Қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімдік жоспардың бөлімі: 7. Координация және реттелу Күні: 10.03.20ж Сынып: 7 «М1» Мектеп: «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Мұғалімнің аты жөні: Ахметбаева Б.К. |
Сабақ тақырыбы | Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы.Ұйқы гигиенасы және жұмысқа қабілеттілік. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.7.8. ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру. |
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: ұйқының физиологиялық маңызын біледі. Оқушылардың көпшілігі: ұйқының физиологиялық табиғатын түсінеді. Оқушылардың кейбірі: баяу, тез ұйқы фазаларын және ұйқы гигиенасының талаптарына мысал келтіріп, дәлелдейді |
Бағалау критерийлері | 1. Кез келген бірнеше биологиялық ырғақты атайды және олардың себебін түсіндіреді; 2. Ұйқы кезеңдерін атайды; 3. Тез және баяу ұйқы кезеңдерін сипаттайды; 4. Ағза үшін тез және баяу ұйқы қандай физиологиялық қызмет атқаратынын түсіндіреді; 5. Оқулықта айтылған ғалымдардың түс көру туралы пікірлерін талдайды; 6. Ұйқының ағза жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін көрсететін сызба сызады. |
Тілдік мақсаттар | Пән бойынша сөздер мен терминдер: Биологиялық ырғақ, ұйқы, сергектік, баяу ұйқы (ортодоксальді), тез ұйқы (парадоксальді), түс, түс көрушілік, электроэнцефалограмма, жұмысқа қабілеттілік, қажу, шаршау т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Ұйқының түрлерін, маңызын талдай отырып, адам ағзасы үшін маңызын түсіндіру. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту. |
Пәнаралық байланыстар | Гигиена, психология, анатомия. |
АКТ қолдану дағдылары | АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың білімін толықтыру үшін нұсқаулықтар беріледі. |
Бастапқы білімдер | Жүйке жүйесі, рефлекс, рефлекс түрлері, ми, ми бөліктері. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспар- ланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 1 мин 10 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Жағымды психологиялық ахуал тудыру. (Ж) №1.Тапсырма. «Ғажайып бестік» (сұрақ –жауап) Оқушы қалауы бойынша сандардың бірін таңдап, жасырынған сұраққа жауап береді. 10-Жүйке жүйесінің қызметі. Жауабы: жеке мүшелер мен жүйелердің жұмысын үйлестіру, басқару. 5-Жүйке жүйесінің типтері. Жауабы: дуффузиялық, сатылы, түйінді, түтікше тәрізді. 10-Омыртқалы жануарлардағы мидың даму эволюциясы. Жауабы: көрсетілім 5-Ми бөліктері. Жауабы: алдыңғы ми, ортаңғы ми, сопақша ми, мишық, аралық ми. 5-Жүйке жүйесінің негізгі жасушасы. Жауабы: нейрон. 10-Нейронның құрылысы. Жауабы: денесі (ядро, цитоплазма), өсінділері-дендрит, аксон. 10-Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жауабы: орталық, шеткі, сомалық, вегетативті немесе автономды. 5-Орталық жүйке жүйесі. Жауабы: ми, жұлын. 5-Жұлынның құрылысы. Жауабы: сұр заты, ақ заты, жұлынның орталық өзегі, артқы түбір, алдыңғы түбір, жүлгесі. 10-Рефлекс. Рефлекс доғасы. Жауабы: сурет бойынша талдау. 5-Рефлекс түрлері. Жауабы: шартты және шартсыз. 10-Үлкен ми сыңарларының бөлімдері, орталықтары. Жауабы: маңдай, төбе, шүйде, самай. Бағалау түрі: 5 саны - А деңгейінің сұрағы, «Жақсы» деп бағаланады. 10 саны - В деңгейінің сұрағы, «Жарайсың» деп бағаланады. | Омыртқалы жануарлар дың миы -5, Үлкен ми сыңарлары; Рефлекстік доғаның суреті. |
Сабақтың ортасы 1 мин | Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту. « Ой қозғау» оқушыларға ұйықтап жатқан адамдардын суретін көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашамын. Суреттерде не көріп тұрсыздар? Сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? (М) Жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстырады. Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы.Ұйқы гигиенасы және жұмысқа қабілеттілік. Сабақтың мақсаты: 7.1.7.8. Ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіреді. | Сурет көрсету Бейнефильм «Ұйқы туралы» |
Сабақтың ортасы 15 мин 7 мин | (Т) №2. Тапсырма. «Сиқырлы конверт» әдісі. Таңдау жолымен 4 - топқа тапсырмалар беріледі. 1-топ. ТVшоу. «Жануарларда ұйықтайды екен...» (Қызықты ақпарат) 2-топ. Ұйқының фазалары. (Постер жасау) 3-топ. ТVшоу. «Түс.Түс көру» 4-топ. Ұйқы гигиенасы.(Жадынама құрастыру) Бағалау критерилері: 1.Ұйқының- физиологиялық күй екенін біледі; 2.Ұйқының - ағзаның тынығуына, қалпына келуіне тигізетін әсерін түсінеді; 3.Ұйқының ағза жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін көрсететін сызба сызады; 4.Электроэнцефалограмма арқылы мидың биоэлектрлік белсенділігі берілген суреттен ұйқының кезеңдерін анықтауға болатынын біледі. Бағалау парағы Дескриптор | балл | Ұйқы сөзіне анықтама берді | 1 | Тез және баяу ұйқы кезеңдерін атады | 1 | Ұйқының ағза үшін маңызын түсіндірді | 1 | Тез ұйқы мен баяу ұйқының айырмашылығын білді | 1 | Ұйқының фазалық салыстырмалы сипаттады, кесте толтырды | 2 | «Түс көру» дегенге анықтама берді | 1 | Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың тіршілігі үшін ұйқының маңызын бағалады | 1 | Ұйқының ағза жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін көрсететін сызба сызды | 2 | Электроэнцефалограмма арқылы мидың биоэлектрлік белсенділігі берілген суреттен ұйқының кезеңдерін анықтады, өз ойларын дәлелдеді. | 2 | Жалпы балл | 12 | «3» (нашар) - тік баға 5 тен төмен болса «4» (жақсы) - тік баға 6-8 «5» (тамаша)- тік баға 9-12 Бағалау түрі: Шапалақ әдісі Сергіту сәті. «Қаңқа биі» Бағалау түрі: топтар бірін-бірі бағалайды, (Ж) Бекіту: Кестеде берілген ұйқы түрлерін критерийі бойынша анықтаңыз Қалыптастырушы бағалау: «От шашу» | Оқулық §44,45 Таратпа материалдар Суреттер, қағаз, қалам, клей т.б PowerPoint презентациясы Бейнефильм |
Сабақтың соңы | Үйге тапсырма: А. §44, 45 мазмұндау. B. Презентация: «Ұйқы –физиологиялық күй» С. Эссе: «Ұйқының адам өміріндегі маңызы» Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек» | |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. |
Барлық оқушылар ұйқының маңызын, ұйқы фазаларын түсіндіре алады. Көптеген оқушылар тез ұйқы мен баяу ұйқыны ажырата алады. Кейбір оқушылар психикалық денсаулықты сақтаудың принциптерін түсіндіріп, шешу жолдарын айта алады. | Оқушылардың жеке жауабы. Топтық, жұптық жұмыс | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз |
|
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |