генетика дегеніміз - белгілерді? т??ым ?уалаушылы?ы мен ?згергіштігін зерттейтін ?ылым саласы. т??ым ?уалау за?дылы?тарыны? ?андай за?дылы?пен ж?ретінін аны?тау, міне осы генетиканы? негізгі міндеті болып табылады. ?ылымны? ?ылым ретінде танылуына, ашылуына ?лес ?ос?ан Грегор Иоганн Мендель болды. оны? е?бегі 35 жыл бойы ба?аланбай, еленбей, т?сініксіз к?йде ?алып келді. тек 1900 жылы ?ана ?ш елді? ?алымдары бір бірінен т?уелсіз осы за?дылы?тарды аны?тап, д?лелдеген со? ?ана Мендель е?бегі жары? к?рді
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
а)Антропогенездің қандай факторлары оның ертеректегі сатыларында басты роль атқарды және неге?
ә)Қандай факторлары кейінгі сатыларында басты роль атқарды , неліктен олай?
б)Антропосоциогенездің негізгі әлеуметтік факторы қайсы?
в)Жер бетінде қанша нәсіл қалыптасты? Олардың ерекшеліктері неде?
г)Түрлік өлшемдерді пайдаланып, әр түрлі нәсілдердің бір түрге жататындығын дәлелдеп беріңдер.
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
Генетика дегеніміз – белгілердің тұқым қуалауы мен өзгергіштік заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Тұқым қуалау белгілері қай заң бойынша жүретіндігін анықтау – міне, бұл генетиканың міндеті. Ғылым ретінде генетиканың негізін салушы чех жаратылыс зерттеушісі Грегор (Иоганн) Мендель (1822-1884)деп есептеледі. Мендель сынақтәжірибені өте сауатты және ыждағаттылықпен іске асырды. Оның табысты болу себебі осы. 1.Зерттеу зерзатына асбұршақты – өздігінен тозаңданатын өсімдікті таңдап алды. Әлі ашылмаған бір жабық гүлдің ішінде өз аталығының тозаңымен гүланалық ұрықтанады. Жұмыртқажасушаға өзге дарақтан генетикалық материал түспейді. Егер өсімдіктің тұқымы сары болса, ондай өсімдікте тумысында жасыл түсті ата тектердің болуы мүмкін емес. Асбұршақтың табиғатта айқас тозаңдана алмайтыны да белгілі.
2.Ешқандай кездейсоқтық болған жоқ. Егер қолдан тозаңдандырылса, тозаң пісіп жетілгенге дейін аталықтар жұлынып алынды.
3.Сынақтәжірибелер бірнеше рет қайталанып, қайта-қайта тексерілді. Мендель математик болғандықтан, он белгісізді табу үшін он теңдеу қажеттігін түсінді. Он есептің барлығын бір амалмен орындауға болмайды. Сондықтан ол тек бір ғана белгінің тұқым қуалау бойынша қалай берілетінін зерттеу қажет деп шешті. Ол әрбір сынақтәжірибеде бір балама белгі бойынша зерттеп, көптеген тәжірибелер қойды. Бар болғаны екі балама белгі бойынша айқын ерекшеленетін әр түрлі асбұршақ іріктемелері алынды. Барлығы жеті белгі зерттелді. Ата-ене белгілері тек бір жұп белгі бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру моногибридті будандастыру деп аталады. Егер екі жұп белгілері бойынша айырмашылық болса, бұл дигибридті будандастыру болады. Нәтижелерді талдау үшін санақ (статистика) әдісі қолданылды. Мендель ата-ене формаларын «таза тармақ» деп атады. Себебі сары дарақта жасыл ата тектің, ал жасыл дарақта сары ата тектің болуы мүмкін емес. Мендель айқас тозаңдандырды.Бірінші ұрпақ түгел сары түсті болып шықты. Сол кезде Мендель сары түсті басым түс – доминантты түс деп атап, оны А бас әрпімен , жасыл түсті басылыңқы - рецессивті түс деп атап, а кіші әріппен белгіледі. Генетикада будандарда бір белгілердің екіншісінен басым болуы басымдылық деп аталады. Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі немесе заңы осылай ашылды. Кейінірек ол Мендельдің бірінші заңы немесе Басымдылық заң деп аталды. Мендель тәжірибелердің екінші кезеңіне кіріскен. Ол сары түсті будандарды жинап, олардан өздігінен тозаңдана алатын өсімдіктер өсіріп, екінші ұрпақ будандарын алды. Екінші ұрпақта сары және жасыл дарақтардың арақатынасы: ұрпақтардың үш бөлігі – сары, бір бөлігі жасыл түсті болды. Бұл Мендельдің екінші заңы немесе Ажырау заңы деп аталды. Генетикалық (гибридологиялық) талдау әдісінің мәні Мендель қолданған әдістен құралады. Генетикалық талдау – генетиканың негізгі және ерекше әдісі. Аллелдер дегеніміз – сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы (қарама-қарсы) белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы. Мысалы сары және жасыл түс. Генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иелері гомозиготалар (жалғыз зиготалы) деп аталады. АА генотипі – басымдық белгі бойынша гомозигота немесе басым гомозигота, ал аа генотип басылыңқылық бойынша гомозигота немесе басылыңқы гомозигота деп аталады. Ал, Аа генотипі гаметалардың екі іріктемесін береді. Олардың біреуі (50 %) А сары реңді жеткізеді, қалғандары (50 %) а жасыл реңді гендерді жеткізеді. Мұндай ағзалар гетерозиготалар деп аталады. Гетерозиготалар дегеніміз – жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын (әр түрлі белгілерді жеткізетін әр текті зиготалар) ағзалар. Генотип –бұл генетикалық есептерде АА, Аа, аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендерінің жиынтығы. Фенотип – бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы. Фенотипті генотиптің сырттай көзге көрінетін кескіні деуге де болады. Мысалы, АА генотипінде немесе Аа фенотипінде – сары, ал аа генотипінде фенотип жасыл болады.
4.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
а)Генетика нені зерттейді? Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік деген не?
ә)Генетика ғылымының қалыптасуына үлес қосқан қай ғалым?
б)Мендель қандай тәжірибелер жүргізді? Ол неге асбұршақ өсімдігін алды?
в)Мендель қандай заңдар ашты? Гаметалар тазалығы деген не? Мендельдің бірінші және екінші заңдары қалай аталады? Неге олай аталған?
г)Аллелді гендер деген не? Генотип, фенотип, гомозигота, гетерозигота деген не?
5.Пысықтап, қорытындылау.
Сабаққа белсенді қатысып, қосымша сұрақтарға да толық жауап берген оқушыларды атап, білімдерін бағалау, сынып журналы мен күнделіктеріне бағаларын түсіру.