Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Сібір жарасы"»
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАКСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»
М.Әуезов атындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ
ОҚМУ колледжінің колледж директорының оқу
Әдіскері Еспенбетова Ш. ісі жөніндегі орынбасары _________________ Тәліп Е.Д.
«___»_______2019ж ______________________
«___»_______2019ж
Ашық сабақ жоспары
Пәні: Індеттану микробиологиясы
Сабақтың тақырыбы: Сібір жрасы
Курс: I
Тобы: ВЕТ-18-15к
Мамандығы: 1513000 – «Ветеринария»
Біліктілігі: 1513063- «Ветеринарлық технигі»
Уақыты: 8:30
Өтетін орны: 206 дәрісхана
Оқытушы: Исмаилова Ж.Ә.
«Ауылшаруашылығы және электрмен қамтамасыз ету»
ПЦК мәжілісінде талқыланып ұсынылды
Хаттама № ____________
ПЦК төрайымы:_________
Шымкент 2019
Пән: Індеттану микробиологиясымен.
Сабақтың тақырыбы: Сібір жарасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімгерлерге сібір жарасы, сібір жарасының қоздырғышы, эпизоотологисы мен емдеу шаралары туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Білімгерлерге сібір жарасы мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру екендігін ұғындыра отырып, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Білімгерлерді шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын дамыту. Тапсырмаларды орындата отырып, танымқабілетін, зейінін, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Білімгерлерге сібір жарасының емдеу жолдарын және адамзатқа қауіптілігін түсіндіре отыра, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше білім алуға, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға әдеттендіру сонымен қатар студенттердің ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәріс (Аралас сабақ).
Сабақтың әдісі – Интерактивті тақтамен жұмыс істеу және білім мен тәжірибені байланыстыру.
Сабақтың көрнекіліктері:
Техникалық оқу құралдар:
- Оқулықтар;
- Интерактивті тақта;
- Слайдтар;
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдасытыру сәті (5мин):
Оқытушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті білімгерлер! Біз кезекті сабағымызды бастағалы отырмыз. Бүгінгі сабақта біз сібір жарасы туралы, оның қоздрғышы, аурудың өту кезеңдері және аурумен күресу шаралары жайында жаңа мәліметтер мен жаңа білімдер аламыз. Өткен дәрістерден алған білімдеріңізді сараптаймыз, нақтылаймыз, тереңдете түсеміз. Бүгінгі сабақ көптеген көрнекі материалдарды, терминдерді, ұғымдарды жадыларында сақтап қалуды талап етеді. Яғни, сендерді сабақ барысында үлкен де, қызықты жұмыс күтіп тұр. Сондықтан, біріншіден, сабаққа дайындықтарыңды тексеріп алайық.
Оқытушы: Бүгінгі біздің сабағымыз интерактивті тақтаның көмегімен өткізіледі. Сабақ тақырыбы « Сібір жарасы » деп аталады. Бұл тақырыпты жетік игерулеріңізге алдыңғы білімдеріңіз көмектеседі. Осы себептен, біз қазір өткен тақырыптың маңызды ұғымдарын қайталауымыз қажет. Сіздерден келесі сұрақтарға жауап күтемін! Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар!
(тақтада өткен тақырып «Дезинфекция, дератизация, дезинсекция» бойынша сұрақтар жазылып шығарылады).
«Дезинфекция, дератизация, дезинсекция» тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары
(Оқытушы әр топтың топ жетекшілерін сайлады. Сабақ барысында бағалау ыстық орындық әдісі бойынша бағаланады).
«Дезинфекция, дератизация, дезинсекция» тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары:
Дезинфекция дегеніміз не?
Дезинфекцияның қанаша түрі бар?
Дератизация дегеніміз не?
Кемірушілермен күресте қандай әдістер қолданылады?
Дезинфекция ретінде қандай сілтілік заттар қолданылады?
Сұрақтардың дұрыс жауаптары:
1. Дезинфекция дегеніміз- сыртқы ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырушылары - зардапты микроорганизмдерді жою шараларын айтады.Дезинфекция француздың des - жоямын, латынның іnfectіo - жұқтыру деген сөздерінен тұрады, яғни зарарсыздандыру (жұқпайтын ету) деген мағынаны білдіреді. Дезинфекцияның нәтижесінде сыртқы ортадағы заттар зарарсызданып, ондағы зардапты микробтар өлтіріліп, ауру жұқпайтын болады.
2. Маңызына байланысты індетке қарсы дезинфекция екі түрлі болады:
1. Сақтық 2. Лажысыз
Сақтық дезинфекциясы жұқпалы ауру болмасада одан сақтану мақсатында жүргізіледі.
Лажысыз дезинфекция жұқпалы ауру шыққан сәтте оны тоқтату мақсатында жүргізіледі.
Сақтық (дауалық) дезинфекциясы келесі мақсаттарда жүргізіледі:
1. Іске қосар алдындағы дезинфекция. Бұл жаңадан салынған мал қоралрын тапсырған кезде пайдалануға бермес бұрын мал жіберер алдында жүргізіледі.
2. Технологиялық дезинфекция. Ол технологиялық циклдардың аралығындағы үзіліс кезінде жасалады. Мысалы, бұзау профилакторииінде бұзауларды 10 күннен соң басқа жерге ауыстырып, оның орнына басқа бұзаулар әкелінеді, ал енді дезинфекция осы екі аралықта жүргізіледі.
Лажысыз дезинфекция жұқпалы ауру білінген сәттен бастап ол толық жойылғанға дейін жүргізіледі. Лажысыз дезинфекция екі түрге бөлінеді:
1.Тежеу. 2.қорытынды
3. Дератизация — егеуқұйрықтар мен тышқандарға, атжалмандар мен суырларға, сондай-ақ саршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі. Алдын алу (профилактикалық) шаралары санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық болып бөлінеді. Санитарлық-гигиеналық шараларға: тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда саттық орындарын, мал қораларын және құрылыс маңындағы жер телімдерін таза ұстау, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарын мұқият жинап, тазарту (тағамның қалдықтары мен қоқыстарды беті жабық ыдысқа салу), тұрғын үйлер мен оның подвалдарын қоқырсытпау жатады.
4. Түбегейлі жою шаралары . Оларға механикалық, биоло-гиялық, химиялық әдістерді қолдану арқылы кемірушілерді жою жатады.
Механикалық әдістің қолданылу аясы тар. Көбінесе бұл әдісті химиялық препараттарды қолдануға тиым салынған жерлерде пайдаланады (мысалы тамақ сақтау қоймалары, т.б.). Механикалық әдіс арқылы кемірушілердің қаншалықты орын теуіп мекендеген деңгейін білу үшін және жүргізілген арнайы шаралардың нәтижелігін анықтауға болады. Осы мақсаттарда қарапайым және күрделі қондырғылар қолданылады. Біріншісіне ұстағыш бөшкелер, беті түбіне түсіп кететін өлім шұңқырлары, т.б. айла-тәсілдер жатады. Күрделі қондырғыларға түрлі қақпан, тұзақтар жатады. Олар кеміргіштердің індерінің маңына, жүретін жолдарына құры-лады. Қақпандардың тиімді пайдаланылуы үшін біріншіден – олар көзге түрткі болмауы тиіс, екіншіден – алдартқыштың дұрыс таңдап алынуы қажет. Сондықтан алдартқыш ретінде бұл өңірде жоқ, елірткіш азықты қолдану керек.
Биологиялық әдіс жаппай ауырып, өлімге шалдықтыратын түрлі ауру қоздыратын микробтарды қолдануға негізделген. Табиғатта кемірушілерді жоюға түрлі құстардың (қырғи, қаршыға, күйгентай, т.б.) және кішігірім жыртқыш аңдардың (түлкі, қарсақ, шибөрі, т.б.) маңызы бар.
5. Дезинфекция ретінде сілтілік заттар практикалық жағдайда 10% немесе 20%-да хлорлы әктiң судағы ерiтiндiсi қолданылады. Оны хлорлы әктiң сүтi деп атайды. Бұндай ерiтiндiлердi (өлшемдердi) құрамында 25% белсендi хлоры бар хлорлы әктен дайындайды. Ол үшiн сәйкес ыдысқа қажеттi хлорлы әктi салып, оған аздап су қосып, ағаш күрекшемен қою ботқа күйге дейiн (түйiршiктерсiз) араластырады. Одан кейiн тұрақты араластыру арқылы қажеттi көлемге дейiн қалған суды қосады. Нәтижесiнде 2,5-5%-ды белсендi хлоры бар хлорлы әк сүтiн дайындайды. Егер де құрғақ хлорлы әкте белсендi хлор 25%-дан кем болса, онда қайта есептеп, қажеттi хлорлы әк қосылады.
Ветеринариялық практикада хлорлы әк ерiтiндiсiмен қатар к ү й д i р г i ш н а т р и й кең түрде қолданылады. Ол суда жақсы еридi. Шаруашылық жағдайында тазартылмаған техникалық препарат – каустикалық сода қолданылады. Күйдiргiш натрий сатылымда құрамында 42% NaOH ерiтiндiсi түрiнде немесе 92-95%-ды кристалды, қатты зат түрiнде кездеседi. Гидроокис натрий ерiтiндiлерiн қарапайым түрде су қосып дайындайды. Тек қана бұл ерiтiндiмен тоңазытқыштарды дезинфекцияламау қажет. Себебi қондырғы-ларды iстен шығаруы мүмкiн.
Ф о р м а л и н – формальдегидтiң 35-40%-дық судағы ерiтiндiсi. Формалинде 40% формальдегид болуы қажет. Бұл дезинфектантты аузы нық жабылған ыдыста 90-тан төмен емес температурада сақтау қажет. Формалин ерiтiндiсiн даярлағанда формальдегидтiң пайызын анықтау қажет. Ол үшiн
5 см3 формалинге 95 см3 дистильденген су қосып, жақсылап шайқайды. Арнайы колбаға 30 см3 1 нормальды гидроокиснатрий ерiтiндiсiн құйып, оған арнайы дайындалған 5 см3 формалин ерiтiндiсiн қосып, араластыра отырып, үстiне 100 см3 0,1 нормальды йод ерiтiндiсiн құяды. Колбаның бетiн тығын-дап, қараңғы жерге 30 минутқа қойып, онан кейiн оған 40см3 1 н. тұз қышқылын қосады. Нәтижесiнде түссiз қоспа ашық қоңыр түске боялады.
Оқытушы: Сонымен сіздер . Дезинфекция және оның түрлері,нысандары сонымен қатар деритизацияда қолданылатын химиялық әдістер жайында тағы бір нақтылап, қайталап шықтыңдар, білімдеріңізді көрсете білдіңіздер.
(оқытушы жауап берген оқушылардың білімдерін бағалайды, журналға бағаларын қояды)
Жаңа тақырып туралы (Сібір жарасы туралы видео).
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20миут)
Оқытушы: Сабақтың барысында айтып кеткендей бүгінгі тақырып «Сібір жарасы» деп аталады. Бұл тақырыпта біз аурудың қоздырғыш, эпизоотологиясы , алдын-алу шаралары туралы өзекті мәселелері қозғалады.
(интерактивті тақтаға тақырып және жоспар жазылып шығарылады)
I. «Сібір жарасы» анықтамасы, қоздырғышы.
II. «Сібір жарасының» клиникалық белгілері, эпизоотологиясы.
III.Сібір жарасының алдын-алу шаралары мен емдеу жолдары.
(оқытушы сабақ тақырыбын, жоспарды жазып алуды ұсынады)
Оқытушы:Сібір жарасы (қойда - топалаң, жылқыда - жамандат, ірі қарада - караталак, түйеде - ақшелек, қарабез) мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы. Онымен адам да (түйнеме, күйдіргі) ауырады. Сібір жарасы кең тараған ауру.
Қоздырғышы. Қоздырғышы. Сыртқы ортаға төзімді келетін таяқша тәріздес, Грам әдісімен, аналин бояуларының барлық түрімен боялатын, капсула түзетін аэробты микроб. Жер қыртысында өсіп-өнеді және спора түзеді. Топалан бацилласы вегетативті түрде сыртқы ортаның әсеріне онша төзімді емес, споралы түрі бұған керісінше өте төзімді ж/е ұзак жылдар бойына тіршілік қабілетін сақтайды. Сойылмаған бітеу өлікте ауру қоздырғышы жаз кездері 1-3 тәулік ішінде кұрып бітеді.
Топалаңнан өлген малды сойған кезде оттегінің әсерінен қоздырғышы спораға айналатындықтан мұндай малды жарып көруге қатаң тиым салынады. Спора әр түрлі химиялық заттар мен физикалық құбылыстарға аса төзімді, тіпті ол тікелей түскен күн сәулесінен 4 күнге дейін өлмей, шыдап баска, қайнаған суда 45-60 минутқа, 140 градусқа дейін қызған ауада 3 сағатқа, 1 пайыз формалин мен 10 пайыз күйдіргіш натрий ерітіндісінде 2 сағатқа төзеді. Ол тұздалған теріде де тіршілік ете береді. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада сапрофит ретінде өмір сүріп, шаң-тозаң, ағынды су, қан сорғыш кенелер аркылы бір жерден екінші жерге ауысып жаңадан індет ошағын құрайды
Оқытушы: Ал, енді екінші сұрағына көшейік. Жоғарыда біз тек сібір жарасы туралы және қоздырғышы туралы анықтама бердік. Екінші жоспарымызға тоқталатын болсақ «Сібір жарасының клиникалық белгілері, эпизоотологиясы» деген сұрақ қойғым келіп отыр.
(білімгерлердің пікірі тыңдалады)
Оқытушы: Эпизоотологиясы. Сібір жарасы өте кең тараған ауру. Оған ірі қара, қой, ешкі, жылқы, бұғы, түйе т.б. сондай-ақ жабайы шөпқоректілер шалдығады. Шошқа сирек, ит пен мысық бацилламен өте көп мөлшерде залалданғанда ғана ауырады. Сақа жануарларға карағанда төл індетке біршама жиі шалдығады.
Сібір жарасы - маусымды індет. Ол әсіресе қуаңшылықты жылдары маусым-қыркүйек айларында жиі тарайды.
Ауру қоздырғышы - індетке шалдыққан жануарлардың зәрі және т.б. арқылы тарайды. Бұл індетпен өлген малдың бүкіл органдары ұлпаларында бациллалар өте көп болады. Осы аурудан өлген хайуандарды сойып ішін жаруға болмайды. Өйткені өлген немесе сойылған малдың терісі, еті, жүні т.б. арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады.
Қоздырғыштың таралуына етқоректілер мен жыртқыш құстар да себепкер болады.
Сібір жарасы малға оларды ауру коздырғышымен ластанған жайылымдарға жайып баққанда, шөп, су арқылы тарайды. Індет негізінен жаз айларында өршиді. Малдың ауыз, жұтқыншақ, кілегей қабықшаларындағы жарақаттар немесе ас қорыту жүйесіндегі ақаулар аурудың тарауына негізгі себеп болады. Малдың жалпы күйі төмендегенде (ашығу, витамин жетіспеуі, дене қызуының көтерілуі т.б.) олар ауруға шалдыққыш келеді. Індеттің ауа арқылы таралуы да мүмкін. Сонымен қатар қансорғыш жәндіктердің (маса, шіркей) де ауру таратуы ықтимал.
Клиникалық белгілері. Клиникалық белгілері. Аталған аурудың клиникалық белгілері барлық мал түлігінде негізінен ұқсас болады. Соның ішінде қой топалаңын сипаттауды жөн көрдік. Бұл індет қойда аурудың клиникалық белгілері білінбейтін және білінетін болып екі түрде жүреді.
Бірінші түрінде қой бірден, 1-2 күнде өліп тынады, ауру өте жіті өтеді, көп ретте ішектер қабынады. Екінші түрінде қой денесінде жара мен тері және тері асты ісіктері пайда болып, індет 5-7 күнге созылады. Әуелгі кезде қой денесінің әр жерінде көлемі онша үлкен емес, ұстап көрсең, мал ауырсынып, қолға қатты тиетін қызулы қайткан ісікке, одан қайтадан ортасы сарғыш қатерлі жараға айналады.
Топалаңға ұшыраған қой тісін қышырлатып, бағытсыз қозғалады, денесі кұрысып, аузынан, мұрнынан, артқы ішегінен қанды көбік ағады. Індет жіті жағдайында малдың қызуы көтеріледі, мал қимылсыз күйзеліп, көз айналасы қанталап, ауыз және тыныс кілегей қабығы көгеріп, қан аралас тышқақтайды, көп ұзамай өледі. Терінің ішкі қабаты сарғыш түстеніп, қанталап, қан тамырлары білеуленіп, лимфа түйіндері ісінеді, көкбауыр өз көлемінен бірнеше есе ұлғаяды. Бауыр мен бүйрек қанға толып, жүрек талшықтары босап, ішек, асқазанның ішкі жақтары қанталап қабынады. Ауруды анықтағанда оның даму барысы клиникалық және өлексе белгілері, эпизоотологиялық деректер негізге алынады, түбегейлі анықтау үшін микроскопиялық, бактериологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізеді.
Топалаң әдетте аса жіті және жіті, сирегірек жітіден төмен өтеді. Созылмалы түрі шошқада кездеседі.
Аса жіті топалаң негізінен қой мен ешкіде, сирегірек жылқы мен сиырда байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалык белгісі байқалып үлгермей-ақ, өліп кетеді. Мұндай жағдайда қой ентігіп, дірілдеп-қалшылдап, кейде орнында секіріп барып құлайды да, бірер минуттың ішінде өледі. Мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Жылқы мен сиыр еліріп, одан кейін тез басылады. Ентігіп, солығын баса алмай дем алады, тамыры жиі соғып, кілегейлі қабықтары көкшілденіп, дене қызуы 41-42 °С жетеді.
Бірнеше минуттан кейін, кейде бірер сағат өткен соң ауырған малдың талықсып, денесі құрыстанып барып жаны шығады.
Аурудың 'жіті өрбуі' кезінде сиыр мен жылқыда дененің кызуы көтеріліп (41°С), тыныс алуы мен тамырдың соғуы жиілеп, бұлшық еттері дірілдейді. Мал жем-шөптен қалып, ірі қарада күйіс қайтаруын тоқтатып, сауын сиырлардың сүті қайтады. Жылқының ішегі түйіліп, ірі қараның таз қарны кебеді. Кейде іш қатып, не керісінше қан аралас іш өтіп, несепте қан байқалады. Жануар тез әлсіреп, тынысы тарылып, кілегейлі қабықтары көгеріп, канталай бастайды. Жұтқыншақ маңында, мойнында, әукесінде, қарын астында домбығу пайда болады. Аузы мен тілінің кілегейлі қабығында қанды жалқақ байқалады. Ауру белгілері білінгеннен соң 2-3 күн өткенде мал өледі. Жан тәсілім кезінде мұрны мен аузынан қанды көбік шығады.
'Жітіден төмен' өрбігенде (6-8 күнге дейін) жоғарыдағы сипатталған белгілері баяулау өрбиді де, бірте-бірте байқалмай да кетіп, мал жазылып кеткендей әсер туғызады. Бірақ артынша оның жағдайы қайтадан нашарлап, ақыры өліммен бітеді.
'Созылмалы түрде' (шошқада) өткенде аурудың негізгі белгісі - жануардың арықтауы. Тек сойылғаннан соң, ұшаны қарағанда, төменгі жақтың астында қанды жалқақ, жақ асты және жұтқыншақ бездерінің қабынуы байқалады, топалаңға күдік туады. Бұл аурудың ангиналық түріне сәйкес келеді, ұзақ өрбіген дерт дененің ыстығы аздап көтерілуі, ангина мен фарингит арқылы білінеді. Жануардың алқымы ісіп, жұтынуы қиындап, тынысы тарылады, жөтел пайда болады.
'Аурудың үзікті түрі' кезінде дененің ыстығы аздап көтеріледі де, әдетте мал жазылып кетеді.
Оқытушы: Жоспардың үшінші сұрағына көшейік. Сібір жарасының алдын-алу шаралары, емдеу жолдары.
Сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы – жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. Ауруға қарсы вакцинаны егу үй жануарлар мен ет комбинаттарында, мал шаруашылығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, тері-жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға егіледі. Адам ағзасында Сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады. Егілген тұлғалар жұмысқа 2 аптадан соң ғана жіберіледі және жыл сайын екпе алып отырулары қажет. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығын қамтуға тырысқан жөн.
Сонымен қатар осы аурудың жұқтырушы көзі ретінде үй жануарларды да бақылауда ұстау қажет. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануарлардың барлығын қамтуға тырысқан жөн. Бүгінгі күнде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі. Үй жануарларының иелері малдарды екпеге қатыстырмау – дерттің кең етек жайюына себепші болып, мұның салдарынан адамдар Сібір жарасына шалдығатынын естерінен шығармаса игі болар еді. Сібір жарасына қарсы вакцина егілгеннен кейін 10 күн ішінде жануар өліп қалса, оның терісін сыдыруға болмайды.
Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып арнайы орындар – мал көметін жерлерге өртеу үшін апару қажет. Ауру мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Бұл аурудың алдын алу жұмыстарында Bacillus anthracis-тің эталонды штамынан әзірленген тірі споралық СТИ вакцинасы, капсуласыз мутантты штамынан дайындалған, құрғақ тірі ГНКИ вакцинасы, №55 штамының вакцинасы және сібір жарасы мен қарасанға қарсы біріктірілген тірі вакцина қолданылады.
(оқытушы енді сергіту сәтіне көшейік. Сергіту сәті«Жақсы»)
IV. Жаңа тақырып материалдарын пысықтау. (15 минут )
(«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі және сәйкестендіру» әдісі)
1. «Сібір жарасының » әр жануарда қалай аталады?
2. Сібір жарасының клиникалық белгілері қандай?
3. Сібір жарасының эпизоотологиясы дегеніміз не?
4. Сібір жарасының берілу жолдары қандай?
5. Сібір жарасынын алдын-алу және дауалау шараларын атаңыз?
6. Сібір жарасының қойда қалай аталады?
7. Сібір жарасында қандай вакцина қолданылады ?
8. Сібір жарасын емдеу жолдары?
V Сабақты қорытындылау (20 минут)
Оқытушы: енді сабақты қорыта отырып, сендердің алған білімдеріңді тексеру мақсатында «Сәйкестендіру» әдісімен жұмыс жасаймыз.
VI. Үй тапсырмасы: (5минут)
Т.Сайдулдин «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары» оқулығының 134-140 беттерін оқып келу.
Шаруашылықта мал өлімі болып, топалаңға күдік туды. Диагнозды растау үшін не істеу керек, қандай аурулардан және қалай ажыратылатынын сипаттап жазып келу.
VII. Сабақтың қорытындысын шығару (5 минут)
Қорытындылау барысында сабақта үлгере алмай қалған сұрақтарды талқылау, білімгерлерді салыстырмалы түрде бағалау.