kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Биология пәнін оқытуда оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамыта отырып, білім беру жолдары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы «Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ

Биология пәні мұғалімі Балтиева Ләзат Құдайбергенқызы

«Биология пәнін оқытуда  оқушылардың   жеке ерекшеліктерін  дамыта отырып, білім беру жолдары»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Биология пәнін оқытуда оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамыта отырып, білім беру жолдары»»

«Биология пәнін оқытуда оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамыта отырып, білім беру жолдары»

Оқушыларға сапалы да тиянақты білім берудің негізі пәнді жан -жақты игеру,оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану.Оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін іріктеудің, жұмыстың жалпы сыныптық, топтық және жеке даралық түрлерін пайдаланудың, даярлығы төмен және жоғары оқушылардың, сыныптың ерекшелігін ескерудің сабақта, үй жұмысын орындау барысында уақытты тиімді пайдаланудың маңызы зор. Осының бәрін бір жүйеге келтіру- оқытуды үйлестіру. «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те,бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті болу». Мұғалім орнында жоқ әдісті тауып, оларды өзіне қолғабыс, сүйеніш ету.

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала- ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп,ынта- ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет -қасиеттерін дамытатын әлемдік педагогикалық жаңаша оқыту технологияларын пайдалану- әр мұғалімнің борышы, әрі міндеті. Ал қазіргі заманауи тәсілдердің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иемденіп қоймай, оны күнделікті өмірде орынды қолдана алуына назар аудару болып табылады. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған, өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланған жан- жақты тұлға қалыптастыру.

Әр пәннің өзіндік ерекшелігі бар.Биология пәні қиындығы мен қызығы мол шегі мен шеті жоқ, күрделі пән. Биология пәніне шығып жатқан технологиялардың ішінен өзімізге қажетті тиімдісін таңдап алуымыз керек деп ойлаймын. Оқытудың тиімді әдіс -тәсілдерін қолдану арқылы оқушының пәнге қызығушылығын , ынтасын арттыру, білімін тереңдету, биологияның негізгі ұғымдарын,биологиялық интуициясын дамыту.

