kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эволюциялы? ?рекетті? негізгі ба?ыттары мен жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 9 сынып    Ма?саты: О?ушылар?а эволюция ба?ыттарыны? ара?атынасы жайында т?сінік бере отырып,о?ушыларды? білімін жетілдіру, топпен ж?мыс істей білуге, ?дептілікке, жина?ылы??а, ?сімдіктер мен жануарлар д?ниесін ?ор?ай білуге т?рбиелеу, ой-?рісін, сана-сезімін дамыту.

Саба?ты? типі: жа?а білімді игеру       Саба?ты? ?тілу ?дісі:  топты?

Саба?ты? барысы: Ми?а шабуыл, Блиц турнир, С?йкестендіру, Биологиялы? диктант, Кестемен ж?мыс, Тест ж?мысы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эволюциялы? ?рекетті? негізгі ба?ыттары мен жолдары»

Сабақтың тақырыбы: §45. Эволюциялық әрекеттің негізгі бағыттары мен жолдары Күні: 26.02.16

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға эволюция бағыттарының арақатынасы жайында түсінік бере  отырып, оқушылардың  білімін  жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларға білім бере отырып, топпен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, әдептілікке, жинақылыққа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін  қорғауға  тәрбиелей  білу,экологиялық тәрбие беру

Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімдерін, пәнге деген қызығушылығын  дамыта отырып, білім беру.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың  өтілу әдісі: топтық 

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, стикер, муляждар, карта, микроскоп

Сабақтың  басқа пәндермен  байланысы: тарих, география,медицинамен

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

А) Сәлемдесу.

Б) оқушылардың  сабаққа қатысуын қадағалау, сабаққа  дайындығын  тексеру.

В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен  таныстыру


ІІ.Миға  шабуыл  

1. Блиц сұрақтар:

  1. Макроэволюция дегеніміз не?

  2. Салыстырмалы анатомиялық дәлелдемелерді сипаттаңдар

  3. Биогенетикалық заңның мәні неде?

  4. Палеонтологиялық қандай аралық формаларды білесіңдер?

  5. Филогенетикалық қатарлар жөнінде не білесіңдер?

2 Анықтама мен терминдерді сәйкестендір:

  1. Макроэволюция

А.Жаңа түрлердің қалыптасуына әкелетін, популяциялық деңгейде жүріп жатқан эволюциялық процесстер

  1. Түр

Ә.Ағзаның нақтылы орта жағдайларына тіршілік етіп ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін арнайы қасиеттерінің пайда болуы

  1. Микроэволюция

Б.Түрден жоғары таксондар деңгейінде жүріп жатқан эволюциялық үдеріс

  1. Бейімдеушілік

В.Популяциядағы барлық гендердің жиынтығы

  1. Генофонд

Г.Ұқсас жағдайларда тіршілік ететін, туыс емес түрлердің арасындағы белгі ұқсастығы

  1. Конвергенция

Д.Ортақ генофондқа ие, морфофизикалық ерекшеліктері ұқсас, бір-бірімен еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін белгілі бір ареалда тіршілік ететін даралар жиынтығы

Жауаптары: 1Б, 2Д, 3А, 4Ә, 5В, 6Г

3 Биологиялық диктант

  1. Шығу тегі бір, атқаратын қызметі тәуелсіз мүшелер (гомологиялық мүшелер)

  2. Эволюцияның негізгі бағыттары мен жолдарын ашқан ғалымдар (А.Н.Северцев, И.И.Шмальгаузен)

  3. Алғашқы эволюциялық пікірді құрастырған ғалым (Карл Линней)

  4. Тіршіліктің тарихи дамуын зерттейтін ғылым (эволюция)

  5. Бір түрге жататын даралардың арасындағы күрес (түріші)

  6. Түрдің құрылымдық бірлігі (популяция)

  7. Туыс топтарында белгілердің эволюция барысында таралуы (дивергенция)

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:

Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіре түсетін жалпы маңызы бар бейімділіктерді А.Н.Северцев морфофизикалық прогресс немесе ароморфоз деп атады. Ароморфоз – тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын қамти жүретін әрекет.

Ағзаларда әртүрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуын идиоадаптация деп атайды.

Ағзаның тіршілік ортасымен қарапайым қарым-қатынасқа көшуіне байланысты бірқатар мүшелер керексіз, артық болып, бірте-бірте жойылып кетеді, яғни ағзаның құрылысы қарапайымданады. Көпшілік жағдайда дегенерация ағзалардың отырықшы немесе паразиттік тіршілік етуге көшуіне байланысты жүреді.









ІҮ.Жаңа сабақты бекіту:

1 Кестемен жұмыс

Жүйелік топ

Эволюция барысындағы бейімділік өзгерістері

Бұл өзгерістердің биологиялық маңызы

Осы аталған жүйелік топтың эволюциялық жолдары

Гүлді өсімдіктер




Үшкір жапырақты үйеңкі





Жауабы:

Жүйелік топ

Эволюция барысындағы бейімділік өзгерістері

Бұл өзгерістердің биологиялық маңызы

Осы аталған жүйелік топтың эволюциялық жолдары

Гүлді өсімдіктер

көбею мүшесі ретінде гүлдің пайда болуы. Жемістің түзілуі

ұрықта хромосомалар жиынтығы – диплоидты. Ұрықтың дамуы тұқымдағы қоректік заттардың қорын пайдалану арқылы жүреді және қолайсыз жағдайлардан жақсы қорғалған болады. Тұқымдары таралуға жан-жақты бейімделген.

Ароморфоз

Үшкір жапырақты үйеңкі

Жеміс қабында қанат тәрізді өсінділері болады

Жемістері үзіліп түскен кезде ауада шыр айналып, жел арқылы таралуға бейім келеді

Идиоадаптация

2 Тест жұмысы

  1. Жалпы ұйымдасуды жоғарлату үшін эволюциялық өзгерістер қалай аталады?

А)ароморфоз

В)дивергенция

С)идиоадаптация

Д)дегенерация

Е)конвергенция

2. Өсімдіктердің аналогиялық мүшелер деп қайсыларын атаймыз?

А) тамыр және тамырсабақ

В)жапырақ және тостағанша жапырақ

С)тозаң мен ұрық қапшығы

Д)тамыр мен сабақ

Е)жапырақ пен тамыр


3.Конвергенция дегеніміз не?

А)белгілердің эволюция барысында ажырауы

В)эволюция барысындағы белгілердің пайда болуы

С)бірнеше популяцияның бірге қосылуы

Д)популяция ішіндегі изоляциялық топтың пайда болуы

Е)бір популяцияның бірнешеге бөлінуі


4.Конвергенция нәтижесінде пайда болған белгілердің ұқсастығы не деп аталады?

А)аналогия

В)гомология

С)конвергенция

Д)дивергенция

Е)регресс


5.Ежелгі сүтқоректілердің жүрегінің, ыстық қандылығының дамыған бас миының пайда болуы қайсысына мысал болып табылады?

А)идиоадаптация

В)ароморфоз

С)биологиялық прогресс

Д)биологиялық регресс

Е) модификация


6.Биологиялық прогресс қандай нәтиже береді?

А)түрлік аралдың алаңының азаюы

В)түр санының көбеюі

С)популяция санының азаюы

Д)ағзалардың бейімделушілігінің азаюы

Е)түр санының азаюы


7.Жер бетіндегі өрмекшілердің алуан болуы – олардың қай жолмен дамығанын білдіреді?

А)ароморфоз

В)дегенерация

С)биологиялық регресс

Д)идиоадаптация

Е)Конвергенция


8.Гомологиялық мүшелерді белгілеңіз

А)мысық қолы мен шыбын аяғы

В)адамның көзі мен өрмекшінің көзі

С)көбелек қанаты мен жарғанаттың қанаты

Д)жорғалаушылардың алдыңғы аяқтары мен құстардың қанаты

Е)тышқан қаңқасы мен сасық қоңыз дене сүйектері


9.Эволюциялық материалды тасымалдаушы факторлар қайсысы болып табылады?

А)мутациялық процесс

В)тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу

С)сандық толқындар, изоляция, гендер дрейфі

Д)гендер дрейфі, табиғи сұрыпталу, изоляция

Е)ұзақтан сұрыптау


10.Түрдің құрылымдық бірлігі не?

А)дарақ

В)мекен

С)үйір

Д)популяция

Е)экожүйе


Жауабы: 1А, 2А, 3В, 4А, 5В, 6В, 7А, 8Д, 9Д, 10Д


Ү.Бағалау


ҮІ.Үйге тапсырма: §45


ҮІІ. Қорытындылау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Эволюциялы? ?рекетті? негізгі ба?ыттары мен жолдары

Автор: Хасанова Динара Есенбулатовна

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 295896


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства