Просмотр содержимого документа
«"Биологиялық турнир"»
Сынып: 5 «А»
Тақырыбы: «Бала құқығы-асыл қазына»
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Оқушыларға Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру. Құқығымыздың қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін жетілдіру. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру.
Ата Заңымыз халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі: Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы Заңы, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: құқықтық сауаттандыру
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг «Ой қозғау»
(Жай әуен ойналып тұрады)
Көзімізді жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір көрінгендей болады. Осылайша жүріп барам, жүріп барам. Кенет сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді байқамай қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады. Жан-жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алатындай жағдайларды қарастырып көргім келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Анда-санда естілетін сылдыраған судың дыбысы құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны белгісіз? Тас қараңғыда жар сипалауға кірістім. Тынысым тарылып, қорқыныш сезімі билеп алғандай.Үңгірден шыққым келеді, шыққым келеді, айқайлайын десем дауысым да шықпай қалыпты. Қылмыс жасаған адам да осындай күй кешетінін сонда түсіндім. Бірақ мен ешкімге жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені осыншалық сынап, мына үңгірге қамады екен. Осылайша енді маған жарық көрер күн жоқ шығар деп ойлап өмірден үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет қолым бір домалақ тасқа тигендей болды. Итеріп келіп қалып едім үңгірдің ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жар сипалап жүріп сонда кірдім. Алыстан жарық көрінді. Алақай , жарық! Кіп-кішкентай жарық болса да, мен жар сипалап сол жарыққа қарай жанталаса жүгірдім. О, жарық дүние, неткен қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге ұрынбай, ешкімге жамандық жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін, шіркін!
-Не сездіңіз?
-Бүгінгі тәрбие сағатымызбен байланыстырып, қандай ой айтар едің?
-Дұрыс айтасыңдар! Құқық бұзушылыққа, қылмыстық іске, нашақорлық жолға түскен адамдар басынан дәл осы күйді кешеді. Тығырықтан шығатын жол іздейді. Бірақ бәрі де кеш болуы мүмкін. Өйткені бүлдірген істі бүтіндеу үшін көп уақыт қажет. Ал адамға өмір бір рет беріледі. Сол өмірдің әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз! Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Құқық. Заң. Мемлекет» деген тақырыпты қамтымақ.
ІІ. Кіріспе
Әр азамат туылған күнінен бастап мемлекеттің қарауында және қамқорлығында болады.Өйткені ,сен осы елдің азаматысың! Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мемлекеттік заңдарды білуі қажет және құрмнттеуі керек.Әрбір басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде.Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Яғни, «Ата заңымыз », Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары» Конвенциясы. Әрбір азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау,екінші жағынан,өзіне жүктелген міндетін орындау.Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі.Заңның мықтылығы- атында емес,адалдығы мен әділдігінде.Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу,яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі.Қоғам деп отырғанымыз –мына біздер.Ата заңымыз еліміздің рәміздерінің бірі.Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жатқан қылықтар,өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы,өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын,халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Міне,балалар,адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. 2. Баптарға тоқталайық. Біздің елімізде адам құқықтары Ата заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.Ол 9 бөлім,98 баптан тұрады.Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған. 1 – бап 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. 7 – бап Бала дүниеге келгеннен соң өзіне есім алуға құқылы. 8 – бап Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқысы бар. 15 – бап Әркімнің өмір сүруге құқылы. 16 – бап Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. 24 – бап Әркімнің демалуға,тынығуға қақысы бар. 27 – бап Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу,ата-ананың құқығы,әрі парызы. 30 - бап Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында білім алуына кепілдік беріледі.
IІІ. «Тығырықтан шығар жол қайсы?» (ситуациялық жағдайды шешу) Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті. 1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма? 2. Кім қалай бұзды ?
ІV «Ой жалғау»
Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
Ақырын жүріп………….. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі………….. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)
Әділ істің……..(арты игі)
V. Рефлексия: Бүгінгі сабағымыз кімді өз құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері туралы ойландырды? VI. Қорытынды Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара – бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр. Бүгін біз сіздердің болашағынды қалаушымыз. Сонымен бүгінгі «Бала құқығы-асыл қазына» атты тәрбие сағатымыз аяқталады.