Оқушының жеке тұлғасының дамуына ықпал жасайтын технологиялардың міндеті төмендегідей болуы керек. 1.Оқушының базалық білім жүйесін (білім стандарты бойынша) жетілдіру, танымдық қабілеттерін белсендіру.Оқу материалдарын игеруде және оқу іс- әрекеттерін жете ұғынуға талпындыру.(Тақырыптың негізгі түйінін, идеясын шешуге, биологиялық термин,анықтамаларды есте сақтауға, ол үшін әр оқушы жеке термин, анықтамалық дәптер бастауға болады) 2.Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін, сабақтастығын ұйымдастыру.(Мысалы: пәнді сүйіп оқитын жоғары сынып оқушысының төменгі сынып оқушысына немесе жақсы оқитын оқушының үлгерімі төмен оқушыға көмегі, олимпиадаға дайындау)3.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті зерттеу түрлерін ұйымдастыру.(Шығармашылық тапсырмалар,зерттеу, ғылыми жобалар, реферат жазу т.б.)4.Оқу үдерісінде АКТ қолдану.5.Дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану.Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында бірнеше оқыту технологияларының тиімді элементтерін пайдалануға болады. Мен өз тәжірибемде қолданып жүрген технологияларымның оқушыға білім беруде алатын орны туралы айтар болсам.1.Оқытудың модульдік технологиясы. 2.Дамыта оқыту технологиясы.3.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.4.Оза оқыту методикасы.5.Тірек- сызбалар арқылы оқыту технологиясы.6.Интерактивті оқыту технологиясы.7.Табиғатқа сәйкестендіріп,халық педагогикасы қолданылатын технология.Мысалы:Абай, Шәкәрім өлеңдері, қара сөздері т.б. Осылардың ішінен интерактивті оқыту технологиясына тоқтала кетсем,интерактивтілік өзара қарым -қатынас үрдісіне негізделген оқыту.Интерактивті оқыту : 1.Қарым- қатынас мәдениеті.2. Оқу жағдаяттарын барынша пайдалану,3. «қарым- қатынас алаңын құру» бағыттары бойынша жүзеге асады. Әдістері: 1.Топпен бірлескен жұмыс (2,3,4,5 адам)2.Біріккен іс -әрекетте өзара әсердің ұйымдастырылуы.3.Адамның басқа адамды қабылдауы және түсінуі.4. Бағалауы: Өздік, топтық, бірін- бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Бірлескен оқудың мәні- бұл оқыту мен оқу тәсілі, бұл тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бірлесе, ынтымақтаса оқу кезінде оқушылар бір -бірімен әңгімелеседі, пікірлеседі және осы арқылы білім алады. Бұл оқу тәсілінің негізгі сипаты мынадай: 1.Оқу оқушылар игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдермен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау емес олардың ақпаратты өңдеуі және қорытуын талап етеді.3.Қатысушылар әр оқушының көзқарасымен танысудан пайда алады.4.Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы кезінде жетіледі.Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой -пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.5.Оқудың ынтымақтастық ортасы кезінде оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі. 6.Оқушының өзінің білім сапасының деңгейін, белгілі бір тақырыпты қандай деңгейде меңгергені туралы өзіндік бағалау қалыптасады. Оқушының ойлау қабілетін дамыту , байқағыштығын арттыру, сабақтағы белсенді іс- әрекетін ұйымдастыру, осылар арқылы психологиялық, дамуын қалыптастыру дамыта оқытудың негізі болып табылады. Сондықтан мұғалім оқушының белсенділігін арттыратындай , өз іс- әрекетін зерделей алатындай етіп құрып, оқушының ойлау жүйесін бір мәселені шешуге бағыттай алуы тиіс. Менің ойымша, оқушының қабілетін бағамдай алатын мәселелік жағдаяттарды сабақтың барлық кезеңінде қолдануға болады. Мысалы, «Тірі ағзалардың көбеюі» тақырыбында «Адамды клондауға бола ма? Сендердің көзқарастарың қандай? немесе әрбір тақырыпты түсіндіргенде оқушыға ,Не себепті? Сендер қалай ойлайсыңдар? т.б. проблемалық сұрақтарды қойып отыру, оқушыларды білуге ұмтылдырып, логикалық ізденімпаздығын дамытып, пәнге қызығушылығын арттырады. Мұғалім тек қиын жерінде кеңес, бағыт беріп отырса, әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін ашатын жол туады. Сұрақтарға оқушылар шамасына қарай жауап береді, белсенді іс- әрекеті артады,барлығы бірігіп тұжырым жасауға үйренеді.Сосын пікірлерін кітаптағы мәтінмен, анықтамамен салыстырып өздерін тексереді.Ал мұғалімнің анықтаманы, заңды т.б. бірден айта салуы оқушының эмоциясына әсер етпейді, ойлануын тежейді. Сондықтан білім алу үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп,таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып,зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір -біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсініп,тәуекелге барады. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Мысалы: Білімді игеру нүктесі дұрыс таңдалып алынбағандықтан,ҰБТ -ға дайындау барысында көптеген оқушылар төменгі сыныпта өтілген тақырыптарды есіне түсіру қиындық туғызады. Сондықтан оқушылардың әртүрлі проблемалар мен мәселелерді шешуде ,логикалық зерттеумен ой жүгірту дағдыларын қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау модулін пайдалану маңызды болып табылады. Биология сабақтарында осы технологияның стратегияларын пайдалану арқылы балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып,өздеріне сенім туғыза отырып және Абай ,Шәкәрім поэзиясымен кіріктіріп өткізген «Антропосоциогенез адам эволюциясы туралы ғылым» атты сабақта оқушылар Блум таксономиясының кезеңдеріне сәйкес тақырыптың негізгі түйінді идеясын түсініп,тиянақты білім алуға қол жеткізе алды. Оқытудың нәтижесі көбінесе оқушылардың сол пәнге деген қызығуынан туындайды. Биология пәніне қызығуды сабақ үстінде түрлі кестелерді, суреттерді,нақ пішіндерді,ылғалды препараттарды көрсетумен қатар, оқушылардың тірі табиғатпен, қоршаған ортамен қарым- қатынасы арқылы да оятуға болады. Сондықтан өтілетін сабақтың тақырыбына сай жергілікті жерлерге топсеруенге шығаруға болады. Мектеп жылыжайында өткізілетін әртүрлі фенологиялық бақылаулардың да мектепте биология пәнінің негізгі ұғымдарын қалыптастыруда маңызы зор . Топсеруен кезінде оқушылар табиғат туралы, өсімдіктер мен жануарлардың морфологиясы, биологиясы мен экологиясы, ағза мен қоршаған ортаның өзара байланысы жөнінде нақты түсініктер алады.Оқушыларды бақылай білуге табиғат объектілерін салыстыра білуге үйрете жүріп, мұғалім олардың ойлау қабілеттерін дамытады. Топсеруен кезінде жиналған материал сабақта, сыныптан тыс уақыттарда көрнекілік ретінде пайдаланылады. Мұндай материал дайындау оқушылардың тірі объектілерді жинау, коллекция, гербарий жасау сияқты практикалық дағдыларын қалыптастырады. Топсеруен кезінде өсімдіктер мен жануарлардың 5-10 түрін ғана көрсетіп, олардың биологиялық ерекшеліктеріне тоқталу керек. Сонымен қатар,олардың тіршілік ортасына бейімділіктерін,бір- бірімен өзара қатынастарын да түсіндіру керек. Топсеруен арқылы оқушылардың білімі тереңдетіліп қана қоймай, олар өз беттерімен дұрыс тұжырымдар жасап үйренеді. Биология сабақтарында зертханалық жұмыстарды тиімді пайдаланып,оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастырудың маңызы өте зор. Қазақта «құлақпен естігенше, көзбен көріп, қолмен ұстағанға не жетсін» деген нақыл сөздің өзі осыны көрсетеді. Себебі ,күнделікті өткен бірсарынды сабақтар оқушыларды шаршатады, жалықтырады. Сондықтан зертханалық жұмыстарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығуын арттырумен қоса, теориялық білімінің толығуына септігін тигізеді. Оқушы білімін дамытудың тағы бір ықпалы электронды оқулықтар. Әр мұғалім электронды оқулықты өзінің тәжірибесінде тақырыпқа сай қолданады. Электронды оқулықтарда тақырыптарға түсініктер, әртүрлі суреттер, сөздіктер, кестелер, қызықты тапсырмалар кеңінен беріледі. Оқығаннан гөрі көзбен көріп, миға сақтаған ұтымды. Электронды оқулықпен тапсырма орындағанды оқушылар ұнатады. Оқушыларға өз беттерімен электронды оқулықтар, әртүрлі слайдтар жасауға тапсырма беруге болады.Оқушы белсенділігін ,ізденушілік қабілетін арттыратын сабақтың бірі- кіріктірілген сабақтар. Егер осы сабақтарда ойын түріндегі әдістер қолданылса ,қорытынды шығаруға, іскерлікке, шапшаңдыққа дағдыланады. Әдеттегі бірсарынды сабақта үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі.

Қорытындылай келе, оқушылар мұндай білім мен қабілеттерді алғанда, олар үшін бұл әдеттегі философияға айналады, олардың оқу үлгерімі жоғарылайды,биологияны оқып үйренуде функционалдық сауаттылықтары дамиды.Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіре алады. Басқа адамдардардың пікірімен санасуға үйренеді, адамдарда әр түрлі идеялардың болатындығын түсінеді, бір бірінің идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық ( ІІ деңгей)

2.Биология және салауаттылық негізі №1 2010, № 3 2013

3. Ж.Кобдикова: « Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясы»

1



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Балтиева Ләзат Құдайбергенқызы

Дата: 09.12.2017

Номер свидетельства: 443094

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "Стандарт емес о?ыту т?сілдерін ?ндіру ар?ылы саба?ты? о? н?тижесін арттыру жолдары."
    ["seo_title"] => string(91) "standart-iemies-ok-ytu-t-sildierin-ondiru-ark-yly-sabak-tyn-on-n-tizhiesin-arttyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "250770"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447139146"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "ДЕНЕ Т?РБИЕСІ САБА?ЫНДА О?ЫТУДЫ? ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІ? ТИІМДІ ЖА?ТАРЫ "
    ["seo_title"] => string(93) "dienie-t-rbiiesi-sabag-ynda-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologiialaryn-iengizudin-tiimdi-zhak-tary-1"
    ["file_id"] => string(6) "125939"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415098531"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Ашы? саба?. "?ос жынысты ж?не дара жынысты г?лдер.Г?л формуласы" 6 класс "
    ["seo_title"] => string(77) "ashyk-sabak-k-os-zhynysty-zh-nie-dara-zhynysty-ghuldier-gul-formulasy-6-klass"
    ["file_id"] => string(6) "141332"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418105442"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "География саба?тарында п?наралы? байланысты ?йлестіре білуді? тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(71) "gieoghrafiiasabaktaryndapnaralykbailanystyuiliestiriebiludintiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "284732"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454010581"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства