Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік - өмір өзегі»
Сабақтың мақсаты : 1)Білімділігі : Табиғаттағы өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасын, олардың мүшелерінің ерекшеліктері туралы, жер ғаламшарымызда өсімдіктердің
көптүрлілігі туралы алған білімдерін бекіте отырып,пайдасының ұшан- теңіз екендігіне көз жеткізу.
2)Дамытушылығы: Оқушылардың жаратылыс тану пәніне қызығушылықтарын арттыру, қосымша материалдарды қолдана білуге дағдыландыру, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3)Тәрбиелілігі :Табиғатты сүюге,оның байлығы мен берекелі тіршілігін қорғауға, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар : Әдебиет, тарих,экология.
Көрнекіліктер : өсімдіктер туралы нақыл сөздер, муляждар, гүлдер түрлері,
Сабақтың барысы :Өсімдік –адам үшін азықтың қайнар көзі, байлығы, тірі табиғаттың бір бөлігі, қазынасы.Өсімдіктер әлемі –бізді қоршап тұрған жасыл әлем. Өсімдіктер барлық жерде кездеседі.Өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп,ауаға бос оттегін бөліп отырады. Тірі ағзалардың тыныс алуын, қоректенуін қамтамасыз етеді. Өсімдік –адам ағзасына нәр беретін дәруменнің көзі. Өсімдік-адамдар мен ұшқан құс, жүгірген аңға баспана. Шығыс халықтарында имандылықтан келетін үш сауап бар: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен.
Жасыл желек-жердің сәні саялы,
Қамқор болсаң жапырағын жаяды.
Мейіріммен жылуын арна жүректің,
Соған қоса алақан керек аялы -дей келе сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер. Алдарыңызға «Бәйшешек»,«Раушангүл», «Ақбидай» топтары.
Шеберлікті,білімді
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер. (Әділ қазылар алқасы сайланады )
Сайыс жоспары:
- Таныстыру.( топтың аты, ұраны, ән, өлең жолдары)
- Менен сұрақ, Сізден жауап ( 10 сұрақ қояды топтар бір-біріне)
- Жарнама. (бір өсімдікті жарнама жасайды)
- Көрініс.( Өсімдіктер туралы болуы шарт)
- Құпия сандық
- «Өрмекші торы» ойыны
Жүргізуші : -Басталар сайыс енді жоспарменен,
Достарым отырсыз ба елеңдесіп.
Ата-салт,баба дәстүр жолымен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
І кезең. Сайысымыздың 1- бөлімі « Таныстыруға » кезек берейік.
1топ. «Байшешек»
Ұраны : Біз боламыз қырларында текеметтің,
Көктемге алғаш көрік әперетін.
Бәйшешекпіз,көмектесеміз қар астында,
Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін.
Топтың әні ; «Жылайды жапырақ».
2 топ. «Раушангүл»
Ұраны: Раушан тобы алға,
Биіктерге самға.
Білімімізбен,достығымыз барда,
Жүреміз тек алда.
Топтың әні : «Гүлдер, гүлдер»
3 топ. « Ақбидай»
Ұраны : Арпа бидай ас екен,
Алтын,күміс тас екен.
Топтың әні : «Ақбидай»
ІІ кезең. Білімділер болады әркез алда,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма. –дей келе
« Менен сұрақ, Сізден жауап» бөліміне кезек берейік.
ІІІ кезең. Жарнама. Өсімдіктердің адам өмірінде маңызы зор екендігін топ оқушылары бізге жарнама арқылы көрсетеді.
1 топ. «Бәйшешек» тобы : « Күнбағысты».
2 топ. «Раушангүл» тобы : « Алоэ өсімдігін».
3 топ. «Ақбидай» тобы : «Қызанақ өсімдігін» жарнамалайды.
ІҮ кезең.Көрініс. Әрбір топ үй тапсырмасы ретінде өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктерінен сахналап көрсетеді.
1 топ. « Бәйшешек». Көрініс «Тамырлар дауы».
2 «Раушангүл» тобының көрінісі «Жақсылық пен жамандық».
3. «Ақбидай » тобының көрінісі «Дақылдар айтысы».
Ү кезең « Құпия жәшік». топ оқушыларына жәшікке өсімдікке қатысы бар зат салып,жұмбақтап сұраймын. (иод, крахмал,итмұрынның жемісі)
ҮІ кезең « Өрмекші торы » ойыны.
Қайсысы білгір, білімді, Әділ қазы алқасы,
Талабына қарайық. Сараласын,бағалап,
Кімдер зерек, кім жылдам Кім жеңеді сайыста
Таланттарын табайық. Анықтайық даралап.
Сонымен бүгінгі « Өсімдік –өмір өзегі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алда алатын асуларын көп болып,білім шыңын бағындыра беріңдер демекпіз.