Тест тапсырмалары
1. Көбею түрлері: Бейімделгіштіктері:
А. Жыныссыз 1. Гүлдің дамуы.
В. Жынысты 2. Споралардың түзілуі.
3. Гаметалардың түзілуі.
4. Вегетативті мүшеден өсімдіктің дамуы.
5. Ұрықтану.
6. Тұқымдардың түзілуі.
2. Гүлшоғырлар
А.Шашақгүл 1.Жүгері
В.Собық 2.Беде
С.Себетгүл 3.Орамжапырақ
Д.Шатыршагүл 4.Күнбағыс
Е.Шоқпарбасгүл 5.Пияз
3.Гүлдің құрылысы
А.Тостағанжапырақшалар. 1.Гүлдің негізгі бөлігі.
В.Күлтежапырақшылар. 2.Гүлдің жасыл түсті жапырақшалары.
С.Аталықтар. 3.Түрлі-түсті жапырақшалары.
Д.Аналықтар. 4.Гүлсерігін құрайтын гүл бөліктері.
4.Жемістер
А.Тұқымша 1.Бір тұқым болады да, оның сырты құрғақ, тығыз,
жылтыр.
В.Қауашақ 2.Бір тұқымды құрғақ жеміс, жеміс қабы мен тұқым
бір-бірімен бірікпеген.
С.Дәнек 3.Жеміс қабы мен тұқымы бір-бірімен бітісіп кететін
бір тұқымды құрғақ жеміс.
Д.Бұршаққап 4.Көп тұқымды құрғақ жеміс, оның ішкі жағында ұсақ
тұқымдары орналасатын бірнеше ұяшықтары болады.
Е.Жаңғақ 5.Құрғақ, тұқымдары екі қатар - орналасады да, жеміс
жақтауларына бекініп тұрады.
5. Өсімдіктердің жүйелері.
А. Лалагүл тұқымдасы. 1. Жапырақ жүйкеленуі-доға.
В. Раушангүлділер тұқымдасы. 2. 5 күлтежапырқшасы бар.
3. Кейбір түрлерінде жемісі- жидек.
4. Өкілдері: итмұрын, мойыл.
5. Тамыры:тамырсабақ, пиязшық,
түйнекті пиязшық.
6. 6 күлтежапырақшалары бар.
6.Өсімдіктер кластары
А. Даражарнақты класы 1.Тұқымында бір жарнақ
В. Қосжарнақты класы. 2.Жапырақ жүйкеленуі-тор
3.Кіндік тамыр жүйесі
4.Жапырақ жүйкеленуі-доға
5.Тұқымында екі жарнақ
6.Шашақ тамыр жүйесі
7. Реттеп орналастыру.
1. Жабықтұқымдылар.2. Мүктер.3. Балдырлар.
4. Ашықтұқымдылар.5. Қырықбуынтектестер.
8. Құрылысының күрделенуіне қарай, өсімдіктерді орналастырыңдар:
1.арша. 2.қайын. 3.улотрикс 4.шымтезек.5.қырықбуын.
9. Дұрыс орналасуын анықтаңдар:
а)өзек в)камбий с)өң д)сүрек е)тоз
10. Дұрыс ретімен орналыстырыңдар:
а)ағза в)мүше с)жасуша д)жүйе е)ұлпа
11. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән белгілерін(1) деп, жануарларға тән
белгілерін (2) деп , бөліп белгілеңдер:
А. Бір орыннан қозғалмайды.
В. Хлоропластары болмайды.
С. Дайын органикалық заттармен қоректенеді.
Д. Жасушасында қалын қабықшасы болады.
Е. Қоректік заттарды бүкіл денесімен сорады.
Ж. Қанша тіршілік етсе, сонша өсе береді.
12. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды(1) деп, жеуге жарамайтын саңырауқұлақтарды(2) деп, бөліп жазыңдар:
А. Ақ саңырауқұлақ. В. Майқұлақ С. Жалған түлкіжем.
Д. Көңілкеш. Е. Қозықұйрық. Ж. Ойысқұлақ.
13. Сөйлемдерді аяқтандар:
1. Былқылдақденелілердің асқорыту жүйесіне кіреді...
2.Былқылдақденелілердің қантарту жүйесі...
3.Былқылдақденелілердің зәршығару жүйесі...
14. Сәйкестендір:
А. Гидратектестер: 1.Актиния
В. Табақшатәрізділер: 2.Құлақты медуза
С. Көпаяқты маржандар: 3.Гидра
15.Бунақденелердің дамуы
А.Шала түрленіп даму. 1.Ақпа 6.Құмырсқа
В.Толық түрленіп даму. 2.Қоңыз 7.Дәуіт
3.Көбелек 8.Шыбын
4.Инелік 9.Шегіртке
5.Бүрге 10.Қандала
16. Сәйкестендір:
А. Шаншып-сорушы. 1.Көбелек.
В. Кеміруші. 2.Маса.
С. Кеміріп-жалаушы. 3.Қандала.
Д. Түтік тәрізді ауызбен сорушы. 4.Балара.
5.Тарақан.
6.Қоңыз .
17. Балықтар класы.
1. Кета.
А.Саусаққанатты балықтар. 2.Латимерия.
В.Майшабақтектестер. 3.майшабақ.
С.Албырттектестер.
18. Балықтар класы
А.Шеміршекті балықтар. 1.Жұпбалық, тұтасбас, акула.
В.Сүйекті балықтар. 2.Қортпа, шоқыр, пілмай, бахтах.
3.Терісі ірі қабыршақтармен қапталған.
4.Терісі плакоидты қабыршақтармен
қапталған.
5.Торсылдағы болмайды.
6.Іштей ұрықтанады.
7.Тұмсығы алға созылыңқы.
8.Уылдырығының саны аз.
19.Қосмекенділер, жорғалаушылар класы.
А.Жорғалаушылар класы. 1.Қызылаяқ бақа. 2.Азғы. 3.Келес.
В.Қосмекенділер класы. 4.Құбылғы. 5.Тритон. 6.Саламандра
20.
А. Құйрықтылар отряды. 1.Таныс көл бақа. 2.Жасыл құрбақа.
В. Құйрықсыздар отряды. 3.Тритон. 4.Тоған бақа.
5.Саламандра. 6.Жетісулық бақа
21. Сәйкестігін табыңдар:
А. Қызылшақа балапандар. 1.Әлсіз. 2.Көзі соқыр. 3.Ширақ
В. Ширақ балапандар. 4.Қауырсыны жетілмеген. 5.Үлпілдек қауырсынды.
6.Жұмыртқадан шыға сала, жүріп кетеді.
22. Сәйкестендір:
А.Тауықтектестер. 1.Үкі. 4.Релікті шағала.
В.Тырнатектестер. 2.Алтай ұлары. 5.Тарғақ.
С.Жапалақтектестер. 3.Дуадақ. 6.Ақбас тырна.
23.Сүтқоректілер класы
А.Тақтұяқтылар отряды. 1.Жабайы шошқа. 2.Елік.
В.Жыртқыштар отряды. 3.Құлан. 4.Аю.
С.Жұптұяқтылар отряды. 5.Бұлан. 6.Ілбіс.
24. Сәйкестендір
А.Сүтқоректілер. 1.Жұмыртқа салып та, тірідей туып та көбейеді.
В.Құстар. 2.Құйымшақ безі бар.
3.Алғаш рет ми қыртысының нышаны пайда болған.
4.Қаны оттегімен екі рет қанығады.
25. Жүйелер: Мүшелер:
А)Жүйке 1.Ми 6.Аорта
В)Қанайналым 2.Жүрек 7.Жұлын
С)Асқорыту 3.Сүйек 8.Асқазан
Д)Тірек-қимыл 4.Өкпе 9.Трахея
Е)Тынысалу. 5.Бұлшықет 10.Ішек.
