Жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді.Орманда өскен қарағай түзу, сымбатты болып өседі.h=40м, жарық көп түскен жерде тез өседі.Тамыры кіндік тамырлы.Жанама тамырлары ұсақ тамыршаларға бөлініп, микориза түзеді.Жапырақтары өркенге жұптасып орналасады.Ағаш сабағы дің деп аталады.Діңінен өте көп шайыр ағады.Янтарь-қатып,тасқа айналған сары түсті шайыр.Көпке дейін янтарьды орыс ғалымы М.В.Ломоносов "Күн тасы" деп атап келген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық тұқымды өсімдіктер»
Ашық тұқымды өсімдіктер
Жарияланды 31-03-2014, 02:54 Категориясы: Биология
Биология пәні 6 сынып Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін сүректі, яғни ағаш, бұта, қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері, көбею циклінде аналық бүрлердің тұқымынан жаңа ұрпақтың жетілетіні туралы білім беру. б) дамытушылық. Жоғары сатыдағы ашық тұқымды өсімдіктердің морфологиясын және сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушылардың білім-біліктерін дамыту. ә) тәрбиелік. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп - баптауға тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Жаңа сабақ ІV. Жаңа сабақты бекіту V. Қорытынды VІ. Бағалау VІІ. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларды 3 топқа бөлемін. 1 – плаундар тобы, 2 – қырықбуын, 3 – қырықжапырақ тобы. Әр топтан оқушылар шығып, өз аттарындағы өсімдіктер жайында сабақ айтады. Және жалпы қырықжапырақ өсімдіктері жайында айтып, «Мен – саған, сен - маған» атты ойын түрінде бір - біріне сұрақтар қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Тоқта, кәззап, шаппа жасыл аршаны, Жас ұрпақтың жан саясы, аңсары. Балталауға қайтіп оны қиясың, Бұл ару ғой – көздің көркі, тау сәні. (Қ. Бекхожин)
Кәдімгі қарағай Жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу, сымбатты болып өседі. Һ=40 м, жарық көп түскен жерде тез өседі. Тамыры кіндік тамырлы. Жанама тамырлары ұсақ тамыршаларға бөлініп, микориза түзеді. Жапырақтары өркенге жұптасып орналасады. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діңінен өте көп шайыр ағады. Янтарь – қатып, тасқа айналған сары түсті шайыр. Көпке дейін янтарьды орыс ғалымы М. В. Ломоносов «Күн тасы» деп атап келген. Қызғылт түсті аналық бүрлер негізгі өзекше мен қабыршақтардан тұрады. Сыртқы қабыршақ – жабын, ішкісі – тұқымдық деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бірігіп, тұқымбүршік түзеді. Аталық бүрлер жасыл сары түсті, өркеннің төменгі жағында орналасады. Тозаңдары ауаға толы, жеңіл болады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдары аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. 13 айдан кейін ұрықтанады. Тұқым 5 айда пісіп жетіледі, ал бүрден пісіп жетілген соң 3 айдан кейін төгіледі. Сөйтіп 21 ай өткен кезде тұқым пісіп жетіледі. Аналық бүр қоңыр түсті болады. Қылқанжапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. Тұқым желмен ұшып таралады. Қарағайдың шайырынан сәндік бұйымдар жасап, оны қайта айдау арқылы алған канифоьмен шекті аспаптардың ішектерін жылтыратады, спортшылар тайғанамау үшін аяқ киімдерінің табанын майлайды, көпіру үшін сабынға қосады, қағаздарды жылтыратады. Қарағайдың сүрегі өте мықты, шірімейді, сондықтан оны темір жолдарға төсейді, шахталарға тіреу жасайды, қылқанынан сықпа май жасап оны жараға, күйікке жағады.
Жаңа терминдер Микориза – (микос - саңырауқұлақ, риза - тамыр) селбестамыр. Дің - ағаш сабағы Шайырлы өзекше – шайыр, эфир майы толған жасушааралық кеңістік. Бірүйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларының бір өсімдікте болуы. Екі үйлі – аталық және аналық жыныс жасушаларың екі өсімдікте болуы. Эндосперм – қоректендіруші ұлпа. Эрозия – топырақтың бүлінуі, құнарлы қабатынан айырылуы.
Арша – даражынысты, екіүйлі өсімдік. Бүрі жұмсақ, шар тәрізді жидекке ұқсас. Халық оны «Бүржидек» деп те атаған. Оның бүрінен мармелад дайындалады. Балқарағай жапырағы күзге қарай ашық - сары түске боялып, қысқа қарай түсіп қалады. Сабаққа топтанып орналасады. 400 - 500 жыл өмір сүреді. Кеме, самолет, автомобиль детальдарын жасауға қолданады, суға шірімейтіндіктен көпірге төсейді. Жапырағынан алынатын эфир майын иісті су, сабын, крем өндіруге пайдаланады. Самырсын – қатты келген қою жасыл қылқандары 5, 15, 30, 40 - тан топтанып орналасады. Діңі өте берік болғандықтан оны кеме, үй мүліктерін, рояль жасауға пайдаланады. Шырша - қылқан жапырақтары 4 қырлы, қошқыл - жасыл түсті, қысқа. Сабақ өркендерінде бір - бірден орналасқан, 7 - 9 жылда түседі. Жап - ры кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді. Қарағай – жапырақтары жұптасып орналасады, бұтақта 2 - 3 жыл сақталады, жерге түскен жап - р ұзын болады. Жатаған шырша – ашықтұқымды бұта. Қалемше арқылы өсімді жолмен көбейеді. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Зеравшан аршасы – мәңгі жасыл қылқанжапырақты ағаш. Өте баяу өседі. 50 жылдан кейін жеміс береді. Қосмасақшалы қылша – екі үйлі өсімдік. «Сен білесің бе?» - Шырша – 500 жыл бойы 30 - 35 м жетеді. - Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді. - Қайың – 150 жылда 20 м. - Емен – 2000 жылда 40м. - Балқарағай – 850 жылда 45 м - Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады.
IV. Бекіту тапсырмалары. «Құпия сан» 1. Жеміс түзбейді. 1. Ашықтұқымдылар 2. Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі. 2. Дің 3. Селбестамыр. 3. Арша 4. Ағаш сабағы. 4. Сүрек 5. Екі үйлі өсімдік. 5. Микориза 6. Топырақтың бүлінуі. 6. Эрозия Жауабы: «Құпия сан - 145236»
«Алтын қақпа» ойыны Әр қақпаның өз сұрақтары болады. Сұрақтарға жауап беріп, қақпаны ашу керек. 1. Темір қақпа сұрағы: Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта бүрде ашық орналасқан өсімдіктер тобы қалай аталады? (ашықтұқымдылар) 2. Күміс қақпа сұрағы: Балқарағайдың өзге қылқанжапырақтылардан айырмашылығы неде? (жыл сайын күзде жапырағы сарғайып, түсіп отырады) 3. Бұл қылқанжапырақты өсімдік бүрінен мармелад дайындалады. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. (арша) Үш қақпаның сұрақтарына жауап берілген соң ең түпкі қақпадан мынадай қорытынды сөз шығады.
V. Қорытынды. Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын. Пәк табиғат - жүрегімнің тамылжыған жырысың. Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың. Ол, анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың!
VI. Бағалау. Әр топтың басшылары қарамағындағы оқушыларды бағалау парағына бағалайды. VII. Үйге тапсырма беру. §21 оқу. Оқушыларды 3 топқа бөліп, үй тапсырмасы ретінде 1 - топқа қарағай, 2 - топқа самырсын, 3 - топқа арша қылқанжапырақты өсімдіктердің түрлері туралы қысқаша хабарлама (реферат) жазу, тапсырылады.
Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі. Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы, көптүрлілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жоғарғы сатыдағы тұқымды өсімдіктер туралы білім беру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында жаңа технологияларды пайдалану. тез әрекет жасау, тез ойлау, нақты жауап беруге баулу.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ -жауап, АКТ мүмкіндіктерін пайдалану, СТО, PISA стратегияларын қолдану.
Көрнекіліктер: Ашық тұқымды өсімдіктердің суреттері, бүрлер коллекциясы, таблицалар.
Пәнаралық байланыс: медицина, экология, эволюция
Әдебиеттер: « Өсімдіктану» Р. Әлімқұлқызы, Б. Дүйсебайқызы, Е. Тұрбекқызы, 1997 ж; «Биология» Ж. Жүнісқызы, Р. Әлімқұлқызы, Қ. Жұмағұлова 2002 ж Алматы « Атамұра»; «Өсімдіктер әлемі» Р. Сәтімбеков 2011 ж.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі
Сұрақ-жауап:
Ашық тұқымды өсімдіктер туралы не білесіңдер?
Бүрлер коллекциясын көрсете отырып, осы бүрлер қандай өсімдікте өсетінін ата.
ІІІ. Жаңа сабақты игеру кезеңі
Оқушыларды тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктеріне назар аудара отырып, топқа бөлу және ерекшеліктерін көрсету: тұқыммен көбейеді, тұқымы жемістің ішінде орналасады.
Тұқымды өсімдіктер
Ашық тұқымдылар Жабық тұқымдылар
Ашық тұқымдылар туралы жалпы мәлімет беру.
Өсімдіктердің ең ежелгі тобы, тұқымы қорғанышсыз бүрде ашық орналасады.
Ашық тұқымдыларға жататын өсімдіктермен таныстыру.
Оларға: қарағай, самырсын, балқарағай, арша, шырша, секвоя жатады. Суретпен жұмыс. Өсімдіктердің ерекшеліктерін атау.
Ашық тұқымдылардың сауалнамасы:
Шөптесін түрлері жоқ
Гүлі мен жемісі болмайды
Тамыр жүйесі, сабағы, жапырағы өте жақсы дамыған
800- ге жуық түрлері бар
Аталық және аналық бүрлері бар
Тек жел арқылы тозаңданады
Көп кездесетіні-қылқанжапырақтылар класы
IV. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру кезеңі
Ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысының ерекшеліктерін жаз. (Тақтамен жұмыс)
Құрылысының ерекшеліктері
Арша туралы жаңылтпашты оқу
Тауға бер, аршаларды тамашала
Биік пе сол аршалар, аласа ма
Көргенде көп аршаны бала шаға
Кез келер тауда талай тамашаға.
Аршаның көркі өзіне жарасама?
Басқа ағаш сол аршамен таласама
Адамдар көп аршаға қараса ма?
Аршаны сұқ көздерден арашала!
V. Бекіту
RAFT стратегиясын пайдалана отырып, қылқан жапырақты өсімдіктердің рөліне ен. Олардың адам өміріндегі, табиғаттағы рөліне ерекше назар аудар
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі. Бағалау кезеңі
& 22 оқу, ашық тұқымды өсімдіктер туралы жұмбақтар, мақал- мәтелдер жазып келу.
Биология §22. Ашық тұқымды өсімдіктер «Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктері, оларға қандай өсімдіктер жататындығы туралы түсінік беру. Міндеттері: Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру; Есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау; Пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету; Өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру; Өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету, өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту. Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: ООМ, тірек-конспект, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Сабақтың құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме 1 кезең Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін жинақтау: Қылқанды. Микориза. Эндосперм. Эрозия. Фитонцид. Сүрек. Дің. ООМ А Б В С Д Е
2 кезең Жетекші білім мен оқу амалдарын өзектендіру кезеңі Мұғалімнің жаңа тақырыпқа кіріспе жасауы. Тірек-конспект арқылы жүргізіледі. Кіріспе жасауға 5 минут уақыт беріледі. 3 кезең Стандарттық және өзгермелі жағдайларда білімді қолдану үлгісін құру Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады: 1. Ашық тұқымды өсімдіктер 2. Микориза 3. Эндосперм 4. Сүрек 5. Жабық тұқымды өсімдіктер 6. Қылқанды 7. Фитонцид 8. Эрозия 9. Дің 10. Бірүйлі 11.Бүр 12. Шайырлы өзекше 13. Қылқан жапырақты 14. Зигота Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталып, тақтаға жазылады. Енді тақтадағы сөздерді оқушылар есте сақтайды. Уақыт біткен соң сөздер жабылып, балалар есте қалғандарын дәптерге жазады. Сөздер ашылып, ұмытып кеткендерін толықтырады. Мәтінді оқу жылдамдығы 1 бетке 3 мин. ООМ-да оқушылардың тапқан сөздері «+», «-» таңбамен белгіленеді. Тірек сөздерді дәптерге жазуға 30 секунд уақыт беріледі. ООМ-да оқушылардың неше сөз жазғандығы тексеріліп, түрлі-түсті бормен сөз саны жазылады. 4 кезең Білімді өз бетінше қолдану Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады. Қарама–қарсы сұрақтар 1.Тұқымды өсімдіктер неше бөлімнен тұрады? (2 бөлімнен: ашық тұқымдылар (тұқыммен көбейеді, жеміс түзбейді) және жабық тұқымдылар (тұқымы жемістің ішінде)) 2.Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасса қандай өсімдіктер деп аталады? (ашық тұқымды өсімдіктер) 3.Ашық тұқымды өсімдіктер қалай көбейеді? (тұқыммен көбейеді) 4.Ашық тұқымды өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар) 5.Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі қалай аталады? (сүрек) 6.Ашық тұқымды өсімдіктердің ең көп таралған түрлері (қылқан жапырақты өсімдіктер) 7.Қылқан жапырақты өсімдіктердің бұлай аталу себебі неде? (себебі, жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір) 8.Қылқан жапырақты өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (қарағай, шырша, самырсын, арша) 9.Жер ғаламшарында қанша қылқан жапырақты өсімдіктер бар? (600-ге тарта) 10.Кәдімгі қарағай қандай өсімдік? (жарық сүйгіш, діңі жуан, ашық далалы жерлерде өсетін өсімдік) 11.Қылқан жапырақтылар қандай тамырлы? (кіндік тамырлы, одан жанама тамырлар тарайды) 12.Ұсақ тамыршаларда не түзіледі? (микориза түзіледі) 13.Ағаш сабағы қалай аталады? (дің) 14.Ағаштың қабығы, сүрегі, өзегі қайда болады? (діңінде) 15.Қылқан жапырақтылардың ерекшелігі неде? (көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады?) 16.Қарағай бұтағының бүрлері қайда орналасқан? (жас өркеннің ұшында) 17.Бүрлер жыл мезгілінің қай кезінде пайда болады? (көктемде пайда болады) 18.Аналық бүр неден тұрады? (өзекше мен тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады) 19.Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер қандай бүрлер? (аталық бүрлер) 20.Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасса қалай аталады? (бірүйлі өсімдік деп аталады) 21.Қоректендіруші ұлпа қайда пайда болады? (тұқымбүршікте, яғни эндоспермде) 22.Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат қалай аталады? (фитонцид (грекше «фитон» - өсімдік+латынша «сэдере» - өлтіру)) 23.Ашық тұқымдылар неше миллион жылдай тіршілік еткен өсімдіктер? (220 млн жылдан астам) 24.Ашық тұқымды өсімдіктерді адам өмірінде қалай пайдаланады? (құрылыс материалына, қағаз дайындауға) 25.Топырақтың ең құнарлы бөлігінің бүлінуі қалай аталады? (эрозия – жегідей жеу, бүлдіру) Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады. 5 балдық шкаламен түрлі-түсті бормен баға қойылады. 5 кезең Бақылау және өзін өзі бақылау Оқушылар сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай тест құрастырулары керек. Сұрақ қоятын оқушы басқа оқушының сайтын атап, сұрағын қояды. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын сұрақ қоюшы оқушы өзі айтып тұрады. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді. 5+30 Тапсырманы алғашқы аяқтаған 5 оқушыдан кейін 30 секунд уақыт беріледі де сұрау басталады. Осы тақырып бойынша І нұсқадағы әрбір оқушы 3-5 тест сұрақтарын құрастырады. ІІ нұсқа мәтінді оқып жауап беруге дайындалады. Келесі сабақта керісінше болады. Жанында отырған жолдасына тест сұрағын қоюға рұқсат етілмейді. 6 кезең Түзету және рефлексия Сабақ барысында жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру. Жіберілген қателерді талдау. Жаңа сабақ бойынша ТСҚ жазу. Жіберілген қателерді талдау. 7 кезең Қорытындылау Тез және сапалы жұмыс жасаған, толық жауап берген оқушыларды мадақтау. Сабаққа қатысып отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау. Барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. Барлық оқушы мадақталады. ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 балдық шкаламен бағаланады. 8 кезең Үй тапсырмасы §22. Ашық тұқымды өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қорытындылау.
ІІ Сабақтың мақсаты:
1.Ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысы мен көбеюін
табиғаттағы маңызын қорытындылау.
2.Ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
ІІІ Сабақтың типі: Қорытынды сабақ.
IV Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма,.
V Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат, карточка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: Саламатсыздарма кім кезекші , кім жоқ класта? Оқушылардың көңіл күйін сергіту,топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Ашық тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама беру. Кластер әдісін пайдалана отырып
І-топ ІІ-топ
Қарағай Жатаған шырша
ІІІ-топ ІV-топ
Арша Самырсын
3.«Тірек сөздер»
І-топ ІІ-топ
«Дің» «Эрозия»
ІІІ-топ ІV-топ
«Қоңыр» «Бүржидек»
3. Топтық тапсырма
І- топ Қарағайдың көбеюі
ІІ- топ Ашық тұқымды өсімдіктер туралы өлең- жырлар
ІІІ- топ Ашық тұқымды өсімдіктердің шаруашылықтағы, адам өміріндегі маңызы
IV- топ Ашық тұқымды өсімдіктерді қорғау мақсатында жарнама жасау
4.
5. «Сандар сөйлейді»
45 32 16 49 42 25 18 81
А И О З К Р М И
9х2= 5 х5=
8х4= 9 х9=
7х6= 7 х7=
8х2= 9 х5=
6. «Табиғатқа саяхат»
І-топ Бірүйлі өсімдік? (қарағай)
ІІ-топ Жатаған шыршаның қылқаны неше қырлы? (4)
ІІІ-топ Жапырағының ені кең, сызықты қандауырша тәрізді болып келеді?( Секвоя)
8. Үйге тапсырма: Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызына «Эссе»жазып келу
9.Бағала
Биология, қазақша ашық сабақ, 6 сынып ашық сабақ,
Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер
Агимбекова Базаргүл Алтынбекқызы «Жанай орта мектеп-бақша» КММ –нің биология – география пәндері мұғалімі Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Оқушыларға ашық тұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері, көбеюі және дамуы туралы білім беру. ә) дамытушылық. Жоғары сатыдағы ашық тұқымды өсімдіктердің морфологиясын және сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушылардың білім-біліктерін дамыту. б) тәрбиелік. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп-баптауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: слайд материалдары, қарағай, шырша, самырсын, арша өсімдіктерінің кеппешөптері, плакаттар Сабақтың әдісі: Ассоциациялық карта, ЖИГСО, Венн диаграммасы, «Текше» стратегиясы т.б. Сабақта электронды оқулық, слайдтар, суреттер, кеппешөптер, текше, фломастер қолданылды.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру арқылы санау реті арқылы оқушылар 3 топқа бөлінді. 1 кезең. Ой қозғау. Ассоциациялық картаны толтыру.
Балдырлар Қыналар Мүктер
Өсімдіктер дүниесі
Қырықжапырақтектестер Плаунтектестер
Тұқымды
Ашық Жабық
Картаны толықтыра отырып, кеппешөп үлгілері ілінді.
Үй тапсырмасы плаун, қырықжапырақ, қырықбуын өтілген тақырыптар бойынша 3 топқа тапсырмалар берілді. 1) Плаундар тобы 2) Қырықбуындар тобы 3) Қырықжапырақ тобы Әр топтағы оқушылар өз аттарын қорғап ,тапсырмаларды орындады. 1) Сұрақ-жауап “Мен-саған, сен-маған”. 2) «Баспалдақ» ойыны . Қалташадағы ұяшықта саты бойынша тапсырмалар берілген. А.өсімдік мекені Б. Ерекшеліктері С.өкілі Д. маңызы 2 кезең. Мағынаны тану. «ЖИГСО» стратегиясы Үш топқа мәтін бойынша тапсырмалар берілді. Жоспары: 1. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің құрылысы және ерешеліктері 2. Кәдімгі қарағай 3. Шаруашылықтағы маңызы ( Берілген мәтінді оқып, талдай отырып, постер құрады. Топ мүшелері бір- біріне түсіндіреді). Электронды оқулықтан үзінділер көрсетілді. ( Ашық тұқымды өсімдіктерге сипаттама). Кестемен жұмыс.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер Спора бір жасушалы Тұқым көп жасушалы
Қылқанжапырақтылардың жапырақ түрлері Балқарағай Самырсын
Қарағай Шырша
Арша Семантикалық карта. Өсімдік атаулары Спора Тұқым Бүр Фитонцид Сүрек Ризойд Қарағай Қырықбуын Шырша Плаун самырсын
Дәптермен жұмыс. Терминдік сөздермен жұмыс.
а) “Микориза” (грекше микос-саңырауқұлақ, риза-тамыр). Қазақша баламасы селбес тамыр. ә) “Дің”- ағаш сабағы. б) “Шайыр” – ағаш діңінен ағатын сары түсті қоймалжың зат (янтарь). в) “Жұмыртқажасуша” – аналық жыныс жасушасы. г) “Эндосперм” – (“эндон” – ішкі, “сперма”- тұқым) тұқымбүршіктегі қоректендіруші ұлпа. д) “Эрозия” – топырақтың бүлінуі. Е) «Фитонцид»- («фитон»- өсімдік, «сэдере»-өлтіру)
Слайдтар арқылы тұқымды өсімдіктер туралы ақпарат мәліметтер берілді. “Сен білесің бе” - Шырша – 500 жыл бойы 30-35 м жетеді. - Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді. - Қайың – 150 жылда 20 м. - Емен – 2000 жылда 40м. - Балқарағай – 850 жылда 45 м - Сондай-ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады. 3 кезең. Рефлекция. Текшенің 2-қырына жабық тұқымды және ашық тұқымды өсімдіктердің үлгілері ілініп, «салыстырыңдар» деген тапсырма ұсынылды. Бұл жерде Венн диаграммасы толтырылды.
Ашық Жабық тұқымдылар тұқымдылар
Топтар бір-бірін толықтырды. Текшенің 3-қыры «иә», «жоқ». «Егер жабық тұқымдылар дүниесі дамымаса адам тіршілік ете алар ма еді?» Бір топ «иә», екінші топ «жоқ» деген пікірлерді дәлелдеді. Сабақ соңында «Даналық ағашқа» оқушылар стикер арқылы өз ойларын білдірді. Топбасшыларының бағалауы жүргізілді. Оқушылардың іс-әрекеттері, білімдері бағаланды.Үй тапсырмасы берілді.
Бағалау парағы. Топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды. Мысалы: Бақытжан Дильназ бағасы. Т.б. сол сияқты. 3 4 5 Мағынаны ашу 5 Нақты жеткізе білуі 5 Биологиялық сауаттылығы 5 Топтағы белсенділігі 5 Қорытынды баға
5
Семантикалық карта. Өсімдік атаулары Спора Тұқым Бүр Фитонцид Сүрек Ризойд Қарағай Қырықбуын Шырша Плаун самырсын
Семантикалық карта
Өсімдік
атаулары
Спора
Тұқым
Бүр
Фитонцид
Сүрек
Ризойд
Қарағай
+
+
+
+
Қырықбуын
+
+
Шырша
+
+
+
Плаун
+
+
Самырсын
+
+
+
Семантикалық карта
Өсімдік
атаулары
Спора
Тұқым
Бүр
Фитонцид
Сүрек
Ризойд
Қарағай
Қырықбуын
Шырша
Плаун
Самырсын
Семантикалық карта
Өсімдік
атаулары
Спора
Тұқым
Бүр
Фитонцид
Сүрек
Ризойд
Қарағай
Қырықбуын
Шырша
Плаун
Самырсын
Семантикалық карта
Өсімдік
атаулары
Спора
Тұқым
Бүр
Фитонцид
Сүрек
Ризойд
Қарағай
Қырықбуын
Шырша
Плаун
Самырсын
Семантикалық карта
Өсімдік
атаулары
Спора
Тұқым
Бүр
Фитонцид
Сүрек
Ризойд
Қарағай
Қырықбуын
Шырша
Плаун
Самырсын
Жылдам сұрақ
1.Тұқымды өсімдіктер неше бөлімнен тұрады? (2 бөлімнен: ашық тұқымдылар (тұқыммен көбейеді, жеміс түзбейді) және жабық тұқымдылар (тұқымы жемістің ішінде)) 2.Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасса қандай өсімдіктер деп аталады? (ашық тұқымды өсімдіктер) 3.Ашық тұқымды өсімдіктер қалай көбейеді? (тұқыммен көбейеді) 4.Ашық тұқымды өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар) 5.Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі қалай аталады? (сүрек) 6.Ашық тұқымды өсімдіктердің ең көп таралған түрлері (қылқан жапырақты өсімдіктер) 7.Қылқан жапырақты өсімдіктердің бұлай аталу себебі неде? (себебі, жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір) 8.Қылқан жапырақты өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (қарағай, шырша, самырсын, арша) 9.Жер ғаламшарында қанша қылқан жапырақты өсімдіктер бар? (600-ге тарта) 10.Кәдімгі қарағай қандай өсімдік? (жарық сүйгіш, діңі жуан, ашық далалы жерлерде өсетін өсімдік) 11.Қылқан жапырақтылар қандай тамырлы? (кіндік тамырлы, одан жанама тамырлар тарайды) 12.Ұсақ тамыршаларда не түзіледі? (микориза түзіледі) 13.Ағаш сабағы қалай аталады? (дің) 14.Ағаштың қабығы, сүрегі, өзегі қайда болады? (діңінде) 15.Қылқан жапырақтылардың ерекшелігі неде? (көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады?) 16.Қарағай бұтағының бүрлері қайда орналасқан? (жас өркеннің ұшында) 17.Бүрлер жыл мезгілінің қай кезінде пайда болады? (көктемде пайда болады) 18.Аналық бүр неден тұрады? (өзекше мен тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады) 19.Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер қандай бүрлер? (аталық бүрлер) 20.Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасса қалай аталады? (бірүйлі өсімдік деп аталады) 21.Қоректендіруші ұлпа қайда пайда болады? (тұқымбүршікте, яғни эндоспермде) 22.Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат қалай аталады? (фитонцид (грекше «фитон» - өсімдік+латынша «сэдере» - өлтіру)) 23.Ашық тұқымдылар неше миллион жылдай тіршілік еткен өсімдіктер? (220 млн жылдан астам) 24.Ашық тұқымды өсімдіктерді адам өмірінде қалай пайдаланады? (құрылыс материалына, қағаз дайындауға) 25.Топырақтың ең құнарлы бөлігінің бүлінуі қалай аталады? (эрозия – жегідей жеу, бүлдіру)