Тақырыбы: Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы. Құрылысының ерекшеліктері. Қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өзен шаяны, тіршілік ортасы, қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі туралы жалпы ұғым беру.
Дамытушылық: Сабақта оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім-біліктілігін дамыта отырып, оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастырып, логикалық ойлау, биологиялық тілмен сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
-назарды сабаққа аудару үшін «Күн сәулесі» (1-слайд)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап (2-слайд)
Буылтық құрттардың, буынаяқтылардың қанша түрі бар және қандай ортада мекендейді
Буылтық құрттар мен буынаяқты жәндіктер деп аталуы неліктен ?
Буылтық құрттар мен буынаяқтылардың мүшелік жүйелеріндегі ұқсастықтары.
Хитин және целом дегенді қалай түсінеміз.
Екі типтің қан айналым жүйесіндегі айырмашылығы.
Буынаяқтылар мен буылтық құрттардың зәр шығаруындағы айырмашылығы.
Көбеюіндегі ерекшеліктер.
2 оқушы карточкамен жұмыс істейді.
№1 карточка
Аяғы бунақтардан тұратын жәндіктер ............ деп аталады. Буынаяқтылар типінің үш класы бар, олар: ..............., .............. және ................. класы. Буынаяқтылардың денесінің сырты тығыз ………. қапталған. Буынаяқтылар денесі өскенде хитинді жабын денеден сыпырылып, ……… . Шаянтәрізділердің денесі ……… және ………. бөліктерінен құралады. Қан тарату жүйесі ................ . Жүйке жүйесі ……….. өте ұқсас. Зәршығару жүйесі ………. арқылы жүзеге асады. Буынаяқтылардың арғы тегі …………………………. деп есептеледі.