kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тірек қимыл жүйесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.

Сүйектің құрылысы мен құрамы[өңдеу]

Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар(15%) және су (50%) да болады.

Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.

Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.

Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.

Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.

Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.

Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.

Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек тігісі); жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай, қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ) және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иық, шынтақ, көрі жілік-білезік, жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.

Қаңқа бөліктеріпе: бассүйек (омыртқа бағаны жөне кеуде торы) және аяқ-қол (аяқ-кол белдеулері және еркін қозғалатын қол және аяқ) сүйектері жатады. Олардың кұрамына енетін ірі сүйектерді жатқа біліп, суреттен көрсете білу кажет. Бассүйектің екі бөлімі бар, сүйектері жұп және так болып келеді.

Милық бөлімде: шүйде және маңдай сүйектері - так, ал төбе және самай сүйектері жұп орналасқан. Бет бөліміндегі бетсүйек пен үстіңгі жақ сүйектер — жұп, төменгі жақсүйек так болып келеді. Бұл сүйектердің барлығы, астыңғы жақ-сүйектен басқасы (буын), жалпақ және тігіс арқылы байланысқан.

Кеуде торы бір тәссүйектен және 12 жұп қабырғадан тұрады. Омыртқа бағаны 33-34 омыртқадан құралады. Омыртқа бағанының мынадай бөлімдері бар: 7 мойын; 12 кеуде; 5 бел; 5 сегізкөз; 4-5 құйымшақ омыртқалардан тұрады. Жалпақ сүйектердің барлығы жартылай қозғалмалы байланысқан, қабырғалар омыртқа бағанына буын арқылы байланысады.

Қол белдеуінде екі-екіден жауырын және бұғана сүйектері бар. Еркін қозғалатын қолдың тоқпан жілік және жілік пен шынтақ сүйектерінен құралған білек сүйегі; білезік, алақан және саусақтың бақайшағынан (бас бармақтан басқа саусақтардың барлығында үш-үштен бақайшақ болады) құралатын қол басы сүйегі бар.

Аяқ белдеуінде екі жамбас сүйегі болады. Олардың әрқайсысы бітісіп кеткен үш сүйектен: мықын сүйек, шонданай сүйек, қасаға сүйектерден құралған. Еркін қозғалатым аяқтың ортан жілік, сирақ сүйектері - асықты жілік және кіші жіліншік сүйектерінен; аяк ұшының сүйектері табан қоспасының сүйектерінен, табан сүйектерінен, саусақ бақайларынан құралады.

Адам қаңқасы құрылысы, химиялық құрамы және сүйектер байланысы, қаңқа бөлімдерінің бірдейлігі жағынан приматтарға ұқсас. Адам қаңқасындағы айырмашылық тік жүруге және еңбектену өрекетіне байланысты қалыптасқан. Бұл айырмашылықтарға омыртқа жотасының 8 пішінді болуы (4 иілімі бар: бірінші, үшіншісі - алға қарай; екінші және төртіншісі артқа қарай иілген), аяқ ұшының күмбезденуі, кеуде торы қабысып, жамбасы астауша тәрізденген, бассүйектің милық бөлігінің, бетсүйектен үлкен болуы, қарақұс тесігінің артқа қарай ығысуы жатады.

Қаңқа бұлшықеттері[өңдеу]

Қаңқа бұлшықеттері - тірек-қимыл жүйесінің пәрменді бөлігі. Қаңқаның бұлшықеттері қолдонеңжолақты болып келетіндіктен, қоза да (жүйке козу толқынына жауап қайтарып), жиырыла да және қажи да алады. Адам денесінде пішіні сан алуан және бірнеше қабатты 600-ден астам бұлшықет болады. Бұлшықеттердің әрқайсысы бұлшықет талшықтары деп аталатын жасушалардан (миоциттерден) тұрады. Талшықтар будаланады да, будалар жалпы дәнекер түптекті қабықшаға - шандыр бұлшықеттеріне бірігеді. Әрбір бұлшықеттің ішінде жасушаларды қоректендіретін, оларға тыныс алғызатын тармақталған қантарату тамырлар, сондай-ақ бұлшықеттердің жиырылуын басқаратын жүйкелер бар. Бұлшықеттер сүйектерге сіңірлердің көмегімен бекінеді. Олар екі немесе одан да көбірек сүйектерге бекініп, жиырылған кезде сүйекті өзіне қарай тартады. Өйткені бұлшықеттер босаңсу арқылы сүйекті өзінен алшақтата алмайды, бұлшықеттердің әрқайсысында қарсы әсерлі зат (антогонист) - қарама-қарсылық бар. Мысалы, екібасты бұлшықет (бицепс) - шынтақ буынын бүккіш. Ал үшбасты бұлшықет (трицепс) - шынтақ буынын жазғыш. Сезім билейтін бұлшыкеттері бір ұшымен — бассүйек сүйектеріне, екінші ұшымен теріге бекінеді. Оттегі жетіспегенде және сүт қышқылы жинақталғанда, сіңірлер созылғанда, жүйкелік орталықтар «қажығанда», бұлшыкеттер де қажиды.[1]

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тірек қимыл жүйесі

Автор: Билисбекова Роза Базарбаевна

Дата: 05.11.2016

Номер свидетельства: 355487

Похожие файлы

object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Тірек –?имыл ж?йесі.?а??а  б?лімдері "
    ["seo_title"] => string(42) "tiriek-k-imyl-zhuiiesi-k-an-k-a-bolimdieri"
    ["file_id"] => string(6) "145461"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418922054"
  }
}
object(ArrayObject)#872 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "тірек ?имыл ж?йесі "
    ["seo_title"] => string(24) "tiriek-k-imyl-zhuiiesi-1"
    ["file_id"] => string(6) "156667"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421473296"
  }
}
object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(157) ""Тірек-?имыл ж?йесі.С?йектер, б?лшы? ет, сі?ірлер тірек-?имыл ж?йесіні? ??рамдас б?ліктері." "
    ["seo_title"] => string(105) "tiriek-k-imyl-zhuiiesi-suiiektier-bu-lshyk-iet-sin-irlier-tiriek-k-imyl-zhuiiesinin-k-u-ramdas-boliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "205644"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429956140"
  }
}
object(ArrayObject)#872 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) ""С?йектер, б?лшы?еттер, сі?ірлер –  тірек-?имыл ж?йесіні? ??рамдас б?ліктері" "
    ["seo_title"] => string(86) "suiiektier-bu-lshyk-iettier-sin-irlier-tiriek-k-imyl-zhuiiesinin-k-u-ramdas-boliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "174495"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424147675"
  }
}
object(ArrayObject)#850 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Тірек ?имыл ж?йесі,"
    ["seo_title"] => string(19) "tiriekkimylzhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "285228"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454124833"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства