Просмотр содержимого документа
«Оқу - менің еңбегім»
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бөлім I
Ғасырлар даналығы
Рысбаева Сырга Ертаевна
Педагогтің аты-жөні
Күні
19.10.2021ж
Сынып
3 «А»
Қатысушылардың саны: 12
Оқу – менің еңбегім
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары
Еңбектің мәні мен мазмұнын ұғынады
Құндылық
Ақиқат
Қасиеттер
Еңбекқорлық, ізденімпаздық, қызығушылық
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға оқудың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу
Сабақтың міндеттері
оқушыларға оқудың қажырлы еңбек екенін ұғындыру
оқушылар бойындағы еңбекқорлық қасиеттерін дамыту
оқушыларды өнер – білімге қызығушылыққа тәрбиелеу
Ұйымдастыру кезеңі
(1 мин )
Оқушылардың көңіл –күйлерінің қандай екендігін сұраймын.
5 Т – ережесін еске түсіреді.
1.Тәртіп.
2.Талап.
3.Тыныштық.
4.Тазалық.
5.Татулық.
Жағымды көңілкүй
( 1-3 мин)
«Саябаққа саяхат»
Оқушылар,көздеріңді жұмуларыңызға да болады.Көз алдымызға жақсы ой ойлап, денемізді еркін ұстап, терең тыныс аламыз. Біз саябаққа саяхатқа шығайық.Жан-жағымыз жап-жасыл ағаштар, бұлбұл құстардың сыңғырлап, сайраған дауыстары құлағымызға жағымды естіледі. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап, жатқан сезімде боласыз. Айналамыз әсем гүлдерге толы. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Біз сол саябақтың сұлулығына тамсанып қараймыз. Табиғаттың бізге берген сұлулығын осылай таңданып, бірнеше минут демалыңдар. Терең тыныстап, сыныбымызға оралайық. Көзімізді жайлап ашайық.
«Кел, балалар оқылық!»
өлеңін оқып келу
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Сұрақтарға жауап бер
1. Оқу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. «Ықыласпен тоқу» дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Өнер,білім қалай табылады?
4. Еңбек арқылы оқуда қандай құндылық айтылады?
5. Сендердің оқудағы мақсаттарың қандай?
Сабақтың дәйексөзі
« Оқусыз білім жоқ, білімсіз күніңжоқ»
Халық нақылы
Д әйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
Оқиға айту
(әңгімелесу)
Ақылды етікші
Халық ертегісі
Сұрақтарға жауап бер
1.Бала кімнен, және қайдан дәріс алады?
2.Бала қандай бала болып өседі?
3.Баланы кім көмекші қылып алады?
4.Ертегіде қандай құндылық көрініс беріп тұр?
5. Осы қасиеттер өзіміздің бойымыздан табыла ма ?
Шығармашылық жұмыс
1 топқа - Еңбекқорлық
1.Ер дәулеті
— еңбек
2.Бақыт кілті
еңбекте
3.Еңбек ет те,
міндет ет.
4.Еңбек пен бақыт
егіз.
2 – топқа Ізденімпаздық
1.Білім арзан,
білу қымбат.
2.Ғылым — теңіз,
білім — қайық
3.Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
4.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Үй тапсырмасы
№8 сабақтағы 33 беттегі
«Бала Шоқан» мәтінін оқып келу.
Топпен ән айту
Болайықшы осындай
Сөзі мен әнін жазған А.Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай
Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай
Болайықшы досым-
Сабақтың қортынды сәті
1 мин
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.