kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Туған өлке экологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Туған өлке экологиясы. Экологиялық проблемалар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Туған өлке экологиясы»

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Күні


Пән:биология

Сабақ тақырыбы: Туған өлке экологиясы

Сабақ түрі: дәстүрден тыс ой-толғау сабағы.

Өткізу әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,пікірлесу.

Пәнаралық байланыс: экология,қазақ тілі мен қазақ әдебиеті,тарих.


Сабақтың мақсаты

Білімділік: Білім алушылардың туған жер табиғаты туралы ой-өрісін кеңейту, бағдарламалық материалдарды тереңірек білуге ыңталандыру.

Дамытушылық: Білім алушылардың нанымдық белсенділігін дамыту. Экология мәселесін күнделікті өмірмен байланыстыра түсіндіру.

Тәрбиелік: Табиғатты сүю, табиғи сезімталдыққа, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға, алған білімін өмірде іс-жүзінде өздігінен қолдана білуге баулу.
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Қолданған әдебиеттер тізімі:

  1. «Экология» оқулығы,Ә.Бейсенова;Ж.Шілдебаев.Мектеп,2005.

2. «Экологиялық білім мен тәрбие беру» әдістемелік нұсқау,Ж.Қожамқұлова .Алматы,2011.

Көрнекі –құралдар: 1.Заттық бейнелік көрнекі құралдар(слайдтар,ватман қағазына салынған суреттер).

2.Таңбалы көрнекі құралдар(схемалық нұсқалар,сызбалар).

САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Білім алушыларды түгендеу.

ІІ. Іс-шараның өтілу барысы: Қайырлы күн! Күнде таңертең, Табиғат-Анаға көз салып қарасақ, биік таулар, сылдырлап ағып жатқан өзен, гүлденген мекен, құстардың дауыстары жақсы көңіл-күй сыйлап,ерекше сезімге бөлейді, осыған орай бүгінгі сыныптан тыс шараның тақырыбы « Туған өлке экологиясы».

Бұл іс-шараның мақсаты: білім алушылардың туған жер табиғаты туралы ой-өрісін кеңейту. Қоршаған ортаны қорғауға, алған білімін өмірде іс-жүзінде өздігінен қолдана білуге баулу.

Білім алушылар,ең алдымен есімізге экология ғылымының анықтамасын түсіріп алайық: Экология ( лат. оіkos -үй, баспана; logos-ілім)-жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген неміс ғалымы Э.Геккель (1866) болған.

Биосфера Қоректену тізбегі

Экология









Тіршілік ортасы Популяцияның құрылымы


Экология ұғымы табиғатпен іспеттес.

Табиғат - барлық тірі ағзалаларды дүниеге келтірген алтын ұя, өніп – өсер мекені. Табиғат бағына қуат, көңіліне шабыт ұялататын әлем . Табиғат – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі.

Ерасыл, сен өзінің туған өлке табиғаты жайлы не айта аласың?

Туған жер әркімге ыстық. Мен туып өскен өлкенің табиғаты да көз тартар көркем, ажарлы аймақ. Сұлулығына адам тебіренбей тұра алмайды. Айналаны қоршаған таулар, сарқырап ағып жатқан өзені құлаққа жағымды ән салатындай,сиреп бара жатса да,бірақ өз көркін жоғалтпаған орман.Осындай ғажайып табиғаты бар өлкеде туып,өскеніме мен ризашылығымды білдіремін.Бірақ бұл байлық таусылмайтын қор еместігін бүгінгі жастар сезініп,білсе екен.Өз өлкеміздің табиғатын қорғап,келесі ұрпақтарға сақтап қалу біздің негізі міндетіміз.

«Туған өлкем – алтын бесік» дегендей, Шұбар елді мекені Қазақстан аумағының оңтүстік – шығыс бөлігінде, Тоқсанбай, Қоянды жоталарының аралығын алып жатыр. Елді мекен солтүстіктен оңтүстікке дейін 12 шақырым, батыстан шығысқа дейін 11 шақырымға созылып жатыр. Шұбар өлкесі мүжілген және тегістелген қыраттардан, аласа таулардан тұрады. Тоқсанбай, Қоянды, Қотырқайын жоталары тік жартасты болып келеді.

Тау массивтері палеозой жыныстарынан (гранит, порфирит) құрылған. Жоталар арасындағы ойыстар дөңді-жалды жазыққа жалғасады. Бұл өлкенің жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағытымен үгілу үдірісі басты рөл атқарған, тау аралық жазықтар Аралтөбе және Шұбар елді мекендер аралығын алып жатыр. Елді мекеннің топырағы аз гумусті және орташа гумусті қара қоңыр топырақты болып келеді. Сол себептен жартылай суармалы, картоп, астық тұқымдас дақылдарын өсіруге қолайлы. Егістік жерлер тыңайтылып отырады.Елді мекен маңында ірілі-ұсақты салалары бар Кескентерек, Аламан және Көктал өзендері ағады, өзендердің арнасынан көтерілетің, таситың кезі -көктем, жаз мезгілі, тартылатың кезеңі – қыс мезгілі. Өзен ағынының жылдамдығы 3м/сек.

Елді мекендегі өсімдіктер жабыны жер бедерінің ерекшеліктеріне, жер асты суларының тереңдігіне және топырақ түзілуіне байланысты сан алуан, әсіресе дәрілік өсімдіктерге бай, 150-ге жуық түрі өседі.

Жануарлар табиғат туындысы. Өлкедегі жануарлар дүниесі алуан түрлі, жергілікті өзендерде «патша балығы – форель кездеседі. Бұл өлке «Жоғары Көксу» қорықшасының аумағына кіретіндіктен, ерекше қорғауға алынған жергілікті жердің эндемигі – құйрықты қосмекенді «Жетісу бақатісі» мекен етеді, ол 1996 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.

Жергілікті халық омарта шаруашылығы, ірі- қара мал, жылқы және қой шаруашылығымен айналысады.

Рахмет, Ерасылдың туып өскен өлкесінің табиғаты жайлы біліп алдық. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары жайлы не білеміз:

-Арал теңізінің акваториясын қысқарту және тұздану дәрежесі жоғары жаңа шөлді аумақтардың түзілуіне байланысты оның табанының жалаңаштануы;

-Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының болуы;

-Каспий теңізі шельфінің ресурстарын қарқынды түрде игеру арқылы теңіз және жағалаулық экожүйелерге әсер ету;

-Су ресурстарының ластануы және сарқылуы;

-Әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарының әсері.

Жергілікті экологиялық мәселелер:

-Ауа бассейнінің ластануы;

-Радиоактивті ластану;

-Бактериологиялық ластану;

-Химиялық ластану;

-Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар.

ІІІ. Білім алушылар сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келеді:

1. Халық табиғаттағы өздері қастерлейтін жерлерді қалай атаған?

2.Қазақстанның және ауылдың экологиясын жақсарту үшін қандай шаралар жасауға болады? Осы жайында ұсыныс, пікірлерің болса,ортаға салуларыңа болады.

1).Білім алушы: Ауыл экологиясын көркейту үшін үйдің айналасын таза ұстап, ауылымыздағы су көздерінің ластануына жол бермеуіміз керек.

2).Білім алушы: Үй маңының жанына ағаштар отырғызып, көгалдандыру жүргізіп-ақ республикамызды көркейтуге өз үлесімізді қоса аламыз.

3).Білім алушы: Ол үшін халықта бірлік болу керек. Бірлік болса ғана көп нәрседен нәтиже шығады.

ІV.Қорытынды: Рахмет,іс-шараны қорытындылайтын болсақ,табиғат-анаға перзенттік сүйіспеншілік пен мейрім,қамқорлық көрсету адамның ұлы парызындай. Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған «Табиғат қорғаудың Дүниежүзілік Стратегиясында» былай делінген «Біз жерді әкелерімізден мұраға алғанымыз жоқ.Біз оны өз балаларымыздан қарызға алдық».Ендеше,осы жеріміздің табиғатына ерекше көңіл бөлейік.

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау-саламат болыңыздар!!!




Оқытушы: Ш.К.Турлыбекова



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Туған өлке экологиясы

Автор: Турлыбекова Шолпан Кенесовна

Дата: 29.03.2017

Номер свидетельства: 404399

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Авторлы? ба?дарлама: Ту?ан ?лке 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(41) "avtorlyk-bag-darlama-tug-an-olkie-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "209762"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1431282678"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ма??ыстау экологиясы."
    ["seo_title"] => string(21) "mangystauekologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "325190"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462880559"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ма??ыстау экологиясы."
    ["seo_title"] => string(22) "mangystauekologhiiasy1"
    ["file_id"] => string(6) "325191"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462880568"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "«Айма?ты? компонентті ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ндері бойынша ?олдануды? тиімділігі» "
    ["seo_title"] => string(91) "aimak-tyk-komponientti-k-azak-tili-mien-diebiieti-p-ndieri-boiynsha-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "236315"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444034527"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың ғылыми негізі"
    ["seo_title"] => string(67) "miektieptieghi_olkietanu_zhu_mysyn_u_iymdastyrudyn_g_ylymi_nieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "399338"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489260688"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства