15.Сырттай ұрықтанады.
16.Уылдырығының саны көп.
17.Уылдырығының саны аз.
5. «Балық аулау» кезеңі. Кім балық аулауды жақсы көреді. Ал енді әр оқушы көлден балық аулайды, оның артында жазылған сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
1.Торсылдақ деген не?
2. Шоғал деген не?
3.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар, денесі неше бөлімнен тұрады?
4. Сүйекті балықтарда ең алғаш пайда болған мүше?
5. Желбезектер дегеніміз не?
6.Өрістеу деген не?
6. «4 сурет 1 сөз» кезеңі. Логикалық ойлау жұмысы. Ойлана отырып, 4 суреттің астарынан 1 сөз шығару. Әр жұпқа 1 жұмыстан беріледі.
7. Шағын пікір талас. Дебат. Балықтардың көбеюі.
Мынадай сұрақ 1. балықтардың көбеюіне адамның көмегі қажет пе?
Жақтаушы топ:Қажет.
Даттаушы топ: Жоқ.
2.Неліктен олай дейсіңдер?
Даттаушы топ: Себебі табиғи жолмен көбейген пайдалы, адамның катысуымен көп қаражат, уақыт кетеді.
Жақтаушы топ:Адамның көмегі қажет, өйткені уылдырықтарды басқа жыртқыштар жеп қояды да, балықтардың көбеюі аз болады.
Даттаушы топ:Адамның қатысуымен көбеюде уылдырықтардың бәрі бірдей тірі қалып шабаққа айналуы мүмкін емес.Өйткені химиялық әр түрлі қоспалар пайдаланылады.
Жақтаушы топ:Табиғи жолмен көбейгенде мысалы сулардың ластануы теңіздерде мұнайдың төгілуі, фабрика, заводтардан шыққан қалдықтардың суға құйылуы кері әсерін тигізеді.
Даттаушы топ:Табиғи жолмен көбейген дұрыс, жасандының аты жасанды.
Жақтаушы топ:Жоқ адамның қатысуы бәрібір қажет, қазіргі таңда ғылым қарыштап дамып келеді. Химиялық заттар пайдаланбайды, керісінше балықтың санын арттыру мақсатында барлық жағдайлар қарастырылуда.
Жарайды екі топта өз ойларын дұрыс жеткізе білді, сонымен қортындылай келе қай пікір дұрыс деп ойлайсыңдар. Меніңше жақтаушы топ дұрыс пікір айтты. Ендеше даттаушы топ олармен келісеміз бе? Келіседі.
8. « Адасқан балықтар». Мына балықтар адасып кеткен. Балықтарды өз отрядына тауып орналастыру.
9.Біліміңді сына.
1.Желбезек саңылаулары орналасқан мүше.Бас
2.Қазақстанда кездесетін балықтардың саны? 180
3.Шеміршекті балықтардың қанша түрі бар? 750
4.Қара уылдырық алынатын балықтар? Бекіре
5.Біздің елімізде ғана кездесетін балықтар? Балқаш алабұғасы, іле шармайы.
6. Жайық өзеніне көтерілетін балықтар.Бекіре, қорытпа, пілмай, шоқыр.
10. Рефлексия. Мына балықтарға сабақтан алған әсерлеріңді немесе көңіл күйлдерінді білдіріп, жазыңдар. Сосын оны аквариумға жіберіңдер.