Шаянтәрізділер — буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар, цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер, максиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді. Шаянтәрізділер Жер шарында кең тараған. Тұщы су қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда кездеседі. Ең майдасы су бүргесі Alonella, ұзындығы 0,25 мм. Денесінің ұзындығы 1 — 2 мм-ден 80 см-ге жетеді. Ең ірісі — жапон шаяны ( Macroche і ra kaempfer і), оның құлашы 4 м болады. Ең ауыр шаян — Солтүстік Атлант омары ( Homarus amer і canus), оның салмағы 20 кг.
Баскөкірек
Құрсақ
Бұлардың денесі жеке бунақтардан құралған, әр бунағында жұп бунақ аяқтары болады (бірақ эвол. даму барысында кейбір аяқтарының жойылып кетуі мүмкін). Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Бас бөліміндегі бунақтардың саны тұрақты — акроннан және 4 бунақтан құралған, олардың 5 жұп өсінділері бар. Бірінші жұбы — антеннула, екіншісі — антенна, қалған үш жұбы қорегін ұстайтын және ұсақтайтын, түрі өзгерген аяқтары. Шаянтәрізділердің басында бір жұп күрделі немесе фасеттік көздері бар.
Өзен шаяны
Кеуде және құрсақ бунақтарының саны бірдей емес. Олардың көп жағдайда кеуде аяқтары жылжу, жүзу, құрғақ жерде жүру қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрсақ аяқтары дамыған әрі қос бұтақты. Құрсағы көпқылтанды құрттардың пигидиіне (құрсақтың соңғы бөлімі) ұқсас тельсонмен (құрсағының соңғы бунағы) аяқталады.
Құрсақ
аяқтары
Жақ аяқтары
Көкірек
аяқтары
Құйрық
жүзбе қанаты
Қысқыш
аяқтары
Ас қорыту жүйесі
Жүйке жүйесі мидан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Желбезектерімен, егер олар болмаса, бүкіл денесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық емес, жүрегі арқа жағында орналасқан. Сезім мүшелері жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар (рецепторлар) түрінде болады. Зәр шығару жүйесі екі жұп безді: антенналды және максиллярлы. Тепе-теңдік сақтау мүшесі — статоцист жақсы дамыған. Шаянтәрізділердің ұсақ түрлері негізгі зоопланктон массасын құрайтын болғандықтан, олар судағы организмдердің қоректік тізбегінде буын болып табылады. Шаянтәрізділер майшабақтардың қорегі, суды өлекселерден тазартады. Көпшілік түрлері (омар, лангуста, креветкалар, т.б.) Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоғарғы сапалы тағам ретінде пайдаланылады.
Бауыр
Қарын
Ішек
Өңеш
Аналь
тесігі
Ауыз
Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген.Ішегі ас үгітетін қарыннан және “бауырдан” құралып, ортаңғы ішекке ашылады. Бір клеткалы организмдермен, өлексемен, органикалық заттармен, көп клеткалы өсімдік және жануарлармен қоректенеді.
Жүйке жүйесі
Жұтқыншақ үсті
Жұтқыншақ асты
Құрсақ жүйке тізбегі
Екі жасыл
без
Зәр шығару
жүйесі
Жыныс жүйесі
Шаянтәрізділер көбінесе дара жыныстылар, тек мұртаяқтылар мен он аяқтыларда гермафродиттік кездеседі. Жынысты деформизм айқын байқалады. Көпшілік тобына партеногенез тән, жұмыртқаларын суға тастайды. Шаянтәрізділер метаморфтық жолмен дамиды. Жұмыртқадан планктонды дернәсіл — науплиус шығып, ол метанауплиусқа (екінші дернәсілдік даму сатысы, бұл кезде кеуде және құрсақ бунақтары оқшауланып бөлінеді) айналады. Кейде бірінші дернәсілдік даму сатысы жұмыртқа қабығының астында өтеді, онда дернәсілдердің суға шығуы дамудың соңғы сатысында жүреді (мыс., крабтардың зоеа сатысы). Жұмыртқадан аналық организмге ұқсас кішкене дарабас шығып, түлек арқылы біртіндеп өседі.
Жыныс
безі
Копулативті
түтік
Жыныс
жолы
Шаянның дернәсілі
1
2
3
4
5
6
7
8
Зәр шығару мүшесі (жасылбез)
Дене бөлігі (баскөкірек)
Шаянның даму кезеңі (уылдырық)
Қорегін аулау мерзімі (іңір)
Қорғаныш мүшесі (қысқыштар)
Тыныс алу мүшесі (желбезек)
Шаянды ұстаған кезде пайдаланылатын жем (еліктіргіш)
Дене бөлігі (құрсақ)
Төмендегі тіркестерді пайдалана отырып, «Шаянтәрізділер» тақырыбына шағын мәтін құрыңыз: бентосты, планктонды, паразитті, құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер, ылғалды жерлерде, дымқыл ортада, желбезекпен тыныс алады, суда тіршілік ететін түрлерден шыққаны, шаянтәрізділер кең тараған, тұщы су қоймаларында, теңіздерде, тағам ретінде қолданатын түрлері, барлық мұхиттарда.
Даражыныстылар, айқындалған жыныс диморфизм тән. Аналықтардың құрсағы бас кеудесiне қарағанда жалпақ, аталықтарының – жiңiшке.
Көктемде аналық уылдырығын шашып, құрсақ аяқтарына бекiтедi.
Тағам ретiнде қолданатын түрлерi теңiз шаяны, асшаяны, омар.
Шаянтәрiздiлердiң ұсақ өкiлдерi суда зоопланктонды түзейдi.
Дафния – тұщы су формасы (тармақталған мұртты шаян тәрiздiлер отряды)
Денесi қосжақтаулы бақалшақта орналасқан.
Бiр күрделi және бiр қарапайым көздерi және екi жұп мұртшалары бар.
Балық зауыттарында дафнийлердi құнды балықтарды қоректендiру үшiн өсiредi.
Циклоптар (ескекаяқты шаянтәрiздiлер отряды) бiрiншi жұп мұртшалары мен кеуде аяқтарның аяқшалар көмегiмен қозғалады. Бiр қарапайым көзi болады. Таспа құрттардың аралық иелерi болып табылады.
Дафниялар, циклоптар, бүйiрмен жорғалаушылар – балықтар мен олардың шабақтарының қорегi.
Есекқұрттар (теңаяқты шаянтәрiздiлер отряды) ылғалды топырақта мекендейдi. Жалпайған денесi болады. Кеуде мен құрсақ буындарында бiр жұп аяқтардан болады. Құрсақ аяқтарында тыныс алу мүшелерi бар.