Сабақ № 17 Тақырыбы: Сабақтың құрылысы. № 12 зертханалық жұмыс. | Мектеп: |
Күні | Мұғалім есімі: |
Сыныбы: | Қатысқандар саны - Қ-пағандар саны - |
Сабақтың негізделген оқу мақсаты: | Оқушыларға өсімдіктің вегетативті мүшесі сабақтың түрлерімен, ішкі құрылысымен таныстыру.Өсімдік сабағының түрлерін салыстыру, зертханалық жұмыс арөылы қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктер сабағының көлденең кесіндісі арқылы құрылыс ерекшелігін салыстыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. |
Сабақтан күтілетін нәтиже: | Барлық оқушылар: өсімдік өркендерінің негізгі бөлігі сабақ құрылысын, оның түрлерін түсінеді. Өсімдіктер тіршілік негізі болғандықтан, оларды қорғауға тәрбиелеу. |
| Өсімдіктердің өркендер жүйесі мен оның түрлері туралы білу, ішкі және сыртқы құрылысын түсіну.Өз білімін өмірлік қажеттілік пен құндылық ретінде пайдалана білу,түсіну, ажырату. |
Алдыңғы оқу: | Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі. |
Жоспар: СТО, оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер,топтық жұмыс. |
Жоспарланған уақыт ( 45 мин) | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
Басталуы (15минут) Білу; | 1.Жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру. «Көңіл –күйді білдіретін смаилик салу» 2.Топқа бөліну «Өз ерешеліктері » арқылы бөліну. 3 Үй тапсырмасын сұрау; интер тақтадан жапырақтың сыртөы және ішкі мүшелеріне байланысты сурет сұрақ алу. 3.Қызығушылығын ояту: Дыбыс шығаратын ағаштар Орман арасында әр түрлі дыбыстар естілетіні белгілі.Олар жапырақтардың бір- біріне тиіп үйкелгендегі сыбдыры, піскен жемістердің өздігінен қақырауы, қураған бұтақтардың сынып түсуі және т.б. Австралия, Африка, Үнді ормандарында атылған мылтық дауысы, сыбырласқан, өксіп жылаған дыбыстар естіледі. Амазонка өзені жағалауында өсетін коуроупита ағашы ылғал мен жылу жеткілікті болғандықтан өте тез өседі,өсу кезінде кейбір ұлпалары өсіп үлгере алмайды да, кенеттен сүректері жарылғанда,мылтық дауысындай тарс еткен дыбыс шығады.Австралиядағы эвкалипт ағаштарының арасынан шүберек, қағаз жыртқандай дыбыс шығады.Бұл ағаш қабықтарының өз салмағын көтере алмай сынуынан болады. Бамбук өте тез өседі,әсіресе оның жас өркендері өсу кезінде өксіп жылаған, кейде ыңқылға ұқсас дыбыс шығарады. Орталық Африкада өсетін паринариум ағашы кескен кезде ысылдаған дыбыс шығарады. | Қосымша материалдар. www.mail.ru |
Ортасы (20 минут) Түсіну кезеңі Қолдану кезеңі; | Мағынаны тану: 1-тапсырма Оқулықпен жұмыс .мәтіндегі суреттер бойынша сипаттау, оқып шығу . 2- тапсырма Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды қарау, таныстыру. 1.Сыртқы қабық 2.Тоз 3.Камбий 4.Сүрек 5.Өзек анықтаманы сурет слаид арқылы түсіндіру. № 12зертханалық жұмыс. Дәптерге жазу | топтық жұмыс жасайды жеке жұмыс |
Аяқталуы (10 минут) | 1.Рефлекция Біз бүгін нені білдік ? 2.Үйге тапсырма: 10 сұрақ дайындау, мәтінді оқу. 3.Бағалау: оқушылар топтық жұмыста фармативті бағаланады және зертханалық жұмысты бағалау. | Сабақтан алған әсерлерін жеткізу |
Тексерілді: | | |