26. Дене қуыстары: Мүшелер:
А.Кеуде қуысы: 1.Өкпе 6.Ішек
В.Құрсақ қуысы: 2.Жұтқыншақ 7.Асқазан
3.Аналық безі 8.Бүйрек
4.Бауыр 9.Трахея
5.Жүрек 10.Ұйқы безі.
27. Бездер. Бездердің түрлері.
А.Сыртқы секреция бездері 1.Сүт бездері 6.Тері
В.Ішкі секреция бездері 2.Гипофиз 7.Ұйқы
С.Аралас бездер. 3.Сілекей 8.Бүйрек үсті
4.Жыныс 9.Тер
5.Қалқанша. 10.Эпифиз.
28. Гормондар. Бездер.
а)инсулин 1.аталық безі
в)норадреналин 2.гипофиз
с)өсу гормоны 3.аналық безі
д)жыныс гормондары 4.ұйқы безі
е)адреналин 5.бүйрекүсті безі
29.а)ауыз қуысы в)асқазан с)ас ішек
1.астың жылжуы 5.көмірсулардың ыдырауы
2.астың ұсақталуы 6.нәруыздардың ыдырауы
3.қорек заттардың сіңірілуі 7.ұзындығы 5-6м
4.майлардың ыдырауы 8.ұйқы безі сөлін бөледі
30.Сәйкестеңдір:
а)ауаны жылытады 1.кірпікшелі эпителий
в)механикалық түіршіктерден тазартады 2.қылтамырлар
с)дауыс түзіледі 3.кеңірдек, көмей
31. А)эпидермис В)дерма С)гиподерма
1.тері бездер
2.май бездері
3.рецепторлар(қабылдауыштар)
4.қан тамырлары
5.май торлары
6. өлі жасушалар
7.бояғыш заттар
8.шаш түбі
32. Рефлекс доғасындағы қозудың өту жолын анықтаңдар.
1.мүше
2.жүйке жүйесінің орталық бөлімі
3.сезгіш нейрон
4.рецептор
5.қимыл нейрон
33.Кіші қанайналым шеңберінің бөліктерін реттеп орналастырыңдар:
а)сол жақ жүрекше
в)өкпе қылтамырлары
с)өкпе көктамыры
д)оң жақ қарынша
е)өкпе аортасы
34.Үлкен қанайналым шеңберінің реттеп орналастырыңдар:
а)дене салатамырлары
в)оң жақ жүрекше
с)сол жақ қарынша
д)қолқа
е)қылтамырлар
ж)төмеңгі қуыс көктамыры
35.Ауадан оттектің жасушаларға жететің жолы:
1.трахея 2.кеңірдек 3.қан 4.альвеолдар 5.аңқа 6.бронхалар
36. Асқорыту жүйесіндегі нәруыздың өзгеруін көрсететін дұрыс тізбегін жасаңдар:
А)Амин қышқылдарына дейін ыдырау
В)Жылыну
С)Механикалық өндеу
Д)жылжуы
Е)қанға сіңірілуі
37.Митоз фазалары
А)Профаза 1.Хромосомалдардың ширатылуы шегіне жетеді.
Қысқарған хромосомалар экваторға жылжиды.
В)Метафаза Әрбір хромосома центромерасы арқылы
байланысқан екі хроматидадан тұрады.
С)Анафаза Олар центромераларымен бөліну
ұршығына жалғанады.
Д)Телофаза 2.Полюстерде хромосомалар тарқатылып,
жіңішкереді, көзге айқын көрінбейді.
Эндоплазмалық тордан ядро қабықшасы
түзіледі. Клетка екіге бөлінеді.
3.Ядроның мөлшері ұлғаяды, хромосомалар
ширатылып жуандай бастайды. Қосарланған
центриоль екі полюске тартылады.
Хромосомалардың ширатылуына
байланысты аРНҚ-ның синтезделуі тоқтайды.
Полюстердің арасында бөліну ұршығының
жіпшелері түзіледі. Хромосомалардың
ширатылуы, жуандауы жалғасады. Ядро
қабықшасы еріп, хромосомалар цитоплазмада
ретсіз орналасады.
4.Әрбір хромасоманың центромерасы бөлінеді.
центромеларға бекінген ұршықтың жіпшелері
хроматидалары бір-бірінен ажырап, полюстерге
жинақталады. Олар енді хромосомаларға
айналады. Түзілген жасушалардың әрқайсысында
хромосомалардың диплоидті жиынтығы болады.
38.Органикалық заттардың маңызы
А)Нәруыздар 1. Жасушалардың дамуының әр түрлі
кезеңдерінде түзілеті нәруыздардың
құрылысы туралы тұқым қуалау
В)Көмірсулар ақпараты сақталып, жаңадан түзілген
жасушаларға беріліп отырады.
С)Липидтер 2.Энергияны жинақтайды, суда
ерімейтін органикалық зат.
Д)Нуклеин қышқылдары 3.Жасушаның құрылыс материалы деп
есептеледі, қорғаныштық, тасымалдау,
энергия көзі ретінде де қызмет атқарады.
4. Құрылыс материалы және энергия
қызметін атқарады.
39.Эволюциялық ілім
А)Морфологиялық өлшем 1.Биохимиялық құрам және
тіршілік үдерістері.
В)Физиологиялық өлшем 2.Тіршілік және өмір сүру
аумағына қажетті жағдайлар.
С)Генетикалық өлшем 3.Сыртқы және ішкі құрылысы.
4.Хромосомалардың құрылысы,
Д)Экологиялық өлшем мөлшері, көбею мерзімдері,
жыныс мүшелері және мінез-
құлық.
40.Эволюция бағыттары
А. Ароморфоз 1. Морфологиялық-физиологиялық кері кету.
(жекелеген мүшелері мен жүйелерінің
В. Идиоадаптация жойылуы).
2. Зор бейімделгіштіктің пайда болуы, ол
С. Дегенерация тіршілікке бейімделікті едәуір көтеріп,
жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі.
3. Ағзалардың нақты тіршілік ортасына
сәйкес алуан түрлі бейімделіктерге ие болуы.
41. Эмбриогенез сатылары Сипаттамасы
а)зигота 1.бластомерлер бір қабат құрып орналасады
в) бластула
с) бластомера 2. жаңа ағзаға бастама беретің диплоидты жасуша
д) гаструла
е)нейрула 3.екі қабатты ұрық
4.зигота бөлінуден түзілген жасуша
5.ұлпа, мүше түзілетін саты
6. алғашқы қуыстың пайда болуы
7. мезодерма түзіледі
8. эктодерма,эндодерма түзіледі
9. ұрықтанған жұмыртқажасуша
10. бластула түзетін жасушалар
42. Ағзалар Сұрыптау әдістері
а) микроағзалар 1. түраралық будандастыру
в) жануарлар 2. жеке сұрыптау
с) өсімдіктер 3. жақын туыстық будандыстыру
4. жаппай сұрыптау
5. жасанды мутагенез
43. Қандай ағза артық? Неліктен?
1. Қарағай
2. Шетен
3. Фитопланктон
4. Зоопланктон
5. Емен
44. Жасуша құрылысы
А. Ядро. 1. Жасушаның сыртын қаптайды.
В. Вакуоль. 2. Көбеюіне қатысады.
С. Цитоплазма. 3. Құрамында бояғыш заттар болады.
Д. Қабықша. 4. Шырынға толы қуыс.
С. Пластидтер. 5. Мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың
тірі зат.
45. Эволюция барысында пайда болу ретін көрсетіндер:
а) ашықтұқымдылар
в) қырықжапырақтектестер
с) балдырлар
д) жабықтұқымдылар
е) бактериялар
Танымдық тапсырмалар
1. «Вегетативті көбею» атты сызбанұсқа жасаңдар.
2. «Жемістердің түрлері» атты сызбанұсқа жасаңдар.
3. «Жемістердің, тұқымдардың таралуы» атты сызбанұсқа жасаңдар
4. Келесі мәліметтерді пайдаланып диаграмма жасаңдар:
Көкнәр тұқымдастар-700түрі,
Алабота тұқымдастар-1500түрі,
Асқабақ тұқымдастар-900түрі
Құлқайыргүлділер-1000түрі,
Раушангүлділердің-3000түрі,
Бұршақ тұқымдасы-12000түрі
Лалагүлділердің-1300түрі,
Астық тұқымдастары-10000түрі
5 «Қосжарнақты өсімдіктер» атты сызбанұсқа жасаңдар.
6. Өсімдіктердің көп түрлігін көрсететін сызбанұсқа жасаңдар
7. Келесі мәліметтерді пайдаланып:
Балдырлар-35000,
Мүктер-27000,
Қырықжапырақтар-10000,
Ашықтұқымдылар-700,
Жабықтұқымдылар-250000,
өсімдік бөлімінің санын көрсететін диаграммасын жасаңдар.
8. Бесжылдық ағаш екенін көрсететін сурет салыңдар.
9. Жетіжылдық ағаш екенін көрсететін сурет салыңдар.
10. Сызбанұсқа түрінде бактериялардың саналуандығын көрсетіңдер.
11. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды «өсімдік еті» дейді. Оның құрамына
кіретін заттардың мөлшерін көрсететін диаграмма сызыңдар.
12. Былқылдақденелілердің кластарға жіктелуін көрсететін сызбанұсқа
жасаңдар.
13. 1.Қосжақтаулы былқылдақденелілердің-20 мың түрі белгілі
2.Басаяқтылардың-800-ге жуық
3.Бауыраяқтылардың-90 мыңға жуық түрлері белгілі
Жалпы былқылдақденелілердің -130мыңнан астам түрі белгілі.Берілген 3-кластың %-дық мөлшерін есептеп, диаграмма түрінде көрсетіңіздер.
14. Белгілі, тарақан 1секундта 70см қашықтық өтеді, сонда 1сағатта неше
километр өтеді екен есептеп табыңдар.
15. Келесі мәліметтерді пайдаланып, диаграмма жасаңдар.
Тарақандар-3,5мың түрі. Қоңыздар-350мың.
Турақанаттылар-20мың. Көбелектер-140мың.
Инеліктер-3мың. Жарғаққанаттылар-300мың түрі.
16. Ертегі-аңыз кейіпкерлері, құрал-жабдық аттарымен аталатын қандай балықтар?
17. Келесі мәліметтерді пайдаланып, диаграмма жасаңдар.
Жұпбалықтардың-350түрі
Тұтасбастылардың-30түрі
Тақтажелбезектілер-350түрі
18. Тасбақалардың -250түрі белгілі. 12% Қызыл Кітапқа тіркелген. Тасбақалардың неше түрі Қызыл Кітапқа тіркелгенін есептеп шығарыңдар.
19. Белгілі: Тасбақалардың сауыттарының мөлшері әр түрлі. Келесі мәліметтерді пайдаланып, диаграмма жасаңдар.
Жасыл бақанын сауытынын ұзындығы-150см, батпақ тасбақанын-25см.
20. Кербез пингвиннің салмағы-45кг. Дуадақтың салмағы-16кг. Пингвиннің салмағы неше есе артық, есептеп шығарыңдар. Бұл құстар қай отрядтарға жатады.
Жауаптары:
1. А 2,4 В3,5,6
2. 1В2Д3А4С5Е
3. 1СД2А3В4В
4. 1Е2А3С4В5Д
5. А1,3,5,6В2,3,4
6. А1,6В2,3,5
7. 32541
8. 34512
9. СЕВДА
10. СЕВДА
11. 1А,Д,Е,Ж 2В,С
12. 1А,В,Е,Ж 2 С,Д
13. 1-бауыр, 2-ашық, 3-бүйрек
14. А3 В2 С1
15. А1,4,7,9,10 В 2,3,5,6,8
16. А2,3 В5,6 С4 Д1
17. А2 В3 С1
18. А1,4,5,6,7,8, В2,3
19. А2,3,4 В 1,5,6
20. А3,5,6 В1,2,4